1. 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңына
сәйкес қоршаған орта саласындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi басқару органдары құзыретiнiң өзгеруiне байланысты "Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыру туралы" 1994 жылғы 14 қазандағы III сессиясы Қаулысының I тармағының күшi жойылған деп танылсын.
2. Алматы қаласының Әкiмiне "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2 тармағына, 67 бабына сәйкес Алматы қаласындағы ерекше қорғалатын аумақтарды ұйымдастыру туралы мәселенi қарау және шешiм қабылдау, Қазақстан Республикасының Парламентiне "Алматы қаласының мәртебесi туралы" ҚР Заңының Жобасына Алматы қаласының аумағын ерекше қорғалатын аумақ деп жариялау туралы ереженi қосу жөнiнде ұсыныс жасау сұралсын.
3. 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 3-тармағына орай жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өкiлеттiгiнiң өзгерiсiне байланысты "Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыру мәселелерi туралы" 1994 жылғы 14 қазандағы 1 сайланған Алматы қалалық Мәслихат III сессиясы қаулысының 3.1. тармағы мен N 1, 2, 3 қосымшаларының күшi жойылған деп танылсын.
Алматы қаласының әкiмiне жоғарыда көрсетiлген ставкаларды "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 3 тармағына сәйкес бекiту ұсынылсын.
4. 3.3.,3.4., 3.5 тармақшалар мына редакцияда мазмұндалсын:
3.3. т. Алматы қаласына жеткiзiлетiн және өткiзiлетiн автомотор жанармайына экологиялық бақылау жөнiндегi Ереже;
3.4. т. Алматы қаласындағы су қорғау аймағы мен шағын өзен жағалауларының жиектерiн анықтау тәртiбi;
3.5. т. Алматы қаласының аумағында жердi иелену, пайдалану, жалға өткiзу құқығын беру жөнiндегi экологиялық ереже.
5. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2 тармағына орай жергiлiктi өкiлдерi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары құзыретiнiң өзгеруiне байланысты "Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыру мәселелерi туралы 1 сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 14 қазандағы III сессиясының қаулысына N 7 қосымшаны бекiту туралы 1995 жылғы 7 ақпандағы I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты IV сессиясы қаулысының I тармағы - "Алматы қаласындағы ерекше қорғалатын табиғи объектiлердiң мәртебесi туралы" N 7 қосымшаның күшi жойылсын.
Алматы қаласының Әкiмiне осы ереженi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес күшiне енгiзу туралы ұсынылсын.
1995 жылғы 7 ақпандағы I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты IV сессиясы қаулысының 2 тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
Өндiрiстiк-тұрмыстық қалдықтардың құралуы тасымалдануы және орналастырылуы жөнiндегi негiзгi экологиялық ережелер бекiтiлсiн және күшiне енгiзiлсiн /N 9 қосымша/.
6. Алматы қаласының әкiмiне экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық ахуалдағы болған өзгерiстерге байланысты Алматы қаласы экологиялық ахуалын сауықтыру Бағдарламасына өзгерiс енгiзу және келесi сессияның қарауына енгiзу ұсынылсын.
I сайланған
Алматы қалалық Мәслихаты
ХVI сессиясының төрағасы
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы