Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар үшін жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептеме жасау мен тапсырудың тәртібі және есептің нысандары

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 12 наурыздағы N 110 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 cәуірде тіркелді. Тіркеу N 502. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

       2. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар үшiн жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу бойынша есептеме жасау мен тапсырудың тәртiбi және есептiң нысандары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 110 бұйрығы (N 502 Мемлекеттік нормативтiк құқықтық актілердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________  

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар үшiн жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi есептеменiң тәртiбi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163-1 ҚРЗ заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы заңын iске асыру туралы" қаулысының 34-тармағы негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу процесiн бақылауды және үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бюджеттiк ұйымдардың жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар туралы есептемелерiн тапсырудың тәртiбiн белгiлейдi. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1783 қаулысына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiн үйлестiру және бақылау жөнiндегi өкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi болып табылады. 
      3. Жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар туралы есептi Қазақстан Республикасының және жергiлiктi бюджеттерiнен қаржыландырылатын органдар тапсырады. 
      3.1. Лимиттердiң бас басқарушысы қарамағындағы ұйымдар жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар туралы жоғары тұрған ұйымға есеп бередi. 
      3.2. Республикалық бюджеттен тiкелей қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен ұйымдар белгiленген нысан бойынша шығыстар сметаларының орындалуы туралы тоқсандық есептермен бiрге тоқсан сайын мемлекеттiк сатып алулар туралы есеп тапсырады. 
      3.3. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар облыстық (қалалық) қаржы басқармасына жиынтық есеп тапсыратын жергiлiктi қаржы органдарына белгiленген нысан бойынша тоқсан сайын мемлекеттiк сатып алулар есептер тапсырады. Облыстық (қалалық) қаржы басқармалары облыс бойынша жиынтық есептi құрайды және оны белгiленген мерзiмде бюджеттiң орындалуы туралы тоқсандық есеппен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiне тапсырады. 
      3.4. Есепке есептi тапсырған ұйымның басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды. 
      4. Жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi есептiң нысаны екi бөлiмнен тұрады. 
      - конкурстық негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу; 
      - конкурстық емес негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу. 
      Есептеменiң нысандарын толтырған кезде Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" заңын және осы заңның орындалуы үшiн қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын басшылыққа алу қажет. 
      5. Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" заңының 8 бабына сәйкес орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қарамағындағы мекемелерi, егер тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң әлдеқандай бiртектi түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың көлемi тиiстi қаржылық жылдың бiрiншi тоқсанына арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген есеп айырысу көрсеткiшiнiң 1000 (мың еселiк) өлшемiнен аспаған жағдайда ғана тапсырыс берушi ретiнде көрiнуге құқылы. Бұл орайда жоқ дегенде олардың бiреуi есеп айырысу көрсеткiшiнiң 1000 (мың еселiк) өлшемiнен аспауы үшiн олардың көлемдерiн бөлiктерге бөлшектеуге тыйым салынады. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi аталған сомадан артық алу жөнiнде тапсырысшы ретiнде бюджеттiк ұйымдардың жоғары тұрған басқару органы әрекет етедi. 
      6. Бюджеттiк ұйымдар есептi, өткiзiлген әрбiр конкурстың қорытындыларын көрсете отырып, экономикалық және функционалдық сыныптамаға сәйкес құрады. 
      7. Министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментке тапсырылатын жиынтық есептерiнде, "Конкурстық негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар" 1-бөлiмде тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушiлердiң iшiнде конкурста жеңiп шыққан тапсырысшылардың жүргiзген барлық мемлекеттiк сатып алулары бойынша деректер енгiзiледi. 
      8. 2-бағанада тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың тiзбесi және олардың өткiзiлетiн кезеңдерi көрсетiледi. 
      3-бағанада тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге ақы төлеудi жүзеге асыратын шығыстарды бюджеттiк сыныптау ерекшелiгiнiң коды көрсетiледi. 
      4-бағанада тапсырысшы сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң атаулары, не тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң бiртектi түрлерiнiң iрiлендiрiлген топтарының атаулары көрсетiледi. 
      Бұл орайда тиiстi қаржылық жылдың бiрiншi тоқсанына арналған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, сатып алғанда құны тұрғысынан есеп айырысу көрсеткiшiнiң 1000 (мың еселiк) өлшемiнен асып түсетiн тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң атаулары көрсетiледi. Егер тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң бiртектi түрлерiнiң құндық тұрғыдағы жалпы сомасы тиiстi қаржылық жылдың бiрiншi тоқсанына арналған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, есеп айырысу көрсеткiшiнiң 1000 (мың еселiк) өлшемiнен аспаса, бұл тауарлар жеке көрсетiлмейдi, бiрақ "өзгелерi" деген жолда ескерiледi. 
      5-бағанада тапсырысшы көрсетiледi. 
      6-бағанада конкурстың жеңiмпаздары көрсетiледi. 
      7-бағанада көмiр, мұнай өнiмдерi, астық, отын, жарық және басқалар сияқты ортақ табиғи өлшем бiрлiгi бар бiртектi тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша өлшем бiрлiктерi көрсетiледi. Өлшемнiң жалпы бiрлiгiн қолданудың мүмкiндiгi жоқ тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер топтары бойынша өлшем бiрлiгi көрсетiлмейдi. 
      8 және 9-бағаналарда шарт бойынша берiлуге тиiстi және iс жүзiнде берiлген тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша табиғи өлшемдердегi көлем көрсетiледi, ал өлшемнiң ортақ та табиғи бiрлiгiн қолданудың мүмкiндiгi жоқ тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша - көлем көрсетiлмейдi. 
      10-бағанада аталған конкурстық қорытындылары бойынша қалыптасқан өлшемнiң ортақ бiрлiгi тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша өлшем бiрлiгiнiң бағасы көрсетiледi. Өлшемнiң ортақ бiрлiгi болмаған жағдайда баға көрсетiлмейдi. 
      11-бағанада тапсырысшы мен берерменнiң арасындағы шартқа сәйкес сатып алудың ортақ құны көрсетiледi. 
      12-бағанада тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жасалған шарттар бойынша тапсырысшының iс жүзiнде төлеген құны, аванстық төлемдерi қоса көрсетiледi. 
      13, 14-бағаналарда тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша жасалған шартты мiндеттемелер бойынша тапсырысшының берерменнiң алдындағы қарызы көрсетiледi. 
      Мұндай мiндеттемелер мынадай белгiлер бойынша топталады: 
      Дайындалған, бiрақ алдын ала ақы төлеу талабы себебiнен берерменнiң қоймасынан әлi шығарылмаған өнiм үшiн тапсырысшының берермендер алдындағы шартты мiндеттемелерi 13-бағанада көрсетiледi. 
      Iс жүзiнде берiлген, бiрақ әлi ақысы төленбеген өнiм, орындалған жұмыс және қызмет үшiн тапсырысшының берермендерге қарызы 14-бағанада көрсетiледi. Бұл көрсеткiштер материалдық құндылықтар мен несиелiк қарыздарды есептеу жөнiндегi бухгалтерлiк есептiң баланстық шоттарымен байланыстырылуы керек. 
      9. "Конкурстық негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар" II бөлiмге конкурстық негiзде емес жүргiзiлген барлық мемлекеттiк сатып алулар бойынша, яғни Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" заңының 8-бабына сәйкес бiр көзден алынған сатып алулар бойынша деректер енгiзiледi. 
      2-бағана толтырылмайды, 6-бағанада берермен көрсетiледi. Бұл бөлiмнiң қалған көрсеткiштерi I бөлiм сияқты толтырылады. 
      10. Облыстық (қалалық) қаржы басқармаларының жиынтық есептерiнде әрбiр ерекшелiк бойынша қорытынды сомалар ғана көрсетiледi, ал берермендер мен тапсырысшылардың атаулары, егер тапсырысшының бiреуi Қазақстан Республикасының тиiстi қаржылық жылдың бiрiншi тоқсанына арналған заңдарында белгiленген құндық тұрғыдағы есеп айырысу көрсеткiшiнiң 10000-дық (он мың еселiк) мөлшерiнен асып түсетiн сомаға тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң бiртектi түрлерiн сатып алған жағдайда көрсетiледi. 
      Конкурстық емес негiзде жүргiзiлген сатып алулар бойынша есеп есептiк көрсеткiштердi толтырудың жоғарыда айтылған тәртiбiн сақтай отырып құрылады. 
      Егер құндық тұрғыда бiр тауарды, жұмысты және қызмет көрсетудi немесе бiртектi тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң топтарын сатып алудың сомасы Қазақстан Республикасының тиiстi қаржылық жылдың бiрiншi тоқсанына арналған заңдарында белгiленген құндық тұрғыдағы есеп айырысу көрсеткiшiнiң 10000-дық (он мың еселiк) мөлшерiнен асып түссе, онда аталған тауар, жұмыс және қызмет көрсету немесе бiртектi тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң топтары бойынша - барлық тапсырысшылар, егер аталған мөлшерден аспаса - бұл тауарлар "өзгелерi" деген жолда көрсетiледi. 

                                                   ГЗ-1-нысан        

        1998 жылдың  01  _____ жүргiзiлген тауарларды,
    жұмыстарды және қызмет көрсетiледi сатып алу жөнiндегi

                     Есеп                  Кодтары
                                         ---------
мекеме ________                          |         |
                                          ---------
                                          ---------
Бағдарлама _________________             |         |
                                         |         |
                                          ---------

                                                                                                               ---------
Шағын бағдарлама ____________            |         |
                                         |         |
                                          ---------      

--------------------------------------------------------------------
| N | Конкурстың | шығыстар     | тауарлардың, |тапсырысшы| конкурс
|   | атауы және | ерекшелiгiнiң| жұмыстар мен |          |жеңiмпазы
|   | өткiзiлетiн| коды         | қызмет       |          | -өнiм   
|   | күнi       |              | көрсетулердiң|          | берушi  
|   |            |              | атауы        |          | 
|   |            |--------------|--------------|          |
|   |            |              |              |          |
|   |            |              |              |          | 
|---|------------|--------------|--------------|----------|---------| 1 |      2     |       3      |       4      |     5    |     6  |-------------------------------------------------------------------|I. Конкурстық негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу            |-------------------------------------------------------------------|   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |          |-------------------------------------------------------------------|II. Конкурстық емес негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу --------------------------------------------------------------------|   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |        |   |            |              |              |          |         --------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------      тауарлардың, қызмет        | бiрлiк  | сатып  |  тапсырысшының 
      көрсетулердiң көлемi     | бағамы  | алу    |нақты  төлеген   
                                         | (теңге)| құны|сомасы(мың
                                         |        |(мың |  теңге)  
                                         |        |теңге)          
-------------------------------|         |        |           
өлшем   | шарт    | нақты өнiм |         |        |                
бiрлiгi | бойынша | берушi     |         |        |                
        |         |            |         |        |                
        |         |            |         |        |                
        |         |            |         |        |                
        |         |            |         |        |                --------------------------------------------------------------------
    7    |    8    |      9     |    10   |   11   |        12     --------------------------------------------------------------------                                                       

--------------------------------------------------------------------
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               
         |         |            |         |        |               
--------------------------------------------------------------------

----------------------------- 
    борыштық мiндеттемелер   |
                             |
                             |
                             |
                             |
-----------------------------|
  өнiм берушi  |   алынған,  |
  дайындаған,  | бiрақ ақысы |
 бiрақ алмаған | төленбеген  |
   тауарлар    |  тауарлар,  |
   бойынша     |  жұмыстар   |
               |  бойынша    |
---------------|-------------|
       13      |      14     |
-----------------------------|
                             |
-----------------------------|                                                                    

Басшы __________________                                            

Бас бухгалтер _______________

орындаушы :

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады