Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiлiк кеңесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 21 қазан N 3705. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.11.12. N 4143 Жарлығымен. ~U984143

      Мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру, олардың билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануына жол бермеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган - Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiң кеңесi құрылсын.
      2. Жоғары тәртiптiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
      1) тәртiптiк терiс қылыққа, соның iшiнде билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануға, қызмет этикасы ережелерiн бұзуға жол берген мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекет басшысының қарауына ұсыныстар енгiзу;
      2) мемлекет басшысы үшiн мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет туралы заң талаптары мен қызмет этикасы ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
      3) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалану фактiлерi туралы азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау.
      3. Былай деп белгiленсiн:
      1) Жоғары тәртiптiк кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi жасақтайды;
      2) Жоғары тәртiптiк кеңес Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнен құралады, олар: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан жұртшылығының беделдi өкiлдерi, лауазымы бойынша - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, сондай-ақ өзге де лауазымды тұлғалар болып табылады.
      4. Жоғары тәртiптiк кеңестiң төрағасы он күн мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына аталған Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      6. Бiр ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 U963279_ Жарлығымен бекiтiлген ереженi осы Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың, Ақмола және

Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi
ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
     3) облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi аталған
әкiмдер жанынан тәртiптiк кеңестер құратын болсын.
     7. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1997 жылғы 21 қазандағы
                                          N 3705 Жарлығымен
                                              бекiтiлген

             Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiлiк
                            кеңесi туралы
                                ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Жоғары тәртiптiң кеңесiнiң өкiлеттiгiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн айқындайды.
      1. Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi (бұдан былай - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiнде заңдылық, объективтiлiк пен әдiлеттiлiк принциптерiн басшылыққа алады.
      3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) мемлекет басшысына тәртiптiк терiс қылықтарға, соның iшiнде билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануға, қызмет этикасы ережелерiн бұзуға жол берген мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекет басшысының қарауына ұсыныстар енгiзу;
      2) Мемлекет басшысы үшiн мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет туралы заң талаптары мен қызмет этикасы ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
      3) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалану фактiлерi туралы азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;
      4) мемлекеттiк тәртiптi нығайту және мемлекеттiк қызметтiң жұмыс iстеуiнiң пәрмендiлiгiн арттыруға бағытталған заң және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын даярлауға қатысу және қарау.
      4. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi жасақтайды, ол Кеңес төрағасы мен мүшелерiнен құралады. Олар: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан жұртшылығының беделдi өкiлдерi, лауазымы бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, сондай-ақ өзге де лауазымды адамдар болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.09.18. N 4073
               жарлығымен. U984073_

      5. Кеңес төрағасы:
      1) Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      2) Кеңес қызметiне басшылықты ұйымдастырып, жүзеге асырады;
      3) Кеңес отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;
      4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi, Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның уәкiлдiк беруi бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
      5) Кеңес мүшелерi арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
      6) Кеңестiң жұмысының қорытындылары туралы Мемлекет басшысының алдында ұдайы есеп берiп отырады;
      7) Кеңестiң Регламентiн оның бекiтуiне ұсынады;
      8) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      6. Кеңес отырыстары:
      1) Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысқан жағдайда құқылы деп саналады;
      2) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi;
      3) ашық өткiзiледi. Қажет болған жағдайда, егер мәселелердi қарау мемлекеттiк құпияларға қатысты болған жағдайда Кеңес төрағасының шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
      7. Отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерi санының жай көпшiлiк дауысымен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
      8. Кеңес өз құзыретi шегiнде:
      1) өз отырыстарында Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларын, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын тыңдап отыруға;
      2) құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк атқарушы органдардан, ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратып алдыруға;
      3) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға және жергiлiктi атқарушы органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
      4) тиiстi лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсiнiктер талап етуге;
      5) тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларынан мемлекеттiк қызметшiлердiң билiктi немесе қызмет бабын терiс пайдалану, қызмет этикасы ережелерiн бұзу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тексерiстер жүргiзiлуiн талап етуге;
      6) тексерулердi, қызметтiк тексерiстердi өткiзуге қатысу үшiн беделдi және кәсiби тұрғыда даярланған штаттан тыс инспекторлар ретiнде жұртшылық өкiлдерiн тартуға;
      7) облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерi жанындағы тәртiптiк кеңестердiң қызметiн үйлестiруге және бақылауға, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға хақылы.
      9. Кеңес:
      1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларына және олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерiне және олардың орынбасарларына қатысты тәртiптiк iстердi;
      2) облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы тәртiптiк кеңестердiң шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды.
      10. Азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мүшелерiнiң тексеру жүргiзуi туралы немесе оны өткiзудi уәкiлеттi мемлекеттiк органға немесе тексеру қорытындылары туралы Кеңес алдында мiндеттi есеп берiле отырып, лауазымды адамға тапсыру туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
      11. Кеңестiң қарауына қабылданған тәртiптiк iс бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
      Кеңестiң отырысында тәртiптiк iс қаралғанға дейiн iске қатысты жағдаяттар мен мәлiметтердi алдын ала тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамнан жазбаша түсiнiк талап етiледi.
      Тәртiптiк iстi қарау Кеңестiң отырысында, әдетте, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамның қатысуымен өткiзiледi.
      12. Тәртiптiк iстi қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешiмдердiң бiрiн шығаруы мүмкiн:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi тәртiптiк жаза қолдануды ұсыну;
      2) iстiң мән-жайы бойынша шешiм қабылдау үшiн тәртiптiк iс материалдарын құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiберу;
      3) тәртiптiк iстi доғару.
      13. Мемлекеттiк қызметшiнiң iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi болған жағдайда Кеңес осы қызметшiнi заңда белгiленген тәртiппен қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi құжаттар мен материалдарды Республиканың Бас Прокурорына жолдайды.
      14. Кеңес қызметiнiң тәртiбi, соның iшiнде тәртiптiң iстердi қарау тәртiбi осы Ережемен бiрге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ережемен және Кеңес Регламентiмен айқындалады.
      15. Кеңес қызметiнiң ақпараттық-талдау және ұйымдық қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын оның хатшылығы, ал материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады