Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiп Кеңесi туралы" N 3705 Жарлығына сәйкес және мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiктерiн арттыру, олардың өкiмет билiгi мен қызметтiк жағдайларын асыра пайдалануға жол бермеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этика ережесiн сақтауларын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
1. Облыстық тәртiп кеңесi-облыс әкiмi жанындағы консультативтiк-кеңес органы құрылсын.
2. Жоғары кеңестiң негiзгi мiндеттерi төмендегiше айқындалсын
- мемлекеттiк органдардың лауазымды қызметкерлерiнiң өкiмет билiгi мен қызмет жағдайларын асыра пайдалану фактiлерi туралы азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарап тексеру;
- тәртiп бұзған,өкiмет билiгi мен қызмет жағдайын асыра пайдаланған, қызметтiк этика ережесiн бұзған мемлекеттiк басқару органдарының басшы лауазымды тұлғаларын тәртiптiк жауапқа тарту жөнiнде облыс әкiмiнiң қарауына ұсыныстар енгiзу;
- мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет және қызметтiк этика ережесi туралы қолданылып жүрген заң талаптарын қамтамасыз етулерi жөнiнде облыс әкiмi үшiн ұсыныстар әзiрлеу.
3. Кеңес құрамын облыс әкiмi бекiтедi деп бекiтiлсiн.
4. Тәртiп Кеңесiнiң төрағасы 5 күндiк мерзiмде жоғарыда аталған Кеңестiң дербес құрамы жөнiндегi ұсынысын қарауға енгiзсiн.
5. Тәртiп Кеңесiнiң қызметiн материалдық-техникалық және басқа жақтарынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету облыс әкiмiнiң аппаратына жүктелсiн.
6. Тәртiп Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн штаттық қызметкерлер облыс әкiмi аппаратының бекiтiлген штаттық кестесi есебiнен, үш адамнан Кеңес төрағасы, бiр инспектор және бiр техникалық қызметкерден құрылсын.
7. Тәртiп Кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен типтiк Ереженi басшылыққа алсын.
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В. Ржавскийге жүктелсiн.
Облыс әкiмi |