Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлердi жазу органының қызметкерлерiн аттестациялау туралы Ережесін және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген 1998 жылғы 9 сәуір N 280. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 29 cәуірде тіркелді. Тіркеу N 505. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы өкімет органдарының және олардың ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен мекемелердің мамандары мен басқарушы кадрларын құқықтық аттестациялау туралы 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347  қаулысымен  бекітілген Ережесін басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      азаматтық хал-актілерді жазу органдарының қызметкерлерін аттестациялау туралы және Орталық аттестациялық комиссия туралы ұсынылған Ережелер бекітілсін.

      Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                           Әдiлет Министрiнiң
                                           9 сәуiр 1998 ж.
                                           бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарының қызметкерлерiн аттестациядан өткiзу туралы
Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының (бұдан әрi - АХАЖ) қызметкерлерiн аттестациялау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347  қаулысымен  бекiтiлген "Атқарушы өкiмет органдарының және олардың ведомствоға қарасты мекемелердiң мамандары мен басқарушы кадрларын құқықтық аттестациялау туралы" Ережеге сәйкес өткiзiледi. 
      АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялау олардың бiлiктiлiк деңгейiн бағалау мен соның негiзiнде атқаратын қызметiне сәйкестiлiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. 
      2. АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялау үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен Орталық және Аймақтық аттестациялау комиссия құрылады. 
      3. Орталық аттестациялау комиссия Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Ереже негiзiнде әрекет ете отырып, аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне жасалған шағымдарды қарайды, аттестациялау күнiнен бастап жыл iшiнде дәлелдi себептермен аймақтық аттестациялық комиссияға аттестациядан өтуге екi рет келмеген АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялайды, сондай-ақ АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялауға арналған сұрақтар тiзiмiн бекiтедi. 
      Аймақтық аттестациялық комиссияның мүшесi болып табылатын АХАЖ қызметкерлерi осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аймақтық комиссиясының төрағаларынан тұратын комиссия басталғанға дейiн 10 күн iшiнде аттестациялауға жатады. 
      АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялауға арналған сұрақтар тiзiмi Әдiлет министрлiгiмен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде құрастырылады және аттестация басталардан кем дегенде 45 күн iшiнде кешiктiрiлмей әдiлет басқармаларына жiберiледi. 
      Әдiлет басқармалары аттестациялауға арналған сұрақтар тiзiмiн аттестациялауға жататын барлық АХАЖ қызметкерлерiне қол қойдырып, аттестация басталардан кем дегенде 30 күн iшiнде тапсырады. 
      4. Аймақтық аттестациялық комиссия осы Ережеге сәйкес, тиiстi облыстардың, Алматы қаласының және Астананың және АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялайды. 
      5. Аймақтық аттестациялық комиссия құрамында соттар және әдiлет органдары жүйесiндегi жоғары бiлiктi заңгерлерден тұратын 5 адамнан құралады. 
      Аймақтық аттестациялық комиссия құрамына лауазымы және келiсiмi бойынша: 
      1) Әдiлет министрлiгiнiң өкiлi - аймақтық аттестациялық комиссияның төрағасы; 
      2) аумақтық әдiлет басқармасының бастығы; 
      3) облыстық соттың (келiсiмi бойынша) азаматтық iстер жөнiндегi алқа мүшесi; 
      4) сол аймақтық комиссияда аттестацияланбайтын әдiлет басқармасының АХАЖ бөлiмiнiң бастығы - комиссия хатшысы; 
      5) әдiлет басқармасына тиiстi АХАЖ бөлiмiнiң бастығы; 
      6. Аттестациялауға жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар АХАЖ қызметкерлерi, сондай-ақ кемi 1 жыл АХАЖ органында жұмыс iстеген, жоғары заң бiлiмiн алып, АХАЖ органы жүйесiнде жұмысты жалғастырғысы келген қызметкерлер жатады. 
      Жоғары заң бiлiмi барлар 5 жылға, басқа санаттағы қызметкерлер 2 жылға аттестацияланады. 
      Аттестациялық комиссиясының шешiмi бойынша аттестациялануға тек орта бiлiмi барлар және жұмыс сапасы нашар, құқықтық мәдениетi және кәсiптiк бiлiм деңгейi төмен болғандықтан ұсынылған қызметкерлердiң сынақтан өтуiне әдiлет басқармасының бастықтары қарсылық бiлдiрген АХАЖ қызметкерлерi жiберiлмейдi. 
      7. Аттестациялануға жүктiлiк және бала туу демалысында жүрген, бала күту немесе 3 жасқа жеткенше бала күту бойынша еңбекақы сақталмайтын қосымша демалыста жүрген әйелдер жатпайды. Бұл адамдар жұмысқа шыққан күннен кейiн жарты жылдан ертерек аттестацияланады, жыл сайынғы демалыста немесе уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу демалысында жүрген тұлғалар олардың жұмысқа шығуы бойынша бiр ай iшiнде аттестациялануға жатады. 
      АХАЖ органы қызметiне қайта тағайындалған қызметкерлер тағайындалғаннан кейiн жыл толған соң аттестациялануға жатады. 
      8. Аттестацияның материалдарын Орталық және аймақтық комиссияға аумақтық әдiлет органдарының бастықтары тапсырады. 
      Аттестацияланушылардың материалдары аймақтық аттестациялық комиссиясына аттестация басталардан кем дегенде бiр күн бұрын тапсырылады. 
      9. Орталық аттестациялық комиссиясының мәжiлiс орны мен мерзiмiн Әдiлет Министрi белгiлейдi. 
      10. Орталық аттестациялық комиссияның ұйымдастырушылық техникалық қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, ал аймақтық аттестациялық комиссияның қызметi аумақтық әдiлет басқармасына жүктеледi. 
      Әдiлет органдарының басшылары, аттестациялық комиссиясының төрағалары аттестациялауды жоғары ұйымдастырылған деңгейде, табандылық жағдайында, аттестацияланушылардың бағаларының әдiлдiгiн қатаң сақтауда жариялылық тұрғысында қамтамасыз етуге мiндеттi. 

  II. Аттестацияны өткiзу мен дайындық тәртiбi

      11. Аттестацияланушы АХАЖ қызметкерлерiне: 
      1) әдiлет басқармасы бастығының ұсынысы; 
      2) аттестацияланушының кәсiптiк, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн бағалайтын мазмұндағы қызметтiк мiнездемесi; 
      3) нотариалды куәландырылған бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi; 
      4) аттестацияланушының өз қолымен жазған өмiрбаяны; 
      5) аттестацияланушының 3х4 см көлемiндегi суретiмен бiрге жеке iс парағы; 
      6) сотталғандығын тексеру нәтижесi бойынша құқықтық статистика және ақпарат Орталығының анықтамасы; 
      7) тұратын жерiнен берiлген денсаулық жағдайы (нарколог, психиатр, фтизиатр, терапевт) туралы анықтама берiледi. 
      Ұсынылатын материалдарға аттестацияланушыға қатысты аттестацияланушының соңғы үш жылдағы тәртiптiк жаза белгiлеу және көтермелеу туралы бұйрықтардың көшiрмесi, соңғы үш жылдағы кәсiпкерлiк қызметiн тексеру нәтижелерi бойынша анықтамалардың көшiрмесi, соңғы үш жылдағы атына түскен шағымдар туралы мәлiмет және солар бойынша қабылданған әдiлет органы шешiмдерiнiң көшiрмелерi қоса берiлуi тиiс. 
      Аттестациялануға жататын АХАЖ қызметкерi аттестация басталардан кем дегенде екi аптадан кешiктiрiлмей, ұсынылған мiнездемемен және басқа материалдармен, сондай-ақ аттестацияның уақытымен және орнымен таныстырылуы тиiс. 
      12. Аттестация аттестацияланушыдан еркiн нысандағы өтiнiш алуы бойынша аттестацияланушының таңдауымен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. 
      Аттестациялық емтихан жазбаша нысанда қабылданады, жауаптар комиссия шешiмiне қосып тiркеледi. 
      13. АХАЖ қызметкерi аттестация емтиханы барысында нұсқаларға кiргiзiлген 10 сұрақтың 7-еуiне жауап берсе, аттестацияланды деп есептеледi. 
      Нұсқаға енген 10 сұрақтың iшiнен 5 сұрақтан 7 сұраққа дейiн дұрыс жауап берген қызметкерге хатшыдан басқа аттестациялық комиссия шешiм қабылдағанға дейiн қосымша сұрақтар қоя алады. Бұл жағдайда дұрыс жауап бермеген АХАЖ қызметкерi аттестацияланбады деп есептеледi. 
      14. Аймақтық аттестациялық комиссияның мәжiлiсi оның мүшелерiнiң 4-еуi бар болса, өкiлеттi. 
      Комиссия мәжiлiсiнде хаттама және мәжiлiстiң өткiзiлу уақыты мен орны, аттестацияланушының тегi, аты, әкесiнiң аты, емтихан қорытындылары, аттестацияланушыға қойылған қосымша сұрақтар мен берген жауаптары көрсетiлетiн аттестация нәтижелерi бойынша комиссия толтыратын аттестация парағы, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешiм жүргiзiледi. 
      Шешiм аттестацияланушы жоқ кезде комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк ол үшiн дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыс теңдiгi кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 
      Аттестациялық парақ және хаттамаға барлық комиссия құрамы қол қояды. 
      Аттестация қорытындылары аттестацияланушыға сол күнi хабарланады. Аттестация парағы аттестацияланушының өз өтiнiшi бойынша берiлуi мүмкiн. 
      15. Аймақтық аттестациялық комиссияның аттестациялық парағы хаттамадан бөлек рәсiмделедi және мұнда комиссияның аттестацияланушы мен шешiм бойынша қорытындысы қамтылады: 
      - атқаратын қызметiне лайықты; 
      - атқаратын қызметiне жұмысын жақсартқан жағдайда және бiр жылдан соң аттестациядан қайта өтуден комиссия кепiлдемесiн орындағанда лайықты; 
      - атқаратын қызметiне лайық емес, төмендетуге тағайындау немесе еңбек туралы заң нормаларына сәйкес азаматтық хал актiлерiн жазу органдарынан шығарып жiберуге жатады. 
      Тұжырымдар мен кепiлдемелер аттестация мәтiнiнен шығуы және олар дәл, нақты, қысқа түрде жазылуы тиiс. Аймақтық аттестация комиссиясының аттестациялық парағы мен хаттамасы аттестацияланушының жеке iс парағына тiркеледi. 
      Аймақтық аттестациялық комиссиясы аттестацияланушы дәлелсiз немесе белгiсiз себептермен қайта келмеген жағдайда, аттестация басталған күннен бастап алты ай iшiнде "Аттестациялануға келмегенiне байланысты аттестациядан өткен жоқ" деген шешiм қабылдайды. 
      Аттестацияланған қызметкердi төменгi қызмет дәрежесiне ауыстыру туралы, тағайындалған қызметiнен босату немесе шығару туралы аймақтық аттестациялық комиссиясының тұжырымы аттестация басталған күннен бастап, кем дегенде бiр ай iшiнде жүзеге асырылуы тиiс. Көрсетiлген мерзiмнiң бiтуiне байланысты мұндай шешiмдер қабылданбайды. Қызметкердiң ауырған уақыты бұл бiр ай мерзiмге есептелмейдi. 
      16. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне жасалған АХАЖ қызметкерiн аттестацияламау туралы және өзге де негiздегi шағымы комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап он күн iшiнде Орталық аттестациялық комиссияға жiберiлуi мүмкiн. 
      17. АХАЖ қызметкерлерiн аттестациялау нәтижелерi бойынша аймақтық және Орталық аттестация комиссиясының шешiмдерi әдiлет басқармасына аттестацияланған қызметкердi қайта тағайындау немесе аттестацияланбаған қызметкердi қызметтен босату туралы бұйрық шығарылған күннен бастап он күн iшiнде жiберiледi.
      18. Аймақтық аттестациялық комиссиясының шешiмдерiне бақылау жасау аумақтық әдiлет басқармаларының бастықтарына жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады