Қазақстан Республикасында заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк статистикалық есеп беруiнiң тәртiбi жөнiндегi ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiктiң статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң қаулысымен БЕКIТIЛГЕН 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыз N 485 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 44 бұйрығымен. ~V001320

      Статистика және талдау жөнiндегi комитет 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98-1  Z970098_ ҚРЗ "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөнiнде 
                             Бұйырамын: 
 

        1. Қазақстан Республикасында заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк статистикалық есеп беруiнiң тәртiбi жөнiндегi ереже осы ұсынылып отырған үлгiге сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Осы Ереже күшiне енгiзiлгеннен кейiн "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистика комитетiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 80 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистика органдарында шаруашылықпен айналысатын және басқа да адамдардың статистикалық ақпараттарын берудiң тәртiбi жөнiндегi" Ережесiнiң күшi жойылсын. 
 
         Төраға 

                          I. Жалпы жағдай 

      Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы" (1997 жылғы 7 мамырдағы N 98-1 ҚРЗ), "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" (1994 жылғы 22 қыркүйектегi N 167-XIII) Заңдарына, Қазақ ССР-нiң "Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық туралы" Кодексiне және елiмiздiң басқа да заң актiлерiне сәйкес зерттелiп жасалды. 
      Ереже мемлекеттiк статистика органдарымен және басқа да мекен-жайларға есеп берудiң бланкiлерiнде қарастырылған түрлерiне сәйкес мемлекеттiк статистикалық бақылауды жүргiзуге қажеттi статистикалық есептердi және басқа да мәлiметтердi берiп отыруды белгiлi бiр талаптарға бағындырып отырады. 
      Сондай-ақ бұл Ережеде қазiргi заңдылықтарға сәйкес статистикалық есептердi берiп отыру тәртiбiн бұзғандарды әкiмшiлiк және басқа да жауапкершiлiкке тарту тәртiбi де қарастырылған. 

                       II. Мемлекеттiк статистикалық 
                   есеп беру, оны берiп отырудың тәртiбi 

      1. Мемлекеттiк (ведомстволық) статистикалық есеп беру (бұдан былай - статистикалық есеп беру) Республикалық мемлекеттiк статистикалық органдар бекiткен, немесе облыстық (қалалық) статистика органдары олармен келiсiлген статистикалық бақылаудың барлық түрлерiн (үнемi және мезгiл есеп беру, бiр жолғы есеп, әртүрлi санақтар, iшiнара, анкеталық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық бақылау және басқалар), әдiстер мен бағдарламалар, сондай-ақ оларды толтырудың нұсқауларын қамтиды. 
      2. Формалы бланкiлерде және оларды толтырудың нұсқауларында көрсетiлген көрсеткiштердi есептеудiң құрамы мен методологиясы, статистикалық есеп берушi заңды адамдардың тобы, мекен-жайы, оның әдiстерi мен мерзiмi барлық заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып саналады және осы әдiстердi бекiткен статистикалық органдардың рұхсатынсыз оны өзгертуге болмайды. 
      3. Барлық заңды тұлғалардың мемлекеттiк статистикалық бақылаудың барлық түрлерi мен әдiстерi бойынша статистикалық есеп берiп отырулары мiндеттi деп есептелiнедi және ол ақысыз жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар қазiргi заңдарда (Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы" Заңының 3 бабы; "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау туралы", "Жеке кәсiпкерлiк туралы" және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерi) бекiтiлген жағдайда ғана мемлекеттiк статистикалық есеп бере алады. 
      Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк статистикалық органдарға барлық алғашқы статистикалық ақпараттар беруi кезiнде құпиялылықтың сақталуына кепiлдiк берiледi. Статистикалық ақпараттарды тарату тек сол ақпаратты берiп отырған заңды және жеке тұлғалардың келiсiмiмен ғана, немесе жасырын атпен беруге болады. ("Мемлекеттiк статистика туралы" Заңның 13 бабы). 
      4. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы" Заңының 2 (3 абзац) және 11 (7 абзац) баптарын, "Шетел инвестициясы туралы" Заңының 23 бабының елiмiздiң басқа да нормативтi актiлерiн басшылыққа ала отырып, сол сияқты аймақтардың, облыстардың, аудандардың, қалалар мен басқа да әкiмшiлiк-территориялық құрылымдардың) экономикалық және әлеуметтiк дамуы барысының статистикалық ақпараттарда уақытында және нақтылы көрсетiлiп тұруы мақсатында Қазақстан аймағының басқа да территорияларында және одан тысқары жерлерiнде де филиалы мен өкiлдiгi бар заңды тұлғалар мемлекеттiк статистика органдарына қазiргi есеп беру әдiсi мен оларды толтырудың нұсқауларына сәйкес өзiнiң тұратын жерi бойынша тұтас кәсiпорны, ұйымы немесе мекемесi, сол сияқты өзiнiң өкiлдiгiнiң филиалы тұрғысында статистикалық есеп берiп отыруға мiндеттi. 
      Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезеңiнде заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалық мәртебесi жоқ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттiк статистика органдарына бiр iзге салынып теңестiрiлген және басқа да жүйелi - есептiк кодтар иелену, статистикалық карточка беру, сол сияқты бiрыңғай мемлекеттiк статистикалық тiзiмге қосу үшiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен құрылтайшылық құжаттар тапсырады. 
      Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қайта құрылатын немесе мүлдем таратылатын болса мемлекеттiк статистика органдарына өзiнiң жұмыс iстеген есептiк мерзiм iшiнде таратылған күнге дейiн жыл бойы мезгiл формалы бланкiлермен статистикалық есеп беруге тиiстi. 
      5. Статистикалық есептiң көрсеткiштерi, оның iшiнде мемлекеттiк, әскери және коммерциялық құпияны құрайтын мемлекеттiк статистика органдары мен басқа да мекен-жайларға статистикалық есеп берудiң формалы бланкiлерiнде қарастырылған белгiленген тәртiпке сай тегiн берiлiп тұрады. 
      Жабық түрдегi статистикалық ақпараттар мемлекеттiк статистика органдарына мемлекеттiк және әскери құпияны сақтауды қамтамасыз ету тәртiбiмен берiледi. 
      6. Орталық атқару органдары жүйесiнде, яғни ведомство министрлiгiнде атқарылатын статистикалық есеп, жинау мен өңдеу мемлекеттiк статистика органдарына олар үшiн статистика комитетiнде белгiленген тәртiпке сай бағдарлама бойынша және көрсетiлген мерзiмiнде берiлiп тұрады. 
      7. Статистикалық есептерге басшылар, бас бухгалтер немесе есеп жұмысын жүргiзуге жауапты лауазым иелерi қол қояды. Ол лауазым иелерi берiлген статистикалық есептiң дұрыстығына және оның мерзiмiнiң сақталуына жауап бередi. 
      Статистикалық есеп берудiң күнi бiр қалада тұратын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар үшiн оны тиiстi иесiне берген күннен бастап есептелсе, ал басқа қалада тұратындар үшiн байланыс кәсiпорнының соққан белгiсi бойынша жiберiлген күннен басталады. 
      Бiр қалада тұратын кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн есептi почтамен жiберуге болмайды. 
      8. Статистикалық есептiң тапсыру мерзiмiнiң бұзылғанына, статистикалық есептiң формаларында Статкомитеттiң көрсеткен мерзiмдерiнде тапсырылмауы жатады. 
      9. Есеп беру мәлiметiн бұрмалау статистикалық есепте оның бет-бейнесiнiң дұрыс көрсетiлмеуi, сол лауазымды адамдардың түскен табысты әдейi жасыру мақсатымен және басқа да пайдақорлықпен жiберген қатесi, сондай-ақ есептi жасау барысындағы қазiргi бар нұсқаулар мен методикалық ережелер, сол сияқты арифметикалық қателiктер деп те есептелiнедi. 

             III. Статистикалық ақпараттарды ұсыну тәртiбiн 
                     бұзуға қарсы жауапкершiлiк туралы 

      1. Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық Кодексi мен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 22 қыркүйегiндегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" Заңына, басқа да заң актiлерiне сәйкес кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары мен есепке қол қоюшы лауазымды адамдар қазiргi Заңдарға сәйкес әкiмшiлiк және басқа да жауапкершiлiкке тартылады: 
      - қабылдамау, ұсынбау, уақытында ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да статистикалық есептiң мәлiметтерiн бақылауды бұрмалау; 
      - мемлекеттiк статистикалық бақылауды өткiзуден бас тарту; 
      - мемлекеттiк және коммерциялық құпиясы бар статистикалық мәлiметтердi сатуға, бiреуге беруге немесе басқаша түрде жария ету; 
      - статистикалық комитетте немесе оның территориялық органдарында есеп беру формасында бекiтiлмеген статистикалық ақпараттарды жинау. 
      2. Статистикалық қызмет жүргiзушi орталық атқару органдары осы бөлiмнiң 1 пунктiнде көрсетiлген есеп берудiң тәртiбiн бұзу фактiлерiн тапқан жағдайда олар тәртiп бұзушыларды әкiмшiлiк тарапынан жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекеттiк статистика органдарына ұсыныс жасауға хұқылы. 
      Осы бөлiмнiң 1 пунктiнде аталып көрсетiлген әкiмшiлiк хұқық бұзушылардың iсiн облыстық (қалалық) статистика басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық статистика бөлiмдерiнiң бастықтары қарайды. 
      3. Мемлекеттiк статистикалық есеп берудi ұсыну барысында тәртiп бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда мемлекеттiк статистикалық органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк хұқық бұзушылықтың болғандығы жөнiнде хаттама жасайды (N 1 қосымша). 
      Хаттамаға оны жасаған адамдар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылар қол қояды. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол жөнiнде жазылынып алынады. Тәртiп бұзған адам ұсынылып отырған хаттамаға қосымша өзiнiң түсiнiктемесi мен ұсыныстарын, сол сияқты оған қол қоюдан бас тартуының себептерiн қоса беруге тиiс. Хаттамаға қол қоюдан бас тарту оның үстiнен iс қозғауды тоқтатуға негiз бола алмайды. Хаттама барлық материалдарымен қоса мемлекеттiк статистика органдарының басшыларына тексеруге берiледi, ол он бес күннiң iшiнде қаралуға тиiс. Хаттаманың бiр данасы статистикалық есептi беру тәртiбiн бұзушы адамға берiледi. Хаттамалар есеп журналына тiркелуге тиiс (N 3 қосымша). 
      Әкiмшiлiк хұқығын бұзушылардың iсi әкiмшiлiк тарапынан жауапкершiлiкке тартылып отырған адамды қатыстыра отырып қаралады. Iстi қараудың орны мен уақыты алдын ала сол адамға хабарланғаны жайлы мәлiмет болған жағдайда және ол адамнан дәлелдi себептерге байланысты iстi қарауды кейiнге қалдыру жөнiнде өтiнiш түспеген болса iс оның қатысуынсыз-ақ қарала бередi. 
      4. Iстi қараудың қорытындысы бойынша мемлекеттiк статистика органының басшысы қаулы шығарады (N 2 қосымша). Қаулыға қол қойылады және гербтi мөрмен куәландырылады. Қаулының көшiрмесi арналып шығарылған адамға тапсырылады немесе 3 күннiң iшiнде хабарлау хат арқылы заказды почтамен жiберiледi. 
      Әкiмшiлiк тарапынан жазаға тарту жөнiндегi қаулы тәртiп бұзушылық жасалған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей шығарылуы тиiс, ал ұзартылған тәртiп бұзушылық оны анықтаған күннен бастап екi ай деп есептелiнедi. 
      Жоғары мемлекеттiк статистика органы басшысының немесе аудандық (қалалық) соттың үзiлді-кесiлдi шешiмi шығарылған күннен бастап он күн iшiнде әкiмшiлiк тарапынан жазаға тарту жөнiндегi қаулыға шағым арыз беруге болады. Жоғары мемлекеттiк статистика органының басшысы қаулының заңдылығын және дәлелдiлiгiн тексередi және мынадай шешiмдер қабылдайды: 
      қаулыны өзгерiссiз қалдыру, ал өтiнiштi қанағаттандырмау керек; 
      қаулыны өзгерту және iстi тоқтату керек; 
      қаулыны өзгерту және материалды жаңадан қарауға жiберу; 
      айып мөлшерiн оны азайтуға қарай өзгерту. 
      Мемлекеттiк статистика органының әкiмшiлiк хұқық бұзушылық iсi жөнiндегi қаулысы атқарушы құжат болып саналады және барлық лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Тәртiп бұзушы айыпты қаулыны алған күннен немесе оның қалдырған өтiнiшiн қанағаттандырмау жөнiнде хабарланған күннен бастап 15 күннен қалдырмай банк мекемесiне төлеуге тиiс. Мемлекеттiк статистика органына айыптың төленгенi жайлы квитанция немесе айыпты төлегендiгiн растайтын төлем құжаттарын әкелiп көрсетуге тиiс. 
      Әкiмшiлiк тарапынан жазаға тарту жөнiндегi қаулы айып тұрғысында әкiмшiлiк хұқық бұзушылық жөнiндегi Кодекстiң 293-бабында қаралғанындай ерiктi түрде орындаушылар үшiн белгiленген уақыттың өтуiне қарай ықтиярсыз орындаушылыққа жатады. 
      Құрама есептiң қорытындысын қалайда түзетудiң қажеттiгiне апарып соғатын бұрмаланған статистикалық мәлiметтердi берген жағдайда мемлекеттiк статистика органдары құрама есептiң қорытындысын қалайда түзетудiң қажеттiгiне апарып соғатын бұрмаланған статистикалық мәлiметтердi берудiң нәтижесiне апарып соғатын шығынды қайта орнына келтiрудi талап етуге хұқылы. 
      Құрама есептiң қорытындысын түзетуге жұмсалған қосымша шығын атқарылған жұмыстың актiсiмен жасалады, онда жұмсалған шығынның мөлшерi, яғни келтiрiлген зиян көрсетiледi. Сонымен бұрмаланған мәлiметтер берген кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдардың мекен-жайына атқарылған жұмыс көлемi актiсiнiң көшiрмесiмен қоса талаптары және басқа таласу мәселесiн мiндеттi түрде ретке келтiруге қажеттi құжаттар жiберiледi. 
      Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың келтiрiлген шығынды ерiктi түрде орнына келтiруге қарсылық бiлдiрген жағдайында оны өндiртiп алу сот арқылы жүзеге асырылатын болады. 
      Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық жөнiндегi iстi жүргiзу тәртiбi әкiмшiлiк хұқық бұзушылық Кодексiмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен анықталады. 

                                       Қазақстан Республикасы      
                                      Стратегиялық жоспарлау және                                         реформалар жөнiндегi агенттiк,                                     статистика және талдау жөнiндегi
                               комитеттiң мемлекеттiк статистикалық
                                     есеп берудiң тәртiбi туралы
                                   1997 жылғы 13 желтоқсандағы     
                                    N 75 қаулысымен бекiтiлген     
                                               Ережеге              

                                                   N 1 қосымша          

             _________________________________________ 
            мемлекеттiк статистика органының аты-жөнi 

              Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық статистикалық 
               есеп беру тәртiбiнiң бұзылуы туралы                                                  ХАТТАМА                                     

" __ " ____________ 199 _ ж.               ________________________                                               хаттама жасаудың орны   ____________________________________________________________________
  хаттама жасаушы адамның әкесiнiң аты, аты-жөнi, жұмыс орны         тексерiс кезiнде __________________________________________________
                                бұзудың нақтылы құрамы               ____________________________________________________________________                  тәртiп бұзудың уақыты, кезеңi және орны            

____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  Мынадай тәртiп бұзушылық болды ____________________________________
                              нормативтi актiлердiң аты-жөнi және    ____________________________________________________________________      пункттердiң номерлерi, орын алған бұрмалаулар мыналар            

Аталған тәртiп бұзуға кiнәлi _______________________________________
                                     әкесiнiң аты, аты-жөнi          ____________________________________________________________________      лауазымы, тәртiп бұзған адамның жұмыс орны, тұратын мекен-жайы   ________________________________________________________________________________________________________________________________________  ____________________________________________________________________       Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк хұқық бұзушылық Кодексiнiң  261 бабында қарастырылған хұқық бұзушының хұқығы мен мiндеттерi түсiндiрiлдi.                                                      
 
  Хұқық бұзушының түсiнiктемесi _____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________      Iстi шешу үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер ____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________                                                                            Хұқық бұзушы осы хаттама бойынша iстi қарауға хабардар етiлдi    

" __ " __________ 199 __ ж.__________ сағат.                         ____________________________________________________________________

Хаттаманы жасаушының лауазымы, әкесiнiң аты, өзiнiң аты-жөнi,
қойған қолы ________________________________________________________
            хұқық бұзушының аты-жөнi, әкесiнiң аты, қойған қолы    
 
  Хаттаманың екiншi данасын алдым ___________________________________
                                 заңды тұлғаның басшысының, немесе 
                                 хұқық бұзушы қызметкердiң аты-жөнi                                    әкесiнiң аты, қойған қолы.         
     Ескерту: хұқық бұзушы адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан     жағдайда ол жөнiнде арнайы жазып қалдырады. Хаттамаға қол қоюдан бас тарту iстi қысқартуға негiз бола алмайды. Хұқық бұзушы адам хаттаманың мазмұны жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн және қарсылығын бiлдiруге хақы бар, сол сияқты оған қол қоюдан не себептi бас тартатындығы жайлы айтуға тиiс (бұл құжаттар хаттаманың әрбiр данасына тiркелуi қажет).       
 
                                Қазақстан Республикасы Стратегиялық                                  жоспарлау және реформалар жөнiндегi                                   агенттiк, статистика және талдау                                     жөнiндегi комитеттiң мемлекеттiк                                     статистикалық есеп берудiң тәртiбi                                   туралы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы                                    N 75 қаулысымен бекiтiлген Ережеге                                             N 2 қосымша                     

_________________________________________ 
мемлекеттiк статистика органының аты-жөнi 

                 Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық iсi туралы 
                  статистикалық есеп беру тәртiбiнiң
                          бұзылуы жөнiнде                                                         ҚАУЛЫ                                         

" __ " ____________ 199 _ ж.               ________________________                                             қаулының алынған орны          

     Мен ___________________________________________________________
        облыстық (қалалық) статистика органы бастығының лауазымы,    ___________________________________________________________________      аудандық, қалалық статистика органдары басшыларының лауазымы,    ____________________________________________________________________                      әкесiнiң аты, өзiнiң аты-жөнi                    " __ " _______ N _____ хаттаманы және оған қосымша статистикалық есеп берудiң белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы туралы материалдарды қарай келiп, онда жұмыс iстейтiн ___________________________________
                                      лауазымы, жұмыс орны           анықтадым _________________________________________________________
        iстi қараған кезде анықталған хұқық бұзушының iсiнiң мәнiсi  ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________  

      Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық туралы"   Кодексiн, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы", "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк хұқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының және басқа да заң актiлерiн басшылыққа ала отырып,              

                         ҚАУЛЫ ЕТЕМIН                                      

     1. Хұқық бұзғаны үшiн ________________________________________
                        заңды және басқа да нормативтi актiлердiң    __________________________________________________________________
     бұзылғаны жөнiндегi пункттiң нөмiрi, баптары мен аттары        

әкiмшiлiк тарапынан ескерту немесе айып төлеу сияқты жазаға тарту______________________________________________________________              тәртiп бұзушының аты-жөнi, әкесiнiң аты                  
мөлшерi _____________________________ теңге                          
     Айып ақша 15 күн мерзiм iшiнде төленуге жатады (әкiмшiлiк хұқық бұзушылық туралы Кодекстiң 293 бабы).                          _________________________                 __________________________
       қызметi                              аты-жөнi, әкесiнiң аты   
Мөрдiң орны                                                                

Қаулыны алдым _____________________________________________________
             тәртiп бұзушының қойған қолы, аты-жөнi, әкесiнiң аты.   
     2. Айып салу жөнiндегi бұл жөнiндегi бұл қаулы алынған күннен және оның көшiрмесi айып төлеушiге берiлген күннен бастап 10 күн iшiнде шағым-арыз беруге жатады. 

                               Қазақстан Республикасы Стратегиялық                                  жоспарлау және реформалар жөнiндегi                                   агенттiк, статистика және талдау                                     жөнiндегi комитеттiң мемлекеттiк                                     статистикалық есеп берудiң тәртiбi                                  туралы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы                                    N 75 қаулысымен бекiтiлген Ережеге                                              N 3 қосымша                     

            Әкiмшiлiк хұқық бұзушылық есеп беру тәртiбiнiң 
             бұзылуы жөнiндегi хаттамалар мен қаулылардың          
                      есебiн жүргiзуге арналған                                                     ЖУРНАЛ                                         ___________________________________________________                      Мемлекеттiк статистика органының аты-жөнi             

N | хаттаманың | хаттаманы | хұқық бұзушының  | Хұқық   | қаулының 
   | жазылған   |    кiм    | аты-жөнi,әкесiнiң| бұзушы. |шығарылған
   | күнi, N    | толтырған | аты, мекен-жайы, | лықтың  | күнi, N 
   |            |           | не болмаса жұмыс |  түрi   |         
   |            |           | орны қызметiнiң  |         | 
   |            |           | түрi, лауазымы.  |         |         

1 |      2     |     3     |         4        |    5    |     6   



  кестенің жалғасы                                                        ------------------------------------------------------ 
қаулының   | төлеген     | ықтиярсыз    | Ақпараттың  |                мазмұны    | күнi        | жазалауға    | түскен күнi |                (айып      | квитанция.  | жiберiлген   |    және     |                мөлшерi)   | ның N кiрiс | қаулының     | қабылданған |                           | ордерi т.б. | күнi, мекен- |    шешiмi   |                           |             | жайы.        |             |               ------------|-------------|--------------|-------------|                    7      |       8     |       9      |     10      |               ------------|-------------|--------------|-------------|                           |             |              |             |               ------------|-------------|--------------|-------------|                           |             |              |             |               ------------|-------------|--------------|-------------|                           |             |              |             |               ------------|-------------|--------------|-------------|                           |             |              |             |               -------------------------------------------------------                      Журнал статистикалық орган басшының қолы қойылып,
          мөрi басылады, жiппен тігіліп хатталады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады