Ауруханалар, санаторийлер, және өзге емдеу - алдын-алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерiнiң өсиеттердi куәландыру тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрi 1998 жылғы 8 қаңтардағы N 7. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

  Ауруханалар, санаторийлер, және өзге емдеу -
алдын-алу мекемелерiнiң бас және кезекшi
дәрiгерлерiнiң өсиеттердi куәландыру тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. "Ауруханалардың, санаторийлер мен өзге де емдеу-алдын-алу профилактикалық мекемелердiң бас және кезекшi дәрiгерлерiнiң өсиеттердi куәландыру тәртiбi туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрi Нұсқаулық) нотариаттық түрде куәландырылғандарға теңестiрiлген өсиеттердi куәландыру тәртiбi мен ережелерiн айқындайды. 
      2. Қазақ ССР Азаматтық кодексiнiң 538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 37-бабына сәйкес ауруханаларда, санаторийлер мен өзге де емдеу-алдын-алу мекемелерiнде емделiп жатқан адамдардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң және өзге де емдеу-алдын алу мекемелердiң бас және кезекшi дәрiгерлерiмен куәландырылған өсиеттерi нотариалдық куәландырылғандарға теңестiрiледi. 
      3. Осы Нұсқаулықта қолданылған негiзгi терминдер мен анықтамалар: 
      1) өсиет - қайтыс бола қалған жағдайда азаматтың өзiне тиiстi мүлiктi тағайындаған мұрагерiне заңда көрсетiлген үлгiде беруi жөнiндегi өкiмi. 
      2) өсиет қалдырушы - өзiне тиiстi мүлiктi өлген жағдайда мұрагерiне беру туралы өкiм берушi адам. 
      3) әрекет қабiлеттiлiгi - азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi. 
      4) әрекет қабiлеттiлiгi жоқ азамат - заңмен белгiленген тәртiпте жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiндiгiнiң салдарынан сотпен әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азамат. 
      5) әрекет қабiлеттiлiгi шектелген азамат - спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан және белгiленген заң тәртiбi бойынша сот арқылы әрекет қабiлеттiлiгi шектелген азамат. 
      6) қорғаншы - әрекет қабiлеттiлiгi жоқ немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектелген азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттi мемлекет жүктеген адам. 
      7) куәландыру жазбасы - құжаттың куәландыру немесе құжатты беру күнiн, құжатты куәландырған адамның тегiн, нотариаттық iс-әрекеттiң жасалу орнын, жасалған нотариаттық iс-әрекеттiң атауын, нотариаттық iс-әрекеттiң реестрде тiркелу туралы мәлiметтерiн, нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өкiлеттiк берiлген адамның қойған қолын, мөрдiң бедерлемесiн көрсетумен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өкiлеттi адамның нотариаттық iс-әрекеттердiң жасалған фактiсiн куәландыратын жазбасы. 
      8) лауазымды адамдар - ауруханалардың, санаторийлердiң және өзге де емдеу-профилактикалық мекемелердiң бас және кезекшi дәрiгерлерi. 
      4. Ауруханаларда, санаторийлер мен өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерiнде емделiп жатқан адамдардың ауызша өтiнiштерi бойынша өсиеттерi куәландырылады. 
      5. Лауазымды адам куәландыратын өсиеттердiң құпиялығын сақтауы тиiс. Өсиет мазмұны ешкiмге де, соның iшiнде өсиетте аты көрсетiлген адамға да хабарланбайды. 
      Өсиеттiң барлығы және оның мазмұны туралы анықтама өсиет қалдырушы қайтыс болып, оның өлгенi туралы куәлiк ұсынылғанынан кейiн ғана берiледi. 
      Куәландырылған өсиеттер туралы мәлiметтер сот, прокуратура, сондай-ақ тергеу және алдын-ала анықтау органдарының жазбаша талаптары бойынша олардың өндiрiсiндегi қылмыстық және азаматтық iстер бойынша берiледi. 
      6. Куәландырылған өсиеттердiң құпиялығын сақтау ережесi, сондай-ақ қызмет бабы бойынша немесе мiндеттердiң орындалуына байланысты куәландырылған өсиет белгiлi болған адамдарға да тарайды. 
      7. Лауазымды адамдар, сондай-ақ қызметтiк мiндеттi орындаумен байланысты куәландырылған өсиеттер белгiлi болған адамдар куәландырылған өсиеттер құпиясы қасақана ашқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 
      8. Лауазымды адам өсиеттi куәландырған сәтте өсиет қалдырушының жеке басын анықтайды және оның әрекет қабiлеттiлiгiн тексередi. 
      Келген адамның жеке басы төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi бойынша анықталады. 
      18 жасқа толған адамдардың ғана өсиеттерi куәландырылуға жатады. 
      9. Лауазымды адам өсиеттi куәландырған кезде өсиет қалдырушы өз iс-әрекетiнiң мән-маңызын түсiне алатынына, оны басшылыққа алатынына, әзiрленген өсиетке қатысты адасушылықтың жоғына, оған ешкiм қоқан-лоққы жасамайтынына және алдамайтынына көз жеткiзу қажет. 
      10. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан күшiне енген соттың шешiмiмен әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған, сондай-ақ өсиеттi жасау кезiнде (мысалы, алкогольдiк, есiрткi немесе токсикоманиялық мастықта тұрған адамдардың) өзiнiң iс-әрекеттерiн түсiне алмаған және оларға басшылық жасай алмаған жағдайдағы адамдардың өсиеттерi куәландырылмайды. 
      11. Егер өсиеттi куәландыруды өтiнген адамның сот арқылы белгiлi заң тәртiптерiмен әрекет қабiлеттiлiгi шектелсе, лауазымды адам өсиеттi куәландырудан бас тартады. 
      12. Лауазымды адам өсиеттi куәландырмас бұрын: 
      1) өсиеттi куәландыруға байланысты туындайтын салдарлар туралы өсиет қалдырушыға алдын-ала ескертуге; 
      2) өсиеттi өзгерту, күшiн жою тәртiптерiн түсiндiруге; 
      3) өсиеттен туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 
      4) өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша өсиет жобасын жасауға мiндеттi. 
      13. Өсиеттiң жобасын дайындаушы лауазымды адам мүдделi адамға жобаның мазмұнын дауыстап оқып бередi, немесе соңғы бұл жобаны өзi оқып шығады. Мүдделi адам жобамен келiскен жағдайда лауазымды адамның қатысуымен оған қол қояды. 
      14. Егер өсиеттi куәландыруды өтiнген әрекет қабiлеттiлiгi бар адам: 
      1) дене кемiстiгi немесе басқа да бiр себептермен қол қоя алмаса, онда оның өтiнуi және қатысуымен, сондай-ақ лауазымды адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өзiнiң қол қоя алмайтын себеп-салдары көрсетiлiп, екiншi бiр адамның өсиетке қол қоюы мүмкiн; 
      2) дене кемiстiгiнiң салдарынан (керең, мылқау немесе керең-мылқау) өз еркiн айқын бiлдiре алмаған жағдайда, онымен түсiнсе алатын, өсиеттiң мазмұны керең, мылқау немесе керең-мылқау адамның еркiне сәйкес келетiнi туралы өз қолымен куәландыратын сауатты, әрекет қабiлеттiлiгi бар адам өсиеттi куәландыратын сәтте мiндеттi түрде қатысуы тиiс; 
      3) сауатсыздығының немесе дене кемiстiгiнiң салдарынан куәландырылған өсиеттiң мазмұнымен таныса алмайтын (мысалы, көзi шала көретiн немесе мүлдем көрмейтiн) жағдайда оған өсиет мәтiнi оқылып, өсиетке бұл жөнiнде тиiстi жазбалар жазылады. 
      15. Пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамның өсиет қалдырушы үшiн қол қоюына болмайды. 
      Өсиеттi куәландырушы лауазымды адам өсиет қалдырушы үшiн қол қоя алмайды. 
      16. Өсиеттiң мәтiнi анық жазылған немесе басылған болуы тиiс. Құжаттың мәтiнiнің қолмен жазылған жағдайында көк немесе күлгiн түстi сия пайдаланылады. 
      Тазартулар, қосып жазылған, сызылған сөздер немесе ескертiлмеген басқа түзетулерi бар өсиеттер, сондай-ақ қарындашпен немесе фломастрмен жазылған өсиеттер куәландырылмайды. 
      Куәландырылған өсиеттiң мәтiнiндегi күн мен мерзiм кем дегенде бiр рет сөзбен жазылуға тиiс. Жеке тұлғалардың тегi, есiмi, әкесiнiң аты, олардың мекен-жайлары толық, ал заңды тұлғалардың орналасқан жерлерi көрсетiлумен қысқартылмай жазылады. 
      Өсиеттердегi толық жазылмаған жолдар мен басқа бос орындар сызылады, қосып жазылған және түзетiлген сөздер өсиет қалдырушы қол қояр алдында ескертiлуi керек және куәландыру жазбасының соңында қайталануы, мұнда қате жазылып, артынан сызылғандардың барлығы алғашқы мәтiнi оқуға болатындай етiп түзетiлуi тиiс. 
      17. Өсиеттi куәландырудан мынадай жағдайларда: 
      1) мұндай iс-әрекеттi жасау заңға қайшы келсе; 
      2) өсиеттi куәландыру жөнiндегi өтiнiшпен әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам келсе; 
      3) өсиеттiң мазмұны заң талаптарына сәйкес келмесе бас тартылуы мүмкiн. 
      Өсиеттi куәландыруды өтiнген адамға одан бас тартылған жағдайда лауазымды адаммен бас тартудың себебiн көрсетiле отырып, дереу жазба түрдегi қаулы табыс етiледi. 
      18. Өсиеттi куәландырудан бас тартылғаны, сондай-ақ оларды дұрыс куәландырмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 
      19. Лауазымды адамдардың өсиеттердi өзiнiң атына, өзiнiң атынан, зайыбының атына және оның атынан, туған-туысқандарының (әке-шешесi, балалары, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, немерелерi, ата-әжесi) атына және олардың атынан куәландыруға құқығы жоқ. 
      Жоғарыда көрсетiлген ережелердi бұзу арқылы куәландырылған өсиеттер жарамсыз болып табылады. 
      20. Өсиет бiр адамның атынан ғана жасалады. 
      Бiрнеше адамдардың атынан (ерлi-зайыптылардың, аға-iнiлердiң, апа-сiңiлiлердiң және т.б.) жасалған өсиеттерi куәландырылмайды. 
      Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қорғаншының қорғаншылыққа алынғанның атынан жасалған, сондай-ақ өсиет өсиет қалдырушының қатысуымен ғана куәландырылатындығынан сенiмхат негiзiнде жасалған өсиеттi куәландыруға рұқсат етiлмейдi. 
      21. Лауазымды адам ҚазССР Азаматтық кодексiнiң 530-бабына сәйкес өсиет қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары (соның iшiнде асырап алған балалары), сондай-ақ еңбекке жарамсыз жұбайы, ата-анасы (асырап алушылары) және өлген адамның қарауында болғандар өсиет мазмұнына қарамастан заң бойынша әрқайсысы кемiнде үштен екi үлеске (мiндеттi үлес) ие болатынын өсиет қалдырушыға түсiндiруге мiндеттi. Мiндеттi үлес мөлшерiн анықтаған кезде үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардың да бағасы ескерiледi. 
      22. Лауазымды адам өсиет қалдырушыны ҚазССР Азаматтық кодексiнiң 527 баптарымен анықталатын мұрагерлердiң шеңберiмен таныстырады, сондай-ақ өсиет қалдырушының мынадай құқықтарының бар екендiгiн түсiндiредi: 
      1) өсиет бойынша өз мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн (үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттармен қоса) заң бойынша мұрагерге жататын немесе жатпайтын бiр немесе бiрнеше адамға, сондай-ақ мемлекетке, жекелеген заңды тұлғаларға қалдыруға болады. Өсиет қалдырушы өз өсиетiнде ҚазССР Азаматтық кодексiнiң 530-бабында көзделген мiндеттi мұрагерлерден басқа, заң бойынша бiр, бiрнеше немесе барлық мұрагердi мұрагерлiк құқықтан айыра алады; 
      2) егер өсиет бiрнеше адамның пайдасына жасалса, онда әрбiр мұрагерге өсиет етiлетiн мүлiк үлесi атап көрсетiледi, мұндағы үлес нақты түрде (мысалы, "бiрдей мөлшерде", "екiден бiр үлес") белгiленедi; 
      3) жаңасы жасалып, кез келген уақытта өсиеттi өзгертуi немесе күшiн жоюға құқылы екендiгi. Өсиет қалдырушы сондай-ақ сақтауға тапсырған нотариусқа өтiнiш беру жолымен өсиетiнiң күшiн жоя алады. 
      23. Мазмұнына қарай өсиет мынадай үлгiлерде жасалуы мүмкiн: 
      1) N 1 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы өсиет бойынша өзiнiң барлық мүлкiн қалдырғысы келсе; 
      N 2 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы мүлкiнiң қандай да болмасын бiр бөлiгiн (мәселен, банктегi салымын) бөлiп алғысы келсе; 
      N 3 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы барлық өзге мүлiктерiне тиiспей, мүлiктiң белгiлi түрiн өсиет бойынша қалдыруды қаласа. 
      24. Куәландыру кезiнде өсиет қалдырушыдан өсиет етiлген мүлкiнiң өзiнiкi екендiгi растау, сондай-ақ пайдаларына өсиет қалдырылған адамдардың туыстық қатынасы туралы дәлелдемелер талап етiлмейдi. 
      25. Өсиет қалдырушы қол қойған өсиет лауазымды адаммен куәландырылуы тиiс. Өсиеттi куәландыру ұсынылған үлгiлер (N 4) бойынша куәландыру жазбасымен расталады. 
      Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларда куәландыру жазбасы N 5 үлгi бойынша жасалып, өсиет қалдырушының құжатқа қол қоя алмаған себептерi көрсетiледi. 
      26. Куәландыру жазбасы өсиетке өсиет жасалған күнi жазылады. Өсиеттi куәландыру жазбасының мәтiнi жазу машинкасымен басылуы немесе қолмен жазылуы мүмкiн. Куәландыру жазбасын тазартып өшiруге рұқсат етiлмейдi. Өсиеттiң үстiне жазу және басқа түзетулер осы өсиеттi куәландыру жазбаларында ескертiлуi тиiс. 
      27. Куәландыру жазбасы өсиеттiң бiрiншi немесе келесi бетiнде, немесе жеке парақта өсиет қалдырушының қолын қойғанынан кейiн жасалады. Куәландыру жазбасы жеке параққа түсiрiлген жағдайда, сондай-ақ өсиеттiң мазмұны бiрнеше бетте берілсе, барлық парақ нөмiрленуi және жiппен қайымдалуы тиiс, осы туралы тиiстi жазу жазылып, лауазымды адамның қолымен расталып, мекеме мөрiмен бекiтiледi. 
      Өсиеттегi куәландыру жазбасына лауазымды адамның қолы қойылады және мекеменiң мөрiмен бекiтiледi. 
      28. Өсиет екi дана болып куәландырылады және N 6 үлгiдегi реестрде тiркелуге жатады. 
      Тiркелуге арналған реестр нөмiрленуi, жiппен қайымдалуы, лауазымды адамның қолы қойылуы және мекеме мөрiмен бекiтiлуi тиiс. 
      Осы реестрге тiркелген өсиеттiң рет саны бұл өсиеттiң екi данасының куәландыру жазбасына жасалу керек. 
      30. Лауазымды адам реестрге тиiстi жазу жазғаннан кейiн өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының қолына бередi, ал екiншi данасын өзi куәландырған мерзiмнен бастап он күн iшiнде өсиет қалдырушының тұрақты мекен-жайы бойынша нотариусқа сақтауға тапсыруға мiндеттi. 
      Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасының тұрақты мекен-жайы болмаса немесе оның қайда тұратыны белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi анықтайтын нотариусқа жiберiледi. 

                                                    N 1 қосымша

                                    Барлық мүлiкке өсиеттiң нысаны

                           ӨСИЕТ

 

______________жылдың _______  _______________айының _______________

"__" ______________________күнi.

Мен, төменде қол қоюшы_____________________________________________
                                 (өсиет қалдырушының тегi, аты,
___________________________________________________________________
   әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
менiң қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм жасаймын:
     Мен қайтыс болған күнде маған тиесiлi болатын, қайта және
қандай да болмасын барлық мүлкiмдi мен ____________________________
___________________________________________________________________
     (пайдаларына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi,
___________________________________________________________________
                   аттары және әкелерiнiң аттары)
өсиет етемiн.
     ҚазССР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi
сақтауға нотариусқа жiберiледi,____________________________________
                                     (оның мекен-жайын немесе
___________________________________________________________________
нотариалдық кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi.
___________________________________________________________________
                         аты, әкесiнiң аты)
ал екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.

             Өсиет қалдырушының қолы _______________________

                                                    N 2 қосымша

                                 Барлық мүлiкке, соның iшiнде оның
                                жекелеген түрлерiне өсиеттiң нысаны

                            ӨСИЕТ

______________жылдың _______  _______________айының _______________

"__" ______________________күнi.

Мен, төменде қол қоюшы_____________________________________________
                                 (өсиет қалдырушының тегi, аты,
___________________________________________________________________
   әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)

менiң қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм жасаймын:
     Мен қайтыс болған күнде маған тиесiлi болатын, қайда және
қандай да болмасын барлық мүлкiмдi, соның iшiнде
___________________________________________________________________
                          (мүлiктiң атауы)
мен________________________________________________________________
       (пайдаларына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi,
___________________________________________________________________
                   аттары және әкелерiнiң аттары)
өсиет етемiн.
     ҚазССР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi 
сақтауға нотариусқа жiберiледi,____________________________________
                                   (оның мекен-жайын немесе
___________________________________________________________________
нотариалдық кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi.
___________________________________________________________________
                         аты, әкесiнiң аты)
ал екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.

             Өсиет қалдырушының қолы _______________________

                                                       N 3 қосымша

                                       Мүлiктiң жекелеген түрлерiне
                                               өсиеттiң нысаны

                            ӨСИЕТ

______________жылдың _______  _______________айының _______________

"__" ______________________күнi.

Мен, төменде қол қоюшы_____________________________________________
                                 (өсиет қалдырушының тегi, аты,
___________________________________________________________________
   әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
менiң қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм жасаймын:
     Маған тиесiлi  _______________________________________________
                         (мүлiктiң атауы)
мен________________________________________________________________
     (пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi,
___________________________________________________________________
                   аттары және әкелерiнiң аттары)
өсиет етемiн.
     ҚазССР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi
сақтауға нотариусқа жiберiледi,____________________________________
                                   (оның мекен-жайын немесе
___________________________________________________________________
нотариалдық кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi.
___________________________________________________________________
                         аты, әкесiнiң аты)
ал екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.

             Өсиет қалдырушының қолы _______________________

                                                      N 4 қосымша

        Өсиет қалдырушының жеке өзi қол қойған өсиетiне
                       КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "__"______________________19__жыл
     Осы өсиет ____________________________________________________
___________________________________________________________________
           (емдеу мекемесiнiң атауы, өсиеттi куәландырған
___________________________________________________________________
                 бас (кезекшi) дәрiгердiң аты-жөнi)
_____________________бас (кезекшi) дәрiгерi, менiмен куәландырылды.
     Өсиетке менiң қатысуыммен азамат _____________________________
___________________________________________________________________
                     (тегi, аты, әкесiнiң аты)
қол қойды.
     Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, әрекет қабiлеттiлiгi
тексерiлдi.

              Реестрде N______________тiркелдi
              Бас (кезекшi) дәрiгер______________
                                       (қолы)

     Мөр

                                                   N 5 қосымша

         Өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша басқа адам
                       қол қойған өсиетке
                       КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "__"______________________19__жыл
     Осы өсиет ____________________________________________________
___________________________________________________________________
           (емдеу мекемесiнiң атауы, өсиеттi куәландырған
___________________________________________________________________
                 бас (кезекшi) дәрiгердiң аты-жөнi)
_____________________бас (кезекшi) дәрiгерi, менiмен куәландырылды.
     Ауруы себептi азамат _________________________________________
                              (өсиет қалдырушының
___________________________________________________________________
                     тегi, аты, әкесiнiң аты)
оның тапсыруы бойынша менiң қатысуыммен өсиетке азамат
___________________________________________________________________
             (өсиет қалдырушының науқас үшiн қол қойған
___________________________________________________________________
                  адамның тегi, аты, әкесiнiң аты)
қол қойды.
     Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, әрекет қабiлеттiлiгi
тексерiлдi.
     Өсиетке қол қойған адамның жеке басы анықталды.

              Реестрде N______________болып тiркелдi
              Бас (кезекшi) дәрiгер______________
                                       (қолы)

     Мөр

                                                    N 6 қосымша

            Емдеу мекемелерiнiң лауазымды адамдарымен
      куәландырылған өсиеттерi мен сенiмхаттарын тiркеу
                          РЕЕСТРI
____________________________________________________________________
Рет |Өсиеттi |Өсиет қалды. |Нотариаттық |Құжатты|Өсиеттiң жiберiлге
саны|куәлан. |рушының тегi,|iс-әрекеттiң|алғаны |нi туралы белгi
    |дыру    |аты және оның|қысқаша     |туралы |(қай нотариусқа
    |күнi    |мекен-жайы   |мазмұны     |қолхат |және оның мекен-
    |        |             |            |       |жайы көрсетiлуi
    |        |             |            |       |тиiс)
____________________________________________________________________
 1. |15.07.97|Сидоров      |Барлық      |Сидоров|Өсиеттiң бiр данасы
    |        |Петр         |мүлкiн ұлы  |       |Алматы қаласы,
    |        |Иванович,    |Сидоров     |       |Разин көшесi, 20-үй
    |        |Алматы қ-сы. |Петр        |       |мекен-жайы бойынша
    |        |Саин көшесi  |Петровичке  |       |Зеев Иван Иванович
    |        |1-үй         |өсиет етедi.|       |ке жiберiлдi
____________________________________________________________________

                                                       N 7 қосымша

                                   Өсиеттiң күшiн жою туралы
                                    өтiнiштiң үлгi нысаны

_________________________қаласы____________ 

 

                        __________________нотариусы _______________
                        (нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты және
                        ___________________________________________
                        оның заңды мекен-жайын көрсету қажет)
                        азамат_____________________________________
                               (өсиет қалдырушының тегi, аты,
                        ___________________________________________
                        әкесiнiң аты және соңғы
                        ___________________________________________
                        тұрақты мекен-жайы)

                          ӨТIНIШ

      Менiң атымнан ________________________________________________
____________________________________________________________________
          (емдеу мекемесiнiң атауы, өсиеттi куәландырған
____________________________________________________________________
              бас (кезекшi) дәрiгердiң тегi, аты-жөнi)
бас (кезекшi) дәрiгермен куәландырылған
____________________________________________________________________
                   (өсиеттiң куәландырылған күнi)
өсиеттiң күшiн осы өтiнiшпен жоямын.

                                   Қолы ___________________

     "__" _______________19__жыл

 

                                                     N 8 қосымша

                               Өсиеттi куәландырудан бас тарту
                                туралы Қаулының үлгi нысаны

                             ҚАУЛЫ

    "__"_________________19__жыл             _____________қаласы
     Мен, _________________________________________________________
                     (емдеу мекемесiнiң атауы)
_______________бас (кезекшi) дәрiгерi______________________________
                                           (тегi және аты-жөнi)
_________________________________________________________тұратын
     (келген адамның соңғы тұрақты мекен-жайы)
азамат_____________________________________________________________
              (келген адамның тегi, аты, әкесiнiң аты)
өсиеттi куәландыру жөнiндегi өтiнiшiн қарай келiп, өсиеттердi
куәландырудың тәртiптерi туралы Нұсқаулықтың 17 т. басшылыққа ала
отырып, өсиеттi куәландырудан келесi негiздер бойынша бас тартамын:
____________________________________________________________________
                (бас тартудың негiздерi көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы бас тартуға он күннiң iшiнде ___________________________________
                                  (соттың атауын көрсету қажет)
_________________________________шағым жасалуы мүмкiн.
         Бас (кезекшi) дәрiгер ________________
                                    (қолы)

     Мөр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады