Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдарының республика жергілікті бюджеттерінің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізу тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 25 наурыз N 136 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 499. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      3. "Қазақстан Республикасы мен оның аумақтық органдарының республика жергiлiктi бюджеттерiнiң қалыптасуы және атқарылуы жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне кешендi тексерiс жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1998 жылғы 25 наурыздағы N 136 бұйрығы (N 499 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________ 

                         I. Жалпы ережелер  

      1. Жергілікті бюджеттердің қалыптастырылуы және атқарылуы жөніндегі атқарушы органдардың жұмысындағы кемшіліктерді және бұзушылықтарды дер кезінде анықтау, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиесілі салық сомаларын, сақтандыру жарналарын төлеуіне, кеден алымдары мен бажының толық түсуіне бақылауды күшейту, ақшалай қаражаттардың және тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жою жөнінде тиімді шаралар қолдану мақсатында Қаржы министрлігі мен оның облыстық және қалалық (республикалық бағыныстағы) аумақтық органдары жергілікті бюджеттердің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне кешенді тексеру жүргізеді. 
      Жергілікті бюджеттердің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізудің (бұдан әрі - кешенді тексеріс) құқықтық негіздемесі "Бюджет жүйесі туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Z960052_  Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. 
      2. Кешенді тексеріс қаржы органдарын, салық және кеден қызметі, қаржы бақылау органдарын қамти отырып, облыс әкімшіліктерінде, республикалық және облыстық қалалар мен аудандарда жүргізіледі. 
      Бұл ретте мыналар тексеріледі: 
      - қаржы органдарында бюджеттің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы; 
      - салық қызметі органдарында - салықтар мен бюджетке және мемлекеттік қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуы жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуы; 
      - кеден қызметі органдарында - кеден төлемдерінің жиналуы және уақтылы түсуі жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы; 
      - бюджеттік ұйымдарда, тиісті жергілікті атқарушы органдардың бөлімдерінде және басқармаларында (департаменттерінде) шығыстар сметасының атқарылуына тексерулер және тексерістер; 
      - мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттік меншік үлесі бар шаруашылық жүргізуші субъектілерде - акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер есептеудің дұрыстығы және оларды бюджет кірісіне толығымен төлеу мәселелерін қамти отырып, қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және тексерістер; 
      - мемлекеттік қорларда - қорлар қаражаттарының қалыптасуы мен пайдаланылуының дұрыстығын тексеру; 
      - шаруашылық жүргізуші субъектілерде - салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеудің және уақтылы түсуінің дұрыстығына, сақтандыру жарналардың дер кезінде және толығымен төленуіне тексерістер. 
      3. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың жергілікті бюджеттерінің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстың жай-күйіне кешенді тексерісті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппараты, ал аудандарды және облыстық бағыныстағы қалаларды - облыстар және Алматы қаласы бойынша Қаржы бақылау комитетінің Басқармалары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы, салық, кеден және басқа да аумақтық органдары жүргізеді. 
      4. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың жергілікті бюджеттерінің қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі жұмыстың жай-күйіне кешенді тексеріс дүркін-дүркін кем дегенде үш жылда бір рет, ал аудандарда және облыстық бағыныстағы қалаларда кем дегенде екі жылда бір рет жүргізіледі. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен оның аумақтық органдарының қызметкерлері кешенді тексерісті жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларын қатаң басшылыққа алады. 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық органдары өз қызметін жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен үйлестіреді, кешенді тексерістің қорытындылары әкім алқаларының мәжілісінде талқыланады, тиісті деңгейдегі жергілікті өкілді органдарды хабардар етеді. 
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кешенді тексерісті жүргізуді министрліктің алқасында бекітілген бақылау-экономикалық жұмыстардың негізгі мәселелері Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кешенді тексерістің нәтижелері облыстар және республикалық бағыныстағы қалалар әкімдерінің алқа мәжілісінің қарауына ұсынылады, депутаттар жиналыстары- маслихаттарына хабарланады, министрліктің алқа мәжілісінде қаралады, Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндалады. 
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдары кешенді тексерістің нәтижелері бойынша өкілді және атқарушы органдардың алдында бюджет тәртібін, ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарды ысырап ету және қымқыру фактілерін жоюға және болдырмауға, салықтар және бюджет пен мемлекеттік қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуы жөніндегі жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасайды. 

             II. КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ  

      9. Кешенді тексерістің негізгі міндеттері: 
      - жергілікті атқарушы органдарын жергілікті бюджеттердің жасалу, қаралу, бекітілу және атқарылу тәртібін сақтайды; 
      - жергілікті бюджеттердің қалыптасуы және атқарылуы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу кезінде "Бюджет жүйесі туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын және Қазақстан Республикасының басқа да Заң актілерін және "Республикалық бюджет туралы" Заңын сақтауға; 
      - жергілікті бюджеттер, бюджеттік ұйымдардың шығыс сметасында көзделген шығындардың жүйелер, штаттар және контингенттер бойынша көрсеткіштердің орындалуы және бөлінген қаражаттардың игерілуіне қарай жоспарлаудың және уақтылы қаржыландырудың дұрыстығы; 
      - бюджетте көзделген кірістердің толығымен және уақтылы түсуін, бюджет қаражаттарын тиімді және нысаналы жұмсауды қамтамасыз ету; 
      - мемлекеттік қорларда (зейнетақы, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол және табиғи қорғау, ауылшаруашылығын қаржылық қолдау) қаражаттарды дұрыс қалыптастыру және пайдалану, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті қорларға сақтандыру жарналарын толығымен және уақтылы төлеуі; 
      - мемлекеттік кәсіпорындардың және акциялардың мемлекеттік пакеті бар басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәртібін сақтау; 
      - мемлекеттік қаражаттардың және сақтаудың, оларды заңсыз және мақсатқа сай емес пайдалануын болдырмауға бағытталған шараларды қолданудың негізділігі; 
      - кірістер мен шығыстар бойынша бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есепті жүргізудің және сол бойынша бухгалтерлік есеп беруді жасаудың дұрыстығы; 
      - бюджет ұйымдарында бухгалтерлік есеп және есеп берудің жай-күйі болып табылады.

         III. КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ  

      10. Кешенді тексеріс мерзімін және тексеріс қамту кезеңін, тексеру тобының құрамын көрсете отырып оны жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде кешенді тексерісті ұйымдастыру және оны жүргізу жөніндегі жұмыстар Қаржы бақылау комитетіне, ал жергілікті жерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облыстар және Алматы қаласы бойынша Қаржы бақылау комитетінің басқармасына жүктеледі. Тексеру тобының басшысы, тиісінше Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облыстар және Алматы қаласы бойынша қаржы бақылау комитеті басқармасының басшы қызметкерлерінің арасынан тағайындалады. 
      Осы басқармалар кешенді тексеріс жүргізуге бағытталған тексеру топтарының құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасайды. Тексеру тобының құрамына қызметкерлерді іссапарға жіберуге арналған бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті облыстық және қалалық (республикалық бағыныстағы) аумақты органдарының басшысы шығарады. 
      11. Кешенді тексерісті жүргізу мерзімі 30 күнге дейін, топ басшысына материалдарды қорытуды және жүзеге асыруды ескере отырып 40 күн белгіленеді. 
      12. Кешенді тексерісті жүргізу бағдарламасы тексеру тобының басшысы, мемлекеттік кәсіпорындар мен қорлардың қаржы-шаруашылық қызметіне, бюджеттік ұйымдардың шығыс сметасының атқарылуына салықтарды, алымдарды және кеден бажын есептеуді және өндіріп алудың дұрыстығы мен толықтығын, сондай-ақ басқа да мәселелердің тексеріс пен тексеру бағдарламасын тексеру тобы басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары бекітеді. 
      13. Кешенді тексерісті жүргізудің алдында мұқият әзірлік жасалуы тиіс: бюджеттің атқарылуын сипаттайтын қолда бар болжамдық, есепті, статистикалық деректерді және басқа да материалдарды бюджетте тұратын ұйымдардың шығыс сметасын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін зерделеу, сондай-ақ тексерілетін ұйымдардың қызметін талдау, қорыту, жинау. 
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның аумақтық органдары нақты кешенді тексеріс, оны жүргізудің тәртібі және мерзімі жөнінде тексеру тобының құрамына енгізілген қызметкерлермен нұсқаулық өткізеді. 
      15. Тексеру тобының басшысы тексерілетін облыстың, қаланың және ауданның әкімін тексеріс бағдарламасымен таныстырады. 
      Тексеру тобының қатысушылары жергілікті жерлерде бөлімдер мен басқармалардың жұмыс жағдайымен, бюджеттің кіріс және шығыс баптарының атқарылу барысымен танысады. 
      Қажет болған жағдайда тексеру тобының басшысы кешенді тексерістің бағдарламасына нақтылаулар енгізеді. 
      16. Тексеру тобының жетекшісі кешенді тексерісті жүргізуге қатысу үшін қаржы және кеден органдарының, қаржы бақылау органдарының, салық қызметінің қызметкерлерін (тиісті аумақтық органдар басшыларының келісімімен) тартады. 
      17. Тексеру тобының жетекшісі жергілікті жерде тиісті депутаттары жиналысы мәслихаттардың, қаржы-бюджет мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерімен танысады, тексеру тобы мүшелерінің жұмысына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады, тексерудің материалдары бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады, тексеру барысында анықталған олқылықтар және қаржы тәртібін бұзушылықты жою жөнінде шаралар қолданады, қажетті жағдайларда материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырады, кешенді тексерістің нәтижелері туралы тиісті әкімдерге және депутаттар жиналысы-мәслихаттарға баяндайды. 

                 IV. БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ 
                           ЖҰМЫСТАРДЫ ТЕКСЕРУ  

      18. Жергілікті бюджеттердің жасалуы және қаралуы жөніндегі жұмыстың жай-күйіне тексеріс жүргізген кезде мыналарды тексеру қажет: 
      - жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің облыс, қала және аудан бюджеті жобасының жасалуы жөніндегі шешімдерінің бар-жоғы, қаржы органдарының, бөлімдердің және басқармалардың (департаменттердің) осы шешімдерді орындауы. Олардың бюджет жобасын жасау және табыс ету мерзімін және тәртібін сақтауын; 
      - қаржы органдарының облыс, қала және аудан бюджетінің жобасын жасауға бөлімдерден және басқармалардан (департаменттерден) алынған қажетті деректердің бар-жоғы, жүйелер, штаттар және контингенттер бойынша көрсеткіштер жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен шаралар бойынша шығындарды; 
      - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, бюджет кірісін арттыру, шығыстарды ұтымды ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін есепті деректерді, тексерістер мен тексерулердің материалдарын пайдалануын; 
      - "Бюджет жүйесі туралы", "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Республикасының басқа да заң актілерінің және Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі нормативтік актілерінің, мәслихат шешімдерінің сақталуын; 
      - әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді болжамдаудың және бөлудің, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар түсімімен аударым нормативтерін анықтаудың дұрыстығы, жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын. 
      Болжамдаудың дұрыстығын анықтау мақсатында әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді болжамдаған және бөлген кезде қабылданған бастапқы деректерді, осы көрсеткіштердің негізділігін және анықтылығын; 
      - бюджет ұйымдарын ұстауға арналған шығындарға енгізудің негізділігін, жаңа ұйымдарды іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту мерзімін ескере отырып бюджетке жасалған есептерде қабылданған жүйелер мен контингенттер бойынша көрсеткіштердің сәйкес келуін; 
      - орташа жылдық көрсеткіштерді (контингенттің, жүйенің) анықтаудың және бекітілген (заттай, ақшалай) шығыс нормаларына, қолданылып жүрген бағаларға және тарифтерге сәйкес қаржы бөлуді есептеудің дұрыстығын; 
      - Қазақстан Республикасы Үкіметі түсіретін шекті лимиттердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарының басқару аппаратын ұстауға көзделген қаражатқа штаттар саны мен қызмет бабындағы жеңіл автомобиль лимиттеріне сай келуін; 
      - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оның мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі жеңілдіктерді беруге байланысты қаржылардың бөлінуінің дұрыстығын; 
      - республикалық бюджеттен, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардан, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі жоқ шаруашылық субъектілерінен қаржыландырылатын ұйымдарды ұстауға арналған қаржылар бюджет шығындарында қаралған-қаралмағанын; 
      - жергілікті бюджетте тұрмайтын шаруашылық субъектілеріне жергілікті бюджеттерден жәрдемақылар, несиелік ресурстар беру қаралған ба; 
      - болжамсыз шығындарды қаржыландыру үшін бюджет шығыстарының құрамында көзделген жергілікті өкімет органдарының резерв қорының мөлшері тиісті бюджет көлемінің 2 процентінен асып кетпеген бе. 
      19. Жергілікті бюджетті бекіту жөніндегі жұмысқа тексеру жүргізген кезде мыналарды тексеру қажет: 
      - жергілікті атқару органдары бюджеттердің болжамды көлемдерінің қандай мерзімдерін бекіткен; 
      - жергілікті атқару органдары бюджеттің жобасын қандай мерзімге тиісті мәслихаттың қарауына және бекітуіне енгізген; 
      - арнаулы экономикалық аймақтардың бюджеттері қандай мерзімдерге бекітілген; 
      - жылдық межелердің тоқсандық бөлінісін құрудың, бюджеттің табыстары мен шығыстарын таратудың дұрыстығын және оның табыстар мен шығыстардың бюджеттік сыныптамасына сәйкестігін; 
      - әрбір тоқсанда бюджеттің табыстары мен шығыстары жөніндегі тепе- теңдіктің қамтамасыз етілуін, жоғары тұрған бюджеттен жәрдемақылар бөлінуінің негізділігін және бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар шығарылуын. 
      20. Облыстар, қалалар мен аудандар бойынша тұтастай алғанда трансферттер көлемін жоспарлаудың негізділігін, табыс көздерінің толық есепке алынуын. 

          V. БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫ ТЕКСЕРУ  

      21. Бюджеттің орындалуын тексерген кезде мыналарды тексеру керек: 
      - бюджеттің орындалуының табыстар мен шығыстар сыныптамасына сәйкес келуін; 
      - бюджеттің табыстар мен шығыстар жөнінде бекітілген сомалардан ауытқуы себептерін; 
      - бюджетті орындау барысында жүргізілген бюджеттік көрсеткіштерді нақтылаудың негізділігін, бюджеттің табыстар мен шығыстар жөніндегі өзгерістер есебінің жүргізілуін; 
      - бюджетті орындау барысында қосымша алынған табыстардың, бюджеттік қаржылардың бос қалдықтарының, резерв қорының, үнемдеудің есебінен жұмсалған бюджеттік қаржылардың мақсаттылығын; 
      - өтейтін нақты көздер болмаған кезде шығыстарды бюджеттің есебінен қабылдаудың негізділігін, есеп айырысуларды, олар жөніндегі сметалық құжаттарды; 
      - бюджеттік ұйымдардың бір бағдарламадан, ішкі бағдарламадан және өзгеше көзден басқа бағдарламаға қаржыларды аударуына жергілікті қаржы органдарының келісімін; 
      - бекітілген бюджетте арнайы бекітілген бағдарламалар, ішкі бағдарламалар және өзгеше көздер бойынша бюджеттік шығыстар жөніндегі өзгерістердің жүзеге асырылуын; 
      - табыстардың қосымша көздерін іздестіру және бюджеттік шығыстарды үнемдеу жөніндегі жұмыстың жүргізілуін; 
      - мәслихаттар бекіткен аударымдардың көлемін ескергенде, тиісті бюджеттерге табыстардың қосылуының дұрыстығын, табыстардың бюджетке толық көлемде түсуін, облыстық (қалалық) және республикалық бюджеттерге тиесілі қаржылардың аудандық және қалалық бюджеттерге қосылуының негізділігін; 
      - жергілікті бюджеттер бойынша ағымдағы бюджеттердің ашылуының және жүргізілуінің дұрыстығын; 
      - жергілікті бюджеттің негізгі ағымдағы шоты бойынша жасалған операциялардың дұрыстығын; 
      - осы шот бойынша барлық операциялар, бюджет жөніндегі бухгалтерлік есептің деректерімен және банк көшірмесімен бірге несиелерді, мекемелерді басқарушылардың шоттарына аударылған сомалармен салыстырыла отырып, тексерілуге тиіс; 
      - шаруашылық субъектілері мен халыққа салықтар мен басқа да төлемдер қайтарылуының негізділігі, қайтару төлемдерді бюджетке мерзімінен бұрын төлетудің, бюджетке тиесілі емес сомаларды есептен шығарудың салдары болып табылмай ма, бюджеттен қайтарылған қаржылардың төлеушілердің шоттарына іс жүзінде түсуін және осы сомалардың бюджетпен есеп айырысу шоттары бойынша көрсетілуін; 
      - жергілікті бюджеттің ағымдағы шоттарынан қолма-қол ақша берудің негізділігін; 
      - төменгі бюджеттерге тиесілі қаржыларды беру және мәжбүрлі алу, қаражаттарды әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында қайтадан бөлу, қаржыландыру көздерінсіз оларға қосымша шығыстарды жүктеу жөніндегі операциялардың заңдылығын; 
      - облыстық және қалалық қаржы басқармаларының республикалық бюджеттен алған трансферттерінің (субсидияларының) төменгі бюджеттерге уақытында және толық аударылуын; оларды облыстық (қалалық) бюджеттерді орындауға байланысы жоқ мақсаттарға бөлу жағдайлары болмаған ба; 
      - республика Үкімет резерв қорынан төтенше оқиғаларға және табиғи апаттарға бөлген ақшалай қаржыларының мақсатты пайдаланылуына; 
      - республикалық бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың ("Республикалық бюджет туралы" Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесінсіз шаруашылық субъектілерінің есебінен ұсталатын ұйымдарға жергілікті бюджеттердің қаржыларынан бөлуге жол берілмеген бе; 
      - тұрған үй-коммуналдық, тағы басқа қызметтер бойынша халықтың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруге бюджеттен бөлінген қаражатты бөлудің заңдылығын және толықтығын; 
      - аймақты көріктендіру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына; 
      - бюджеттер бойынша өзара есеп айырысудың тәртібіне және дұрыстығына; 
      - бюджеттік ұйымдарға жалақы төлеуге арналған қаржылардың уақытында бөлінуіне. 
      22. Арнаулы экономикалық аймақтардың әкімшілік органдарына тексеру жүргізген кезде АЭА қаржылық қорлары (бюджеттері) қаражаттарын қалыптастырудың және пайдаланудың тәртібі, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жоғарғы бюджетке түсімдерінің жалпы сомасынан нормативтік аударымдардың толықтылығы және уақыттылығы, сондай-ақ мақсатты қаржылық қорлардың қаржыларын қалыптастыру және пайдалану тәртібі тексеріледі. 
      23. Төлеуші-кәсіпорындар мен ұйымдарда салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есептелуінің дұрыстығын, бюджетке және мемлекеттік қорларға аударылуының толықтығы мен уақыттылығын тексеру жүргізіледі. Бұл мәселе жөніндегі тексерулер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті белгілеген әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізіледі. 
      24. Мемлекет меншігіндегі тұрғын үй емес ғимараттарды жалға берудің негізділігін, бюджеттің кірісіне жалдау ақысын аударудың дұрыстығын және толықтығын. 
      25. Аймаққа келген шетелдік делегацияларды және жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі қаржыларды жұмсаудың дұрыстығын, шығыстар сметасының бар-жоқтығын, қызмет көрсету шығыстары нормаларының сақталуын. 
      26. Бюджеттік қаржыларды салтанаттарды, жалпы халықтық тарихи-мәдени маңызы жоқ әртүрлі мерейтойлар мен өзге шараларды атқару жөніндегі мерекелерді, банкеттерді, қабылдауларды, тұсаукесерлерді өткізуге бөлу фактілері орын алған жоқ па. 
      27. Мемлекеттік басқару органдарының құрылымын жетілдіру, оларды ұстауға арналған шығыстарды қысқарту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың орындауын. 
      28. Берілген бюджеттік қаржылар мақсатсыз немесе тиімсіз пайдаланылған жағдайда, қаржылық органдардың қаржыландыруды тоқтата тұру және қайтарып алу құқықтарын пайдалануын. 
      29. Бюджеттік ұйымдардың шығыстар сметасын қаржыландырудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарды тексеру қажет: 
      - бюджеттік ұйымдардың, бюджеттен тыс (арнаулы) қаржылардың жиынтық және жеке сметаларын жасаудың және бекітудің дұрыстығын, оларға қоса берілетін есеп-шоттардың негізділігін; 
      - жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру тәртібін сақтауын; 
      - қаржылардың есептемесіз, тоқсандық жоспарларда нақтыланған сомалардан тыс және бюджетте көзделмеген шаралар үшін бөлінуіне жол берілмей ме; 
      - шығыстар сметаларындағы өзгерістерді ескере отырып, несиелердің бас басқарушыларын, бюджеттік ұйымдарды қаржыландырудың толықтығын және уақыттылығын, тораптар, штаттар және адамдар жөніндегі көрсеткіштердің орындалуын; 
      - қаржыларды, әсіресе жыл аяғында, басы артық материалдық құндылықтарды сатып алу үшін немесе тауарсыз шоттар бойынша аудару фактілеріне жол берілген жоқ па; 
      - лауазым айлықтарын, тарифтік ставкаларды, жалақыға үстеме және қосымша төлемдерді белгілеудің дұрыстығын; 
      - жалақыдан ұсталатын салықтардың сомасын есепте және бюджеттің табысына аударуда көрсетудің уақыттылығын және толықтығын; 
      - жәрдемақылармен басқа да төлемдерді әлеуметтік сақтандыру қорлары есебінен белгілеу және төлеу тәртібінің сақталуын; 
      - Зейнеткерлік қорға, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру және жұмыспен қамту қорларына қаржыларды аударудың толықтығын және уақыттылығын; 
      - коммуналдық қызметтерге (жылыту, жарық беру және басқалары) арналған қаржыларды жұмсаудың дұрыстығын, олар бойынша бағалар мен тарифтерді қолданудың дұрыстығын; 
      - шетелдік іссапарларға бөлінген валюталық қаржылардың мақсатты пайдаланылуын және дұрыстығын; 
      - зейнетақыларды төлеуге арналған қаржыларды пайдаланудың дұрыстығын, сондай-ақ оны тағайындаудың белгіленген тәртібінің сақталуын; 
      - тамаққа, дәрі-дәрмектерге арналған қаржыларды жұмсаудың дұрыстығын, олар жөніндегі шығыстардың ақшалай және заттай нормаларының сақталуын, оларды есептен шығарудың дұрыстығын; 
      - ғимараттарды күрделі жөндеуге арналған қаржыларды жұмсаудың дұрыстығын, орындалған жұмыстардың сметалық құжаттары мен актілері болуын, материалдарды есептен шығарудың және бағаларды қолданудың дұрыстығын; 
      - ақшалай қаржыларды, бағалы қағаздарды, чектерді, негізгі қорлар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтаудың қамтамасыз етілуін; 
      - есеп айырысу тәртібінің сақталуын, банкілік операциялар мен дебиторлық және несиелік борыштардың пайда болуына байланысты операциялардың шынайылығын және негізділігін; 
      - бюджеттен тыс (арнаулы) қаржылардың пайда болуының және жұмсалуының дұрыстығын, табыстар мен шығыстардың бекітілген сметаларының болуын. 
      30. Тамақ өнімдерін, жабдықтар мен жұмсақ құрал-саймандарды сатып алып, күрделі жөндеу жүргізу үшін бөлінген қаржылардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуын тексерген кезде конкурстардың (тендерлердің) нәтижелері бойынша мыналарды тексеру қажет: 
      - облыстың әкімі бекіткен, тендерлерді өткізу туралы ереженің, мемлекеттік тапсырысшылар мен берермендер арасындағы келісім шарттарының бар-жоқтығын; 
      - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің орындалуын; 
      - мемлекеттік сатып алу үшін тапсырысшыға мемлекет бөлген бюджеттік қаржылардың мақсатсыз пайдалану фактілерінің бар-жоқтығын. 
      31. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға тексеріс жүргізілген кезде мыналар тексеріледі: 
      - кәсіпорынның қаржылық жәй-күйі, олардың төлем және есеп айырысу тәртібін сақтауы, айналыстағы қаржылардың жәй-күйі, несиелік ресурстар мен шетелдік инвестициялардың пайдаланылуы; 
      - берермендермен және тапсырысшылармен, бюджетпен, мемлекеттік қорлармен сақтық жарналары жөніндегі, сондай-ақ тұтынылған электр қуаты үшін есеп айырысудың жәй-күйі; 
      - дебиторлық және несиелік борыштардың жәй-күйі, олардың пайда болу себептері мен өтеу үшін қолданылған шаралар. Талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық және несиелік борыштардың әрекет нәтижелеріне жатқызудың уақыттылығы (3 жылдан астам); 
      - есепте көрсетудің және өндірістегі шығындардың өзіндік құнына қосудың белгіленген тәртібінің сақталуы; 
      - ақшалай қаржылар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізудің уақыттылығы және дұрыстығы, бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерінің көрсетілуі. Оларды сақтау және тасымалдау кезінде табиғи шығын нормалары бойынша тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеуі мен шығынын есептен шығарудың негізділігі. Қырсыздықтың салдарынан болған жетіспеудің, ұрланудың және бүлінудің орнын толтыру жөнінде қолданылған шаралар. 
      32. Мемлекеттік меншіктің үлесі бар шаруашылық субъектілерін тексерген кезде мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтерді есептеудің дұрыстығы, олардың бюджеттің табысына толық және уақытында енгізілуі тексеріледі. 
      33. Мемлекеттік сақтандыру компанияларын тексерген кезде бюджеттің есебінен құрылған жарғылық қор қаржыларының мақсатты пайдаланылуы, олардың инвестициялануы және инвестициялық қызметтен түсетін табыстардың бөлінуі тексеріледі. 
      34. Мемлекеттік меншіктің үлесі бар кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының валюталық және сыртқы экономикалық заңдарын сақтауын тексеруді жүргізген кезде мыналар тексерілсін: 
      - бірлескен кәсіпорындарды құрудың заңдылығы және негізділігі; 
      - жарғылық капиталдың құрылымы, оларды қалыптастыру тәртібі мен мерзімінің сақталуы; 
      - кәсіпорын қызметінің қорытындылары бойынша шет елде дивидендтерді есептеудің, бөлудің және аударудың дұрыстығы; 
      - бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы; 
      - валюталық қаржылардың жұмсалуының заңдылығы және мақсаттылығы. 
      Сыртқы сауда қызметімен айналысатын кәсіпорындарға тексеру жүргізген кезде экспортқа өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығарудың белгіленген тәртібін олардың сақтауы, шетелдік іссапарларға арналған қаржыларды бөлудің тәртібін сақтауы тексеріледі. 

           VI. Мемлекеттік қорларды құрудың және олардың 
          қаржыларын пайдаланудың дұрыстығын тексеру  

      35. Мемлекеттік қорларды құру және қаржыларды пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналар тексеріледі: 
      а) Зейнеткерлік қор, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру қорлары: 
      - сақтандыру жарналарын төлеуші ретінде аймақтың (облыстың, қаланың және аудандардың) аумағында тұратын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің есептік жәй-күйі, бұл үшін тиісті аймақтардың салықтық инспекцияларында тіркелген қорларда тіркеуден өткен төлеушілердің саны бойынша деректер салыстырылады; 
      - шаруашылық субъектілерінің сақтық жарналарын енгізуінің толықтығы және уақыттылығы; 
      - сақтандыру жарналары бойынша борыштардың пайда болуының себептері; 
      - төлеушілердің сақтық жарналарын уақытында және толық төлемегені үшін өсім белгілеудің, оны шоттарға аударудың және бөлудің дұрыстығы; 
      - депозиттер бойынша алынған түсімдердің толықтығы және табыстардың есебі, оларды қайтару мерзімінің сақталуы; 
      - банк мекемелері мен олардың бөлімшелерінің шаруашылық субъектілерінен түсетін сақтандыру жарналарын есепке алуының уақыттылығы және толықтығы; 
      - қорлардың қаржылары басқару аппаратының ұстау, қызметшілерге жәрдемақы төлеу, автомобильдер, пәтерлер сатып алу және басқа мақсаттар үшін бөлінуінің фактілері; 
      - республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуы. 
      Зейнеткерлік қорын құрудың және қаржыларды пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарға назар аударылсын: 
      - зейнеткерлік қорына сақтандыру жарналарын төлеушілерге бұрын салынған өсімақыны есептен шығару тәртібінің сақталуына, осы мәселелер бойынша арнаулы комиссиялардың құрылуына, республиканың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өсімақы жөніндегі борыштарды есептен шығаруға рұқсатының бар-жоқтығына; 
      - кәсіпорындар үшін зейнеткерлік қорына сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі борыштарын өтеу мерзімін ұзартудың негізділігіне, оны кімдердің ұзартқанына және оның негізділігіне. Бұл орайда зейнетақылар мен жәрдемақылар жөніндегі борыш анықталуға тиіс; 
      - зейнетақылардың мерзімінен бұрын тағайындалуына байланысты жұмыс берушілер қайтаратын және жеңілдетілген зейнеткерлік қамтамасыз ету мақсаттарына арналған қаржылардың түсуіне, олардың есеп бойынша көрсетілуінің толықтығына; 
      - зейнеткерлік қоры қаржыларының мақсатты пайдаланылуына зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің дұрыстығына және уақыттылығына; 
      - банкілерге, байланыс бөлімшелеріне зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған Зейнетақы қорының қаржыларын әлеуметтік қорғау органдарының уақытында және толық аударуына, өлген адамдардың, республикадан тыс жерлерге тұрақты қоныс аударуға көшіп кеткендердің атына жалған сенімхат толтыру жолымен ақшалай қаржыларды пайдаланып кету фактілеріне, тағы с.с. 
       - зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың салымдары бойынша шоттарға аудару фактілері анықталған кезде бұл операциялардың сыртында асыра сілтеудің болмауын тексеру қажет. 
      Міндетті медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ) қаржыларын жинақтаудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарға назар аудару керек: 
      - емдеу-алдын алу мекемелерінің және жеке кәсіппен шұғылданатын тұлғалардың республика халқына медициналық көмек үшін ММСҚ бөлген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына; 
      - ММСҚ мен емдеу-алдын алу мекемелері арасында шарттардың жасалуына, осы қордың есебінен қызметтердің қандай түрлері мен үлгілері көрсетілетініне, оларды төлеудің негізділігіне, осы мақсаттар үшін көзделген қаржылардың жұмсалуына; 
      - сақтандыру полистері есептерінің және қозғалысының жай-күйіне, оларды іске асырудан түсетін қаржылардың толық төленуіне; 
      - міндетті медициналық сақтандыру саласындағы медициналық жәрдем қызметіне ақы төлеудің тәртібі сақталуына; 
      - ММСҚ және басқалар арасында қаржылық есеп айырысу тәртібі сақталуына. 
      Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржыларын жинақтаудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарға назар аудару керек: 
      - әлеуметтік сақтандыру қаржылары есебінен төленетін санаторлық жолдамалар құнының ішінара төленуінің дұрыстығына, олардың есепке алуда қалай көрсетілгеніне; 
      - жәрдемақыларды төлеуге қаржылардың уақытында және толық аударылуына. Уақытында төленбеудің себептері анықталсын. Олардың басқа мақсаттарға жұмсалуына жол берілмесін; 
      - жұмыс берушілердің еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөнінде қолданылып жүрген ережелерді бұзуының салдарынан болған еңбектегі жарақаттарға және кәсіби ауруларға байланысты, уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған сомалардың дұрыс қайтарылуына; 
      - жәрдемақыларды төлеуді қаржыландыру көлемі есептерінің негізділігіне, олардың тұтынудан артық бөлінуіне жол берілмеуіне. 
      б) Мемлекеттік еңбекпен қамту қоры 
      Еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорының қаржыларын жинақтаудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарды тексеру керек: 
      - заңды тұлғалардың (шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақысы қорына байланысты шетелдік заңды тұлғалардың өкілеттіктерін қоса) Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген міндетті аударымдардың еңбекке ақы төлеу қорынан тиісті жылға арналған көлемде толық, уақытында және дұрыс аударылуына. Бұл орайда Қазақстан Республикасының "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес Қорға сақтық жарналарын төлеушілер де бюджеттік ұйымдар болып табылатынын ескерген жөн; 
      - аймақтың (облыстың, қаланың және аудандардың) аумағында орналасқан кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді төлеушілер ретінде толық есепке алуға. Бұл үшін облыстық әділет басқармаларында тіркелген заңды тұлғалардың саны бойынша деректер еңбекпен қамдауға жәрдемдесу қорында тіркелген тиісті аудандардың салық инспекцияларына салық төлеушілермен салыстырып қаралады; 
      - шаруашылық субъектілерінің жарналарды толық және уақытында енгізуіне; 
      - жарналар жөніндегі борыштардың пайда сомалары мен мерзімдері, олардың пайда болу себептері анықталсын; 
      - төлеушілердің жарналарды уақытында және толық төлемегені үшін өсімдердің дұрыс аударылуына, есеп-шоттарға қосылуына, олардың бөлінуіне; 
      - жергілікті бюджет қаржыларының бөлінуіне және олардың дұрыс пайдаланылуына; 
      - ерікті жарналардың міндетті және мақсатты аударылуына, қорға түсетін айыппұлдар мен басқа да төлемдердің алыну және есепке алу тәртібіне, сондай-ақ олардың тиісті шоттарға дұрыс аударылуына және пайдаланылуына; 
      - қор қаржыларының коммерциялық мақсаттарға бөлінуіне, олардың әртүрлі мемлекеттік емес құрылымдарға (банктерге, шағын және жеке кәсіпорындарға т.б.) орналастырылуына, сондай-ақ құрылтай жарналарына; 
      - жұмыспен қамту қоры қаржыларының басқа жаққа бөлінуі бюджеттік қосымша қаржыларды, банктердің несиелерін тартуға әкеліп соқтырмады ма; 
      - кәсіптік қайта бағдарлау, кәсіби даярлау, босатылған қызметшілердің және жұмыс істемейтін азаматтардың біліктілігін арттыру және қайтадан даярлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтитын, жұмыс істемейтін тұрғындарға көмек көрсетуге байланысты қаржылардың дұрыс жұмсалуына, сондай-ақ жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақылардың төленуіне; 
      - ақы төленетін қоғамдық жұмыстардың дұрыс қаржыландырылуына, қандай қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылғанына; қоғамдық жұмыстарға жіберілген тұлғалардың санатына, жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қанша адамды жіберу көзделгеніне, іс жүзінде қанша адамның жіберілгеніне, қоғамдық жұмыс орындалатын кәсіпорынмен арада жұмыспен қамту қызметінің шарты жасалуына, уақытша еңбекке орналастырылатын қызметшілердің санына, көмекақының жалпы сомасына; 
      - мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін ұстаудағы қаржыландыру шығындарының дұрыстығына, оқу орталықтарының құрылуына және олардың материалдық базасы дамытылуына, еңбек ресурстарын есепке алатын және бөлетін ақпараттық-есептеу жүйесін, жұмыспен қамту қызметінің материалдық базасын жасауға, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің басшылары мен мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін көтеруге; 
      - Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығына сәйкес тұрғын үй құрылысына және инфрақұрылым объектілерін пайдалануға байланысты қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру үшін көзделген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына; 
      - көші-қон шараларына бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына (бір мәрте ақшалай өтемақы төлеуге, тұрғын үй сатып алуға); 
      - ХЕҰ, Британ Кеңесі және Халықаралық Қайта құру және даму банкі желілері бойынша техникалық көмек шеңберінде келіп түскен қаржыларды мақсатты пайдалануын. 
      в) Жол қорының қаржыларын жинақтаудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарды тексеру керек: 
      - автомобиль жолдарын пайдаланушылар қаржыларының толық, уақытында және дұрыс аударылуын; 
      - жол алымдары мен төлемдерінің барлық түрлерінің толық және дұрыс төленуін; 
      - автомобиль жолдарын пайдаланудың ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар алудың және өсімдерді есептеудің тәртібін, сондай-ақ олардың тиісті шоттарға аударылуының және пайдаланылуының дұрыстығын; 
      - күрделі және орташа жөндеудің бекітілген титулды тізімі болуын, оларға жол құрылысына жатпайтын, жоспарда жоқ объектілердің еніп кетпеуін; 
      - жалпы пайдаланылатын жолдарды жөндеуге және ұстауға арналып бөлінген қаражаттардың дұрыс пайдаланылуын, қабылдау актілерінің болуын және олардың нақты көрсеткіштердегі есептік деректерге сәйкес келуін; 
      - жөндеу жұмыстарына арналған бағалар мен тәртіптердің дұрыс пайдалануын; 
      - жол қорының, жергілікті жерлердегі атқару органдарының және оның бөлімшелерінің аппаратын ұстауға арналған шығындар сметасының орындалуын. 
      г) Табиғатты қорғау қоры 
      Табиғатты қорғау қорының қаржыларын жинақтау және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарды тексеру керек: 
      - бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржылардың дұрыс жинақталуы мен жұмсалуын және табиғатты қорғау заңдарының сақталуын; 
      - табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшін қандай мөлшерде санкция жасалғанын, оның қаншасы төлетілгенін, жергілікті бюджеттен осы төлем көзінің есебінен іс жүзінде қанша қаржы жұмсалғанын; 
      - қордың қаржылары қандай нысандарға, шараларға пайдаланылғанын, олардың табыстар мен шығыстардың бекітілген сметасына қаншалықты сәйкес келетінін, облыста табиғатты қорғау сипатындағы мақсатты бағдарламалардың болуын және табиғатты қорғау қорлары қаржыларының оларды іске асыру үшін қаншалықты қажетті көлемде жұмсалып отырғанын; 
      - қор қаржыларының мақсатсыз бөліну және пайдаланылу фактілерін; 
      - табиғатты қорғау заңдарының бұзылуын ашуға тікелей қатысқан тұлғаларға берілген сыйлықтардың дұрыстығын; 
      - табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық инспекторларды көтермелеу үшін жасалған аударымдардың дұрыстығын. 
      д) Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры 
      Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры қаржыларын жинақтаудың және пайдаланудың дұрыстығын тексерген кезде мыналарды тексеру керек: 
      - қордың ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға бөлген қаржылық көмегінің дұрыстығын. Бұл орайда қаржылық көмектің қайтарымды негізде көрсетілетінін ескерген жөн; 
      - қордың бюджеттік қаржылардан бөлген қаржылық көмегінің мақсатты пайдаланылуын, оның қандай мақсатқа жұмсалғанын, қаржылардың коммерциялық мақсаттарға бөліну фактілерін; 
      - қаржылық көмек беру тәртібінің сақталуын. 

         VII. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жолға
                        қойылуын тексеру  

      36. Кешенді тексеру кезінде бюджетті пайдалану жөніндегі бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жай-күйі тексерілуге тиіс. Бұл орайда мыналарды тексеру керек: 
      - бюджетті пайдалану туралы есептің банк мекемелерінің, несие бөлушілердің, мекемелердің бухгалтерлік есеп және есеп берулерінің және облыстың, ауданның, қаланың бюджетіне кіретін бюджеттердің орындалуы туралы есептердің деректерімен сәйкес келуін, есеп берудің жекелеген түрлері көрсеткіштерінің банкпен өзара байланысының үйлесімділігін; 
      - бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен берудің жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлеген және бекіткен әдістемелік және нұсқаулық материалдарға олардың сәйкес келуін; 
      - несиелердің бас бөлушілерінің, бюджеттік ұйымдардың шығыстар сметасының орындалуы туралы есептері жасалуының дұрыстығын; 
      - несиелердің бас бөлушілерінің, мекемелердің есептерді берудің белгілеген мерзімдерін сақтауын; 
      - қаржы органдарының несиелердің бас бөлушілерінен және мекемелерден алынған есептерді қарауын; 
      - бюджеттік мекемелердің банк мекемелерінде есеп-шоттар ашуының негізділігін және заңдылығын. Есеп-шоттардың заңсыз ашылғаны байқалған кезде осы есеп-шот бойынша жасалған барлық операциялардың заңдылығы тексеріледі; 
      - бюджеттің орындалуы туралы есепті тиісті депутаттар жиналысы- мәслихаттарының растауын. 

       VIII. Бақылау-экономикалық жұмыстың жай-күйін тексеру  

      37. Бақылау-экономикалық жұмыстың жай-күйін тексеру қаржылық органдарда, қаржылық-бақылау органдарында, кеден және салық қызметтерінде жүргізіледі. Бұл орайда аталған органдарда мыналар тексеріледі: 
      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бақылау-экономикалық жұмысының негізгі мәселелері жоспарының орындалуы жөніндегі жұмыстың жай- күйі, оларда белгіленген шараларды орындаудың сапасы мен уақыттылығы, бұл жоспарды құрылымдық бөлімшелердің орындауы; 
      - жергілікті бюджеттерді құру мен орындау жөніндегі жұмыстардың жай-күйін кешенді тексерулердің жүргізілуі; 
      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алқасы шешімдерінің орындалуы; 
      - орталықтандырылған тапсырмаларды орындау жөніндегі жұмыстың жай-күйі; 
      - қаржылық-бақылау органдарындағы анықталған зияндардың орнын толтыру, бюджеттік қаржыларды мақсатсыз пайдалану, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жасыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі, құқық қорғау органдарымен өзара байланыс; 
      - "Қаржылық-бақылау органдарының бақылау-тексеріс жұмысы туралы" қаржылық-бақылау органдарының ф.N 1-кр есебінің шынайы жасалуы; 
      - салық қызметі органдарының N 2-Н "Салық қызметі органдары бақылау қызметінің нәтижелері туралы" формасы жасалуының шынайылығы, Ф.N 1-Н "Салықтар бойынша кем алымдардың сомалары туралы" және Ф.N 2-Н "Салық қызметі органдары бақылау қызметінің нәтижелері туралы" үлгілер бойынша есептер жасалуының шынайылығы; 
      - төлем тәртібінің жай-күйі, тұтастай алғанда берешектің және салықтардың түрі бойынша сомасы, берешектердің пайда болу себептері тұтастай алғанда және салықтардың түрлері бойынша болжамның орындалуына жасалған талдама; 
      - кеден органдарының "кедендік төлемдермен салықтар туралы есеп" N 5-ТН үлгісіндегі есептерінің шынайылығы; 
      - қаржы органдарының, қаржылық-бақылау, кедендік және салық қызметтері органдарының бақылау-экономикалық жай-күйі, бұл орайда анықталған зиян сомасының, бюджетке аударылған салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен уақыттылығы, кедендік төлемдер бойынша берілген жеңілдіктердің негізділігі жөніндегі бақылау-экономикалық жұмысының жай-күйі; 
      - тексеруші салық органдарының мамандары жүргізген камералдық тексерулердің (салықтардың түрлері бойынша ағымдағы төлемдерді және салықтық декларацияларды төлеу жөніндегі есептерді, құжаттық және тақырыптық тексерулер актілерінің және оларды іске асырудың сапасы жөніндегі есеп айырысуларды тексеру) жай-күйі; 
      - салықтар, алымдар мен төлемдер жөніндегі борыштарды мәжбүрлі төлету жөніндегі жұмыстың жай-күйі; 
      - азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарын, мәліметтерін, шағымдарын уақытында қарау. 

         IХ. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы және
    орындаудағы ашылған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтарды
    жою жөніндегі тексерулердің және қолданылған шаралардың
                       нәтижелерін рәсімдеу  

      38. Кешенді тексерудің нәтижесі бойынша жиынтық акт жасалады, онда тексеріс тобының мүшелері мен осы тексеріске тартылған қызметкерлер жүргізген ұйымдар мен жұмыс орындарын тексерудің деректері баяндалады. 
      Жиынтық актіге тексерісті жүргізген қаржылық органның, салық инспекциясының, қаржылық-бақылау органының басшылары және тиісті дәрежедегі әкімдер қол қояды.
      Тексеріс жүргізген топтың басшысы бюджеттік ұйымдарда және басқа шаруашылық субъектілерінде жүргізген тексерулер мен тексерістердің актілерінде баяндалған деректер олардың жұмысын жақсарту, бюджеттік қаржыларды үнемді және тиімді пайдалану, ақшалай қаржылар мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды әзірлеген кезде, сондай-ақ кешенді тексерудің нәтижелері бойынша баяндамалар жасаған кезде пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады