----------------Бұйрықтан үзінді----------------------
Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 8 сәуiрде N 496 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерiнің әкiмшiлiк тәртіп бұзушылықтары туралы iстер жөнiндегi өндiрiстi ұйымдастыру жөніндегi уақытша нұсқаулық туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы N 53...
Министрдiң міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
__________________________________
Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде жол қозғалысының ережелерін әкімшілік тәртіп бұзушылық бойынша заңдарды дәл және бірыңғай қолдану әкімшілік істерді шешу негізінде, Қазақстан Республикасы заңы талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, әкімшілік тәрбие мәселелерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) жол полициясы қызметін құқықтық қолданылуын жетілдіріп, бұрынғы КСРО ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерін қайта қарау мен қайта шығару мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережесін әкімшілік тәртіп бұзушылық бойынша жүргізілетін іс шараларын өндіру жөніндегі уақытша Нұсқау, қол қойған күннен бастап бекітіліп және жүзеге асырылсын.
2. Ақмола, Алматы қалаларының, облыстық ІІББ-ның, ІІБ-ның бастықтарына және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің арнайы полиция Бас басқармасының бастығына (В.М. Геращенко).
2.1. Жол қозғалысын бақылауға жол полициясы мен басқа да қызметтің, барлық ішкі істер мекемелері бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша Нұсқауды оқып, олардан сынақ қабылдану қамтамасыз етілсін.
2.2. Уақытша Нұсқауда көзделген құжаттардың қызметін, бланкілер дайындау мен ұйымдастыру, олармен жол полициясы бөлімшелері қамтамасыз етілсін.
3. "КСРО ІІМ-нің кейбір нормативті актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 6-шы ақпанындағы Жарлығы хабарлауына байланысты" КСРО ІІМ-нің 1989 жылғы 12 сәуірдегі N 72 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
міндетін атқарушы
милиция генерал-майоры
ҚРIIМ-нiң 1998 жылғы
27 сәуiрдегi N 53
бұйрығына N 1 қосымша
УАҚЫТША НҰСҚАУ
Қазақстан Республикасының жол қозғалысының
ережесiн, әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша
жүргiзiлетiн iс шараларын өндiру
1.1. Iшкi iстер бөлiмдерiнiң, жол қозғалысының ережелерiн, әкiмшiлiк тәртiп тұрғысынан қадағалау мәселелерi; жол қозғалысының ережелерiн орындауды нығайту, тәртiп бұзушылармен күрестi күшейту, адам және жүк тасуда қауiпсiздiктi сақтау, мемлекеттiк және қоғамдық тәртiптi қадағалау, азаматтық құқықты және бас бостандықты қорғау.
1.2. ҚР-ның ЖҚЕ-сiн бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк талқыға алу тек қана ҚР- ның әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кодексiнiң жәйiттерiне және ҚР-ның заңына сәйкес болуы қажет.
ЖҚЕ-iне сәйкес әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық тұрғысынан жүргiзiлетiн жұмыс шараларының барысында, заңдылықты қатал сақтау қажет.
ЖҚЕ-нiң тәртiбiн бұзғаны үшiн қолданылатын жазалардың заңдылығын қадағалау жоғарғы орындағы басшылар мен қызметкерлер, бақылау прокуроры және басқа заң жүзiнде ескерiлген шаралармен қамтамасыз етiледi.
1.3. ЖҚЕ-не сәйкес әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жауапқа тартылушы үшiн ҚР-ның, сол мерзiмге және сол жерге сәйкес нақтылы заңдарының негiзi қолданылады.
2. ЖҚЕ-не сәйкес әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық және әкiмшiлiк жауаптылық.
2.1. ЖҚЕ-не сәйкес әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық деп, ҚР-ның азаматының және де ҚР-ның жерiндегi басқа азаматтардың (қасақана не абайсыздықпен) жасаған әрекеттерiнiң салдарынан болған, ЖҚЕ-нiң бұзылуы және оқиға деңгейi бойынша ҚР-ның заңына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықтың орындылығы.
ЖҚЕ-iн бұзушылық өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкелiп соқтырмайтын болса, әкiмшiлiк жауаптылық туады.
2.2. Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық сәтте, он алты жасқа толған адамдар әкiмшiлiк жауапты болады.
2.3. Әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттi адамдар, iшкi iстер құрамындағы және басшылар қатарындағы адамдар, ХҚК (КНБ), Президент күзет қызметiнiң, прокуратураның, салық полициясының, таможня комитетiнiң қызметкерлерi әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасағаны үшiн жалпы негiзде жауапты болады.
Осы аталған адамдарға жаза қолданудың орнына, тәртiп бұзушылық туралы құжаттарды, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу, осы адамдардың жұмыс орнына жiберуге болады.
Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттi адамдар туралы тәртiп бұзушылық құжаттарды, әскери жол полициясының басшысына жiберуге болады.
2.4. ҚР азаматтары және ҚР-ның жерiнде тұратын азаматтығы жоқ азаматтар ЖҚЕ шет мемлекеттердiң жерiнде бұзса (сол елдердiң ЖҚЕ-сi бойынша) ол азаматтар ҚР жерiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Шетелде болған ЖҚЕ-сiн бұзу туралы уақиға бойынша, шетел қызметкерi жасаған тұжырымдама құжатының шарты ҚР-да орындалмайды, бiрақ әкiмшiлiк жауапкершiлiк туралы халықаралық құқық келiсiмi жасалған шетелдiң мемлекет қызметкерлерiнiң тұжырымдама құжаттарына байланысты тиiстi шара қолдану қажет.
Ескерту:
- ҚР-сы қазiргi уақытта бiрде-бiр шетелмен халықаралық құқық шартын жасаған емес (СНГ елдерiмен бұндай шарт болуы мүмкiн);
- Хұқы бар қызмет адамына (ҚР-да) шетелден (халықаралық құқық шарты жасалған елден басқа) ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iс келiп түссе, оны жүргiзу жұмыстары орындауға жатпайды, тұжырымдама құжатының талабы орындалмайды, жеке бастың азатшылық құжаттары иесiне қайтарылады.
2.5. ҚР-ның жерiндегi шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-ның азаматтарымен бiрге жалпы негiзде әкiмшiлiк жауапты болады.
Шетел дипломат өкiлдерi және имунитетпен пайдаланатын шетел азаматтары ҚР жерiнде ЖҚЕ-не байланысты әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылығы туралы мәселе шетел министрлiгiнде дипломатиялық жолмен шешiледi.
Ескерту: Имунитеттiң айғағы болатын жеке бастың құжаттары ретiнде танылатын дипломаттық құжат (паспорт), дипломаттық, қызметкерлiк не консулдық құжаттар (МИД РК), не бiрiккен ұлттар ұйымының (ООН) құжаты (паспорты) не ООН-ның арнайы мекемелерiнiң құжаттары (паспорты).
2.6. ЖҚЕ-сiн бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк жауапты болмайтын жағдайлар:
1) Мәжбүрлi қажеттiлiк жағдайында, яғни мемлекеттiк немесе қоғамдық тәртiпке, азаматтардың құқы мен бостандығына және басқарудың белгiленген тәртiбiне төнген хауiптi жою үшiн әрекет жасаған адам, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және келтiрiлген зиян жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса әкiмшiлiк жауапты болмайды;
2) Қажеттi қорғану жағдайында, яғни мемлекеттiк немесе қоғамдық тәртiптi, азаматтардың құқығы мен бостандықтарын, басқарудың белгiленген тәртiбiн қоғамға жат қиянат жасаушылықтан қиянат жасаушыға зиян келтiру жолымен қорғаған кезде әрекет жасаған адам, егер қажеттi қорғану шегiнен асып кетуге жол берiлмеген болса, әкiмшiлiк жауапты болмайды;
3) Тәртiпке қарсы әрекет жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болып, есiнiң уақытша ауысуы, кемақылдылығы немесе басқа бiр сырқатты күйде болуы себептi өз әрекетiне есеп бере алмайтын не өз әрекетiн басқара алмайтын адам әкiмшiлiк жауапты болмайды;
4) Тәртiптi бұзу кезеңiнде 16 жасқа толмаған адам;
5) ЖҚЕ-не байланысты тәртiп бұзғандық үшiн қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылық заң бойынша күшiн жойғандығы туралы ҚР-ның қаулысы жәрия болса, не амнистия жәрияланса (әкiмшiлiк жазаны қолданбау жөнiнде);
6) Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi қарайтын кезге қарай (немесе оларға қылмыстық iс қозғамау туралы қаулы шыққан кезде) Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы Кодекстiң 37-бабында көзделген мерзiмдердiң өтiп кетуi;
7) ЖҚЕ бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам жөнiнде тап сондай факт бойынша лауазымды адамның әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының, әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi қысқарту туралы бұзылмаған қаулының болуы, сондай-ақ сол тәртiп бұзушылық жөнiнде қылмысты iс қозғаудың болуы.
Ескерме: егерде жоғарыда келтiрiлген жәйттерге байланысты адамдар ЖҚЕ-сiн бұзса, оларға хаттама толтырылып, жоғарыда айтылған жәйттер тоқтатылған қаулы шығарылады. 16 (он алты) жасқа толмаған адамдарға хаттама толтырылып, шешiм қабылдау үшiн кәмелетке толмағандардың iсiн қарайтын комиссияға жiберiледi.
2.7. Егер жасалған ЖҚЕ бұзушылықтың сипатын және бұзушының кiм екенiн ескере отырып, оған қоғамды ықпал жасау шарасын қолдану лайықты болса, материалдар қоғамдық ұйымның немесе еңбек коллективiнiң қарауына берiлiп, әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
2.8. Жасалған әкiмшiлiк бұзушылықтың мәнi шамалы болған кезде шешуге уәкiлдiгi бар лауазымды адам бұзушыны әкiмшiлiктi жауаптылықтан босатып, ауызша ескерту жасаумен шектеле алады.
3. Әкiмшiлiк жаза
3.1. Әкiмшiлiк жаза жауаптылық шарасы болып табылады. ЖҚЕ-iне байланысты әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасаған адамдарды ҚР заңдарын сақтау, ЖҚЕ-iн құрметтеу, сондай-ақ тәртiп бұзушының да, басқа адамдардың да қайталап тәртiп бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3.2. ЖҚЕ бұзушыларға қолданылатын әкiмшiлiк жазаның түрлерi:
3.2.1. Ескерту
3.2.2. Айып төлемi (штраф)
3.2.3. Көлiк құралдарын жүргiзуге рұқсат құжатын (права) алып қою.
Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң ЖҚЕ бұзуы, осы ереженi жете бiлмегендiктен болса әкiмшiлiк жазамен қоса ондай жүргiзушiлерге ЖҚЕ бойынша сынақ тапсыруға жолдама берiледi.
Жүргiзушiге әкiмшiлiк жаза қолданбай тек қана сынақ тапсыруға жолдама берiлуi мүмкiн.
Сынақ тапсырту туралы шешiмдi: Жол полициясы департаментiнiң бастығы, басқарма бастықтары, жол полициясы бөлiмiнiң бастығы немесе олардың орынбасарлары қабылдай алады.
Жүргiзушiнi сынақ тапсыруға жiберу шешiмi арнайы шешiм құжаты арқылы айқындалады және сынаққа жолдама берiледi (N 11 Қосымша).
Ескерме: ҚР заң құжаттарының негiзiнде ЖҚЕ бұзған шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ азаматтарды ҚР жерiнен аластауға рұқсат етiледi.
Аластату тәртiбi "Шетел азаматтарының ҚР болу ережелерiн қолдану тәртiбi туралы Нұсқауды бекiту туралы" нұсқауда толық айтылған (ҚРIIМ бойынша N 286-94 бұйрық).
3.3. Ескерту әкiмшiлiк жаза ретiнде арнайы шешiм құжаты бойынша жазбаша түрде берiледi.
3.4. Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық үшiн азаматтарға салынатын айып салығы (штраф) мөлшерi айлық жалақыға байланысты белгiленедi (ҚР заң құжаттарына сәйкес).
Азаматтарға салынатын айып салығы айлық жалақының он рет еселенген мөлшерiнен аспауы керек, ал лауазымды адамдарға салынатын айып салығы айлық жалақының жиырма есе мөлшерiнен аспауы қажет.
Айып салығының мөлшерi азаматтың тәртiп бұзған кезеңдегi айлық жалақысының мөлшерiне қарай ұйғарылады.
3.5. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығына тиым салу уақытының мөлшерi үш жылға дейiн.
Көлiк құралы кемтарлықтың салдарынан пайдалануға мәжбүр адамдар (көлiктi мас күйiнде жүргiзгендерден басқа) жүргiзу құқығынан айрылдырылмайды.
4. Әкiмшiлiк жаза қолдану
4.1. ЖҚЕ-не сәйкес әкiмшiлiк тәртiп бұзушылыққа қолданатын жаза ҚР әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодексiнiң ұйғарымы бойынша айқындалады.
4.2. ЖҚЕ-iн бiрнеше тұрғыдан бұзған адам үшiн сол бұзу тұрғыларының ең күрделiсi деген түрi бойынша жаза белгiленедi.
4.3. Көлiк құралын жүргiзу құқығынан жылдап, айлап немесе күндеп айырылады.
4.4. Әкiмшiлiк жаза қолдану шарасының тездiгi ЖҚЕ-iн бұзған күннен бастап екi ай мерзiмiнен аспауы керек, тәртiп бұзушылық созылмалы болған түрде, әшкереленген күннен бастап екi ай шамасында.
Қылмысты iстi қозғаудан бас тартқан жағдайда, не оны тоқтатқан жағдайда, бiрақ тәртiп бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық сипаты болса, ондай адамға әкiмшiлiк жаза қолдану қылмысты iстi қозғау немесе тоқтату туралы шешiм шыққан күннен бастап бiр айдан аспауы керек.
5. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша қаралатын iстердi жүргiзу барысында жол полициясы қызметкерлерiнiң лауазымы.
5.1. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша қарағанда қолданылатын жаза шаралары iс жүргiзушi қызметкердiң қызмет бабына қарай белгiленген лауазым деңгейiне сай болуы шарт.
5.2. Iс жүргiзушi қызметкердiң ЖҚЕ бұзушыға тағайындай алатын әкiмшiлiк жаза мөлшерлерi және ЖҚЕ бұзу түрлерiнiң сипаттарын ҚР әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодексi ұйғарады.
6. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iс шараларын өндiру.
6.1. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iс шараларын өндiру жолдары ҚР конституциясымен, әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодекспен және басқа заңды да реттi құжаттармен белгiленген.
6.2. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iс шараларын өндiрудегi негiзгi мiндеттер мыналар болып табылады: әрбiр iстiң мән-жайларын дер кезiнде, жан-жақты, толық және нақтылы түрде анықтау, оны ҚР заңына сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылыққа итермелейтiн себептердi анықтау, тәртiп бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу.
6.3. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iстердi қарау барысында заң және қызмет адамының алдында iсi қаралатын азаматтардың шығу тегi, ұлты, әлеуметтiк-тұрмыс жағдайы, түсi, сауаты, дiндарлығы т.б. ерекшелiктерiне қарамастан бәрi де азаматтық теңдiгi бiрдей деп есептелiнедi.
6.4. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iс ашық қаралады.
6.5. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша уақиғаның болғанын немесе болмағанын, iстi қарауға уәкiлдiлiгi бар мекеменiң қызметкерлерi, заңмен белгiленген тәртiп бойынша анықтауға негiз болатын кез келген нақты деректер және iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән - жайлар әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi дәлелдеме деп табады.
Бұл деректер ЖҚЕ бұзушылық туралы толтырылған құжаттамамен, куәлардың айғақтамаларымен, жәбiрленушiнiң, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның түсiнiктемелерiмен, эксперт қорытындыларымен, айғақтық дәлелдемелермен, заттарды және документтердi алып қою туралы протоколымен, сондай-ақ өзге де документтермен анықталады.
6.6. Егер iстi қарау кезiнде қызмет адамы тәртiп бұзушылықта қылмыс нышандары бар деген қорытындыға келсе, ол iс құжаттарды прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтама органына бередi.
7. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы хаттама, iстiң қаралуын қамтамасыз ету.
7.1. ЖҚЕ тәртiбiн бұзушылық туралы, полиция қызметкерi хаттама жазады.
Ескерме:
- Әскери жол полициясының қызметкерлерi (әскери қарулы күштер қатарындағы жүргiзушiлерге байланысты) және басқа да жабық жерлердегi жол көлiктерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалайтын мекемелердiң қызметкерлерi ЖҚЕ тәртiбiн бұзушыларға арналған өз мекемелерiнiң құжаттама нұсқаларын толтырады;
- жаңа Нұсқау енгiзiлгенге дейiн (ЖҚЕ тәртiбiн бұзушылық бойынша iс шараларын өндiру) жол полициясы бөлiмшелерi бұрынғы құжат нұсқаларын пайдалануы керек (N-1 қосымша).
7.2. Тәртiп бұзушылар бiрнеше адам болса, әрқайсысына жеке хаттама жасалады.
Хаттамада мыналар көрсетiледi: оның жасалған мерзiмi мен орны, жасаған адамның қызметi, аты-жөнi, тәртiп бұзушы туралы мәлiметтер, тәртiп бұзушылықтың жасалған орны, уақыты және мәнi сол тәртiп бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн нақтылы шара, егер болса куәлармен жәбiрленушiлердiң, фамилиялары, адрестерi; тәртiп бұзушының түсiнiктемесi, ауа-райы туралы мәлiмет жазылған құжаттың деректерi, егер қолданылған болса техникалық құрал-сайманның көрсеткiштерi, сақтандыру жасайтын мекеменiң аты, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң сақтандыру жасалуы туралы деректер, iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер.
Ескерме: сақтандыру құжаты және оны жасайтын мекеме туралы деректер хаттама парағының ортасындағы ашық жолдарға толтырылады.
Хаттамаға, оны жасаған адам және әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықты жасаған адам қол қояды; куәләр мен жәбiрленушiлер болған жағдайда хаттамаға осы адамдар да қол қоюы мүмкiн.
Тәртiп бұзушылықты жасаған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан ретте, бұл туралы онда жазылады. Тәртiп бұзушылықты жасаған адам сол туралы жазылған хаттаманың мазмұны жөнiнде, оған қоса тiркелетiн түсiнiктемелер мен ескертпелердi табыс етуге, сондай-ақ өзiнiң протоколға қол қоюдан бас тартуының себептерiн баяндауға хақы бар.
Тәртiп бұзушының әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодекстiң 261 бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi тәртiп бұзу кезеңi туралы хаттама жасау кезiнде оған түсiндiрiледi, ол жайында хаттамада белгi жасалады.
7.3. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша белгiлi болған деректерге сүйенiп хаттама жасау сол уақиға болған жерде мүмкiн болмаған жағдайда, ал ондай хаттаманы жасау мiндеттi болып табылса, не тәртiп бұзушының аты-жөнiн дәлелдейтiн төл құжаты жоқ болса оны полиция бөлiмшесiне жеткiзу қажет.
Жеткiзу неғұрлым қысқа мерзiмде жүргiзiлуге тиiс.
7.4. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықты болғызбау, әшкере уақиға жөнiнде хаттама жасау, iстердi дер кезiнде әрi дұрыс қарауды және ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық iстер жөнiндегi қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында адамды әкiмшiлiк ұстауға, тiкелей өзiн тексеруге, заттар мен бас құжаттарын алып қоюға жол берiледi.
Әкiмшiлiк ұстау үш сағаттан аспауы керек, Уақыт тәртiп бұзушыны ұстап, ұстау хаттамасын жасаған уақыттан басталады, мас адам үшiн ол айыққан уақытынан басталады.
Әкiмшiлiк ұстау туралы хаттама жасалады, онда жасалған адамның орны, хаттама жасаған адамның қызметi, аты-жөнi, ұсталған адамның кiм екендiгi, ұсталған уақыты, орны және негiздерi. Хаттамаға қызмет адамының және ұсталған адамының қолы қойылады. Ұсталған адам қол қоюдан бас тартса, бұл туралы жазу жазылады. Ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның тұрған орны туралы туысқандарына, жұмыс не оқу орнына хабарланады. Жасы толмаған адам болса ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға хабарлау мiндеттi.
Әкiмшiлiк ұстау, тiкелей өзiн тексеру, заттар мен төл құжаттарын алып қою әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодексте, ҚР басқа заңдарында белгiленедi.
Ескерме: ҚР заңына байланысты әкiмшiлiк ұстауға, өзiн және заттарын тексеруге, көлiгiн тексеруге болмайтын лауазымды адамдар: прокурорлар, соттар (қызмет бабындағы жағдайларда). Бұл ескерме ҚР заңында тiкелей ескерiлген уақиғаларға жатпайды.
7.5. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша көлiк құралын жүргiзу куәлiгiнен айыру не айып салығын салу жазалары қолданарда жүргiзушiнiң көлiк жүргiзу куәлiгi, уақиға туралы қаулы шығарылғанға дейiн, алып қойылады, жүргiзушiге уақытша рұқсат анықтамасы берiледi. Бұл туралы уақиға хаттамасына жазылады. Көлiк жүргiзу куәлiгiнен айыру туралы қаулы шығарылса куәлiк иесiне қайтарылмайды, уақытша рұқсат анықтамасы жүргiзушiнiң шағым беруiне және ол бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұзартылады, ал айып салығы салынатыны туралы қаулы қабылданса, қаулы шарты орындалғанға дейiнгi уақытқа анықтаманың мерзiмi ұзартылады.
Көлiк жүргiзуге рұқсат ретiнде берiлген уақытша анықтаманың мерзiмi бiткенде ол күшiн жоғалтады, жүргiзушiден алынып iс құжаттарына қосылады.
7.6. Көлiк құралдарын жүргiзушiлер және басқа да адамдар 123, 125, 127, 127-1, 130 ӘТБК-о (КоАП) баптары бойынша тәртiп бұзса, полиция қызметкерi көлiк құралының нөмiрiн шешiп алуға немесе көлiк құралын ұстап арнайы жерге апарып, тәртiп бұзушыдан аластатуға хұқы бар (тәртiп орнағанға дейiн).
Көлiктi арнайы тiркеудiң нөмiр белгiсi немесе көлiк құралының өзi тәртiп бұзушыдан аластатылса, бұл деректер тәртiп бұзу туралы жасалған хаттама жазылады.
Ескерме: Бұл деректер уақиғаның мазмұны жазылған орынның астына жалғаса жазылады.
ӘТБК (әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кодексi)-нiң N 123 бабы бойынша көлiк құралының нөмiрi шешiп алынған жағдайда акты (N 13 қосымша) жасалады да, уақиға туралы хаттамаға қосылады.
Көлiк құралдарын ұстау және уақытша сақтау үшiн жүргiзушiден аластату ҚР iшкi iстер министрлiгiнiң нақтылы тұжырымдарына байланысты орындалады.
7.7. Мас күйiнде деп жорамалдауға жеткiлiктi негiздер бар көлiк құралдарын жүргiзушiлер мен өзге адамдар, транспорт құралын жүргiзуден шеттеуге және мас екендiгiн куәләндiруге жатады.
Ескерме: Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кодексiнiң жаңа нұсқасы шыққанға дейiн мас екендiктi куәләндiру қазiргi белгiлi тәсiлмен жүргiзiлуге тиiс: iшкi iстер мекемелерiнiң қызметкерлерi индикатор түтiгi арқылы, және куәләндiру хаттамасын жасау (N 1 қосымша), дәрiгерлiк айықтырғыш орындары акт құжатын жасау, дәрiгерлiк мекемелерде медициналық куәләндыру құжаттама актiсiн жасау.
7.8. Тәртiп бұзушы арақ iшкендiгiн куәләндiру шарасынан бас тартса, екi куәгердiң қатысуымен ЖҚЕ бұзғандығы туралы хаттама жасалады да, онда жүргiзушiнiң мас екендiгiн дәлелдейтiн себептер айтылады және тәртiп бұзушының куәләндiру шарасынан бас тарту әрекетi тәртiп бұзу туралы деректердiң соңынан тiркестiрiле жазылады.
7.9. Жол қозғалысының ережесiн бұзу салдарынан көлiк құралы, жүк не жол құрылысында бүлiнген дүниелер болса, жәбiрленушiге жеңiл жарақат салынса, елеулi шығын болса полиция қызметкерлерi уақиға туралы құрылған хаттамаға төменде көрсетiлген iс қағаздарын қосады:
- Уақиға бойынша жасалған хаттамаға уақиға схемасымен бiрге толықтырма (N 2 қосымша);
- Уақиға кейiпкерлерiнiң және куәгерлердiң түсiнiктемесi;
- Көлiк құралдарының бүлiну деңгейiн бiлдiретiн анықтама (N 3 қосымша) анықтама көшiрмелерi айқындалған түрде жүргiзушiлерге берiледi.
Ескерме: Уақиға схемасында: уақиға көрiнiсi суреттеледi (тежеу iзi, жол көлiктерi уақиғасының салдарынан пайда болған сынықшалар), ерекше белгiлер (уақиғаға тән) және қатысушылар мен уақиғаны көрген адамдардың айтуы бойынша соқтығыс болған жердi мейлiнше дәл белгiлеу, нақтылы деректер (өлшеумен анықталған), көлiк құралдарының уақиға кезiнде қалай орналасқандығын анықтауға мүмкiндiк бередi, жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық бұйымдардың орналасу тәртiбi де қағазға түсiрiледi (белгiлер, қоршаулар, бағдаршам тұрғысы т.б.). Осы атаулардың көрiнiсi жолдың ұзындығымен көлденеңiне сәйкес екi өлшеммен белгiленедi де қозғалмайтын заттың орнына байланысты басқа заттардың орны екi өлшеммен анықталады. Жол белгiлерiнiң бейнесi мен басқа белгiлерi жол қозғалысының ережелерiне сай жүргiзiледi.
Схема, оны құрастырған қызмет адамының қол қоюымен және жүргiзушiлер мен пысықтаушылардың қол қоюларымен айқындалады.
Жағдайға байланысты кiнәлi жүргiзушi туралы деректердi жазбаша сұрастырғандарға жол полициясы қызметкерi жауап қайтарады.
Көрсетiлген iстер әкiмшiлiк қараудан өтедi, айыпты iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылмайды, егер жеңiл жарақат алған адам тарапынан өтiнiш түспеген жағдайда.
Ескерме: ҚР әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы Кодексi қабылданғанға дейiн:
- Уақиға барысында жеңiл жарақат арқылы адам денсаулығына зақым келгендiгi туралы қозғалған ЖҚЕ бұзушылыққа байланысты iстiң жүргiзiлу тәртiбi осы нұсқаудағы қағидаларға сай орындалуы керек, уақиға болған жердi мұқият қарап хаттама жазу;
- Денсаулыққа жеңiл түрде зақым келуiн айқындау ҚР ҚК (УК РК) негiзiнде жүргiзiледi, денсаулыққа жеңiл түрде зақым келу дегенiмiз, бұл қысқа мерзiмге денсаулықтың жарамауы немесе еңбекке жарамдылық қабiлетiн азғана уақытқа жоғалтуы;
- Денсаулыққа тиген зақымның нақтылы деңгейiн анықтау мүмкiн емес болса, не зақымданған адамнан арыз түссе, жол полициясы қызметкерi сот-дәрiгерлiк экспертиза жасауды белгiлейдi, iс барысы экспертиза қорытындысына байланысты ҚР ҚПК (УПК) жәйiттерiне қарай айқындалады.
Iстi дұрыс шешу мақсатында қажет болса мүлiктiк зиянның мөлшерiн анықтайтын құжаттама талап етiледi.
Ескерме: ҚР әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы Кодексi қабылданғанға дейiн "Көлемдi мөлшердегi мүлiктiк зиян" деген ұғымды "үлкен мөлшердегi мүлiктiк зиян" деп қарау қажет. ҚР қылмысты iстер кодексi бойынша "үлкен мөлшердегi мүлiктiк зиян" мөлшерi жеке азаматтық айлық табысынан 100 есе артық көлемдi, не болмаса мекемелер мен мемлекетке тигiзген зиян айлық есептен 500 есе артық көлемде ҚР заң қарарлары бойынша қылмыс жасалған уақыт шамасында.
7.10. Уақытша рұқсат құжаты берiлген күннен бастап 30 тәулiкке дейiн күшiнде. Уақытша рұқсатпен жүрген көлiк жүргiзушiсi ЖҚЕ бұзса жаңадан берiлген рұқсат мерзiмi, бұрынғы рұқсат мерзiмiмен шектеледi, бiрақ үш тәулiктен кем болмауға тиiстi. Қажет жағдайда бұл мерзiмдi осы iстi қараушы жол полициясы қызметкерлерi екi айға дейiн ұзартуына хақы бар. Уақытша рұқсатты үлкен мерзiмге ұзарту мәселесiн шешетiн: жол полициясының iс қаралатын жердегi бастығы не оның орынбасары - үш айға дейiн; ҚР iшкi iстер министрлiгiнiң ЖПД бастығы, облыстардағы, және Ақмола, Алматы қалаларындағы IIББ, IIБ ЖПБ бастықтары және олардың орынбасарлары - үш айдан артық мерзiмге рұқсат бере алады.
Уақытша рұқсаттың мерзiмiн созу жол полициясы бөлiмшелерiнiң мөрiмен анықталады.
Жол көлiктерiн мас күйiнде жүргiзгенi үшiн жүргiзу куәлiгi орнына берiлген уақытша рұқсат қағазында " в н/с ___ ________г. " анық түрде көлiктi мас күйiнде жүргiзгенi үшiн әшкереленгенi туралы дерек жазылады. Жаңадан уақытша рұқсат берiлгенде әшкере дерегi қайталанып жазылады.
Уақытша рұқсатпен жүрген жүргiзушi ЖҚЕ қайта бұзса, ол турасындағы әкiмшiлiк iсiн қараған жол полициясының бөлiмшесiне тапсырылады.
7.11. Уақытша рұқсат жоғалса көшiрме берiледi. Көшiрме алу үшiн жүргiзушi iсi қаралған не уақиға тiркелген жол полициясының бөлiмшелерiне арыз жазады. Жол полициясының қызметкерi заңды түрде белгiленген мерзiмде, арызды қарап, сол бойынша тексеру шараларын өткiзуден кейiн дубликат беру жөнiнде тұжырым жасайды.
Тұжырымды жол полициясы бөлiмшесiнiң бастығы не орынбасары қолдау қойса дубликат беру мәселесi рұқсат қағазының жаңа бланкiсiн толтыру бойынша реттеледi. Бұл уақытша рұқсаттың серия және нөмiрi сызылып тасталады да уақытша рұқсаттың дубликаты (серия ___ N____) деп жазылады, "жүргiзушi куәлiгiнiң орнына" деген жерге орнына уақытша рұқсат берiлген жеке құжаттың нөмiрi мен сериясы жазылады.
Жаңа хаттама парағының сыртына жоғалған уақытша рұқсаттың дубликаты (серия ___ N_____) деп жазылады. Бұл парақ әкiмшiлiк iстiң көлемiне қосылады.
8. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi жүргiзуге қатысатын адамдар.
8.1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам iс материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге, iс қаралған кезде адвокаттың заң көмегiмен пайдалануға, ана тiлiнде сөйлеуге, iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн болса тiлмаштың қызметiмен пайдалануға, iс жөнiндегi қаулыға шағым беруге хұқы бар.
ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның қатысуымен қаралады. Ол адам жоқ болса бұл iс, оған iстiң қаралатын орны, уақыты дер кезiнде хабарланғаны туралы деректер болған кезде және егер одан iстiң қаралуын кейiнге қалдыра тұру туралы өтiнiш түспеген реттерде ғана қаралуы мүмкiн.
Iстiң қаралатын уақыты мен орнын дер кезiнде хабарланғаны туралы деректердiң айғағы мыналар:
Хаттама құжатының бетiндегi деректi жазулар "Iс қаралатын уақыт, қайда, қашан келу керек" және "хаттамамен таныстым құқық пен парыз жөнiнде түсiнiк алдым, iстi қарайтын орын мен уақыт айтылды" (тәртiп бұзушының қолы).
Хаттама құжаты жасалған кезде тәртiп бұзушыға iс қаралатын орын мен уақыт айтылмаса, iс қарау мерзiмiне орай ол алдын ала ескерту қағазы арқылы шақырылады, бұл естiрту құжаты мекен-жайына не жұмыс орнына жiберiледi (N 4 қосымша). Ескерту (шақырту) қағазының жұрнағы iс көлемiне тiркеледi.
Iс қаралуына шақыру басқа да арналар арқылы орындалуы мүмкiн (телефонограмма, пейджер, телефакс т.б.) бұл туралы анықтамалар iс көлемiне қосылады.
8.2. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiпте бұзушылық арқылы моральдiк, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген адам жәбiрленушi болып табылады.
Жәбiрленушi iстiң материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, өтiнiш мәлiмдеуге ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға шағым беруге хұқы бар.
8.3. Жасы толмаған немесе өздерiнiң дене, психикалық кемiстiктерi салдарынан ЖҚЕ бұзушылық туралы iстер жөнiндегi өз хұқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар болып табылатын, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам мен жәбiрленушiнiң мүдделерiн олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, бала қылып асырап алушылар, қорғаншылары, қамқоршылары) бiлдiруге хұқы бар.
8.4. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiптi бұзушылық iстi қарауға қатысатын адвокат iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға, қатысуға; өтiнiш мәлiмдеуге; iстi қарайтын мекеменiң қаулысына оны шақырған адамның тапсыруы бойынша, соның атынан шағым жасауға хұқы бар.
Адвокаттың өкiлеттiгi ордермен бекiтiледi.
8.5. Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi куә ретiнде сол iс бойынша анықтауға жататын қандай да болсын мән-жайлар) белгiлi болуы ықтимал, кез келген адам шақырылуы мүмкiн.
Iстi жүргiзетiн мекеменiң шақыруы бойынша, куә көрсетiлген уақытта келуге, дұрыс жауап беруге, iс жөнiнде оған белгiлi нәрсенiң бәрiн хабарлауға, қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға мiндеттi.
8.6. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жүргiзiлуi барысында эксперт, тiлмаш т.б. ҚР заңымен анықталған адамдар қатыса алады.
9. Жол қозғалысының ережелерiн әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi қарау.
9.1. Лауазымды адам ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрленген кезде мына мәселелердi анықтайды:
1) Сол iстi қарау оның жете бiлушiлiгiне жата ма;
2) Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстiң хаттамасы мен басқа да материалдары бұрыс жасалған ба;
3) Iстi қарауға қатысатын адамға оны уақыты мен орны туралы хабарланған ба;
4) Қажеттi қосымша материалдар сұратып алынған ба;
5) Әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның, жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерi мен адвокаттың өтiнiштерi қанағаттандыруға немесе қанағаттандырмауға жата ма.
9.2. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс оның жасалған орнында қаралады.
ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы осы кодекстiң 123-130, 132, 133-баптарында көзделген iстердi көлiк құралдары есепке алынған орында да қарауға болады.
ҚР заңдарында ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстi қараудың өзге де орны көзделуi мүмкiн.
Азаматтардың ыңғайына қарай жол полициясының бөлiмшелерiнде тәртiп бұзу iстерi, тәртiп бұзушылардың тұратын жерiнде қаралады.
Ескерме: ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс бойынша көлiк жүргiзушiнi куәлiгiнен айыру жазасын қолдану мәжбүрлiгi туса, бұл iстiң уақиға болған жерде қаралуы тек қана тәртiптi дөрекi және қайталап бұзған жағдайда болуы керек.
ЖҚЕ бұзу жөнiндегi iстердiң құрамы 86 бап, 123 бап. 1-2 бөл., 124-1 бап., 129 бап., 131-1 бап. - осы баптарға байланысты болса, бұл iстердi жол полициясының қызметкерлерi тәртiп бұзылған орында қарауына болады.
9.3. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстер арнайы мекеменiң лауазымды қызметкерi тәртiп бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмi iшiнде қаралады.
9.4. Iстi қарау iстi қарайтын лауазымды адамды таныстырудан басталады. Iстi қарайтын лауазымды адам қандай iс қарауға жататынын кiм жауапқа тартылатындығын жариялайды, iске қатысатын адамдардың құқығы мен мiндеттерiн түсiндiредi. Бұдан кейiн ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы хаттама жарияланады, iстi қарау барысында өтiнiштер шешiледi, қатысушы тыңдалады, дәлелдемелер зерттеледi.
9.5. Лауазымды адам ЖҚЕ әкiмшiлiк право бұзушылық туралы iстi қараған кезде мыналарды анықтауға мiндеттi: әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасалды ма, сол адам оны жасауда кiнәлi ме, ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңiлдететiн не ауырлататын мән-жәйлар бар ма, мүлiктiк залал келтiрiлген бе, тәртiп бұзушылық туралы iс қағаздарын еңбек коллективiнiң қарауына беру үшiн негiз бар ма, iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
9.6. Тәртiп бұзушылық iстi қарап лауазымды адам мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2. Іс жүргiзудi қысқарту туралы.
Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы кодекстiң 240, 241 баптарында көзделген реттерде шығарылады.
Ескерме: Қаулы қағазының пайымы N 6 қосымшада көрсетiлген, тәртiп бұзушылық хаттамасында келтiрiлген қаулы пайымын қолдануға болады (N 1 қосымша).
9.7. Қаулы iстi қарау аяқталғаннан кейiн дереу жарияланады. Қаулының көшiрмесi үш күннiң iшiнде ол шығарылған адамына, сондай-ақ жәбiрленушiнiң өтiнуi бойынша оған тапсырылады немесе жiберiледi.
9.8. Кодекстiң 128, 133 баптарында көзделген әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi қарайтын лауазымды адам тәртiп бұзушыға қолданылған жаза туралы оның жұмыс, немесе тұрғылықты орнындағы әкiмшiлiкке не қоғамдық ұйымға жеткiзедi.
9.9. Iстi қарайтын лауазымды адам ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жасауға итермелейтiн себептердi анықтаған кезде кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшыларына бұл себептердi жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi.
Ұсыныс түскен адамдар сол күннен бастап бiр ай iшiнде ұсыныс жасаған лауазымды адамға қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
10. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы іс жөнiндегi қаулыға шағым беру, наразылық бiлдiру.
10.1. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға ол шығарылған адамның, сондай-ақ жәбiрленушiнiң шағым беруi мүмкiн.
10.2. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы лауазымды адамның шығарған қаулысына жоғарғы орынға шағым берiлуi мүмкiн, содан кейiн шағым халық сотына берiледi, оның шешiмiнiң нақтылығы соңғысы болады.
10.3. Тәртiп бұзушылық iс туралы қаулыға наразылықты он күн iшiнде беруге болады (қаулы шыққан күннен бастап). Уақыт мерзiмi орынды себептермен өтiп кетсе қаулы шығарылған адамның жазған арызы бойынша бұл мерзiмдi шағым қарауға хұқы бар лауазымды адам қалпына келтiруi мүмкiн.
10.4. Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық iсi жөнiнде қаулы шығарған лауазымды адамға, шығарылған қаулы жөнiнде шағым берiледi, ол шағымды өзi жүргiзген iстiң материалдарымен бiрге шағымды қарауға хұқы бар лауазымды адамға жөнелтедi.
10.5. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға прокурор наразылық бiлдiруi мүмкiн.
10.6. Прокурорлық наразылық бiлдiруi не уақытында берiлген шағым осы мәселелер қаралғанға дейiн қаулының орындалуын тоқтата тұрады.
10.7. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық тәртiп iс жөнiндегi қаулыға шағым не наразылық лауазымды адамдар олар түскен күннен бастап он күн мерзiмi iшiнде қарайды.
10.8. Прокурор наразылығы, шағым және оларды қарайтын лауазымды адамның хұқысы кодекстiң 286, 287 баптарында көрсетiлген.
Шағым және наразылық қарау бойынша тұжырым жасалады (N 3 қосымша).
Шағымды, наразылықты қарау бойынша жасалған шешiм қаулымен реттеледi (N 6 қосымша), кодекстiң 287-1 бойынша шығарылған шешiмнен басқа.
Шағымды, наразылықты тексеру барысындағы қаулы, шағым, тұжырым және басқа материалдар әкiмшiлiк iстiң көлемiне қосылады.
10.9. Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi үш күн iшiнде ол шығарылған адамына және жәбiрленушiнiң өтiнуi бойынша оған, сондай-ақ iс жөнiнде қаулы шығарған органға жiберiледi. Наразылық қараудың нәтижелерi туралы прокурорға хабарланады.
10.10. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iстi қысқарта отырып қаулыны бұзу, жүргiзушi куәлiгiн қайтару, өндiрiп алынған ақшалай соманы қайтару ҚР финанс министрлiктерiнiң мекемелерi арқылы орындалады.
10.11. Қаралған iс бойынша шығарылған қаулының орынсыздығынан ол бұзылса, оған кiнәлi лауазымды адамдарға.
11. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
11.1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы мемлекеттiк және қоғамдық мекемелердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
Ескерме: Жол полициясының лауазымды адамдарының қаулысы ҚР барлық жол полициясының бөлiмшелерiнiң орындауы шарт.
11.2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы оны шығарған күннен бастап орындауға жатады. Қаулыға шағым не наразылық бiлдiрген жағдайда қаулы шағымды немесе наразылықты қанағаттандырғысыз қалдырудан кейiн ерiксiз орындауға жатады.
11.3. Айып төлеу түрiнде жаза қолдану туралы қаулының дереу орындалуын мүмкiн етпейтiн жәйлар болған кезде қаулы шығарған лауазымды адам, қаулы шығарған адамның арызы бойынша, қаулыны бiр айға кейiн қалдыра алады.
11.4. Лауазымды адам қаулыны орындауды мынадай ретте қысқартады:
1). Амнистия актiсi шығарылса, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жойса;
2). Әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн акт бұзылса;
3). Қаулы шығарылған адам қайтыс болса.
Қысқартылған орындау iсi қайта басталуы мүмкiн емес.
Ескерме: Қаулыны орындауды қысқарту, орындауды қысқарту қаулысымен тұжырымдалады.
11.5. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, егер ол шығарылған күннен бастап үш ай iшiнде орындауға берiлмеген болса, орындауға жатпайды.
Орындауға бет бұру қаулы шығарылған адамға сол қаулыны қол хат арқылы табыс ету, қаулыны ерiксiз орындату үшiн сол қаулыны жұмыс орнына, оқу орнына, мекен жайына не сот орындаушысына табыс ету.
Қаулыны орындау тежелуi шағым не наразылыққа байланысты не орындау мерзiмi арыз арқылы шегерiлсе шағымды орындаудағы уақыт ағымы тежеледi (шағым, наразылық қаралғанға дейiн).
11.6. Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, қаулы шығарған лауазымды адам iстi қарау аяқталғаннан кейiн оны жариялау жолымен орындайды.
11.7. Штрафты тәртiп бұзушы штраф салу туралы қаулы оған тапсырылған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей, ал мұндай қаулыға шағым берiлген немесе наразылық келтiрген ретте-шағымның немесе наразылықтың қанағаттандырғысыз қалдырылғаны туралы ескертiлген күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
Салған штрафты тәртiп бұзушы банкi мекемелерi не почта бөлiмшелерi арқылы өтеп, ол туралы тиiстi құжат қағаздар алады.
Ескертпе: Штраф қаражаты өткiзiлетiн бюджеттiң есеп шоттары жергiлiктi басқару жүйесiнiң нұсқауымен тағайындалады.
11.8. Тәртiп бұзушы штрафты Кодекстiң 301 бабында белгiленген мерзiмде төлемеген ретте, ол туралы қаулы, айып сомасын оның жалақысынан немесе өзге еңбек табысынан, пенсиясынан, степендиясынан азаматтық iстердi жүргiзу заңдарында белгiленген ережелерге сәйкес ерiксiз түрде ұстап қалу үшiн жiберiледi.
Егер айып салынған адам жұмыс iстемесе немесе айыпты тәртiп бұзушының жалақысынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, оны өндiру сот орындаушысы арқылы жүргiзiледi. Тәртiп бұзушының жеке меншiгiндегi мүлкiнен және ортақ меншiктегi үлесiнен Кодекс ережелерiне сай өндiрiп алу жолы жүргiзiледi. Айып салынған ерiксiз өндiру үшiн арнайы қаулы қосымша хатпен (7 қосымша) жұмыс, оқу орындарына не тұрған жерiне жiберiледi.
11.9. Көлiк жүргiзу куәлiгiнен айыру қаулысы куәлiктi алып қою арқылы орындалады.
11.10. Жүргiзушiлердiң көлiк жүргiзу куәлiгiнен айыру мерзiмi осы туралы қаулы шыққан кезден бастап есептеледi, егер жүргiзушi қаулыға бағынып куәлiгiн тапсырғысы келмесе куәлiктен айыру мерзiмi оны нақтылы аластатылған уақыттан басталады.
Көлiк жүргiзу куәлiгiнен айыру туралы қаулыға мойынсұнбаған жүргiзушiге жол полициясы қызметкерi тарапынан қаулыдағы шешiмге байланысты жүргiзушi куәлiгiн айырып алуға тиiстi шаралар қолданады.
11.11. ЖҚЕ бұзғандығы үшiн жасалған қаулыны және соған байланысты материалдарды қаулы шешiмi бойынша қоғамдық ұйымдардың, еңбек коллективтерiнiң қарауына берiлетiн болса, жүргiзушiнiң куәлiгi өзiне қайтарылады, уақытша рұқсат алынып iс көлемiне қосылады. Қоғамдық не еңбек ұйымдарына негiзгi материалдармен қоса хат жүзiндегi деректер жiберiледi.
Олардың жауабы немесе қолданған шара туралы деректерi келiп түссе, iс бойынша жиналған материалдарға қосылады.
11.12. Жүргiзушiнiң тәртiбi түзелiп, үлгiлi жолға түсуi оның жазасын жеңiлдетуге себеп болады. Қоғамдық және еңбек ұйымдарының сұрауы бойынша жаза қаулысын шығарған адам жүргiзушiнi куәлiктен айыру мерзiмiн арнаулы қаулы арқылы қысқарта алады.
12. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iстердi өндiру ретi.
ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн iстер ҚР заңына сәйкес және осы Инструкцияда айқындалған ретке сүйене атқарылады.
Жол полициясы бөлiмшелерiнде жол қозғалысының ережелерiн бұзушылар бойынша жүргiзiлетiн iстермен бөлiмдер (бөлiмшелер, топтар), арнайы қызмет адамдары шұғылданады. Олардың iс-әрекеттерiн лауазымды басшылар, олардың орынбасарлары басқарады.
12.1. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық бойынша жүргiзiлетiн әкiмшiлiк iстердi дайындау және тiркеу ретi.
12.1.1. Жол қозғалысының ережесiн бұзғандық туралы жасалатын хаттама және уақытша рұқсат бланкiлерi, куәгерлендiру хаттамасының бланкiлерi, индикатор түтiгiнiң көрсеткiшiн тiркеу бланкiлерi қатал есепке алынатын құжаттар қатарына жатады. Оларды типографияда дайындау кезiнде нөмiрлерiнiң бiрыңғай болуы қадағалану керек. Сериялары осы облысқа тағайындалған мемлекеттiк серияның нөмiр белгiлерiне сай болуы қажет. Уақытша рұқсат бланкiлерiнде осы облыстың жол полициясының мөрi соғылады.
Қабылдау, есепке алу, сақтау және берiлу жолдары, қатал есептегi құжаттарға қойылатын шарттарға байланысты болуы қажет. Қатал есепке алынатын бланкiлерге арналған кiрiс, шығыс журналы бойынша бұлардың есебi жүргiзiлiп отыруға тиiстi (NN 8-9 қосымша).
Пайдаланған хаттама бланкiсiнiң және бүлiнген хаттама мен уақытша рұқсат бланкiлерiнiң жұрнақ нұсқалары осыларға жауапкершiлiк ететiн адамға тапсырылады және алыс, берiс есебi арнайы журналға тiркеледi.
Жауапты адам бланкiлердiң кiрiс, шығысын айына екi рет тексерiп отырады. Тексеру нәтижесi жол полициясы бөлiмшесiнiң бастығына жазбаша жеткiзiледi. Бланкi пайдалану iсiнде шатақ шықса қайталай тексерiс жүргiзiледi, қажет болса айыпты адамға тәртiптiк шара қолданылады.
12.1.2. Құжат бланкiлерi сиямен (пастамен) толтырылуы қажет, олардың түсi көкшiл немесе қара.
Хаттамаларды, уақытша рұқсаттарды толық толтыру қажет. Аты-жөнi печатты әрiптермен толтырылады. Хаттама бетiндегi "тәртiп бұзушылықтың болған орны, уақыты" деген нұсқаны нақтылы дерекпен толтыру керек. Орынды айқындау ең жақын орналасқан тапжылмайтын объектiге орай белгiленедi. Мысалы:"...11.03.98ж. 19.40 сағ. Қорабаев көшесiнiң жұп жағындағы N 6 үйдiң жанында...".
Тәртiп бұзушылықты айқындау барысында арнайы құрал-саймандар қолданылса хаттамада метрологиялық тексерудiң аталымы, нөмiрi, уақыты және қолданылған құрал-саймандар бойынша көрсеткiштер тiркеледi. Хаттама бетiне тәртiп бұзушының түсiнiктемесi сыймаса, ол түсiнiктеменi бөлек қағазға жазуына болады, кейiн ол қағаз хаттамаға қосылады.
12.1.3. Iс жөнiнде жасалған хаттамалар, жүргiзушiден алынған куәлiкпен (уақытша рұқсатпен) басқа да құжаттар ЖҚЕ бұзу жөнiндегi әкiмшiлiк iстiң құрамы болып есептелiнедi, тәртiп бұзушылық бойынша пайда болған (мағлұмат, мәлiмдеме) т.б. материалдармен қоса смена бiткесiн жол полициясының лауазымды адамдарына табыс етiледi. Ол адамдар хаттамалардың дұрыстығын, әдiлдiгiн, жеке бас құжаттарының алынуының заңдылығын, шешiлiп алынған нөмiр белгiлерi, көлiк құралдарының алынуы, ұсталуы орынды, заңдылығын тексередi және заңдылыққа қайшы қылықтарды қай жағынан болсын түзетуге тырысады.
Тексеруден кейiн әкiмшiлiк iстер мен материалдар жол полиция қызметкерлерiне қайтарылады да, солар арқылы тiркеледi (ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстер ретiнде).
Әкiмшiлiк iстер басқа да ЖҚЕ бұзушылық жөнiндегi материалдар, аластап алынған құжаттар мен нөмiр белгiлерi жұмыс аяғында хаттаманың жұрнақ нұсқасына жазылған қолхат бойынша жол полициясының бөлiмшесiндегi кезекшi бөлiгiндегi әкiмшiлiк iстердi тiркеуге жауапты адамға тапсырылады. Кезекшi бөлiгi жоқ жол полициясы бөлiмшелерiнде әкiмшiлiк iстi қабылдау және тiркеу, IIО (ОВД) бастығының бұйрығы бойынша, IIО кезекшi бөлiгiнiң қызметкерлерiне жүктеледi.
ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстер осыған байланысты материалдар тiркелетiн арнайы журналға тiркеледi.
Ескерме: - Әкiмшiлiк iстердiң құрамында кезек сөткесi iшiнде түзетiлуге мүмкiн емес, заңға қайшылықтар болған күнде де бұл iстер тiркеуге алынуы керек.
ЖҚЕ бұзушылық жөнiндегi iстердiң құрамы Кодекстiң 127, 127-1, баптарында қарастырылған жауапкершiлiкке сай келсе, бұл iстер жол көлiктерi уақиғасын тiркейтiн журналға тiркеледi.
12.1.4. Аластап алынған мемлекеттiк нөмiр белгiлерi және ұсталған көлiк құралдарын тiркеу және есепке алу журналы пайдаланылады (N15, N 16 қосымша).
Ескерме: Ұсталған көлiк құралдарының тұрған орнына қарамастан, жол полициясының кез келген бөлiмшесiнде тұрған басқа да ұсталған көлiк құралдары жаппай тiркеуге алынады.
12.1.5. ЖҚЕ бұзушылық туралы материалдарды есепке алатын журналды, және шешiлiп алынған нөмiрлер, ұсталған көлiк құралдарын есепке алатын журналды жол полициясының бөлiмшесiндегi кезекшi бөлiгiнiң қызметкерлерi жүргiзедi.
Жол полициясының бөлiмшесiнде кезекшi бөлiк болмаған жағдайда жоғарыда айтылған журналдарды жүргiзу арнайы адамдарға жүктеледi. Кешкi және түн мезгiлдерiнде тiркеу жұмыстарына нұқсан келмеу үшiн, аталмышты журналдар қалалық, аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң (ҚАIIБ) кезекшi бөлiктерiне берiледi.
12.1.6. Iшкi iстер бөлiмiнiң басқа да бөлiмшелерiнен келiп түсiп жататын, ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстер жеке журналға осы iстердi тiркеу жүктелген арнайы қызметкерлер тiркейдi.
12.1.7. Компьютерлер қолданылатын жол полициясы бөлiмшелерiнде аталмышты журналдар болмайды, ЖҚЕ бұзушылыққа байланысты жүргiзiлетiн әкiмшiлiк iстер, оларды есепке алу және тiркеу компьютер квесталарына орналастырылады (деректер ретiнде).
Ескерме: Компьютерлiк есепке алыну барысында ЖҚЕ бұзушылықа байланысты әкiмшiлiк iстер құрамына журналға тiркелген реквизиттер туралы деректер кiруi керек;
- компьютерлiк есеп және тiркеу игерiлген жерлерде мемлекеттiк нөмiр және ұсталған жол көлiктерi туралы деректердi тiркейтiн журналдың да қажетi жоқ.
12.2. Әкiмшiлiк iстi қарауға дайындауға реттi, Әкiмшiлiк iстердi қажеттi орындарға жеткiзу.
12.2.1. ЖҚЕ бұзушылық туралы жиналған iстер мен материалдарды журналдармен бiрге (10, 14, 15 қосымша) смена бiткесiн жол полициясының бөлiмше бастығына не орынбасарына тексеру әрi қарауға дайындау үшiн берiледi.
Ескерме: Жол полициясының бөлiмшелерiнде есепке алынып тiркелген әкiмшiлiк iстердi тексеруге және қарауға дайындауға беру уақытының басқа да кезеңдерi болады.
Iстi қарауға дайындау осы нұсқаудың 9.1. бөлшегiнiң мазмұнына байланысты жүргiзiледi.
Жол полициясының бөлiмше бастығы (орынбасары) әкiмшiлiк iстердi тексергеннен кейiн, оны қарауға дайындау, не тiкелей қарайтын лауазымды адамға жолдау үшiн арнайы тағайындалған қызметкерге бередi. Iстi дайындау жөнiндегi нұсқаулар хаттама бланкiсiнiң таза бетiне жазылады және бастықтың (орынбасардың) қолы қойылады да, уақыт дерегi жазылады.
Әкiмшiлiк iстер шамадан тыс көп болған жағдайда (50 аса) бөлiмше бастықтарының дайындауына бередi бұл iстер бойынша жаза шамасы ескерту ретiнде не бiр айлық есеп ақы мөлшерiндегi айып салығы болуы ықтимал.
Журналдарды тексеру (N 10, 14, 15 қосымша) деректердi жазып толтырудың дұрыстығын тексеру, әкiмшiлiк iстердi қабылдау, беру, мемлекеттiк нөмiрлердi және ұсталған көлiк құралдарын босату шараларының орындылығын, заңдылығын тексеру.
12.2.2. Бiр бөлiмшенiң iшiнде әкiмшiлiк iстер мен ЖҚЕ бұзушылыққа байланысты материалдар қызметкерлер арасында қол хат арқылы ауысады. Ол туралы есеп журналының 6 бағанына мәлiмет толтырылады.
Басқа бөлiмшелерге әкiмшiлiк iстер мен ЖҚЕ бұзушылыққа байланысты материалдар басқа да керектi құжаттар қосылып 5 (бес) күн iшiнде арнайы корреспонденция ретiнде не тарату кiтабы (N16 қосымша) бойынша жеткiзiледi. Ол туралы мәлiмет журналдың 7 бағанына жазылады. Жөнелту мерзiмi әкiмшiлiк iстi тiркеу уақытынан бастап секретариаттан жөнелту уақытына дейiн. Уақытында жөнелту шарасына жауапкершiлiк жол бөлiмшелерiнiң басшыларына жүктеледi.
Әкiмшiлiк iстердi бөтен мекемелерге жiберуге тыйым салынады. Тек қана ҚР заңдылығына байланысты наразылық бiлдiруге хұқы бар, әкiмшiлiк iстердi шешуге хұқы бар орындарға және тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуға заң жүзiнде рұқсат алған мекемелерге жiберуге болады.
Ескерме: Жоғарыда айтылған мекемелерге жататын орындарға әкiмшiлiк iстердiң бекiтiлген көшiрмесiн жiберу орынды.
12.3. ЖҚЕ бұзушылық туралы iстердi жүргiзудi ұйымдастыру. Әкiмшiлiк iстердi қарауға дайындау және қарау.
12.3.1. ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстердi қарау барысында әкiмшiлiк жаза кодекс бойынша көлiк құралын жүргiзуге тыйым салу не болмаса бiр айғы есеп көрсеткiшiнен асатын айып салығы салынатын болса ондай iс басқа әкiмшiлiк iстерiнен бөлек жүргiзiледi.
Жоғарыда айтылған әкiмшiлiк iстер әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiне келiп түскеннен кейiн iс кiтапшаларына айналып (17 қосымша), алфавит журналына тiркеледi (18 қосымша). Көлiктi мас күйiнде жүргiзгенi үшiн ұсталған адамдардың әкiмшiлiк iсi бөлек алфавит журналына тiркеледi.
12.3.2. Әкiмшiлiк тәлiм инспекторы, әкiмшiлiк iстердi және ЖҚЕ бұзушылық туралы iс материалдарын алған соң басшыдан (орынбасарынан) келген жазбаша немесе ауызша нұсқауларға байланысты;
- әкiмшiлiк iс туралы құжаттарды сарапқа салып дәлелдемелердiң толықтығы мен шынайылығын, тәртiп бұзушы туралы деректердi, iс дайындаудағы нақтылықтар жөнiнде анализ жасайды, керек десе қосымша деректер жинайды;
- iстiң қаралуына қатынасатын адамдарды анықтайды, оларды дер кезiнде шақыртуға жағдай жасайды осы Нұсқаудың 8 бөлiмiнде қойылған талаптарға сай;
- iстi уақытында қаралуына жағдай жасайды осы нұсқаудың 9.3 бөл.;
- әкiмшiлiк iстердi өз лауазымына сай қарайды, не лауазымы биiк адамдарға бередi iс қарау осы нұсқаудың 9 бөлiмiнде айтылған жағдайларға сай, ретiмен жүргiзiлуi керек;
- ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы шығарылған қаулылардың орындалуы үшiн шаралар қолданады. Заңдылық көлемiне сыйымды мөлшерде және осы нұсқаудың 11 бөлiмiнде айқындалған реттер бойынша;
- ҚР IIМ-нiң мөлшерлеу құжаттары белгiленген мерзiмдерiнде хабар орталықтарына шығарылған әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықтың автоматикалық есебiнiң статикалық тұрғысын көрсетедi.
Ескерме: тiркеу мен есеп алудың автоматикалық түрi қолданылатын бөлiмшелерде ИПК АП карточкалары толтырылмайды.
12.3.3. Әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң басшысы, не осы жұмыс жүктелген қызметкердiң ұйымдастырып жүргiзетiн шаралары:
- қатал есепке алынатын бланкiлердiң дұрыс пайдалануын қадағалау осы нұсқаудың 12.1.1. бөл. бойынша;
- ЖҚЕ бұзушылық үшiн жаза қолдану жолдарының заңды да әдiл болуын қадағалау;
- әкiмшiлiк тәлiм бойынша жүргiзiлетiн iстiң дұрыстығын қадағалау, әкiмшiлiк iстердi дер кезiнде есепке алу, тiркеу, осы iстердiң орынды әрi дұрыс екендiгiн қадағалау;
- дәрiгерлiк тексеруге әкелiнген адамдарды, жол полициясындағы сол адамдар туралы белгiлi деректер арқылы салыстыра тексеру, айына екi рет.
Әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң бастығы, не осы жұмысты атқару жүктелген адам жоғарыда көрсетiлген жұмыс шараларының орындалу барысын айына екi рет басшыға (орынбасарына) ақпарат берiп отыру керек.
Ескерме: лауазымды адамның заңсыз жасаған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысын, әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң басшысының немесе осы жұмысты атқаратын адамның ұйғарымы бойынша, жоғары тұрған лауазымды қызметкер бұзады, және азаматтардың құқығын жәбiрленушiлерден қорғайды.
12.3.4. Азаматтарға қолайлы болу үшiн ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстердi, кодекс бойынша қолданылатын жаза мөлшерi жүргiзу құқығынан айыру немесе айлық есеп мөлшерiнен асатын айып салу болса, мұндай iстер жол полициясы бөлiмдерiнде белгiлi күндерi қаралады. Iстiң қаралуы, iс қаралу хаттамасымен жасалады. Iстi қарау хаттамасы iс қарау мерзiмiне дейiн даярланады да, әкiмшiлiк iстермен бiрге қаралу үшiн басшыға берiледi. Ол белгiленген уақытта iстi қарап iс қарау хаттамасының 11 бағанында iс жөнiнде қабылданған шешiмдi жазады. Хаттамаға iс қараған адам қол қояды және әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң басшысы (орынбасары) немесе осы жұмыс жүктелген адам қолдарын қояды. Толтырылған iс қарау хаттамасы iске қосып тiгiледi.
Iс қарау хаттамасын екi данада толтыруға болады, бiрi жоғары орындағы лауазымды адамға берiледi (тексеру үшiн).
12.3.5. Әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң бастығы, немесе осы жұмыс жүктелген қызметкер төменгi бөлiмдердiң әкiмшiлiк тәлiм жөнiндегi жұмыстарын қадағалайды.
12.3.6. Әкiмшiлiк тәлiм бөлiмiнiң бастығы немесе осы жүктелген қызметкер, осы жол полициясының бөлiмiнiң қарауындағы жердiң көлемiнде әкiмшiлiк тәлiмнiң жағдайы жөнiнде анализ жасайды, әкiмшiлiк жазаның қолдану жәйлары, әкiмшiлiк тәлiмнiң бағыты, ЖҚЕ бұзушылықтың себептерi және жолдары, бақылау тұжырымдарын дайындайды, әкiмшiлiк тәлiм жөнiнде есеп мәлiметтер деңгейi.
12.4. ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кеңсе iсiн жүргiзу.
12.4.1. Жол полициясының әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiндегi ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кеңсе iсiн жүргiзу осы нұсқаудың негiзi бойынша және ҚР IIМ-ң мөлшерлеме актiлерi бойынша iшкi iстер мекемелерiндегi iс жүргiзу ретiн дәрiптейдi.
Нақтылы бұзушылық туралы iс жүргiзудiң негiзi болып табылады және әкiмшiлiк iстердiң дұрыс шешiлуiне қызмет етедi.
12.4.2. Жол полициясының әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiнде бiрыңғай номенклатуралы iстер жүргiзiледi (22 қосымша).
Барлық бланкi реквизиттерi өз арнауларына сай толтырылуы керек.
Журнал парақтары нөмiрленiп, тiгу тiркемесiнен өтiп мөрленуi қажет.
Барлық iс номенклатурасы ЖП бөлiмшесiндегi секретариатта тiркелуi керек.
12.4.3. Әкiмшiлiк iске қатысы бар құжаттар, деректер, мәлiметтер, сұрау жауаптары, арыз-шағымдар, наразылықтар, тұжырымдар және басқа материалдар iс материалының көлемiне қосылады да бiрге сақталады.
Әкiмшiлiк iстермен ЖҚЕ бұзушылық туралы материалдар аластап алынған құжаттармен бiрге темiр сейфте сақталады.
Сейф құлпы мықты болуы шарт және мөрленiп отыруы керек.
Кiлт бөлiм қызметкерлерiнде ғана болуы керек.
Тәртiп бұзушылардың көлiк құралдарынан шешiп алынған нөмiр белгiлерi серия не цифр сандары бойынша текшеленуi керек. Нөмiр картотекасы құлыптанып мөрленуi қажет.
12.4.4. ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстер бойынша жауапкершiлiк басқару жұмысынан аластату немесе айлық есеп көрсеткiшiнен асатын айып салық жазаларын ескередi, сондықтан бұл iстер бөлек сақталады.
Аталған iстер қарау мерзiмiне сай сақталады. Қаралған iстер қарамаған iстен бөлек сақталады. Қаралған iстердi картотека шкафтарында ұстаған жөн (осы нұсқаудың 12.4.3. бөл. байланысты).
Жүргiзушi куәлiктерi қаулы көшiрмесiмен бiрге 5 (бес) күн iшiнде емтихан тапсыру бөлiмiне жiберiлуi керек (тәртiп бұзушының мекен-жайына жақын жердегi). Куәлiктердi сақтау және қайтару мәселелерi ҚР IIМ жеке нормативтi актiсiмен дәрiптеледi.
Жүргiзушiлiк куәлiктен айыру жазасы қолданылған, бiрақ куәлiгiн тапсырмаған жүргiзушiге бақылау iсi ашылады да (N 20 қосымша), осы iс көлемiне куәлiктен айыру қаулысы және осы iске байланысты материалдар тiркеледi.
12.4.5. ЖҚЕ бұзушылық туралы iстердiң қаралмаған және орындалмаған iстерiне қатысты жауапкершiлiк кодекс бойынша ескерту немесе бiр айлық есеп мөлшерiнде айып салығы ретiндегi жазалар ескерiлген. Бұл iстер алфавиттi картотека жәшiгiнде сақталады, ал бұл жәшiктер темiр сейфте орналасады. Аталған iстер жеке картотека жәшiгiнде сақталуы мүмкiн (осы нұсқаудың 12.4.3. бөл. сай).
12.4.6. ЖҚЕ бұзушылық туралы құрылған әкiмшiлiк iстердiң тындырылған түрлерiне (iске байланысты шығарылған қаулы орындалған) қатысты жауапкершiлiк, Кодекс бойынша ескерту немесе бiр айлық есеп мөлшерiнде салынған айып салығы ретiндегi жазалар ескерiлген. Бұл iстер том болып тiгiледi. Парақтар нөмiрленiп, соңғы парағында олардың жалпы саны жазылады. Әкiмшiлiк iс томдары, әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiнде арнайы архив бөлмелерiндегi шкафтарда сақталады. Әкiмшiлiк iстiң аса қажет болған жағдайында, том сөгiлiп керектi iс алынады да, оның орнына iстiң жәйi туралы анықтама салынады.
Кодекстiң 131 бабының 1 бөлiмi бойынша, ескiрiлген әкiмшiлiк iстердiң тындырылған сандары бөлек том болып тiгiледi.
12.4.7. Әкiмшiлiк iстер, сұрау салынбаған жүргiзушiлер куәлiктерi, мемлекеттiк нөмiр белгiлерi қаулы орындалған уақыттан кейiн екi жыл сақталады.
12.4.8. Хаттамалардың жұрнақ нұсқасы, бүлiнген бланкiлер, әкiмшiлiк iстер, сұрау салынбаған жүргiзушiлер куәлiгi көлiк, нөмiрлiк белгiлерi сақтау мерзiмi өтiп кеткендiктен, әкiмшiлiк тәлiм тарапына тексеру жүргiзiлген кезде жойылады. Жою шарасы актi жасау арқылы айқындалады. Сұрау салынбаған жүргiзушiлер куәлiктерi, көлiк нөмiрлiк белгiлерi туралы жою актiсiнiң көшiрмесi, ЖП тiркеу есебiн жүргiзу және емтихан қабылдау бөлiмiне табыс етiледi.
12.4.9. ЖП әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiне азаматтарды қабылдау кестесiнiң төмендегi ретi ұсынылады:
дүйсенбi - 10.00 - 13.00 (демалыс 13.00)
сейсенбi - 10.00 - 12.00 және 15.00 - 17.00
сәрсенбi - 10.00 - 12.00 және 15.00 - 17.00
бейсенбi - (қызмет бабы бойынша жаттығу) және 15.00 - 17.00
жұма - 10.00 - 12.00 және 15.00 - 17.00
сенбi - 10.00 - 13.00
ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iстерге қатысты жауапкершiлiк, кодекс бойынша жүргiзу куәлiгiнен айыру не бiр айлық есеп көрсеткiшiнен артық мөлшерде айып салығын салу жазаларын қолдану, ескiрiлген әкiмшiлiк iстерi туралы азаматтарды сәрсенбiде - 17.00; сенбiде - 11.00; қабылдау ретi ұсынылады.
12.4.10. ҚР бойынша әкiмшiлiк тәртiптi бұзушылық туралы кодекс қабылданғанға дейiн ЖПБ (УДП) қатал есептелуге жататын бланкi түрлерiмен, журналдармен iстермен жеткiлiктi түрде қамтамасыз ету облыстардың, IIБ, Ақмола, Алматы қ.қ., жүктеледi.
Ескерме: Қатал есептелуге жататын бланкiлердi дайындау тапсырмалары туралы, оларды типографиядан алу туралы құжат қағаздары әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiнiң басшыларында сақталады. Сондықтан осы адамдарға қатал есептелуге жататын бланкiлер жөнiндегi жауапкершiлiктi артқан жөн (алынуы, берiлуi, ұсталуы).
13. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың ЖҚЕ бұзғандығы туралы әкiмшiлiк iстi жүргiзудiң ерекшелiктерi.
13.1. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың ҚР жерiне келiп кiруi, шығуы, ҚР жерiн қажетiне қарай аралаулары кезiнде оларға ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы iс қозғау ретiн ҚР заңы бойынша және ҚР үкiметiнiң мөлшерлi құқықтық актiсiмен тұжырымдалады.
13.2. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың көлiк қозғалыстарын қадағалау жөнiндегi ЖП функциясы ҚР IIМ 306-96 бұйрығының 4 бөлiмiнде айғақталған.
13.3. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлдiк жауапкершiлiгi осы нұсқаудың 2.5 бөлiмi бойынша айқындалады.
13.4. Иммунитетпен пайдаланатын шетел азаматтарының ЖҚЕ бұзушылық материалдары 5 (бес) күндiк мерзiмде ЖП IIББ, IIБ, облыстар, Алматы, Ақмола арқылы, ҚР IIМ бойынша ҚР СIМ (МИД) хаттама бөлiмiне табыс етiледi. Ол туралы шетел азаматы ұсталған жерде ескертiледi.
13.5. Иммунитетi жоқ шетел азаматтары жол ережесiн бұзғандығы үшiн тоқтатылған жерде тәртiп бұзу iсi қаралады.
Шетел азаматтарының жүргiзушi куәлiгi алынған жағдайда, ол куәлiк қаулының көшiрмесiмен бiрге 5 (бес) тәулiк iшiнде ЖП басқармасы, IIББ, IIБ, облыстар, Ақмола, Алматы арқылы ҚР IIМ ЖП Департаментiне жiберiледi, одан iле шетел азаматының елiндегi хұқық қорғау мекемелерiне табыс етiледi.
Бұл шетел азаматтары, куәлiгi алынған шетел азаматтары тiркелетiн тiзiмге тiркеледi және ҚР жерiнде көлiк жүргiзу хұқынан айрылады. Бұл тiзiмдер квартал сайын жаңартылып ҚР ЖП бөлiмшелерiне жiберiлiп отырады.
Салынған айып салығын төлей алмаған жағдайда және жол көлiктерi уақиғасы салдарынан болған шығын мөлшерiн өтей алмайтын жағдайда, шетел азаматының елiне қайту мерзiмi, ҚР заңына сәйкес, шегерiлуi мүмкiн. (Заң күшiне тең, ҚР Президентiнiң сұқтамасы "Шетел азаматтарының ҚР хұқықтың жағдайы" 19.06.95 ж).
Ескерме: ҚР 6 (алты) ай мерзiмiне келген шетел азаматтарын жолда жүру ережелерiн бұзғаны үшiн, әкiмшiлiк шара ретiнде жүргiзушiлер құжатынан айыру тым орынды деп есептелмейдi, егерде ЖҚЕ дөрекi не бiрнеше рет бұзғаны болмаса.
13.6. Шетел азаматтарының ЖҚЕ бұзушылық тәртiбiн есепке алу ниетiмен әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiнде жеке журнал (N 21 қосымша) жүргiзiледi. Ол журналда шетел жүргiзушiлерiнiң ЖҚЕ тәртiбiн бұзғандығы туралы әкiмшiлiк iстер, осы нұсқау арқылы ескерiлген журналдарға тiркелгеннен кейiн тiркеледi.
14. ЖҚЕ тәртiбiн бұзушылық туралы жүргiзiлетiн әкiмшiлiк iстiң жүргiзiлуiн қадағалау.
14.1. ЖҚЕ бұзушылық туралы қолданылатын әкiмшiлiк шаралардың заңдылығын қадағалауды ЖП бөлiмшелерiнiң басшылары, жоғары орындағы бөлiмше басшылары, прокуратура қызметкерлерi өз тарапынан бақылау жасаған кездерiнде атқарады.
Қадағалаудың негiзгi мақсаты:
- Заңдылық мәселелерiн, ЖҚЕ бұзушылық туралы әкiмшiлiк iс жүргiзгенде, нақтылы және бiркелкi қолдану;
- Әкiмшiлiк заңдылықты қолдану барысында азаматтардың, қызмет адамдарының, лауазымды жандардың заңды хұқықтарының бұзылуын қалпына келтiру;
- ЖҚЕ әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында осы iске байланысты қандай да болсын жәйттерi бойынша шағымданудың мүмкiн болуы;
- Әкiмшiлiк заңдылықты бұзған ЖП лауазымды қызметкерiне тиiстi шара қолдану.
14.2. ҚР IIМ ЖДП бастығы, ЖПБ, IIББ, Алматы, Ақмола, облыстардың IIБ бастықтары (орынбасарлары) жылына бiр рет, ЖП төменгi бөлiмдерiнiң жұмыстарындағы заңдылық мәселелерiн салалап тексерiс ұйымдастырады.
14.2.1. Бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң), әкiмшiлiк тәлiм бөлiмдерiнiң, сол жұмысты атқару жүктелген қызметкердiң жұмыс деңгейлерiн тексерудi, ЖП жоғарғы бөлiмдерiнiң лауазымды қызметкерлерi, бастықтары (орынбасарлары) қолдарында тексеру жұмысын жүргiзуге хұқысы барлығын дәлелдейтiн құжаттары болса, саралап тексеру жұмысын жүргiзедi. Тексеру басталуы туралы ЖП бастығы және IIБ бастығы ескертiледi.
14.2.2. Саралап тексеру (ревизия) кезiнде көңiл бөлетiн жәйлар:
- бөлiмше қызметкерлерiнiң ҚР әкiмшiлiк заңдылықты және осы нұсқау бойынша деректердi бiлу деңгейлерi, IIМ мөлшерлi актiлерiн және заңдылық тұжырымдарын қажеттi реттiлiкпен қолдана бiлу;
- ЖҚЕ бұзушылық жөнiндегi әкiмшiлiк iстерiн жүргiзудегi реттiлiк пен орнықтылық, оның осы Нұсқау жолдарына сәйкестiгi;
- әкiмшiлiк iстер бойынша қабылданған шешiмдердiң заңдылығы және орындылығы;
- әкiмшiлiк тәлiмнiң ұмтылымы және орындылығы;
- шағым мен наразылықтың дер кезiнде және дұрыс қаралуы;
- шығарылған хаттаманың реттi және толық орындалуы;
- ЖП бастығы тарапынан ұйымдастырылған әкiмшiлiк тәлiмдi қадағалау.
Ескерме: Айып салығын өндiрудiң деңгейiн финанс және салық мекемелерiндегi бюджет есебiне түскен айып салығының сомасы, ЖП бөлiмiндегi есеп беру дерегiндегi сома шамасымен салыстырылады.
Тексеру нәтижесi бойынша анықтама жасалады да, тексеру өткiзген лауазымды адамдардың қолы қойылады және де ЖП бөлiм бастығы қол қояды.
Анықтамамен, қолхат беру арқылы IIБ бастығы танысады. Ол турасында тексеру жасатқан лауазымды адамға айтылады, ол адам белгiлi болған кемiстiктердi, рет бұзушылықты жөндеу бағытында шаралар қолданады, бөлiмшенiң әкiмшiлiк қызметiнiң жақсаруына заңдылықты бекiтуге көмегiн тигiзедi.