Еңбектi қорғау кабинетi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1997 жылғы 3 қарашадағы N 190-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда N 474 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы N 37-ө бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------      

     Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдерінің күші жойылды деп танылсын...

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң      
2005 жылғы 7 ақпандағы   
N 37-ө бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық кесімдерінің тізбесі

     6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Еңбектi қорғау кабинетi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 3 қарашадағы N 190-Ө (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 474 тіркелген) бұйрығы...

---------------------------      

     "Заңды актiлердi одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 64 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Еңбектi қорғау туралы ұсынылып отырған Үлгiлi ереже бекiтiлсiн.
     2. Салалық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де атқарушы органдар салалардың нақты жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, оны алдын ала Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып, еңбектi қорғау кабинетi туралы Ереженi Үлгiлi ереже негiзiнде бекiтсiн.
     3. Еңбектi қорғау және еңбек жағдайы мемлекеттiк инспекциясы басқармаларының, облыстар мен Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының бастықтары:
     меншiк және шаруашылықты жүргiзу нысандарына қарамастан ұйымдарда Үлгiлi салалық ережеге сәйкес еңбектi қорғау кабинеттерiнiң құрылуына бақылау жасалуын;
     еңбектi қорғау кабинетi туралы осы Үлгiлi ереженiң жұмыс берушiлерге жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
     4. Еңбектi қорғау кабинетi туралы Үлгiлi ереженi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бюллетенiнде жарияласын.

    Министр

                                  Қазақстан Республикасы Еңбек және
                                    халықты әлеуметтiк қорғау
                                    министрiнiң 1997 ж. "3" қараша
                                    N 190-п бұйрығымен бекiтiлген

ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ КАБИНЕТI ТУРАЛЫ
ҮЛГI ЕРЕЖЕ

1 . Жалпы ереже

     1.1. Еңбектi қорғау кабинетiн меншiк нысанына және кәсiпкерлiк қызметiне қарамастан жұмыс берушiлер тiзiм бойынша 100 адам қызметкер құрамында құрады.
     1.2. "Әкiмшiлiк және тұрмыстық үйлер" деген 2.09.04-87 ҚНжЕ-не сәйкес еңбектi қорғау кабинетiн жабдықтау үшiн арнайы үй бөлiнуге тиiс, оның алаңы ұйымдағы қызметкерлер санына қарай белгiленедi:
     1000 адамға дейiн                   24 шаршы метр
     1001 адамнан 3000 адамға дейiн      48 шаршы метр
     3000 адамнан 5000 адамға дейiн      72 шаршы метр
     5000 адамнан 10000 адамға дейiн     100 шаршы метр
     10001 адамнан 20000 адамға дейiн    150 шаршы метр
     20000 адамнан әрi қарай             200 шаршы метр
     1.3. Қажет болған жағдайда ұйымдарда, стационарлық ұйымдардан басқасында, еңбектi қорғаудың жылжымалы кабинеттерi (вагондарда, автобустарда) құрылады.
     1.4. Еңбектi қорғау кабинетi осы ережеге сәйкес жабдықталады, ал оның жұмыс тәртiбiн жұмыс берушi бекiтедi.
     1.5. Еңбектi қорғау кабинетiнiң басты қызметi мен мазмұны:
     - ұйымдарға жұмысқа кiрiскен қызметкерлерге, сондай-ақ орта және арнайы оқу орындары мен училищелердiң (лицейлердiң), техникумдардың (колледждердiң), жоғары оқу орындарының студенттерiн, өндiрiстiк практикаларын ұйымдарда өтiп жүргендерді қауiпсiз еңбек әдiстерi бойынша оқыту және нұсқаулықтар беру;
     - бөлiмшелер басшыларымен және еңбек ұжымдарының уәкiлеттi мамандарымен және кәсiподақ активтерiмен, техника қауiпсiздiгiне және өндiрiстiк санитарияға талаптар қойылатын қызметкерлермен семинарлар, курстар және тақырыптық сабақтар өткiзу;
     - қызметкерлердi, басшылар мен мамандарды еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде мерзiмдi нұсқаулық өткiзiп, олардың бiлiмiн тексеру;
     - кеңестер, лекциялар, әңгiмелер, еңбектi қорғау жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн насихаттайтын кинофильмдер көрсету, көрмелердi ұйымдастыру;
     - жеке қорғану құралдарын және алғашқы медициналық көмектi қолдану жөнiнде нұсқамалық беру;
     - цехтарға, учаскелерге, басқа да өндiрiстiк бөлiмшелерге еңбектi қорғау жөнiндегi бұрыштарды ұйымдастыруға және оның жұмысына көмек көрсету болып табылады.
     1.6. Салалық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар осы Үлгiлi ереженiң негiзiнде салалардың қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсiмi бойынша еңбектi қорғау кабинеттерi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтедi.

2. Еңбектi қорғау кабинетiн жарақтандыру

     2.1. Еңбектi қорғау кабинетi:
     - еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқылық актiлермен, оқу бағдарламаларымен, әдiстемелiктермен, анықтамалықтармен, директивтi және қызметкерлермен еңбек заңы, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария, өрттен қорғау және алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерi жөнiнде оқыту жүргiзу, нұсқамалық және кеңес беру үшiн қажеттi басқа да материалдармен;
     - оқытудың техникалық құралдарымен (жобалық, дыбыс жазулық және қалпына келтiру аппаратураларымен) және оқу құралдарымен;
     - көрнектi құралдармен (плакаттармен, схемалармен, макеттермен, табиғи үлгiлермен, қорғанудың жеке құралдарымен және алғашқы медициналық көмекпен, диафильмдермен, кинофильмдермен және еңбек-қауiпсiздiгiн насихаттау жөнiндегi басқа да көрнектi құралдармен) жарақтандырылуға тиiс.

3. Еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру

     3.1. Еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысы жұмыс берушiнiң қызметкерлердiң кәсiподақ не басқа өкiлдi органдармен келiсе отырып бекiткен еңбектi қорғау жөнiндегi шараларының айлық жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
     3.2. Еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiк және оның жұмысына бақылау жасау жұмыс берушiге жүктеледi.
     3.3. Еңбектi қорғау кабинетi мамандарының мiндеттерi:
     - кабинет жұмысының жылдық және айлық жоспарын әзiрлеу;
     - жұмысқа кiрiсушi қызметкерлерге, сондай-ақ өндiрiстiк практикаларын ұйымдарда өтiп жүрген орта мектептiң, училищелердiң (лицейлердiң) оқушыларына, техникумдар мен жоғары оқу орындарының студенттерiне кiрiспе нұсқамалықтарды ұйымдастырып, өткiзуге әзiрлiк жасау;
     - еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдерiн әлсiн-әлсiн тексерудi ұйымдастыру;
     - қызметкерлердi жұмыстың қауiпсiз әдiстерiне оқыту, еңбектi қорғау мәселелерi және алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн насихаттау;
     - кабинеттiң жабдықталу жағдайына бақылау жасау және оны жарақтандыру мен жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
     - цехтар мен өндiрiстiк учаскелерде еңбектi қорғау жөнiндегi бұрыштарды ұйымдастыруға және оны көркемдеуге жәрдемдесу;
     - ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiн еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi баспасөз құралдарымен және көрнектi насихат құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

4. Саладағы еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысына
ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау

     4.1. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да атқарушы органдардың еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысына әдiстемелiк басшылық жасауы үшiн министрлiкте, мемлекеттiк комитетте не тиiстi кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар әлдеқайда iрi ұйымдарда еңбектi қорғаудың базалық салалық кабинетi құрылады.
     4.2. Еңбектi қорғаудың базалық салалық кабинетiне жалпы басшылықты министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң не орталық атқарушы органның еңбектi қорғау қызметтерi жүзеге асырады.
     4.3. Базалық салалық кабинеттiң басты мазмұны:
     - сала ұйымдарындағы еңбектi қорғау кабинетiнiң ұйымдастырушылық және әдiстемелiк жұмыстарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
     - жазатайым жағдайлардан сақтандыру жөнiндегi тәжiрибелердi, насихаттау мен оқытудың әдiстерi мен нысандарын, соның iшiнде бағдарламалық оқытуды кеңiнен тарату;
     - насихаттау мен оқытудың жаңа құралдары, әдiстемелiк нұсқамалықтар және кабинеттiң жұмысы үшiн қажеттi басқа да материалдар туралы жұмыс берушiлердi үнемi хабардар етiп отыру;
     - еңбектi қорғау жөнiндегi басшылармен және инженер-техник қызметкерлермен, қоғамдық инспекторлармен салалық кеңестер, семинарлар өткiзу;
     - жазатайым жағдайлардан және кәсiптiк аурулардан сақтандыру жөнiндегi озық тәжiрибелердi насихаттайтын тақырыптық және көшпелi көрмелер ұйымдастыру;
     - сала ұйымдарының еңбектi қорғау кабинеттерiн көрнекi, басылым, техникалық және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша насихат жүргiзу мен оқытудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
     - сала ұйымдарындағы еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысына және жабдықтарына, оқыту мен насихат жүргiзудiң тиiмдiлiгiне әлсiн-әлсiн бақылау жасап отыру болып табылады.
     4.4. Базалық салалық еңбектi қорғау кабинетiнiң жұмысы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттiң немесе өзге де орталық атқарушы органның еңбектi қорғау қызметiнiң Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып бекiткен перспективалық және жылдық жоспарымен жүзеге асырылады.
     4.5. Ұйымдарда жабдықталған базалық салалық еңбектi қорғау кабинетiнде сондай-ақ осы Ереженiң 1.5 тармағында көзделген жұмыстар да жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады