БҮЛІНБЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН СЕРТИФИКАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ (ИДАРАЛЫҚ БАСҚАРУШЫ ҚҰЖАТ)

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитеті БЕКІТКЕН 1997 жыл 10 қараша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 457. Күші жойылды - хат 03.07.1998 ж.


     Өндіріс орындарын, өнімдерді, заттарды, материалдар мен табиғи 
ортаның бүлінбеуін бақылау және техникалық болжау жүргізуші идара және 
меншік түріне тәуелсіз кәсіпорын, мекемелер, азаматтар үшін міндетті.
    
                           Алматы, 1997 ж.
     
     Бұл құжат Қазақстанның ББ және ТБ оқу-ғылыми орталығының (ҚОҒО) 
келісімінсіз толығымен немесе жарым-жартылай қайта шығарылуға, көбейтілуге 
және таратылуға рұқсат етілмейді.
  
                        ИДАРАЛЫҚ БАСҚАРУШЫ ҚҰЖАТ 
     
                   Қызметшілерді сертификациялау жүйесі
     
                                                  1997 жылғы "___" қыркүйек
     


      Бүлінбеуді бақылау (ББ) және техникалық болжау (ТБ) қызметшілерін сертификациялау - өндіріс объектілерін дайындау, монтаждау және қайта өңдеуде, шығарылған өнімнің, бұйым, шикізаттардың, сонымен қатар табиғи ортаның сапасын бақылау және болжауды жүргізуші мамандардың мақсатын, қағидасын, біліктілік деңгейін, білімге талабын, алдын-ала дайындығын, оқуын және аттестациялау тәртібін анықтайтын құжат.
      Құжат бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау мамандарының біліктілік деңгейі, аттестациялау тәртібі, құқықтық қабілеттілігі бойынша халықаралық және европалық Ережемен үндестірілген және 1992 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы стандарттау және метрология Бас басқармасының шешімімен енгізілген Сертификациялау жүйесінің ажырамайтын бөлігі болып табылады. Жүйе Қазақстан Республикасының заң актілері мен мемқал-техбақылау, экологиялық және санитарлық бақылау жүйелерінің жеке келісімдері негізінде өзара әрекеттеседі.

                             1. АНЫҚТАМАЛАР

      Қызметшілерді сертификациялау жүйесі құжаттарындағы түсініктер, атаулар мен олардың анықтамалары "Тұтынушы құқығын қорғау туралы" СТРК 3.0-94 Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған, ИСО 9712 халықаралық стандарты, ЕN473, ЕN45013, EN45001 Европалық стандарт, Россия Мемқалтехбақылаудың "Мамандарды аттестациялау" Ережесіндегі түсініктер мен анықтамаларға сәйкес келеді.
      Негізгі қолданылатын атаулар:
      1.1. Стандарт - консенсус негізінде жасалған, жалпы және көп қайтара қолданылатын ережелерді белгілейтін танымал органмен бекітілген, белгілі салада тиімді дәрежені қалыпқа келтіруді жетілдіруге бағытталған басқарушы қағидалардың немесе әр түрлі іс-әрекеттердің сипаттамалары немесе олардың нәтижелері.
      Стандарттар ғылымның, техниканың және практикалық тәжірибе нәтижелерінің жалпы қорытындысына негізделген және қоғам үшін пайдалы жетістіктерге жетуге бағытталған.
      1.2. Нормативті құжат - ережелер мен басқарушы қағидалар немесе әр түрлі іс-әрекеттердің сипаттамаларын немесе нәтижелерін анықтайтын құжат.
      "Нормативті құжат" атауы стандарттар, техникалық шарттар, ережелер жинағы мен регламенттер үшін жалпы атау болып табылады.
      1.3. Сертификация жүйесі (аттестация) - үйлесімді сертификациялауды жүргізуді басқаратын және өз ереже тәртібі бар жүйе.
      Сәйкестікке аттестациялауды жүзеге асыруда жүйеде өзінің технологиялық ережелері болады.
      1.4. Сәйкестік сертификациясы - өнімнің сәйкестігін, процесс немесе қызметтің белгілі стандартқа және басқа нормативті құжатқа сәйкес келетіндігін қамтамасыз етуде қажетті сенімділік танытатын үшінші жақтың іс-әрекеті.
      1.5. Сертификациялау органы - сәйкестік сертификациясын жүргізетін орган.
      1.6. Лицензия (сертификациялау лицензиясы) - сертификациялау жүйесінің ережесіне сәйкес сертификациялау органы бөлетін адам немесе сертификатты пайдалануға құқылы, өз өніміне сәйкес процесстер мен қызмет көрсетуге арналған құжат.
      1.7. Ізденуші - сертификациялау органынан лицензия алуға талаптанушы адам (немесе орган).
      1.8. Лицензия иесі (лицензиат) - сертификациялау органымен лицензия берілген адам (немесе орган).
      1.9. Сәйкестік белгісі - осы өнім, процесс немесе қызмет белгілі стандартқа немесе нормативті құжатқа сәйкес екендігіне сенім тудыратын сертификациялау жүйесінің ережесіне сәйкес берілген немесе қолданылатын, белгілі бір тәртіпте қорғалған белгі.
      1.10. Мәлімдеуші (сертификация саласында) - жете білушілік сертификатын алуға мәлімдеме жасаушы адам.
      1.11. Жабдықтаушы (жеткізіп беруші) - өнімге немесе қызметіне жауап беретін, оның сапасын қамтамасыз етуде өзінің мүмкіншіліктерін көрсете алатын жақ.
      Бұл анықтама дайындаушыларға, көтерме (ірі) саудагерге, шетелден зат әкелушілерге, монтаждау мекемелері мен сервис қызметтеріне және т.б. қолданылады.
      1.12. Аккредитация (зертханаларды) - сынақтан (сынаудан) өткен нақты зерттеулерді немесе нақты іс-әрекеттің түрлерін жүзеге асыруға құқылы сынақтық зертханалардың ресми танымы.
      1.13. Сынау зертханасы - сынақ жүргізетін зертхана.
      1.14. Сынақ - белгілі тәртіпке сәйкес өнімнің, процесстің немесе қызметтің бір немесе бірнеше анықтамасын белгілеп қорытатын техникалық операция.
      1.15. Сынақ әдісі - сынақ жүргізудің техникалық ережелері.
      1.16. Сынақ хаттамасы - сынаққа қатысты сынақ нәтижелері мен басқа да анықтамаларды мәлімдейтін құжат.
      1.17. Аккредитация жүйесі (зертхана) - зертхананы аккредитациялау тәртібі мен басқаруды қамтамасыз ететін өз тәртіп ережелері бар жүйе.
      1.18. Аккредитациялау органы (зертхана) - зертхананы аккредитациялау жүйесін басқаратын және аккредитация жүргізетін орган.
      1.19. Аккредитация белгісі (зертхана) - аккредиттелу үшін зертхана жауап беретін аккредитация органы пайдаланылатын талаптар жиынтығы.
      1.20. Зертхананы сертификациялау эксперті - зертхананы аккредитациялауға қатысты барлық немесе біршама қызметті жүргізуші адам.
      1.21. Әдіс (бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау саласында) - бақылаудың күштік жағдайын пайдаланатын қолдану тәртіп.
      1.22. Аттестациялау (емтихан) комиссиясы - сертификациялау органымен бекітілген, мамандану емтиханын жүргізуші тікелей немесе өкілетті орган.
      1.23. Емтихан (қабылдаушы) - сертификациялау органымен тікелей өкілетті немесе өкілетті орган арқылы емтихан жүргізуші, оларды бақылайтын және бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау саласындағы кандидаттардың мамандану деңгейін анықтайтын және бақылайтын маман.
      1.24. Мамандық белгілеу (квалификациялау) емтиханы - кандидаттың жалпы, арнайы және практикалық білімі мен шеберлігін көрсететін емтиханы.
      Емтихан сертификациялау органы немесе оның өкілетті органымен жүргізіледі.
      1.25. Жалпы емтихан - бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау әдіс-ережелерін қамтитын емтихан.
      1.26. Арнайы емтихан - белгіленген өндіріс секторында қолданылатын бақылау мен болжаудың техникалық әдіс-тәсілдеріне қатысты өнімі бақылауға ұшырайтын білім, сонымен қатар стандарт, деңгей, бақылау объектілерінің техникалық шарттары мен белгілерінің білімдерінің емтиханы.
      1.27. Практикалық емтихан - қажетті бақылаушы (болжаушы) құрал-жабдықтар және олармен жұмыс істеу жөніндегі білімді көрсететін шеберлікке емтиханы.
      1.28. Жұмыс мінездемесі (сертификация алатын кандидаттарға арналған) - жұмыс берушімен берілген және маманның арнайы жұмыс түрін орындауға қажетті білім жетістіктеріне, шеберлігі мен денсаулық жағдайына берілген жазбаша құжат.
      1.29. Өндірістік сектор - тексерілетін өнімге бағытталған арнайы білім мен шеберлікті талап ететін ББ және ТБ мамандандырылған техникалық әдістерін қолданатын өндірістің немесе технологиясының белгілі саласы.
      "Өндірістік сектор" термині өнімге қандай қатысты болса, бүтіндей өндіріс саласына сондай қатысы бар.

                     2. ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУ
                             ОРГАНЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

      2.1. Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау қызметшілерін сертификациялау жүйесінің орталық звеносы - Тәуелсіз сертификациялау органы болып табылады.
      2.2. Тәуелсіз сертификациялау органы EN45013 стандартының талаптарына жауап беру керек.
      2.3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз сертификациялау органы болып бүлінбеуді бақылау (ББ) және техникалық болжау (ТБ) Қазақстан оқу-ғылыми орталығы (ҚОҒО) болып табылады.
      2.4. Қазақстан оқу-ғылыми орталығын 05.11.13. мамандығы бойынша "Қоршаған ортаны, заттар, материалдар және бұйымдарды бақылау әдістері мен оның құралдары" техника ғылымдарының немесе сол мамандыққа ұқсас техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар дара басшы болуға құқығы бар директор басқарады.
      Ескерту: Сертификациялау органы директорының біліктілігіне талап оның қызметінің ұйымдастыру кезеңіне қажетті.
      2.5. Сертификациялау органының директоры Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Идаралық Кеңес алдында сертификациялау жүйесін жүргізуге жауапты.
      2.6. Сертификациялау органының директорына өндіріс саласын дамытуда жұмыс істеу ерекшелігін ескере, сонымен қатар оларды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасы аймақтарында филиалдар мен басқа да бақылау құрылымдарын ұйымдастыруына өкілдік беріледі.
      2.7. Сертификациялау органында Басқарушы (Ғылыми) кеңес құрылады. Оның тең құқылық бастамасында сертификациялау органының саясаты мен стратегиясын анықтау басты мақсаты болып табылатын сертификация жүйесінің пайдаланушыларынан құралады.
      2.8. Сертификациялау органының директоры (2 жылда 1 рет) Қазақстан Республикасы төтенше жағдай жөніндегі Идаралық Кеңес алдында есеп беруге тиісті.
      2.9. Сертификациялау органында аттестациялық комиссиясының іскер мүшелері мен мамандандырылған қызметші оқытушылар болу керек, және де органның қызметіне тікелей коммерциялық қатысы бар сырт адамдардың қызметшілерге әсері болмау керек.
      2.10. Сертификациялау органында барлық қызметшілердің мамандығы, дайындығы және кәсіби тәжірибесі жөнінде жазбаша түрде толық мәлімет болуы қажет және ол үнемі жаңартылуы керек.
      2.11. Орган талапқа сай көрсетуге тиіс және болу керек:
      а) органның иерархиялық құрылымы мен жауапкершілікті бөлетін олардың бағалау мен сертификациялау қызметінің байланысын нақты көрсететін ұйымдастыру үлгісі (схемасын);
      б) органды қаржыландыру көздері туралы мәлімет;
      в) ішкі жүйе құжаттарының сапасы, оған қоса сертификациялау ережесі мен тәртібінің құжаттары;
      г) заңдылық статусын анықтайтын құжаттары.
      2.12. Органда сертификацияның әр процедурасы бойынша құжаттарды басқару жүйесі болу керек және қамтамасыз етеді;
      а) барлық қажетті сұрақтар бойынша құжаттарды зерттеу;
      б) құжаттарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың дұрыстығын;
      в) органнан және оның филиалдарынан ескірген құжаттардың уақытылы алынуын;
      г) сертификациялау бағдарламасына қатысушы, сертификацияланушы адамдарды және басқа пайдаланушыларды құжаттағы өзгерістер туралы байланыс арқылы немесе мерзімді баспа арқылы хабардар етіп отыруын.
      2.13. Сертификациялау органында, оның белгіленген талаптарына сай тіркеу жүйесі болу қажет.
      Тіркеу жазбалары сертификацияның әр процедурасының жүргізілу мәліметтерін қамтуға тиіс.
      Барлық тіркелген жазбалар заң талаптарын ескере отырып белгіленген мерзімге мәлімдеушіге қатысты құпиялылықты дейін сақтайды.
      Ескерту: Тіркелген мәліметтердің сақталуының мерзімі аса көңіл бөлуді қажет етеді, және бұл жағдайда заң ережелері мен құқын тану жөніндегі келісімін қатаң сақтау керек.
      2.14. Сертификациялау органы қызметшілерді сол қызметке сәйкес белгіленген критерийлерге сертификациялау жүргізу үшін қажетті құралдармен және құжаттандырылған процедуралармен қамтамасыз етілу керек.
      2.15. Сертификациялау органы сертифицирлеуші қызметшілерді әрдайым бақылайды.
      2.16. Сертификациялау органының құрамында ғылым докторы немесе кандидаты (оның ішінде техника, физико-математика, химиялық, биологиялық, медициналық, геологиялық) дәрежесі бар, сонымен қатар өндірісте, азаматтық мекемелерде, санитарлық, экологиялық тау-техникалық бақылау органдарында жұмыс істейтін ірі мамандар болу керек.
      Бүлінбеуді бақылау мен техникалық болжау бойынша оқыту және қызметшілерді сертификациялау процесіне қатысушы оқытушылардың дайындықтары мен олардың терең білім деңгейіне жауапкершілікті сертификациялау органының бастығы жауап береді.
      Ескерту: Тиісті ғылыми дәрежесі жоқ оқытушылар мен емтихан қабылдаушылардың 3 деңгейдегі және ерекшелік ретінде 2 деңгейдегі маман сертификаты болу керек.
      2.17. Сертификациялау органының төмендегі құрамдағы белгілерді қамтамасыз етуде ішкі стандарт сапасы болады, оның ішінде:
      а) сапа саласындағы саясатты баяндау;
      б) органның заңдылық мәртебесінің қысқаша мазмұны;
      в) сертификациялау органын құру туралы ақпарат, оған қоса Басқару кеңесі, оның құрамы, өкілдігі, жұмысты орындау ережесі туралы нақты мәліметтер;
      г) қызметшілерді сертификациялау органында және оның құрамынан тыс сертификациялаумен айналысатын басшы, қызметкерлердің фамилиясы (аты, әкесінің аты), біліктілігі, тәжірибесі және өкілдігі туралы мәлімет;
      д) сертификациялаумен айналысатын қызметшілердің оқу жүйесі мен біліктілігін көтерудің сипаттамасы;
      е) қызметкерлердің бағыну тәртібі бойынша ұйымдастыру құрылымын, жоғары звенодағы бастықтан бастап жауапкершілігі мен міндеттерін бөлу;
      ж) мәлімдеушілердің бағаларына қолданылатын құжаттандыру тәртібін толық баяндау;
      з) белгіленген талапқа сай сертификат алған қызметшілердің бақылауға қолданатын құжаттандыру процедурасын толық баяндау;
      и) олардың жетік хабардарлығын тексеру мен бағалауда қолданылатын құжаттандырылған процедураны толық жеткізу;
      к) аппеляция (қайта қарау) процедурасын баяндау;
      Ескерту: сертификациялау органы сертификациялау ісінің барлық деңгейінде жиналған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ететін тиісті шаралар қолдануы керек.
      2.18. Орган идаралық және құрылымдық тәуелсіздігіне қарамастан бүлінбейтін бақылау және техникалық болжау зертханаларын аккредитациялайды.

                   3. БҮЛІНБЕЙТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
                        БОЛЖАУ ЗЕРТХАНАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

      3.1. Бүлінбейтін бақылау және техникалық болжау зертханасы идаралық және құрылымдық қатарына тәуелсіз, оның тәуелсіздігін, дербес құқылығын және бейтараптығын анықтайтын өзінің заңдық мәртебесі болу керек.
      Ескерту: Зертханаға қойылатын талаптар EN45001 Европалық стандартқа сәйкес келеді.
      3.2. Зертхана басшысы және қызметшілері бағаларға және қорытындыға ықпал етуі мүмкін болатындай коммерциялық, қаржылық және басқа қысымдарға керек.
      Зерттеудің, бақылаудың, болжаудың нәтижелеріне сыртқы жақ мекемелерінің немесе адамдардың қандай да болмасын ықпалын болдырмау керек.
      3.3. Зертхана өзінің тәуелсіздігіне қатысты шешімге және бақылау мен болжау жұмыстарын жүргізу барысында бейтараптығын сенім жоғалтатындай жағдай туғызатын қандай да бір іс-әрекетпен айналыспауы керек.
      3.4. Жұмыс жүргізетін қызметшілерге берілетін ақшалай сыйлық олардың жұмыс көлемі мен соңғы нәтижелеріне тәуелсіз болады.
      3.5. Егер өнімді сынайтын, оны дайындауға, өндіруге немесе жүзеге асыруға қатысқан мекеме болса, онда ол жақтардың жауапкершілігі айқын бөлінген құжатталған ережелерді зерттеп, дайындау керек.
      3.6. Зертханада басшысын қоса алғанда, әрбір қызметкердің нақты әрекет-өрісі мен оның уәкілдік шегін қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымдары болу керек.
      Ұйымдастыру құрылымы шеңберінде бүлінбейтін бақылау мен техникалық болжау әдістерін білетін адамдармен (санитарлық, экологиялық, тау-техникалық бақылау ұйымдарымен тексеру) зертханаларды тексеру жүзеге асырылады.
      3.7. Зертханада лайықты білімі, қажетті техникалық білімі мен тәжірибесі бар мамандардың саны жеткілікті болу керек және олардың үнемі оқуы мен біліктілігін көтеріп отыруын қамтамасыз ету.
      Зертханада кадрлардың дайындығы мен практикалық тәжірибесіне, біліктілігіне қатысты өзінің қажетті құжаттары болу керек.
      3.8. Зертхана өзінің тереңдігін қажетті және жеткілікті танытатындай лайықты құралдармен жабдықталуы керек.
      3.9. Құрал-жабдықтардың әр жеке бөлігінің тіркеу карточкасы болу керек, ол мынадай мәліметтерден тұрады:
      а) құрал-жабдықтың аталуы;
      б) істеп шығарушының фамилиясы, типтік белгісі және реттік номері;
      в) алған уақыттағы датасы және пайдалануға қосқан кездегі датасы;
      г) қажет болған жағдайда - қазіргі уақыттағы тұрған орны;
      д) алған кездегі құралдың күйі (жаңа, тозған, жұмыс істеу уақыты созылған);
      е) құралдың қызмет ету және жөндеу жөніндегі мәліметтері;
      ж) құралдың барлық бүлінген немесе тоқтап қалған, қайта түзелген немесе жөндеулерінің сипаттамасы.
      3.10. Зертханада жетік білетін мекемелермен тексеріліп отыратын және оған сәйкес ұлттың немесе халықаралық эталонмен басылып отыратын қажетті калибрлеуші, үлгідегі өлшеуіш құралы және өлшеуіш заты болу керек.
      3.11. Зертханада атқаратын жұмыстың саласына, көлеміне және түріне

лайықты жүйелік сапасы болу керек.
     3.12. Сапалық жүйе элементтері зертхана қызметкерлерінің пайдалануына 
берілетін сапа жөніндегі Нұсқауға қосылады және ішінде мыналар болады:
     а) сапа саясаты баяндалады;
     б) зертхананың құрылымы (ұйымдастыру схемасы);
     в) әр қызметкердің қызметтік уәкілдігі көлемін ескере отырып 
жасалынған, сапаны қамтамасыз етумен байланысты мақсат пен қызметтік 
міндеттер;
     г) сапаны қамтамасыз ететін жалпы атқару тәртіптері;
     д) әрбір нақты зерттеу, бақылау, болжау және сынау жүргізу барысында 
сапаны қамтамасыз ету тәртібі;
     е) қажет болған жағдайда, зерттеу, бақылау, болжау және сынау сапасын 
тексеру әдістері;
     ж) рекламацияны қарап тексеру процедурасы.
     3.12. Зертхананы аккредитациялау оның қызметшілерін 
сертификациялағаннан соң жүргізіледі.
     3.13. Аккредитациялау барысы төмендегі жағдайларды қамту керек:
     а) мәлімдеуші-зертханаға аккредитация жүргізу үшін қажетті 
ақпараттарды іріктеу;
     б) бір немесе бірнеше тәжірибелі сарапшыларды тағайындау;
     в) мәлімдеуші зертханаға аккредитацияны стандартты жағдайда жүргізу;
     г) барлық материалдардың анализі;


      д) мәлімдеуші зертхана шартпен немесе онысыз-ақ, берілуші

аккредитацияның нақты саласы көрсетілген аккредитация беру жөніндегі шешім 
не болмаса аккредитациялауды қабыл алмау.
     3.14. Аккредитациялау органы біршама уақыт, кемінде 5 жылдан соң 
зертханаға қайта аккредитация жүргізу керек.
     Ескерту: Зертханалар қызметі кеңейтілген жағдайда ғана мезгілінен 
бұрын аккредитациялауға жатады (жаңа әдістер және солармен байланысты 
бақылаудың жаңа объектілері).
     3.15. Аккредитациялау органының аккредитацияның күшін жою, жұмысын 
тоқтату не болмаса аккредитацияның әсер ету саласын шектеу жөніндегі шешім 
аккредитациялау органының бір жиналысында тиісті зертхананы тыңдағаннан 
кейін қабылданады.
     
                  4. БҮЛІНБЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
                   БОЛЖАУ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН СЕРТИФИКАЦИЯЛАУ
                              (АТТЕСТАЦИЯЛАУ)
     
     4.1. Жалпы ережелер



      4.1.1. Европалық бірлестік елдерінде 1993 жылы бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау қызметшілерін сертификациялайтын Ұлттық жүйені енгізу аяқталды.
      4.1.2. Қызметшілерді сертификациялау мен зертханаларды аккредитациялаудың Ұлттық жүйесі негізіне мынадай нормативті құжаттар алынған: халықаралық стандарт ИСО9712, Европалық стандарт ЕN473, ЕN45013, ЕN45001, ЕN45002, ЕN45003, ЕN45011, ЕN45014, Американдық стандарт SNТ-ТS-1А, М1L-Stаndаrt, АNS1СР-189, АSМЕ-соdе.
      4.1.3. Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау қызметшілерін сертификациялайтын осы жүйе бүлінбейтін бақылау және техникалық болжау мамандарының біліктілігінің үш (1, 2, 3) деңгейін қарастырады.
      Ескерту: бүлінбеуді бақылау (ББ) техникалық болжау (ТБ) мамандарының

біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ олардың міндеттері 1 
қосымшада көрсетілген.
     4.1.4. Кез келген біліктілік деңгейдің маманы нақты түрлерге 
(әдістерге) және бақылау мен болжаудың нақты объектілеріне 
аттестацияланады.
     4.1.5. Үш деңгейдің біреуінен аттестацияланушы кандидаттың лайықты 
жалпы білімі және минимальді практикалық жұмыс стажы болу керек (кесте 1).
     
   Білімі және жұмыс тәжірибесінің ең төменгі стажына талаптар (айларда)
                                                                   1 кесте
 __________________________________________________________________________
| N |Бүлінбеуді ба.  |                                                     
|р/с|қылау және тех. |                Жалпы білімі және жұмыс стажы        
|   |никалық болжау  |                                                  
|   |түрі            |
|___|________________|____________________________________________________
|   |                |                 |стажы  |                   |стажы |
|   |                |    1 деңгей     |(айлар |     2 деңгей      |(айлар|
|   |                |                 |  да)  |                   |  да) |
|___|________________|____________________________________________________|
| 1 |Акустикалық     | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 2 |Құйынды токты   | орта техникалық |   1   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 3 |Магниттік       | орта техникалық |   1   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 4 |Оптикалық       | орта техникалық |   1   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 5 |Өтімді заттармен| орта техникалық |   1   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 6 |Радиациялық     | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 7 |Жылу            | орта техникалық |   2   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 8 |Электрлі        | орта техникалық |   2   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 9 |Радиотолқынды   | орта техникалық |   2   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |                |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
     
 ________________________________
                                 |
                                 |
                                 |
                                 |
 ________________________________|
                         |стажы  |
         3 деңгей        |(айлар |
                         |  да)  |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   12  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
     
     
                                                         1 кестенің жалғасы
 __________________________________________________________________________
| N |Бүлінбеуді ба.  |                                                     
|р/б|қылау және тех. |                Жалпы білімі және жұмыс стажы        
|   |никалық болжау  |                                                  
|   |түрі            |
|___|________________|____________________________________________________
|   |                |                 |стажы  |                   |стажы |
|   |                |    1 деңгей     |(айлар |     2 деңгей      |(айлар|
|   |                |                 |  да)  |                   |  да) |
|___|________________|____________________________________________________|
| 10|Химия -         | орта химиялық   |   3   | жоғары хим-қ,     |  12  |
|   |аналитикалық    | химия-аналити.  |       | химия-аналитикалық|      |
|   |                | калық           |       |                   |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 11|Заттық құрамы   | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|  12  |
|   |мен құрылымы    |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 12|Жылу және       | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|  12  |
|   |электрлі энергия|                 |       |                   |      |
|   |сапасын болжау  |                 |       |                   |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 13|Машинаның       | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|  12  |
|   |трансмиссиясын  |                 |       |                   |      |
|   |болжау          |                 |       |                   |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 14|Двигательдік    | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|  12  |
|   |болжау          |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 15|Сейсмикалық     | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|  12  |
|   |болжау          |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 16|Геофизикалық    | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|   12 |
|   |болжау          |                 |       | физикалық         |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 17|Радиологиялық   | орта техникалық |   3   | жоғары инженерлік,|   9  |
|   |бақылау         |                 |       | физикалық,химиялық|      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
| 18|Дәрігерлік      | орта техникалық |   3   | жоғары дәрігерлік |   9  |
|   |болжау          |                 |       |                   |      |
|___|________________|_________________|_______|___________________|______|
     
 ________________________________
                                 |
                                 |
                                 |
                                 |
 ________________________________|
                         |стажы  |
         3 деңгей        |(айлар |
                         |  да)  |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 химия-аналитикалық      |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 химия-аналитикалық,     |       |
 физикалық               |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік,             |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік,             |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 инженерлік, физикалық   |       |
 химиялық                |       |
 ________________________________|
 ғылым кандидаты, жоғары |   15  |
 дәрежелі дәрігер        |       |
 ________________________________|
     


      4.1.6. Лайықты базалық білімі (орта, жоғары) жоқ кандидаттар Сертификация органына арнайы дайындығы жөніндегі құжатты ұсынады. Бұл жағдайда аттестациялық (емтихандық) комиссия аттестацияға жіберу мүмкіндігі бар (немесе жоқ) жөнінде шешім шығарылады.
      4.1.7. ББ және ТБ мамандары сертификациялық карта мен сертификатта көрсетілген бақылау мен болжам объектілері және әдістерімен біліктілік деңгейіне сәйкес жұмыс жүргізуіне болады.
      4.1.8. ББ және ТД-мен жұмыс істеуге рұқсатты ұйымның немесе өндірістің басшысы береді.
      4.1.9. Бақылау мен болжау нәтижелеріне жауапкершілікті нәтиженің қорытындысына қол қойған маман мойнына алады.

                   4.2. ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СЕРТИФИКАТЫНА
                  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

      4.2.1. Жұмыс беруші (басшы) сертификация жөніндегі ұйымға сертификацияланатын кандидатты ұсынады және дербес ақпараттың дұрыстығын құжаттармен растайды.
      Қоса есептегенде білімі, жалпы және арнайы дайындығы жөніндегі мәліметтер және практикалық жұмыс стажы. Жұмыс беруші бақылау объектісі (объектілері) немесе диагностика және көрсетілген әдіспен (әдістермен) жұмыс істеу үшін кандидаттың жақпайтын (қарсы дәлел).
      Жұмыс беруде кандидаттардың көрсетілген әдіспен (әдістермен) және тексеру объектісінде (объектілерінде) жұмыс жүргізу үшін жақпайтындығының жоқтығы жөніндегі дәрігерлік қорытындының дұрыстығына жауап береді.
      Ескерту: 1) Егер жеке адамның жұмыс берушісі болмаса, онда ол өзі туралы ұқсас хабарлама ұсынып және оған жауапты болады.
      2) ББ және ТБ қызметшілерінің сертификацияларына қойылатын талап EN45013 номерлі европалық стандартқа сәйкес келеді.
      4.2.2. Аттестацияға (сертификацияға) келген кандидаттың өзімен бірге болу керек: әдісі және тексеру объектісі немесе болжамы көрсетілген жұмыс орнынан мәлімдеме (2 қосымша); іскерлікті сараптаудың профиліне сәйкес оның біліктілігін растайтын жалпы және арнайы білімі жөніндегі құжаттар (көшірмесі); іскерлікті сараптау профиліне байланысты практикалық жұмыс стажы (кадр бөлімінен) жөніндегі анықтама; дәрігерлік анықтама; екі фотосурет (3х4); ақы төленгені жөніндегі банк штампісі басылған төлем қағазының көшірмесі (төлемақы квитанциясы).
      4.2.3. Біліктілік емтиханы емтихан тексеру әдісі (түрі) және болжам тәрізді жалпы емтиханнан; бақылау технологиясы мен нақты түрдің объектілерінің берілген әдісі болжамының арнайы емтиханынан; аппаратуралармен немесе химико-аналитикалық операциялармен жұмыс істейтін практикалық емтихан.
      4.2.4. Практикалық емтихан ережеге сәйкес жұмыс берушінің зертханасында жүргізіледі. Қажет болғанда практикалық емтиханды басқа жақтың зертханасында және сертификациялау жөніндегі органының зертханасында (оның филиалдарында, орталықтарында) тапсыруға рұқсат етіледі.
      4.2.5. Бүлінбеуді бақылаудың әрбір әдісі бойынша немесе мамандықтың әр деңгейінің техникалық болжамын оқыту бағдарламасын жетік білетін ғалымдар және университет оқытушылары (ЖТОО, ҒЗИ) жасайды және сертификациялау органының директорымен бекітіледі.
      Осындай бағдарламалар маманның бүлінбеуді бақылау немесе техникалық болжам жөніндегі мамандыққа баға беретін біліктілік мінездемесінің тиісті жеке параграфы болу керек.
      Ескерту: Бағдарламаға қойылатын талаптар европалық стандарт EN473 талабына сәйкес келеді.
      4.2.6. Жалпы, арнаулы және практикалық емтихандар процедурасы (емтихан билеттері немесе тестімен және әңгімелесу) Аттестациялық комиссиямен анықталады.
      Егер емтихан билеттерімен жүргізілетін болса, онда емтихан тапсырушыға жалпы емтихан бойынша жиырмадан кем емес және арнаулы үшін оннан кем емес сұрақтар ұсынылады.
      Егер емтихан тест әдісімен жүргізілсе, онда бағдарламаланған сұрақтар жинағында (жалпы және арнаулы) емтихандармен бірігіп міндетті түрде болу керек:
      а) біліктіліктің бірінші деңгейі үшін 80-100 сұрақтан;
      б) біліктіліктің екінші деңгейі үшін 100-150 сұрақтан;
      в) біліктіліктің үшінші деңгейі үшін 100-150 сұрақтан.
      4.2.7. Кандидат ұсынылған сұрақтардың 80% жуығына дұрыс жауап берсе, емтиханды ұстап шығушы деп саналады.
      4.2.8. Практикалық емтихан өткізу барысында емтихан тапсырушыға әр тақырып (сұрақ) бойынша, өзінің операцияларының нәтижелерін толтыратын таблицалары бар парақ беріледі.
      Операцияны (бақылау немесе болжау) аяқтаған соң кандидатқа мүмкін болатын ең ақырғы ауытқу нұсқаулары мен нәтижесі көрсетілген аналогиялық (бақылау) қағаз беріледі.
      4.2.9. Кандидат комиссиямен бірігіп операцияны жүргізу барысында алынған мәліметтер бойынша бақылауды салыстыру жолымен дұрыс нәтижелер санын есептейді.
      Егер дұрыс нәтижелер 80% кем болмаса, онда кандидат емтиханды ұстап шығушы болып есептелінеді.
      4.2.10. Кандидат емтихандарды ойдағыдай тапсырған жағдайда лайықты дәрежедегі біліктілікке аттестацияланған болып саналады.
      4.2.11. Егер кандидат бір немесе екі ғана емтиханды ұстап шыққан жағдайда оған 1-ші емтиханды тапсырған күннен бастап, бір жыл ішінде тапсырмаған емтиханды (емтихандарды) қайта тапсыруына мүмкіншілік беріледі. Қайта тапсыра алмаған жағдайда бұрынғы емтихандар сақталынбайды.
      4.2.12. Біліктілік емтихан қорытындысы негізінде сертификация органының Халықаралық үлгідегі қосымша беті - сертификациялық картасы бар сертификат тапсырылады.
      4.2.13. Сертификатта (3 қосымша) мынадай мәліметтер болады: Сертификациялық органның аты сертификаттың тіркелген номері, аттестацияланған маманның аты, әкесінің аты, фамилиясы; сертификат иесінің туған жылы; берілген біліктілік дәрежесі; сертификат иесінің фотосуреті және қолы; сертификациялау органы басшысының қолы; бүлінбеуді бақылау немесе кейінгі түрлерді (әдістерді) жазуға арналған төрт бос жолы бар техникалық болжау түрі (әдісі); маманды қайта аттестациялайтын және сертификат күшінің ұзартылған уақытын көрсететін орын.
      Сертификациялық картада (4 қосымша) мынадай мәліметтер болады: сертификациялау органының аты; сертификаттың тіркелген номері; аттестацияланған маманның аты, әкесінің аты, фамилиясы; келесі түрлерді (әдістерді) жазуға арналған 4 бос жолы бар ББ және ТБ түрі (әдісі); келесі бақылауға алынған объектілерді (өнімдерді) жазуға арналған 4 бос жолы бар бақылау объектілерінің (өнімдерінің) тізімі, сертификациялау органының басшысының қолы мен мөрі.
      Ескерту:
      а) сертификаттың түпнұсқасы қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ағылшын тілінде орындалады;
      б) сертификациялық картаның сертификатсыз құқылық мәртебесі болмайды, онысыз маман жұмыс берушінің практикалық әрекеттерін орындауға жіберілмейді;
      в) бақылау ұйымдарының мамандарына, оқу орындарының студенттеріне, сертификациялау органының оқытушыларына, яғни, бақылау және болжау объектілерінде тікелей жұмыс істемейтіндерге тек қана сертификат (сертификациялық картасыз) беріледі.
      4.2.14. Мамандарға берілетін сертификаттың қызмет күшінің мерзімі 1 деңгейдегілерге - 2 жыл, 2 деңгейдегілер үшін - 3 жыл, 3 деңгейдегілерге - 4 жыл.
      4.2.15. Сертификат мына жағдайда күшін жояды:
      а) 1 дәрежедегі мамандар үшін - жұмыс ауыстыру (жұмыс берушінің);
      б) жұмыс мерзімінің аяқталуы;
      в) дәрігерлік комиссияның кері қорытындысы.
      4.2.16. ББ және ТБ жұмысында 1 жыл мерзімінде үзіліс болған жағдайда (1 дәрежедегі мамандар үшін жұмыс берушінің ауысуы) мамандар тек практикалық емтиханын тапсырады.
      4.2.17. Сертификаттың жұмыс істеу мерзімінің уақыты аяқталғаннан кейін ол сертификациялау органымен мына жағдайларда ұзартылады:
      маманның жұмыс орнынан кепілдемесі;
      дәрігерлік комиссияның тексеру қорытындысы;
      ББ және ТБ жұмысында 1 жылдан астам үзілістің болмауы.
      Аталған шарттардың біреуі болмаған жағдайда маман қайта аттестациядан өту керек.
      4.2.18. Сертификация әрекетінің 2 мерзімдік уақыты өткен соң қайта аттестация жүргізіледі.
      Ескерту: ББ және ТБ әдістері бойынша жоғары және арнайы оқу орындарында, идаралық мамандық біліктілігін жетілдіру институты (ИПК) мен мамандық біліктілігін жетілдіру факультеті (ИПКФ) курстарында, сонымен қатар жұмыс берушінің курстарында даярлаудың (қайта даярлаудан) өткен мамандарға оқуын аяқтағаннан соң сертификациялау органымен тікелей оқу орнының тиісті деңгейдегі сертификат немесе сертификат картасымен сертификат беріледі.

     4.2.19. 1,2,3 деңгейдегі мамандар, сонымен қатар оқытушылар мен 
емтихан қабылдаушылар туралы мәліметтер сертификациялау органында 
сақталады.
     4.2.20. Аттестациялық комиссия тізімі (5 қосымша) аттестациядан 
өтушінің және ББ мен ТБ түрлерінің санына қарай мерзімді жаңартылуы тиіс.
     4.2.21. Аттестациядан өткен мамандардың картотекасы сертификациялау 
органында сақталады және оның құрамында: 
     а) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
     б) жалпы және арнайы білімі туралы құжаттық көшірмесі;
     в) ББ және ТБ жұмысының стажы туралы анықтамасы;
     г) ББ және ТБ жұмысына жарамдығы туралы дәрігерлік анықтамасы;
     д) маманның қолы қойылған және Аттестациялау комиссиясының 
қорытындысымен емтихан тапсыру жөніндегі хаттамасы;
     е) аттестацияланған маманның басқа да мәліметтері.
     Ескерту: Министрлік және идаралық мамандарын аттестациядан өткізу 
аттестациялау тәртібі ережесімен бекітілген басқарушы құжатқа сәйкес 
аттестациялау тәртібі ережесімен жүргізіледі.
     
     
                                                                  1 қосымша
     
               БҮЛІНБЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БОЛЖАУ
               МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
     


      Осы басқарушы құжатқа сәйкес аттестацияланған адамдар өз мамандығына сәйкес үш деңгейдің (разрядтың) біреуін алу керек.
      1 деңгей. 1 деңгей бойынша аттестациядан өткен адам инструкция, техникалық өлшем мен басқа да құжаттандырылған ереже бойынша 2 және 3 деңгейдегі мамандардың тікелей қатысуымен бүлінбеуді бақылау мен техникалық болжауды жүргізетін біліктілігі болу керек.
      Бұл деңгейдегі маман:
      а) ББ және ТБ құралдарын құрады, және реттейді, операция жүргізеді, химиялық және аспап-құралдық талдауға сынама-үлгі дайындайды;
      б) бақылау мен болжау, химиялық және аспап-құралдық талдау жүргізеді;
      в) бақылау, болжау, талдау қорытындысын жазып, берілген баға белгісі негізінде оларға бағалауды жүргізеді;
      г) қорытынды нәтиже бойынша есеп береді.
      1 деңгейдегі маман бақылау (болжау) әдістері мен құралдарының таңдап алынуына, бақылау немесе болжау нәтижелерінің бағалануына жауап бермейді.
      2 деңгей. 2 деңгей бойынша аттестацияланған маман бүлінбеуді бақылауды (болжауды) бекітілген ереже бойынша басқара алатын біліктілігі болу керек. Ол істей алуы және білуі керек:
      а) бақылау (болжау) жүргізу үшін құрал және әдістерді дұрыс таңдай;
      б) белгілі объект үшін бақылау (болжау) әдістерінің мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын айыра;
      в) ББ (болжау) стандартын және оның жұмыс тәжірибесіне қатысты бақылау (болжау) ережелерін, ерекшеліктерін түсіне;
      г) аспан-құралдарды жөндеу, химиялық және аспаптық талдауды жүргізу және дайындау;
      д) операцияның жүргізілуін қадағалау, бақылау;
      е) бүлінбеуді бақылау, болжау немесе химиялық (аспаптық) талдау нәтижелерін тапсыра; нормативтік құжаттар мен бақылау (болжау) ережелеріне сәйкес стандартқа сәйкестігіне баға беруді жүргізе;
      ж) ББ (ТБ) бойынша жазбаша нұсқау жасау;
      з) 1 деңгейдегі маманның барлық тапсырылған жұмысын орындай және бақылау;
      и) ББ (ТБ) қорытынды нәтижелерін құжаттау.
      Ескерту: Нұсқау дегеніміз нормативті құжатқа сәйкес ББ (ТБ) жүргізудің жүйелік кезеңін жазбаша баяндау; спецификация дегеніміз - ББ (ТБ) орындау барысында нормативтер мен стандарттардың сақталуын қадағалай отырып, барлық негізгі параметрлер мен операцияларды жазбаша баяндау.
      3 деңгей. 3 деңгей бойынша аттестацияланған маман ББ (ТБ)-ның кез-келген жұмысын басқара алады. Ол, тікелей қызметшілер мен ББ (ТБ) жүргізу құралын таңдауға, бұл құралдарды пайдалану мен оны жөндеуге, стандарттар, спецификация және нұсқаулар жасауға жауапты. Бұл дәрежедегі маман істей алу керек:
      а) дұрыс баға беруді және ББ (ТБ) нәтижелерін талдауды;
      б) ББ (ТБ) әртүрлі әдістерінің мүмкіншіліктерін білуге және оларды

өнім, объект, бұйымдарды сертификациялауда пайдалануды;
     в) 3 деңгейден төменгі қызметшілердің жұмысына басшылық жүргізуді;
     г) қазіргі өндіріс материалдары мен бұйымдарды дайындау 
технологиясында ББ (ТБ) тиімді әдістерін қолдануда және өнімнің 
жарамдығының белгісін жасауда жеткілікті жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
     ББ және ТБ қызметшілерін аттестациялау бойынша белгіленген ұлттық 
және халықаралық ереже 5 белгінің көмегімен маманның біліктілігін 
анықтайды:
     1) мамандық білімі;
     2) ББ және ТБ жұмысындағы жұмыс тәжірибесі;
     3) денсаулық жарамдығы;
     4) оқу курсын (даярлау, қайта даярлау) өтуі;
     5) мамандандыру емтиханын тапсыру.
     
     
                                                                  2 қосымша
     
              Қызметшілерге сертификация (аттестация) жүргізу
                           мәлімдемесінің үлгісі


                                   ________________________________________

Сертификациялау органының атауы

                                   ________________________________________

Сертификациялау органының мекен-жайы

                                            "___"________________ 199 __ ж.




                 БҮЛІНБЕУДІ БАҚЫЛАУ (ББ) НЕМЕСЕ ТЕХНИКАЛЫҚ

                               БОЛЖАУ (ТБ)
                     ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН АТТЕСТАЦИЯЛАУҒА
     
                                МӘЛІМДЕМЕ
     
_______________________________________________ аттестация өткізуін сұрайды
     мәлімдемеші мекеме (өнеркәсіп) атауы
     
_____________________________________________  ____________________________
      жұмыс орны б-ша маманның қызметі              маманның Ф. А. Ж.
     
___________________________________________________________________________
                                                  мамандық деңгейіне
     
                                                                   бойынша
___________________________________________________________________________
                ББ немесе ТБ түрінің (әдісінің) атауы
 бақылауды (болжауды) жүргізуші ___________________________________________
                                                 ББ және
     
___________________________________________________________________________
                        ТБ объектілерінің атауы
     
     Мәлімдемеші жоғарыда көрсетілген әдіс және бақылаушы объектілер 
бойынша кандидаттарды аттестациялауда қарсы дәлел жоқ екенін білдіреді.
     Жүргізілген аттестация қорытындысына қарамастан мәлімдемеші барлық 
шығынды өтеуге міндеттенеді.
                 Басшы              ________________________________
                                          Фамилиясы, аты-жөні
     
               Бас есепші           ________________________________
                                          Фамилиясы, аты-жөні
______________________________________________
   * Қол елтаңбалы     мөрмен куәландырылады
     
     
                                                                  3 қосымша
     
           Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау маманының
                             сертификат үлгісі
     
                 Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау
                      Қазақстан оқу-ғылыми орталығы
     
                           СЕРТИФИКАТ (КУӘЛІК)
                                N ______
     
Аты _____________________________________________________     _________
                                                             |         |
Әкесінің аты ____________________________________________    |         |
                                                             |         |
Фамилиясы _______________________________________________    |         |
                                                             |         |
Мамандық деңгейі ________________________________________    |_________|
     
__________________________                                _________________
      иесінің қолы                                          басшының қолы
     
___________________________________________________________________________
     
     Бақылау (болжау) түрі (әдісі)
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
     Сертификат (куәлік) мерзімінің созылуы
     
"___"______________________ дейін
     
___________________________                          ______________________
      иесінің қолы                                        басшының қолы
     
                                                     "___"_________________
     
     
                                                                  4 қосымша
     
           Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау маманының
                             сертификат үлгісі
     
                Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау
                     Қазақстан оқу-ғылыми орталығы
     
                          СЕРТИФИКАТ (КУӘЛІК)
                               N ______
     
                          Аты ___________________________________
                                                         
                          Әкесінің аты __________________________
                                                         
                          Фамилиясы _____________________________
                                                         
                          Мамандық деңгейі ______________________
                          
                          Бақылау (болжау) түрі (әдісі)
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
                           Бақылау объекті түрі
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
___________________________                     М.О. ______________________
      иесінің қолы                                        басшының қолы
     
                          "___"_________________
     
___________________________________________________________________________
                  сертификатсыз (куәліксіз) жарамайды
     
     
                                                                  5 қосымша
     
                 Сертификациялау органының аттестациялау
                     (емтихан) комиссиясының үлгісі
     
                Бүлінбеуді бақылау және техникалық болжау
                    Қазақстан оқу-ғылыми орталығының
                        аттестациялау комиссиясы
     
 _________________________________________________________________________
  N  |  Фамилиясы, аты,  |  жоғары оқу  |  жұмыс  |  ғылыми  |  ҚОҒО-дағы
 р/с |    әкесінің аты   |  мамандығы   |  орны   | дәрежесі |   қызметі
     |                   |              | қызметі |          |
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
 ____|___________________|______________|_________|__________|____________
     |                   |              |         |          |            
     
     
                                  ҚОҒО директоры  ________________________
     
                                  "___"__________________________ 199 __ ж.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады