КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТЫНА өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Бекітілді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 1998 жылғы 25 наурыздағы N 39-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 18 мамырда тіркелді. Тіркеу N 80. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.2003 N 139 қаулысымен (мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен
кейiн күшiне енедi).

      1. 2.5.2. тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "2.5.2. Кастодианға брокер (бірінші диллер) соңғы тапсырымды алған күні тапсырымның көшірмесін табыс етуге тиіс. Егер Компания бағалы қағаздар операцияларына дербес қатысқысы келген жағдайда, бағалы қағаздармен сатып алу-сату шартына тұрған күні Кастодианды хабардар етуге міндетті."
      2.5.3. тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "5.3. Кастодианның бастамашылығы бойынша шарт бұзылған жағдайда ол осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарлауды Қор немесе Компания алған сәттен бастап отыз күннен асырмай, Қор мен Компания басқа кастодианмен кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерді атқаруға міндетті."
      3.5.4. тармағы келесі редакция:да берілсін:
      "5.4. Осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Кастодиан, Қор немесе Компания алған сәттен бастап үш күн мерзімде міндетіне қордың активтерін түгендеу және оларды басқа Кастодианға беру әдістері мен мерзімдерін айқындау кіретін, Кастодианның, Қордың және Компанияның уәкілетті өкілдерінен құралған келісім комиссия құрылады, олардың міндетіне Қордың активтерін түгендеу және оларды тараптардың біріне беру әдістерін жаңа кастодиандық шартпен бекіту жүктеледі."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады