"Алкогольді өнімді өндіру, сақтау, сату және импорттау құқығына лицензиялар берудің уақытша тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 25 наурыздағы N 135, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1998 жылғы 25 наурыздағы N 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 наурызда N 493 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 Қаулысын орындау үшін, лицензиялауды жүзеге асыруда үзіліске жол бермеу мақсатында, уақытша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алкогольды өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің өз функцияларын толық жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасы Үкіметі жүктеген өкілеттіктерді атқаруды бастағанға дейін бұйырамын:
     1. "Алкогольді өнімді өндіру, сақтау, сату және импорттау құқығына лицензиялар берудің уақытша тәртібі туралы" Ереже бекітілсін.
     2. Осы бұйрықты орындауға бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Н. Молдахметовке жүктелсін.
     3. Осы бұйрық оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен күшіне енгізілсін.     

     Министр     

Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігі

     "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 Қаулысын орындау үшін, лицензиялауды жүзеге асыруда үзіліске жол бермеу мақсатында, уақытша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті өз функцияларын толық жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасы Үкіметі жүктеген өкілеттіктерді атқаруды бастағанға дейін бұйырамын:
     1. "Алкогольді өнімді өндіру, сақтау, сату және импорттау құқығына лицензиялар берудің уақытша тәртібі туралы ережені" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып бекітсін.
     2. Осы бұйрық оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен күшіне енгізілсін.

     Вице-министр

Этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру
және импорттау құқығына лицензия берудің
уақытша тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

     "Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөнінде комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысын орындау үшін лицензиялауды жүзеге асыруда, уақытша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті өзінің функцияларын толық жүзеге асыра бастағанша, үзілісті болдырмау және Қазақстан Республикасының Үкіметі жүктеген өкілеттіктерді орындау мақсатында, этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, сақтау, сату және импорттау құқығына лицензия берудің мынадай тәртібі бекітілсін:
     1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жөніндегі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы берген лицензиялары күшінде деп есептелсін (лицензия әрекеті тоқтатылмаған, лицензия қайтарып алынбаған немесе оның әрекет ету мерзімі аяқталмаған жағдайда).
     2. Этиль спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру және импорттау құқығына лицензия беруді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жазбаша қорытындылардың:
     Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру құқығы;
     Өнеркәсіп департаментінің этиль спирті мен арақтарды импорттауы негізінде жүзеге асырады деп белгіленсін.
     Айтылған қорытындылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген лицензиялау жөніндегі материалдарды қарау мерзімі біткенге дейінгі он күннен кешіктірмей берілуі тиіс.
     Ұсынылған мәліметтердің анықтығына қорытынды берген орган жауап береді.
     3. Лицензия алуға қажетті құжаттарды қабылдауды, зерделеуді және тексеруді, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларды тексеруді жүргізу мынадай біліктілік талаптарына:
     этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру құқығын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау жөніндегі комитеті;
     этиль спиртін және арақты импорттау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп департаменті жүзеге асырады деп белгіленсін.
     4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат жұмысын инспекторлық-ұйымдастыру департаменті бір айлық мерзім ішінде этиль спирті мен арақтарды импорттауға арналған лицензиялардың бланктерін қажетті мөлшерде әзірлесін, бекітсін және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетіне тапсырсын.
     5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау және сертификаттау жөніндегі комитеті он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетіне этиль спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру құқығы үшін пайдаланылмаған лицензия бланктерін акт бойынша тапсырып берсін.
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің төрағасы он күндік мерзім ішінде этиль спирті мен арақты импорттауға, этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге, этиль спиртін сақтауға және сатуға, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме түрде сатуға (сырадан басқа) лицензия беру жөнінде уақытша комиссия құру жөнінде ұсыныс енгізсін.
     7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау және метрология жөніндегі комитеті этиль спиртін және арақты импорттауды, этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттар жөніндегі құжаттарды тапсыру және қабылдау жөнінде бірлескен комиссия құрсын.
     8. Осы ереженің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі Н. Молдахметовке жүктелсін.
     9. Осы ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оған мемлекеттік тіркеу нөмірін берген күннен бастап күшіне енеді.
     10. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет әрекетін бастағаны туралы Әділет министрлігіне жазбаша хабарлаған сәттен бастап күшін тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады