N 4 әдістемелік нұсқау Арнаулы мақсатсыз пайдаланылған қаражаттарды бюджетке даусыз тәртіппен өндіріп алу туралы

Күшін жойған

БҰЙРЫҚ Қаржы Министрлігі 1997 ж. 9 қыркүйекте N 301 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 17 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 538. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 1998.08.17. N 391 ~V980610 бұйрығымен.


     "Арнаулы мақсатта пайдаланылмаған қаражаттарды бюджетке даусыз 
      тәртіппен өндіріп алу туралы" N 4 әдістемелік нұсқауды бекіту 
                                 туралы
     
     1. Осы бұйрыққа қосымша беріліп отырған "Арнаулы мақсатта 
пайдаланылмаған қаражаттарды бюджетке даусыз тәртіппен өндіріп алу туралы" 
N 4 әдістемелік нұсқау бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық Бас 
басқармасының 1996 жылғы 22 қазандағы N 11-8-4/8191 хаты күші жойылған деп 
есептелсін.
     
     Вице-Министр
     
     
                      N 4 әдістемелік нұсқау

         Арнаулы мақсатсыз пайдаланылған қаражаттарды
         бюджетке даусыз тәртіппен өндіріп алу туралы
     
                      I. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1526 U941526_ "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы" Жарлығына және Қазынашылық органдарына берілген республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатсыз пайдаланылған қаражаттарды ұйымдармен даусыз тәртіппен бюджетке өндіріп алуды жүргізу құқығына сәйкес, ақшалай қаражаттарды республикалық бюджетке өндіріп алудың (қайтарып алудың), сондай-ақ қайтарып алынған сомаларды бухгалтерлік есепке алу мен есептемелерде көрсетудің мынадай тәртібі белгіленеді.
      2. Бюджеттік қаражаттарды өздеріне бөлінген лимиттердің шегінде жұмсауға рұқсат алған бюджеттік ұйымдар мен басқа да заңды тұлғалар оларды шығыстардың бекітілген сметаларында көзделуіне сай мөлшерге және арнаулы мақсаттарға қатаң сәйкестікпен жұмсауға міндетті.

          II. Тексерулерді және олардың нәтижелерін рәсімдеуді
           жүзеге асырудың, арнаулы мақсатсыз пайдаланылған
        бюджеттік қаражаттарды өндіріп алудың (қайтарып алудың)
                              тәртібі

      3. Қазынашылық органдары Үкіметтің қаржылық ресурстарын есептеуге, аударуға және пайдалануға байланысты ақшалай құжаттарға тексеру жүргізіп отыруға міндетті.
      4. Тексеруді басшының жазбаша тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің мамандары, облыстық (Алматы қалалық) қазынашылық басқармалары жүзеге асырады (N 1 қосымша).
      5. Қазынашылық органдары жүргізетін тексерулердің мақсаты- ұйымның оған бөлінген бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануын анықтау.
      6. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және тәртіп бұзушылық байқалған жағдайда, Қазынашылық органдары республикалық бюджеттен қаржыландыру алған ұйымдардың қаражаттарды мақсатты пайдалануының Актісін үш дана етіп рәсімдейді (N 2 қосымша). Тексерушілер жасаған және қол қойған актілерге тексеруші ұйымның басшысы қол қояды. Егер Акт бойынша қарсылықтар болса, олар тексеруші мамандарға жазбаша түрде тапсырылуға тиіс. Қарсылықтар мен ескертпелер болған жағдайда, тексерілген ұйымның басшылары тексеру актісінде өз қолының алдында "қарсылық бар" деген белгі қояды және қарсылықтардың негіздемесін жеке құжаттармен растайды. Тексеруші алынған қарсылықтарды қарайды, қажет болған жағдайда жекелеген фактілерді тексереді және тапсырылған құжаттарға сүйене отырып тиісті қорытынды шығарады.
      Егер тексеруші орган осы ұйымды қайталап тексерген соң Қазынашылықтың тексеруші органының тұжырымдарымен келіспеген жағдайда, соңғысы қабылданған шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
      Егер тексеру барысында тәртіп бұзушылық байқалмаса, онда тексерудің нәтижесі екі дана анықтамамен рәсімделеді, анықтаманың бір данасы тексеруші ұйымға беріледі, басқасы Қазынашылықтың тексеруші органында қалады.
      7. Тексерудің актісі келісілген соң бір данасы тексеруші ұйымға тапсырылады, екіншісі жоғарыда тұрған ұйымға (министрлікке, ведомоствоға) жіберіледі, үшінші данасы Қазынашылықтың тексеруші органында қалады.
      8. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактісі бойынша бюджеттік сыныптаманың: мекеменің, бағдарламаның, қосалқы бағдарламаның, экономикалық сыныптама ерекшелігінің (N 3 қосымша) кодтары бойынша сомаларды даусыз тәртіппен өндіріп алуға Қазынашылықтың тиісті органы басшысының қолымен нұсқама рәсімделеді.
      9. Мақсатсыз пайдаланылған сомаларды өндіріп алуға (қайтарып алуға) арналған нұсқамалар үш данада жазылады: бір данасы Қазынашылықтың тиісті органында қалады, екіншісі - тексеру жүргізілген ұйымға тапсырылады, үшіншісі - жоғарыда тұрған ұйымға (министрлікке, ведомствоға) жіберіледі. Егер тексерілген ұйым уәкілетті орган арқылы қаржыландырылса, онда Қазынашылықтың тиісті органы мақсатсыз пайдаланылған соманы өндіріп алуға арналған нұсқаманың қосымша данасын жазып, уәкілетті органға жібереді.
      10. Бюджеттік қаражаттардың мақсатсыз пайдаланылған сомасын өндіріп алуға жазылған нұсқаманы тіркеу арнаулы есепке алу кітабында жүргізіледі (N 4 қосымша), ол нөмірленген, жіппен тігілген, сүргішті мөр басылған және парақтарының саны басшының қолымен расталған болуы тиіс.
      11. Нұсқамаларды тіркеумен бірге Хабарлама - тіркелім құрылады (N 6 қосымша), оны өз кезегінде есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-ына дейін Қазынашылықтың тиісті органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармасына тапсырады. Хабарлама-тіркелім Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармада тіркелген соң республикалық бюджетті орындау басқармасына жіберіледі.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің Республикалық бюджетті орындау жөніндегі басқармасы облыстар бойынша Хабарлама-тіркелімді алып, әрбір айдың 15-іне дейін республика бойынша министрліктерге (ведомстволарға) бөлінген жиынтық Хабарлама-тіркелім жасайды (N 6 қосымша), Қазынашылық департаментінің директорына қол қойдырады, оның бір данасын Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармаға тапсырады және Бюджеттік департаменті және оның тиісті салалық басқармаларын (оларға жиынтық Хабарлама-тіркелімнің көшірмелерін беру жолымен) мақсатсыз пайдаланудың көлеміндегі сомалардың даусыз тәртіппен өндіріп алынатыны туралы хабардар етеді.
      Хабарлама-тіркелім ағымдағы айдың 15-інен соң алынған жағдайда Республикалық бюджетті орындау жөніндегі басқарма оларды келесі айдың жиынтық Хабарлама-тіркеліміне енгізеді.
      Егер жоспарлы төлемдер қайтарып алудың сомасын толық көлемінде жаба алмаса, қайтарып алу туралы шешім Қазынашылық департаменті басшылығының нұсқауына сәйкес қабылданады.
      13. Тексерістерді Қаржы-валюта бақылауы комитетінің мамандары жүргізген кезде және республикалық бюджеттен қаржыландыру алатын ұйымдарда бюджеттік қаржылардың мақсатсыз пайдаланылу фактілері байқалған жағдайда, мұндай фактілер туралы ақпарат тексеріс актісін тапсыра отырып, Қазынашылықтың тиісті органдарының назарына жеткізіледі.
      14. Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті жиынтық Хабарлама тіркелімнің деректері бойынша "қайтарып алу" белгісін қойып, 3 "Алдынала рұқсат", 4 "Ағымдағы рұқсат" және 5 "Жыл басынан рұқсат етілген" бағандарында әрбір мекеме, бағдарлама, қосалқы бағдарлама, экономикалық сыныптама ерекшелігі бойынша қайтарып алынатын лимиттердің сомасын көрсете отырып, Қазынашылық рұқсат (1-нысан) жазады. Әрбір қазынашылық рұқсатқа "қайтарып алу" белгісі қойылып, дербес реттік нөмірі жазылады. Бұл орайда құжаттың нысанында қайтарып алу жүргізілген ерекшеліктер ғана көрсетіледі.
      15. "Қайтарып алу" деген белгімен қазынашылық рұқсатты (1-нысан) алғаннан кейін министрлік мақсатсыз пайдаланылған сомаларды бюджетке өндіріп алу (қайтарып алу) үшін нұсқама алғаннан кейін министрлік (ведомоство) министрліктің (ведомоствоның) (2-нысан) рұқсатына "қайтарып алу" деген белгі жасай отырып оны ведомстволық бағынысты ұйымдарға береді және әр мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бойынша қайтарып алынатын лимиттердің сомалары 3 "Бұрын рұқсат етілген", 4 "Рұқсат етілген" және 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген бағандарда көрсетіледі. Министрліктің (ведомоствоның) "қайтарып алу" деген белгі жасалған жазып берілген әр рұқсатына дербес реттік нөмір беріледі. Бұл ретте құжат нысанында ол бойынша қайтарып алу жүргізілген ерекшеліктер ғана көрсетіледі.
      16. Бюджеттік қаражаттарды төменгі тұрған таратушылардың рұқсаты бойынша қаржыландырылатын ұйымдардың бюджеттік қаражаттарын қайтарып алуға нұсқама алған жағдайда "қайтарып алу" деген белгі жасалған 2-нұсқа бойынша министрліктің (ведомоствоның) рұқсатын алған соңғысы 3 "Бұрын рұқсат етілген", 4 "Рұқсат етілген" және 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген бағандарда өндіріп алу бойынша министрліктің (ведомоствоның) рұқсатына ұқсас белгі жасайды.
      17. Бюджеттік қаражаттарды қайтарып алуға министрлік (ведомоство) нұсқама алған жағдайда министрлікаралық (ведомоствоаралық) лимиттерді таратады, 3 "Бұрын рұқсат етілген", 4 "Рұқсат етілген" және 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген белгімен тексеру жүзеге асырылатын 2-б нысанға ұқсас белгі соғылады. "Қайтарып алу" деген белгімен жазып берілген әрбір министрлікаралық (ведомоствоаралық) рұқсатқа дербес реттік номер беріледі. Бұл ретте құжат нысанында қайтарып алу жүргізілетін ерекшеліктер ғана көрсетіледі.
      18. Министрліктің (ведомоствоның) "қайтарып алу" деген белгі жасалған рұқсатын алғаннан кейін, бюджеттік қаражаттарды төменгі тұрған таратушылардың "қайтарып алу" деген белгі жасалған рұқсатына Қазынашылықтың тиісті органы есеп кітабының 6 және 7-бағандарына (N 4-қосымша) жасалған өндіріп алу (қайтарып алу) туралы белгі жасайды.
      19. Егер, республикалық бюджеттен қаражат алған шаруашылық жүргізуші ұйым, кәсіпорын бюджеттік қаражаттарды мақсатты бағытқа пайдаланбаса Қазынашылық органдары Тексеру актісі негізінде төлеушінің шотынан қаражаттарды дау тудырмайтын тәртіпте бюджетке өндіріп алу үшін Өкім (N 5-қосымша) жазып береді және есеп кітабына (N 4-қосымша) тіркейді.
      20. Көрсетілген өкімді Қазынашылық органдары республикалық бюджет қаражаттарын өндіріп алу үшін банк мекемелеріне береді.
      21. Бюджет қаражаттарын есептен шығарғаны туралы банктің белгі жасаған өкімін банк мекемелерден алғаннан кейін есеп кітабының (N 4-қосымша) 6 және 7 "Ағымдағы жылы жасалған өндіріп алу (қайтарып алу) туралы белгі" бағандарына өкімнің орындалуы туралы белгі жасалады.
      22. Шаруашылық жүргізуші субъектілерден республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынған сомалар 2 "Салық салынбайтын түсімдер" санатына, 05 "Басқа да салық салынбайтын түсімдер" сыныбына, 1 "Басқа да салық салынбайтын түсімдер" ішкі сыныбына, 09 "Басқа да салық салынбайтын кірістер" ерекшелігіне есептеледі.
      23. Бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланған фактілер анықталған жағдайда өндіріп алуға (қайтарып алуға) арналып жазып берілген нұсқама ағымдағы жылдың желтоқсанының соңында есеп кітабының (N 4-қосымша) 5-бағанында тіркеледі және олар жабылмаған жағдайда қалған қалдықтарымен келесі жылға 4-бағанға көшіріледі, ол ағымдағы жылдың есептік операциялары бойынша 8-бағанның сомасына сәйкес болуы керек.

                 III. Бухгалтерлік есеп және есептеме

      24. Жасалған қайтарып алу (өндіріп алу) сомалар бойынша нәтижелер бюджеттік ұйымдарда республикалық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру ретінде көрініс табады: министрлік (ведомоство) үшін - Қазынашылық департаменттен алынған қазынашылық рұқсат негізінде, олардың ведомостволық бағынысты ұйымдары үшін - олар алған министрлік (ведомоство) рұқсаты немесе бюджет қаражаттарын төменгі тұрған таратушылардың негізінде. Бұл ретте қайтарып алудың (өндіріп алудың) көрсетілген сомалары 095 "Мақсатсыз пайдаланылған қайтарып алынған (өндіріп алынған) қаражаттардың есебіне арналған шот" қосалқы шоттың дебетінде және 230 "Мекеменің шығыстарына және басқа шараларға арналып бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының немесе 140 "Мекеменің шығыстарына және басқа шараларға арналып бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредитінде көрініс табады. Сонымен бірге 200 "Мекемені ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың дебеті бойынша көрсетіліп екінші жазба жасалады. Қаржы жылы аяқталғанда жасалған шығындардың қорытынды айналымдарын есептен шығару 230 немесе 140 қосалқы шот дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жасалады.
      25. Мекемелердің шығыс сметаларын пайдалану және бюджеттік ұйымдар үшін бюджеттік қаражаттарды пайдалану туралы есептемеде мақсатсыз бағытта пайдаланылған сомаларды республикалық бюджетке өндіріп алуды көрсетудің мынадай тәртібі көрсетіледі.
      2-нысанда - 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген бағанында қайтарып алу (код 0603008) және 7 "Нақтылы шығыстар" жасалған қайтарып алу (өндіріп алу) сомалары бойынша нәтижелері көрініс табады. 1 "Шығыстар сметаларын пайдалану балансы" нысанында (код 0503001) 951 "Қайтарып алу" жолы бойынша бюджеттен қаржыландырылатын сомалардың қозғалысы туралы анықтамада қайтарылған лимиттердің сомалары көрсетіледі.
      Шығыстар сметаларының атқарылуы туралы ұсынылған бухгалтерлік есептеменің түсіндірме жазбасында бюджеттік ұйымдар республикалық бюджеттен бөлінген және мақсаты бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды бюджетке даусыз тәртіпте өндіріп алынған (қайтарып алынған) сомаларды көрсету керек.
      Қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық) басқармалары келіс есепті кезеңдегі айдың 7-күніне тоқсан сайын оған жол берген лауазымды адамдарды, себебін, орын алған тәртіп бұзушылықты, нысаналы мақсат бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды қалпына келтіруге қолданылған шараларды көрсете отырып, оның ішінде тексеріс барысында қалпына келтірілген сомаларды көрсете отырып бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланудың жиі кездесетін фактілерін көрсете отырып, республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуы үшін бақылау бойынша жасалған жұмыстар туралы ақпаратты Бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі басқармаға ұсынады.

     Бюджеттік департаментке ұсынылатын республикалық бюджеттің атқарылуы 
туралы ай сайынғы есептеме (2-нысан) 5 "Барлығы" және "Қайтарып алу" 
бағандарында әр фунционалдық топ, мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, 
экономикалық сыныптама ерекшелігі бойынша қайтарылып алынған (өндіріліп 
алынған) сомалардың нәтижелері көрініс табады.
     
     
     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлігі
     Қазынашылық департаментінің
     директоры


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 1-қосымша


                        ТАПСЫРМА

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 26 маусымдағы 
192 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 
27 қаңтардағы 1526  

U941526_

  Жарлығына, Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Қазынашылық департаменті туралы Ережесіне 
сәйкес_____________облысы бойынша облыстық (Алматы қалалық) қазынашылық 
басқармасы ___________________________

___________________________________________________________________________
     (министрліктің, ведомоствоның,
   
_____________________________________________________________________ -тегі
     бюджеттік ұйымның, кәсіпорынның, банктің және т.б. атауы)
     
     Үкіметтің қаржылық ресурстарын есептеуге, аударуға және пайдалануға 
байланысты ақшалай құжаттарға тексеру жүргізуді мынадай мамандарға 
тапсырады:
     
          1._______________________________________________________________
     
          2._______________________________________________________________
               
          3._______________________________________________________________
                       (аты-жөні, атқаратын қызметі)
     
     
     Қазынашылық басшысы________________________________________
                                    (қолы)
     


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 2-қосымша

                                                _____ж."____"______________



     ______________________________________________________________________
                    (тексерілетін ұйымның атауы)



               республикалық бюджеттен қаржы алатын ұйымдардың

            қаражаттарын арнаулы мақсатқа пайдалануға тексерудің
                             АКТ  ТӘСІМІ
          
     
     
_______________________________________________________________________
       (қазынашылық органының атауы, тексеру жүргізу тапсырылған
     
     
_______________________________________________________________________
                тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
     
     __________________________________________________________-қатысуымен
         (тексерілетін ұйым мамандарының лауазымы, аты-жөні)
          
     ____________________________________________________-да республикалық
              (ұйымның атауы)
     бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттарды арнаулы мақсатқа 
пайдаланылуына тексеру жүргізіледі.
         Тексеру қазынашылықтың _______ "_____"_______________N_______
     тапсырмасының негізінде және ___"___________"-дан
     "______________"-ға дейінгі кезең аралығындағы______________________
                                                       (тексерілетін ұйым)

     
________________________________________________________________________
               басшысының аты-жөні, лауазымы)
     келісімімен жүзеге асырылады. Тексеру __________басталып, 
_____аяқталды.
     Тексеру мынадай құжаттарды қамтыды (тексерілген құжаттардың 
тізбесін көрсету) _______________________________________________
     
     ____________________________________________________.
     Тексеру нәтижесінде республикалық бюджет қаражаттарын арнаулы 
мақсатқа пайдалануда мынадай тәртіп бұзушылықтар ашылды (тексерілген 
құжаттарға талдау, бюджеттік қаражаттарды, заңдарды, нұсқаулыққа, 
әдістемелік нұсқауға және басқа да нормативтік құжаттарды пайдалануда 
мұндай тәртіп бұзушылықтарды жіберген тұлғаларды көрсетіп, ашылған тәртіп 
бұзушылықтарды нақтылы және одан әрі мазмұндау келтіріледі):
     
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     Қолдары:
     
     Қазынашылықтың органы                 _______________________
                                              (лауазымы, аты-жөні)
     
     Тексерілетін ұйымның басшысы          _______________________
                                                 (аты-жөні)


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 3-қосымша


                               НҰСҚАМА
     _______ "_____"____________       ____________________________________
                                            (тексерілетін ұйымның атауы)



     N_____                            ________ж."______"__________N_______
     
     
     "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру 
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 
1526  

U941526_

  Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің 1997 жылғы 26 маусымдағы N 192 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті 
туралы Ереженің 7-тармағына сәйкес және жоғарыда көрсетілген Тексеру 
актісінің негізінде республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатсыз 
пайдаланған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу (қайтарып алу) 
жүргізілсін.
     
 __________________________________________________________________________
|  Бюджеттік сыныптама коды                         |   Сомасы            |
| (мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, ерекшелігі) |  (санмен)           |
|___________________________________________________|_____________________|
|                      1                            |        2            |
|___________________________________________________|_____________________|
|___________________________________________________|_____________________|
       
     Барлық сомасы_______________________________________________________
     ____________________________________________________________________
                    (санмен және жазумен)
          
     Қазынашылықтың басшысы___________________________
                                 (қолы)


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 4-қосымша


        Арнаулы мақсатсыз пайдаланылған республикалық бюджет 
     қаражаттарының есеп және оларды бюджетке даусыз тәртіпте 
           өндіріп алуға (қайтарып алуға) бақылау жасау
                           Кітабы
     
 __________________________________________________________________________
| Жаз-|  Тексерілетін ұйымның | Мақсатсыз пайдалану|  Өткен жылы өндіріп  |
| ба  |атауы (бюджеттік ұйым  |анықталған бюджеттік|алынбаған жыл басындағы
| N   |үшін кодын,            |сыныптама           |сома                  |
|_____|_______________________|____________________|______________________|
|     |шаруашылық жүргізуші    |шығыстарының коды    |Нұсқаманың, өкімнің |
|     |субъектілер үшін банк   |                     |уақыты және N       |
|     |реквизиттерін көрсету)  |                     |                    |
|_____|________________________|_____________________|____________________|
| 1   |          2             |        3            |         4          |
|_____|________________________|_____________________|____________________|
|_____|________________________|_____________________|____________________|


 __________________________________________________________________________
| Өндіріп алуға  |    Өткен жылы өндіріп       |  Келесі жылға қалдырылған|
|(қайтарып алуға)|алуды (қайтарып алуды)       |    өндіріп алынбаған     |
| жататын өткен  |жүргізу туралы белгі         |                          |
|________________|_____________________________|__________________________|
|жылы мақсатсыз  |             |               |(қайтарып алынбаған)соманың
|пайдаланылған   |  Сомасы     | Уақыты және   |қалдығы Нұсқаманың,өкімнің|
|ашылған сомалар |             |     N         |уақыты және N             |
|Нұсқаманың,     |             |(нұсқаманың,   |                          |
|өкімнің уақыты  |             |   өкімнің)    |                          |
|     және N     |             |               |                          |
|________________|_____________|_______________|__________________________|
|     5          |     6       |      7        |              8           |
|________________|_____________|_______________|__________________________|
|________________|_____________|_______________|__________________________|


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 5-қосымша

  Төлеушінің банкіне түсті
  ________________________



                               N ӨКІМ

                          19___жылғы________________
     
   Төлеуші
  _____________________
     
  СТТН коды_____________________                    Дебет           Сомасы
     
  Төлеушінің банкі_________________________________
     
  шот N ___________________________________________
      
  Коды                   Кредит
   ___________________________
     
  Алушы______________________________________
       (бюджеттің атауы және осы кірістерді                
                                                    шот N 
  ________________________________________       __________________________
  әкімшіліктендіретін салық инспекциясының атауы)   
     
  __________________________________________________
     
  Алушының банкі           _________________________
    қаласында              Коды                     шот N
  
  
___________________________________________________________________________
   Сомасы жазумен                                     ______күн үшін 
өсімақы
     
                                                      _____%-тен_____теңге
 _______________________________________________________________________
|Салық түрі|Санаты|Сыныбы|Ішкі сыныбы|Ерекшелігі|Сомасы|Сомасы өсімақы- |
|және төлем|      |      |           |          |      |сымен           |
|мерзімі   |      |      |           |          |      |                |
|__________|______|______|___________|__________|______|_______________ |
|          |      |      |           |          |      |Операция түрі   |
|__________|______|______|___________|__________|______|_______________ |
|          |      |      |           |          |      |Төлем тағайындау|
|__________|______|______|___________|__________|______|________________|
|          |      |      |           |          |      |Кезекті төлем   |
|__________|______|______|___________|__________|______|________________|
|          |      |      |           |          |      |бюдж.сыныптама  |
|          |      |      |           |          |      |коды            |
|__________|______|______|___________|__________|______|________________|
     
     
     Қолдары                                  19__жылы "______"_________
     
 (салық инспекциясының, қазынашылықтың, қаржылық органның)  банк жүргізді
     
                                                           Банктің қолдары 


                                           Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 1997 жылғы 9 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген арнаулы мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіпте өндіріп алу туралы N 4 Әдістемелік нұсқауға N 6-қосымша


                 Даусыз тәртіппен өндіріп алынатын

                 (қайтарып алынатын) сомаларға
     
                      ТІРКЕЛІМ ХАБАРЛАМАСЫ
     
                199__жылғы_______________айы үшін
     
     _____________________ облысы бойынша облыстық (Алматы қалалық) 
қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
Қазынашылық департаментіне республикалық бюджет қаражаттарын пайдалануды 
тексеру кезінде қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактілері 
анықталғандығын, бұл фактілер бойынша қаражаттарды төмендегі ұйымдардан 
даусыз тәртіпте өндіріп алу (қайтарып алу) қажеттігін хабарлайды.
     
 ______________________________________________________________________
|  Бюджеттік ұйымның,  Ұйымның   |  Бюджеттік сыныптама     |Сомасы,|     |
| кәсіпорынның атауы    коды     |       коды               | теңге |     |
|   (министрліктің,  (анықтамаға |(мекеме, бағдарлама,      |       |     |
|ведомоствоның атауы) сәйкес)    |ішкі бағдарлама,ерекшелік)|       |     |
|________________________________|__________________________|_______|_____|
|        1                2      |            3             |   4   |  5  |
|__________________|_____________|__________________________|_______|_____|
|                  |             |                          |       |     |
|__________________|_____________|__________________________|_______|_____|
|                  |             |                          |       |     |
|__________________|_____________|__________________________|_______|_____|
|                  |             |                          |       |     |
|__________________|_____________|__________________________|_______|_____|
|                  |             |                          |       |     |
|__________________|_____________|__________________________|_______|_____|
  
     
     
     Жалпы сомасы_____________________________________________
                                (санмен және жазумен)
     
     Қазынашылықтың басшысы____________________________
                                   (қолы)
     Күні
     
     Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Қасымбеков Б.А.
                              
     
                                          
                                                
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады