Бухгалтерлiк есептiң 21 стандарты Банктердiң қаржылық есебi

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемелiк Департаментi 1997 жылғы 12 желтоқсан N 79 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 ақпан N 448 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2001 жылғы 22 қарашадағы N 503 бұйрығымен.

                  МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАСЫ
      1. Бұл стандарт банктерге қолданылады.
      2. Осы стандартта банктердiң қаржылық есебiне қойылатын талаптар мазмұндалған, оның iшiнде басқару мен өтiмдiлiк пен тәуекелдi басқару мен бақылау мәселелерi жөнiнде ақпараттарға талдау жасалған.
      3. Осы стандарт уәкiлеттi органдар бекiткен бухгалтерлiк есеп

стандарттарын толықтырады.
     4. Осы стандарт жекелеген банк есептерiне де, бiрiктiрiлген банк 
есептерiне де қатысты. Банк операцияларын банк пен оның еншiлес банктерi 
жүргiзген жағдайда, сол операцияларға байланысты бұл стандарт бiрiктiру 
негiзiнде қолданылады.
     5. Банктер қаржылық есеппен ғана шектелмей, мынадай есептердi қоса 
тапсыруға тиiс:
     1) бухгалтерлiк баланс;
     2) қаржылық-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп;
     3) ақша қозғалысы туралы есеп;
     4) меншiк капиталының қозғалысы туралы есеп;
     5) банктiң ықтимал және шартты мiндеттемелерi туралы есеп;
     6) қаржы активтерi мен мiндеттемелерiн өтеу мерзiмдерi туралы есеп;
     7) активтер мен мiндеттемелердi шоғырландыру бойынша есеп;
     8) түсiнiктеме жазба.

                             АНЫҚТАМАСЫ



      6. Мерзiмi өткен қарыз - тараптардың бiреуi шартта көзделген мерзiмде өтемеген актив немесе мерзiмiнде қайтармаған мiндеттеме.
      7. Оқшауланған қарыз - актив, ол бойынша негiзгi борыштың төлем мерзiмiнiң өтiп кетуi себептi және/немесе сыйақы (мүдделiк) төлем жасау және/немесе заемшының ауыр қаржы жағдайына байланысты ол бойынша сыйақы есептеудi тоқтату (банк басшылығының қалауы бойынша).
      8. Шартты мiндеттемелер - банктiң басқа адаммен шарттық құқықтық қатынастарына сәйкес белгiлi бiр жағдайлар туған кезде банк төлеуге тиiстi ақша сомасы.
      9. Ықтимал мiндеттемелер - банктiң басқа адаммен шарттық құқықтық қатынастарына сәйкес белгiлi бiр жағдай туған кезде банк төлеуi мүмкiн ақша сомасы.
      10. Банктiң қалыпты қызметi - банкке берiлетiн лицензияға сәйкес, сондай-ақ қосымша ретiнде оған iлесе әрi байланысты туындайтын экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгiндей банктiң жүзеге асыратын кез келген қызмет.
      11. Банктiң есеп жүргiзу саясаты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептi ашып көрсету үшiн олардың принциптерiне және негiздерiне сәйкес банктiң уәкiлеттi органы қолданатын әдiстер жиынтығы.
      12. Сатуға арналған бағалы қағаздар - банк сатып алған және тезiрек қайта сату мақсатында ұстап қалатын бағалы қағаздар категориясы.
      13. Сатуға жарамды бағалы қағаздар - банктiң сатып алған және қайта сату мақсатын көздемейтiн, бiрақ бағалы қағаздар бойынша ставканың өзгеруiне, табыстылығына, өтiмдiлiгi мен басқа да жағдайларға жауап ретiнде банк сата алатын бағалы қағаздар категориясы.
      14. Өтеуге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар - банк сатып алып, олардан мүдде түрiнде табыс табу мақсатында өтелгенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар категориясы.
      15. Капиталға жұмсалатын инвестициялар - басқа компаниялардың басқару немесе компанияға ықпал ету мақсатында сатып алған акциялары.
      16. Маржа - бұл активтер бойынша сыйақы түрiнде кiрiс пен мiндеттемелер бойынша сыйақы түрiндегi шығыс арасындағы айырмашылық.
      17. Сыйақы (мүдде) түрiндегi кiрiс (шығыс) - кредит, депозит және т.б. бойынша ақша ұсынуға (ресурстарды тартуға) байланысты кiрiс (шығыс).
      18. Операциялық және басқа да кiрiс (шығыс) - ақша ұсынуға (ресурстарды тартуға) байланысты емес кiрiс (шығыс). Мысалы, ақша аудару жөнiнде қызмет көрсеткенi үшiн, негiзгi құрал-жабдықтары үшiн, телефон үшiн төлем және т.б.

                         ЕСЕП ЖҮРГIЗУ САЯСАТЫ

      19. Банктер сонымен бiрге басқалардан өзгеше әдiстердi қаржылық есептерде статьяларды тану және статьяларды бағалау үшiн қолданады. Осыған орай мынадай ақпараттарды ашу қажеттiгi туындауы мүмкiн:
      1) кiрiстiң негiзгi түрлерi;
      2) сатуға арналған, сатуға жарамды бағалы қағаздарды бағалау;

өтелгенге дейiн ұсталатын және инвестициялық бағалы қағаздар;
     3) шаруашылық қызметтiң негiзгi операциялары мен басқа да жағдайлар 
арасындағы шектеулер, олардың нәтижесiнде баланстық есептiң активтерi мен 
мiндеттемелерi танылады, және шаруашылық қызметтегi операциялар мен басқа 
да жағдайлар, олардың нәтижесiнде шартты және ықтимал мiндеттемелер 
туындайды;
     4) үмiтсiз қарыздарды айқындау үшiн негiздер және оны есептен шығару 
тәртiбi;
     5) шығыстарды жалпы банктiк тәуекелге жатқызу үшiн негiздер және 
сондай шығыстардың есебiн жүргiзу әдiстемесi.

                        БУХГАЛТЕРЛIК БАЛАНС

     20. Бухгалтерлiк баланстағы активтер мен мiндеттемелер олардың мәнi 
бойынша топтастырылады және өтiмдiлiк ретiне қарай түзiледi.
     21. Банктiң бухгалтерлiк балансы негiзгi үш бөлiмнен: активтерден, 
мiндеттемелерден және өз капиталынан тұрады.
     22. Бухгалтерлiк баланс мұнымен шектелiп қоймай мына статьяларды 
бiрiктiруге тиiс:
     АКТИВТЕР:
     Ақша;
     Ұлттық Банктегi депозит шоты;
     басқа банктердегi ақша рыногы депозитi мен кредитке бөлiнген депозит 
шоттары;
     Керi "РЕПО" жөнiндегi келiсiм бойынша сатып алынған бағалы қағаздар;
     Банк портфелiндегi бағалы қағаздар;
     Аффинирленген бағалы металдар;
     Заңды тұлғалар мен жеке адамдарға берiлген кредиттер;
     Капиталға инвестициялар;
     Өтелмеген акцептер бойынша клиенттердiң мiндеттемелерi;
     Негiзгi құрал-жабдықтар (амортизациясын шығарғанда);
     Материалдық емес активтер (амортизациясын шығарғанда);
     Банктiң басқа да активтерi;
     Жiктелетiн активтер бойынша залалдарды жабуға ("минус"
белгiсiмен) арналған резервтер (провизиялар);
     МIНДЕТТЕМЕЛЕР
     Банктердiң депозиттерi (талап ету, жинақтау және мерзiмдiк);
     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алдындағы борыштар;
     Басқа да банктер алдындағы борыштар;
     Заңды тұлғалар мен жеке адамдар алдындағы борыштар;
     Бағалы қағаздар;
     Халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы борыштар;
     Өтелмеген акцептер бойынша банк мiндеттемелерi;
     Басқа да қарыз алу;
     Басқа да мiндеттемелер;
     ӨЗ КАПИТАЛЫ:
     Жарғылық акционерлiк капитал:
     Қосымша капитал;
     Бөлiнбеген таза табыс пен капитал резервi;
     Сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша игерiлмеген таза табыс;
     Акционерлерден сатып алынған өз акциялары;
     23. Банк бухгалтерлiк баланс статьяларын ашқан кезде қаржылық 
ақпараттың толық берiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
     24. Егер есепке алу мен өтемақыға заңды құқығы болмаса немесе бұл 
активтi сатудан не мiндеттеме төлемiн күтуден көрiнбесе, бухгалтерлiк 
балансқа енгiзiлген кез келген актив немесе мiндеттеме басқа бiр 
мiндеттеменi немесе активтi шегерумен өтелмейдi.
     25. Банк өзiнiң депозиттiк сертификаттарын немесе басқа борыштық 
мiндеттемелерiн эмиссиялау жолымен алған депозиттерiн жеке ашып көрсетуi 
тиiс.
     26. Егер бағалы қағаздардың сомасы қаржылық есептегi баланстық 
құнынан өзгеше болса, банк бағалы қағаздардың рыноктық құнын "Қаржылық 
инвестицияларды есептеудiң" 8-бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес ашуға 
тиiс.

           ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРI ТУРАЛЫ ЕСЕП



      27. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есепке осымен ғана шектелмей кiрiс пен шығыстардың мынадай баптары енгiзiлуге тиiс.
      - бағалы қағаздар бойынша тiкелей берген кредиттерге байланысты ұсынылған кредиттердi, депозиттердi, комиссиялық алымдар бойынша сыйақы (мүдде) түрiндегi кiрiстi егжей-тегжейлi саралау;
      - бағалы қағаздар бойынша тiкелей алынған кредитке байланысты алынған кредит, алынған депозиттер, комиссиялық алымдар бойынша сыйақы (мүдде) түрiндегi шығысты егжей-тегжейлi саралау;
      - маржа;
      - операциялық кiрiс, дилингтiк операциялардан кiрiстер бойынша,

комиссиялық алымдардан, басқа да операциялық кiрiстер және басқадай 
кiрiстер бойынша саралау;
     - операциялық шығыс, дилингтiк операциялардан шығыстар бойынша, 
комиссиялық шығыстар, басқа да операциялық шығыстар, резервтерге қаржы 
бөлу, еңбекақыға және iссапарларға, жалпы шаруашылық шығындары, кiрiске 
салынатын салықтан басқа салықтар, амортизациялық аударымдар және басқа 
шығындар бойынша саралау;
     - төтенше жағдайлардан кiрiс (шығыс);
     - табыс салығы;
     - салық салынғаннан кейiнгi таза кiрiс (шығын).
     28. Есеп беру және қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн 
анықтауға қойылатын талаптар "Банктердiң кiрiстерi мен шығыстарының" 
22-бухгалтерлiк есеп стандартында қарастырылады.
     29. Банк қызметiнiң тиiмдiлiк дәрежесiн пайдаланушылар бағалай алуы 
үшiн кiрiстiң әрбiр түрi жеке сараланады. Банк қызметiнiң деңгейiн 
пайдаланушылар бағалай алуы үшiн шығыстың әрбiр түрi жеке сараланады.
     30. Сыйақы (мүдде) түрiндегi кiрiстер мен шығыстар маржаның құрылымы 
мен өзгерiстерiнiң себептерiне толығырақ түсiнiк беру үшiн жеке сараланады.

                   АҚШАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

     31. Ақша қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және 
қаржылық қызметке қатысты есеп берiп отырған кезiндегi мәлiметтер болуға 
тиiс. Банк қызметiн түрлерi бойынша жiктеу пайдаланушыларды банк қызметi 
түрлерiнiң оның қаржылық жағдайына ықпалын бағалауға мүмкiндiк беретiн 
ақпараттармен қамтамасыз етедi.
     32. Банк операциялық қызметтен түсетiн ақшаның қозғалысын жанама 
әдiстi пайдалана отырып ашады. Банк қызметiнiң төмендегi түрлерiнiң 
түсетiн ақша қозғалысы нетто-негiздемеден көрiнедi:
     1) клиенттер ақшасының қозғалысы;
     2) депозиттердi орналастыру, тарту және жабу жөнiндегi операциялар;
     3) кредит беру, алу және өтеу жөнiндегi операциялар.
     33. Операциялық қызметтен болатын ақша қозғалысына мынадай статьялар 
кiредi:
     - банктiң таза кiрiсi;
     - амортизация;
     - құрылған резервтер бойынша өзгерiстер;
     - алдын ала төленген шығыстар бойынша өзгерiстер;
     - есептелген кiрiстер бойынша өзгерiстер;
     - мерзiмiнен бұрын төленген салықтар бойынша өзгерiстер;
     - банктiң басқа да активтерi бойынша өзгерiстер;
     - банктің басқа да мiндеттемелерi бойынша өзгерiстер;
     - есептелген шығыстар бойынша өзгерiстер;
     - кейiнге қалдырылған салықтар бойынша өзгерiстер.
     34. Қаржы активiне және негiзгi қаражатқа ақша салуға байланысты 
инвестициялық қызметтен болатын ақша қозғалысы:
     - негiзгi құрал-жабдықтарды алу және сату жөнiндегi;
     - материалдық емес активтердi сатып алу және сату бойынша;
     - бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөнiндегi;
     - кредит беру және оны өтеу жөнiндегi;
     - депозиттердi орналастыру және өтеу жөнiндегi қозғалыс кiретiн
статьялардан тұрады.
     35. Қаржылық қызметтен болатын ақша қозғалысы:
     - банк алдындағы мiндеттемелер жөнiндегi;
     - клиент алдындағы мiндеттемелер жөнiндегi;
     - үстiмiздегi жылғы табыс салығы бойынша мiндеттемелер жөнiндегi;
     - бағалы қағаздар шығару мен оларды өтеуге байланысты мiндеттемелер 
жөнiндегi;
     - төленетiн дивидендтер жөнiндегi;
     - ретке келтiрiлген банк борышы жөнiндегi;
     - жарғылық капитал, резерв қорын және капиталдың басқа да
шоттары жөнiндегi қозғалыс кiретiн статьялардан тұрады.
     36. Ақшаның қозғалысы туралы есепте негiзгi қаражатты қайта бағалау 
сияқты ақша қозғалысына байланысты емес операциялардың нәтижелерi 
көрсетiлмейдi. Шетел валюталарын қайта бағалаудың нәтижелерi жеке статьяда 
көрсетiледi.
     Ақшаның қозғалысы туралы есептiң барлық статьялары неғұрлым толық 
ақпарат алу мақсатында ашып көрсетiледi.

                          БАСҚА ДА ЕСЕПТЕР

     Өз капиталының қозғалысы туралы есеп

     37. Банк өз капиталының қозғалысы туралы есепте табыс табудың, 
алынған табысты бөлудiң, банк акциясын шығару мен сатып алудың, капиталды 
қайта бағалау және басқа да өзгерiстер нәтижесiнде болған капиталдың әр 
статьясы бойынша өзгерiстердiң мәнi мен сомаларын талдайды.


      38. Банк өз капиталының бiр жылғы елеулi қозғалысын, оның iшiнде өз капиталының қозғалысы туралы есепте көрсетiлмегендерiн талдайды.

      Банктiң ықтимал және шартты мiндеттемелерi туралы есеп

      39. Банк мынадай шартты және ықтимал мiндеттемелердiң мәнi мен сомасын талдап көрсетуi тиiс:
      1) Кепiлдiктер мен өтелмеген аккредитивтер;
      2) Қысқа мерзiмдi өзiнен-өзi жойылатын мiндеттемелер, олар өтелген аккредитивтер, кредит беру жөнiнде келiсiмдер немесе депозиттер қабылдау туралы келiсiмдер бойынша туындайды;
      3) Бухгалтерлiк баланста әзiрге танылмаған сату мен сатып алу бойынша туындайтын мiндеттемелер;
      4) Своп, опцион, фьючерстiк және форвардтық мәмiлелердi қоса алғанда валюта айырбасының сыйақы (мүддесi) мен бағамына байланысты мiндеттемелер.
      40. Банк басқа тұлғалар алдындағы қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң жиынтық сомасын, қамтамасыз ету ретiнде кепiлдiкке салынған өз активтерiнiң мәнi мен баланстық құнын ашады. Банктен кепiлдiк ретiнде белгiлi бiр депозиттi және басқа да мiндеттемелердi нығайту үшiн активтерiн кепiлдiкке салу талап етiлетiн жағдайда, банк шығыннан сақтандырылған мiндеттемелердiң жиынтық сомасын, сондай-ақ кепiлдiк ретiнде салынған активтердiң мәнi мен баланстық құнын ашады.

      Қаржылық активтер мен мiндеттемелердi өтеу
               мерзiмдерi туралы есеп

      41. Банк шартта көзделген есеп беру күнiнен өтеу күнiне дейiнгi қалған кезеңге негiзделген, өтелу мерзiмi бойынша оларды топтастырғандағы қаржы активтерi мен мiндеттемелердiң нәтижелерiн талдауы тиiс. Банк берген түсiнiктемелерiнде:
      - оның қаржылық және iскерлiк түпкiлiктi жоспары туралы ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында алғашқы белгiленген қайтару күнiне негiзделген мерзiмдердi;
      - өтеу мерзiмi келесi уақытқа дейiнгi қалған кезеңге негiзделген,

одан кейiн ставкаларға байланысты оның тәуекелге бейiмдiлiгiн бейнелеу 
мақсатында ставкаларды өзгерту мүмкiндiгiн;
     - осындай тәуекелдердi басқару және бақылау әдiстерiн ашып көрсетуге 
тиiс;

     Активтер мен мiндеттемелердi шоғырландыру туралы есеп 

     42. Банк өзiнiң кез келген елеулi активтерiн, мiндеттемелерiн және 
баланстан тыс статьяларын шоғырландыруын ашып көрсетуi тиiс. Мұндай талдау 
географиялық салаларды, тұтынушылық немесе салалық топтар, не басқа да 
тәуекелдiк шоғырландыруды ескере отырып жасалады.
     43. Банк сондай-ақ валюта бағамының өзгеруi нәтижесiнде туындайтын 
тәуекелдi көрсету үшiн позициялық шетел валютасының едәуiр сомасын ашуы 
тиiс.

                         ҚОСЫМША ТАЛДАУЛАР

     Банк қызметiнен болатын шығындар

     44. Банк кредиттен болатын шығындарды талдағанда мыналарды көрсетуге 
тиiс:


      1) есеп жүргiзу саясаты өндiрiп алу үмiтсiз болған қарыздарды шығынға жатқызылып, оны есептен шығару негiзiнде сипатталады;
      2) банк қызметiнен болатын шығынды есеп берiп отырған кезең iшiнде жабуға арналған резервке өзгерiстер. Банк есеп беру кезеңiнде сенiмсiз қарыздан болған шығынды, сенiмсiз қарыз бойынша шығын сомасын және есептеп шығарылған қарыз есептен шығарылып, орны толтырылған шығындар сомасын жеке талдап көрсетедi;
      3) есеп берген күнге шығынды жабуға арналған резервтiң жиынтық сомасы;
      4) бухгалтерлiк балансқа енгiзiлген мерзiмi өткен және оқшауланған қарыздың жиынтық сомасы.

      Трасттық қызмет

      45. Егер банк елеулi трасттық қызметке тартылған болса, бұл фактiлер туралы талдаулар мен оның көлемi жөнiнде қаржылық есептерде көрсетiледi.

      Байланысты тараптармен жүргiзiлетiн операциялар

      46. Банк байланысты тараптармен операцияларды жүргiзгенде "Байланысты тараптар туралы ақпаратты талдаудың" 10-бухгалтерлiк есеп стандартын басшылыққа алады, және де мыналарды ашып көрсетедi:
      1) әрбiр заем мен аванстың, депозит пен жай вексельдiң жеке сомасын; талдауға есеп берiп отырған кезеңнiң басында немесе соңында төленбеген жиынтық соманы қоса енгiзедi, сондай-ақ аванстар, депозиттер, өтемдер мен басқа да есеп берiп отырған кезеңдегi төлемдер;
      2) әрбiр негiзгi кiрiстiң түрiнен, мүдде төлемдер шығыны, төленген

комиссиялық алымдардың сомасы;
     3) заем мен аванстан есеп берiп отырған кезеңдегi кiрiстен шегерiлген 
шығын сомасы және есеп берiп отырған күнгi резерв сомасы;
     4) қайтарылмайтын мiндеттемелер сомасы мен кездейсоқ жағдайлар мен 
баланстан тыс туындайтын мiндеттемелер.

                      КҮШIНЕ ЕНГIЗIЛЕТIН КҮНI

     47. Осы стандарт 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады