Төтенше жағдайлар орын алғанда құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру тәртiбi туралы

Жаңа

Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегі N 219 шешiмi. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1997 жылғы 30 желтоқсанда N 3 болып тіркелді

      Алматы қаласының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмiнде өзгерiстердiң орын алуына байланысы және тұрғындарды, өндiрiстiк сондай-ақ әлеуметтiк тұрғыдағы объектiлердi төтеше жағдайлардан қорғау шараларын тиiмдi орындау, авариялық-құтқару қызметiнiң күшi мен құралдарын, қаладағы құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру үшiн ұйымдасыру, жоспарлау мен дайындау мақсатында Алматы қаласының әкiмi

шешiм қабылдады:

      1. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру үшiн секторлардың шекаралары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      2. Секторлардың бекiтiлген шекараларына сәйкес, аудандардың әкiмдерi өз шешiмiмен учаскелердiң шекараларын анықтап, өздерiнiң шекараларын анықтап, өздерiнiң орынбасарларын секторлардың коменданттары, ал құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыруға жауапты кәсiпорындардың басшыларын учаске коменданттары етiп тағайындасын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға жүктелсiн.

Алматы қаласы әкiмiнiң
1997 жылгы 30 сәуірдегі
N 219 шешiмiне
N 1 қосымша

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды
жүргiзу үшiн Алматы қаласындағы
әкiмшiлiк аудандардың секторлары шекараларының
СИПАТТАМАСЫ

АЛМАЛЫ АУДАНЫ

N 1 сектор

      Үлкен Алматы өзенi арнасының жартысынан Рысқұлов даңғылындағы көлiкжүретiн жол осiнiң бойымен шығыс бағытында Аэродромная көшесiне дейiн, Рысқұлов даңғылынан Аэродромная көшесiндегi көлiк жүретiн жол осiнiң бойымен оңтүстiк бағытта Байзақов көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысына дейiн; Байзақов көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысынан Райымбек даңғылы осiнiң бойымен батыс бағытында Үлкен Алматы өзенiнiң қиылысына дейiн; Райымбек даңғылы мен Үлкен Алматы өзенiнiң қиылысынан солтүстiк бағытта, өзен арнасының ортасына дейiн.

N 2 сектор

      Райымбек даңғылы мен Үлкен Алматы өзенiнiң қиылысынан Байзақов көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысына дейiн Райымбек даңғылының көлiк жүретiн бөлiгi осiнiң бойымен шығыс бағытында; Байзақов көшесi мен Рысқұлов даңғылының қиылысынан Розыбакиев көшесiнiң көлiк жүретiн бөлiгi осiнiң бойымен оңтүстiк бағытта Абай даңғылының қиылысына дейiн Розыбакиев көшесi мен Абай даңғылы осiнiң қиылысынан Абай даңғылының бойымен батыс бағытында С.Ковалевская көшесiнiң қиылысына дейiн.
      С.Ковалевская көшесi мен Абай даңғылының қиылысынан С.Ковалевская көшесi осiнiң бойымен Төле би көшесiнiң қиылысына дейiн.
      Ары қарай Төле би көшесi өсiнiң бойымен батыс бағытында Үлкен Алматы өзенiне дейiн; Үлкен Алматы өзенi арнасының бойымен солтүстiк бағытта Райымбек даңғылына дейiн.

N 3 сектор

      Розыбакиев көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысынан Райымбек даңғылы осiнiң бойымен Аэродромная көшесiнiң қиылысына дейiн, одан ары Аэродромная көшесi осiнiң бойымен Гоголь көшесiнiң қиылысына дейiн, ары қарай Весновка өзенi арнасының бойымен оңтүстiк бағытта Абай даңғлының қиылысына дейiн, ары қарай Абай даңғылы осiнiң бойымен Розыбакиев көшесiнiң қиылысына дейiн, ары қарай Розыбакиев көшесi осiнiң бойымен Райымбек даңғылының қиылысына дейiн.

N 4 сектор

      Аэродромная және Гоголь көшелерiнiң қиылысының Гоголь көшесi осiнiң бойымен Фурманов көшесiне дейiн, ары қарай Фурманов көшесi осiнiң бойымен Абай даңғылына дейiн; Фурманов көшесi мен Абай даңғылының қиылысынан Абай даңғылы осiнiң бойымен батыс бағытында Весновка өзенiнiң қиылысына дейiн, ары қарай Весновка өзенi арнасының бойымен солтүстiк бағытта Гоголь көшесiне дейiн.

ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

N 5 сектор

      Қонаев атындағы канал мен солтүтiс-батыстағы қалалық шекараның қиылысынан Қонаев атындағы канал осiнiң бойымен оңтүстiк-шығыс бағытындағы Үлкен Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн; Қонаев атындағы каналдан Үлкен Алматы өзенi арнасының бойымен оңтүстiк бағыттағы Төле би көшесiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң осiне дейiн, ары қарай Төле би көшесiнiң осiнен Сайын көшесiнiң осiне дейiн; Сайын көшесiнiң осiмен оңтүстiк-батыстағы қалалық шекараға дейiн, ары қарай қаланың батыс шекарасы мен Қонаев каналының қиылысына дейiн.

N 6 сектор

      Үлкен Алматы өзенi мен Төле би көшесi осiнiң қиылысынан С.Ковалевская көшесiнiң осiне дейiн; ары қарай С.Ковалевская көшесi осiнiң бойымен оңтүстiк бағытында Абай даңғылына дейiн, Абай даңғылы осiнiң бойымен оңтүстiс-батыс бағытында Үлкен Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн, ары қарай Үлкен Алматы өзенi арнасының бойымен оңтүстiк бағытта Береговой көшесiне дейiн, Береговой көшесi осiнiң бойымен оңтүстiк-батыс бағытында қаланың оңтүстiктегi шекарасына дейiн; ары қарай Сайын көшесi осiнiң бойымен Төле би көшесiнiң осiне дейiн, Төле би және Сайын көшелерiнiң қиылысынан Төле би көшесi осiнiң бойымен Үлкен Алматы өзенiне дейiн.

N 7 сектор

      Сайын көшесi мен қаланың солтүстiк-батыс шекарасының қиылысынан батыс, оңтүстiк-батыс шекараларының бойымен Береговой-Сайын көшелерiнiң қиялысына дейiн, ары қарай Сайын көшесi осiнiң бойымен, солтүстiк-батыс бағытында, қаланың солтүстiк-батыс шекарасының қиылысына дейiн.

БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ

N 8 сектор

      Шығыс бағытта Үлкен Алматы өзенiнiң арнасының ортасынан, Абай даңғылының жүретiн бөлiгiнiң бойымен Весновка өзенiнiң арнасының орта шенiнен дейiн;
      Оңтүстiк бағытта Абай даңғлының Весновка өзенiнiң Тимирязев көшесiнен дейiн; Весновка өзенiнiң - өзеннiң арнасының бойымен Тимирязев көшесiнiң Жароков көшесiне дейiн; Тимирязев көшесiнен Жароков көшесiнiң бойымен Шмелев көшесiне дейiн;
      Батыс бағытта Жароков көшесiнен Шмелев көшесiне дейiн Үлкен Алматы өзенiнiң арнасының ортасынан одан әрi қарай үлкен Алматы өзенiнiң арнасының бойымен Абай даңғылына дейiн.

N 9 сектор

      Үлкен Алматы өзенiнiң арнасының ортасына, Шемелев көшесiнiң бойымен Гагарин даңғылына дейiн;
      Оңтүстiк бағытта Шемелев көшесiнен, Гагарин даңғылының бойымен Әл-Фараби даңғылына дейiн; Солтүстiк-шығыс бағытта Гагарин даңғылынан Әл-Фараби даңғылының бойымен қаланың оңтүстiк бөлiгiмен қиылысқанға дейiн, әрi қарай қаланың оңтүстiк бөлiгiнiң бойымен Үлкен Алматы өзенiнiң арнасына дейiн, солтүстiк бағытта Үлкен Алматы өзенiнiң арнасының бойымен Шемелев көшесiне дейiн.

N 10 сектор

      Гагарин даңғылынан Шемелев көшесiнiң ортасынан Жароков көшесiне дейiн; Шмелев көшесiнен Гагарин даңғылының бойымен Тимирязев көшесiне дейiн; солтүстiк бағытта Гагарин даңғылынан, Тимирязев көшесiнiң бойымен Весновка өзенiнiң арнасының ортасына дейiн, әрi қарай Весновка өзенiнiң арнасының бойымен Абай даңғылына дейiн; Весновка өзенiнiң арнасынан, Абай даңғылынан Фурманов көшесiне дейiн; Абай даңғылынан, Фурманов көшесiнен Әл-Фараби даңғылының бойымен Весновка өзенi арнасының ортасына дейiн, әрi қарай қаланың оңтүстiк бөлiгiнiң бойымен "Қазақфильм" шағын ауданындағы Әл-Фараби даңғылымен қиылысқанға дейiн, Әл-Фараби даңғылынан, Гагарин даңғылының бойымен Шмелев көшесiне дейiн.

ЖЕТIСУ АУДАНЫ

N 11 сектор

      Қаланың солтүстiк-батыс бөлiгiнде қаланың шетiнiң Қонаев атындағы каналмен қиылысынан, шығыс бағытта қаланың шетiнен, Солтүстiк Шеңбер көшесiнiң бейтарап алқабының батыс шекарамен қиылысына дейiн; әрi қарай Солтүстiк шеңбер көшесiнен Аэродромная көшесiне дейiн, Солтүстiк Шеңбер көшесiнен Аэродромная көшесiнiң бойымен Рысқұлов даңғылына дейiн; батыс бағытта Аэродромная көшесiнен, Рысқұлов даңғылының бойымен Үлкен Алматы өзенiнiң арнасының ортасына дейiн; солтүстiк бағытта Рысқұлов даңғылынан, Үлкен Алматы өзенiнiң бойымен Қонаев атындағы каналға дейiн.

N 12 сектор

      Весновка өзенiнен, оның екi жағының бойымен және әрi қарай Павлодарская көшесiнiң бойымен Палладин көшесiмен қиылысқанға дейiн; Палладин көшесiнен, Жұмабаев көшесiнiң бойымен Сұлтан өзенi арнасының ортасына дейiн; Сұлтан өзенiнiң арнасынан Жансүгiров көшесiнен Рысқұлов даңғылына дейiн, одан әрi қарай батыс бағытта Аэродромная көшесiмен қиылысқанға дейiн; солтүстiк-батыс бағытта Рысқұлов даңғылынан Аэродромная көшесiнiң бойымен Солтүстiк шеңбер көшесiне дейiн; солтүстiк бағытта Аэродромная көшесiнен Солтүстiк Шеңбер көшесiнiң бойымен қала шетiнiң ортасына дейiн.

N 13 сектор

      Сейфуллин даңғылынан, Рысқұлов даңғылының бойымен Кiшi Алматы өзенiнiң арнасына дейiн; Рысқұлов даңғылынан, Кiшi Алматы өзенi арнасының бойымен Райымбек даңғылына дейiн, одан әрi қарай батыс бағытта Райымбек даңғылынан Фурманов көшесiне дейiн; Райымбек даңғылынан, Фурманов көшесiнiң бойынан Мақатаев көшесiне дейiн; Фурманов көшесiнен, Мақатаев көшесiнен, Достық даңғылының бойымен Гоголь көшесiне дейiн; Мақатаев көшесiнен, Достық даңғылының бойымен Гоголь көшесiне дейiн; батыс бағытта Достық даңғылынан, Гоголь көшесiнiң бойымен Весновка өзенiне дейiн, одан әрi қарай солтүстiк бағытта Весновка өзенi арнасының бойымен Райымбек даңғылына дейiн, Весновка өзенi арнасының ортасынан Райымбек даңғылының жүретiн бөлiгiнен Сейфуллин даңғылына дейiн; Райымбек даңғылынан, Сейфуллин даңғылының бойымен Рысқұлов даңғылына дейiн.

МЕДЕУ АУДАНЫ

N 14 сектор

      Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасынан, қала шетiнiң шығыс және оңтүстiк бөлiгiнiң бойымен, Әл-Фараби даңғылына қиылысқанға дейiн және әрi қарай шығыс бағытта Әл-Фараби даңғылынан Фурманов көшесiне дейiн; оңтүстiк бағытта Әл-Фараби даңғылынан Фурманов көшесiнiң бойынан Қажымұқан көшесiне дейiн; Фурманов көшесiнен, Қажымұқан көшесiнiң бойымен Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн, шығыс бағытта Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасынан қала шетiнiң оңтүстiк шекарасына дейiн, әрi қарай қала шетiнiң шығыс және оңтүстiк шекарасының бойымен Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн.

N 15 сектор

      Солтүстiк бағытта Қажымұқан көшесiнен, Фурманов көшесiнiң бойымен Гоголь көшесiне дейiн; Фурманов көшесiнен, Гоголь көшесiнiң бойынан Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн, әрi қарай оңтүстiк-батыс бағытта Маяковский көшесiне дейiн, оңтүстiк бағытта қала шетiнiң оңтүстiк шекарасына дейiн, Маяковский көшесiнен, қала шетiнiң батыс шекарасының бойымен қала шетiнiң оңтүстiк бөлiгiне қиылысқанға дейiн, Фурманов көшесi және Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасы бағытына қарай.

N 16 сектор

      Солтүстiк бағытта Гоголь көшесiнен, Достық даңғылынан Мақатаев көшесiне дейiн; Достық даңғылынан, Мақатаев көшесiнiң бойымен Фурманов көшесiне дейiн; Мақатаев көшесiнен Фурманов көшесiнiң бойымен Райымбек даңғылына дейiн, батыс бағытта Фурманов көшесiнен, Райымбек даңғылының бойымен Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн, әрi қарай солтүстiк шығыс бағытта Кiшi Алматы өзенi арнасының бойымен қаланың шетiне қиылысқанға дейiн, қала шетiнiң шығыс және оңтүстiк-шығыс бөлiгiнiң бойымен Маяковский көшесiмен қиылысқанға дейiн.
      Маяковский көшесi мен қала шетiнiң қиылысынан Кiшi Алматы өзенi арнасының ортасына дейiн, әрi қарай Гоголь көшесiнiң бойымен Гоголь көшесiнен Достық даңғылына дейiн.

ТҮРКСIБ АУДАНЫ

N 17 сектор

      Қаланың орталық бөлiгiндегi Весновка өзенi арнасының ортасынан, қала шетiнiң бойымен оның солтүстiк-шығыс бөлiгiн бойлап, Домбровский көшесiмен қиылысқанға дейiн, әрi қарай Домбровский көшесiнiң бойымен Лавренов көшесiне дейiн; оңтүстiк бағытта Домбровский көшесiнен, Лавренев көшесiнiң бойымен Беренг көшесiне дейiн; Беренг көшесiнен темiржол бойымен I Алматы станциясы арқылы Солтүстiк Шеңбер көшесiне дейiн; Солтүстiк шеңбер көшесiнен қала шетiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнiң бойымен Весновка өзенi арнасының ортасына дейiн.

N 18 сектор

      Қала шетiнiң солтүстiк-шығыс бөлiгiнен, Домбровский көшесiнiң қиылысынан, қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгiнiң бойымен оның Кiшi Алматы өзенiмен Қонаев атындағы каналмен қиылысқан тұсына дейiн әрi қарай Қонаев атындағы каналдың бойымен Рысқұлов даңғылына дейiн, Рысқұлов даңғылының бойымен Сүйiнбай даңғылына дейiн, солтүстiк бағытта Заветная көшесiне дейiн; Солтүстiк-батыс бағытта Сүйiнбай даңғылы және Заветная көшелерiнiң қиылысынан темiр жол бойынан Лавренев және Домбровский көшелерiнiң қиылысына дейiн, әрi қарай Домбровский көшесiнен оның қаланың солтүстiк-батыс бөлiгiмен қиылысына дейiн.

N 19 сектор

      Темiр жолдың Солтүстiк Шеңбер көшесiмен қылысына дейiн, темiр жолдың бойымен шығыс бағытта I Алматы станциясына дейiн, әрi қарай I Алматы - II Алматы темiр жолдарының бойымен Рысқұлов даңғылына дейiн;  Батыс бағытта темiр жолды жағалай Рысқұлов даңғылының бойымен Белинский көшесiне дейiн; Солтүстiк-батыс бағытта Рысқұлов даңғылынан Белинский көшесiнiң бойымен Солтүстiк Шеңбер көшесiне дейiн, әрi қарай Солтүсiк Шеңбер көшесiнiң бойымен темiр жолға қиылысқанға дейiн.

      Алқа хатшысы                  Ш. Акаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады