ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ САРАПШЫЛАРЫН АТТЕСТАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҒЫМЕН БЕКІТІЛДІ 1998 жылғы 16 наурыз N 181 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 cәуірде тіркелді. Тіркеу N 507. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2005.08.05. N 214 бұйрығымен. V053784

      Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы заңын" іске асыру мақсатында: 

                     БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларын аттестациялау туралы Ереже бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін беру тәртібі туралы Ереже және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығы жанында сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау юстиция Вице-Министрі А.К. Дауылбаевқа жүктелсін.    

     МИНИСТР 

      

            I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1.1. Сот сарапшыларын аттестациялау Қазақстан Республикасы "Сот сараптамасы туралы"  Заңының  16-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Сот сарапшыларының аттестациясы сот сарапшыларының кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау мен ынталандыру мақсатында жүргізіледі. 
      1.2. Аттестациядан Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы орталығы жанындағы немесе Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің комиссиядан Сот-медицина орталығы жанындағы біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі бойынша сот сарапшысы біліктілігі берілген басқа да адамдар өтеді. 
      1.3. Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқына лицензия алу үшін аттестациядан өту міндетті шарт болып табылады. 
      1.4. Сот сарапшыларын аттестациядан өткізу үшін Әділет министрінің бұйрығымен Әділет Министрлігінің жанынан Аттестациялық комиссия құрылады, ол тұрақты негізде жұмыс істейді. 
      1.5. Комиссия құрамына кіретіндер: Қазақстан Республикасының юстиция Вице-Министрі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры және оның орынбасары, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы территориялық бөлімшелерінің аттестация өткізілетін жердегі басшылары. 
      1.6. Аттестацияланатын сарапшылардың материалдарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы ұсынады. 
      1.7. Аттестациялық комиссияның Алматы мен Ақмола қаласындағы қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Әділет министрлігіне, ал облыс орталықтарында облыстық юстиция басқармаларына жүктеледі. 

      

       II. АТТЕСТАЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 

      2.1. Аттестациялық комиссияға мына төмендегі материалдар ұсынылады: 
      - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы директорының немесе Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы директорының ұсынысы; 
      - аттестациядан өтушінің кәсіптік дайындық дәрежесін, іскерлігін және адамгершілік қасиетін көрсететін мінездеме; 
      - нотариус растаған жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі (аттестациядан өтушінің ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса, онда диплом мен аттестаттың көшірмесі); 
      - нотариус растаған сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәліктің көшірмесі; 
      - өмірбаян; 
      - жұмыс орны растаған кадрлардың есебін жүргізудің жеке парағы. 
      2.2. Осы ұсынылған материалдармен бірге аттестациядан өтушінің соңғы екі жылдағы көтермелеулері мен тәртіптілік жазалары туралы бұйрықтардың көшірмелері, сарапшылық қорытындылардың рецензиялары, сот сараптама орындарының ол туралы қабылданған шешімдері және арыздары туралы мәліметтер қоса ұсынылуы керек. Аттестациялық комиссияның қарауы бойынша аттестациядан өтуші адам туралы қосымша мәліметтер талап етілуі мүмкін. 
      2.3. Аттестациядан өтуші адам мінездемемен және басқа да материалдармен танысып, қол қоюы керек. 
      2.4. Комиссия материалдарды қарап шығады және тоқсанында бір рет сессия түрінде аттестация өткізеді. 
      2.5. Аттестациядан өтуші адамның кәсіптік деңгейі, адамгершілік және іскерлік қасиеттері комиссияның мәжілісіне алдын ала дайындық кезінде анықталады. 
      2.6. Аттестациядан өтуші адамға алдағы болатын аттестация туралы оның басталуынан 10 (он) күн бұрын жазбаша хабарлануы керек. 
      2.7. Аттестация мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, аттестациядан өтуші адамның қалауынша өткізіледі. 
      2.8. Аттестация берілген материалдар бойынша әңгімелесу түрінде өткізіледі. 
      2.9. Аттестациялық комиссияның мәжілісі, оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы болады. Мәжілісте хаттама жүргізіледі, онда: мәжілістің уақыты, болған жері, комиссия құрамы, аттестациядан өтуші адамның аты-жөні жүргізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны жазылады. Комиссияның шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 
      2.10. Аттестациялық комиссияның шешімі: 
      - аттестациядан өтті; 
      - аттестациядан өтпеді деген қорытынды түрде ресімделеді. 
      2.11. Шешім мен хаттамаларға төрағалық етуші мен комиссия мүшелері қол қояды. Шешіммен келіспеген комиссия мүшесі өзінің пікірін жазбаша түрде беруге құқылы. 
      2.12. Аттестацияның нәтижесі аттестациядан өтушіге дауыс берілгеннен кейін хабарланады. 
      2.13. Аттестациялық комиссияның қорытындысы адам аттестациядан өткеннен кейін беріледі. 
      2.14. Аттестациялық комиссияның материалдары тұрақты сақтауға жататын құжаттар категориясына жатады. 
      2.15. Аттестациялық комиссияның "аттестациядан өтпеді" деген шешіміне осы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне шағымдануға болады. Сот сарапшысының аттестациядан өту туралы мәселесін қайта қарауға үш ай мерзім өткеннен кейін рұқсат етіледі. 
      2.16. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарды аттестациядан қайта өткізу бес жыл өткеннен кейін жүргізіледі. 
      Басқа адамдарды аттестациядан қайта өткізу сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқына лицензияның әрекет мерзімі біткеннен кейін жүзеге асырылады.  
      2.17. Қайта аттестациялау осы Ережеде көзделген тәртіппен жүргізіледі.    

                                                1-қосымша  

                Біліктілік комиссиясы мәжілісінің
                         ХАТТАМАСЫ 
___________________________________________________________________
                        (сот-сараптама органының аты)
                                                 "__"___________ 199 _ ж.  
     Мәжіліске қатысқандар
_______________________________________________
     егер біліктілік комиссиясының              
___________________________________________________________________ 
      мәжілісіне оның мүшелері емес мамандар қатысатын болса, 
___________________________________________________________________
      онда хаттамаға олардың аты-жөнімен бірге, жұмыс орны,
__________________________________________________________________
                  лауазымы және мамандығы көрсетіледі       Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы Ережеге сәйкес Біліктілік комиссиясы:                                1.__________________________________________________________________
                      аты-жөні, тегі, лауазымы ____________________________________________________________________                       сараптама түрі, мамандығы ____________________________________________________________________
 сот сарапшысы біліктілігін беру туралы
_________________________________ ұсынысын;

2.
____________________________________________________мінездемесін;  
                   аты-жөні, тегі, лауазымы                          3. _________________________________________________________
               жасаған аты-жөні, тегі                               

      бақылау іс-жүргізу немесе сарапшы қорытындысының жобасын қарап шықты.
____________________________________________________________________
                            аты-жөні, тегі                                Білім деңгейін анықтау үшін
_________________________________________

     мынандай сұрақтар қойылды:
__________________________________________ 

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
оларға _____________________________________________ жауаптар берілді          (дұрыс, дұрыс емес)  

     Біліктілік комиссиясы шешті: 

     Іс жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігін ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________|берілсін  

     Сот сарапшысы біліктілігін
__________________________________________
     беруден қалыс қалу _________________________________________________ 
                   (себебін көрсету)                

____________________________________________________________________

     Комиссия төрағасы:                                                   Хатшысы:

2-қосымша       

                 Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы 
                      куәліктерді беруді тіркеу
                              ЖУРНАЛЫ  

      ___________________________________________________________________ 
| Рет  |  Куәлік | Куәлікті алған адамның  |   Куәлік   | Алғандығы 
| саны |  нөмірі | аты-жөні, тегі          |  берілген  | жөнінде  
|      |         |                         |    күн     |    қолы   
|______|_________|_________________________|____________|___________
|      |         |                         |            |          
|______|_________|_________________________|____________|___________

                                                                                                                           3-қосымша  

                 СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫ 

Фамилиясы, аты-жөні
______________________________________________________

Білімі
________________________________________________________________ 
          (қандай жоғарғы оқу орнын, қашан бітірді)

Ғылыми дәрежесі, атағы
___________________________________________________ 

___________________________________________________________________
Лауазымы
___________________________________________________________________
          (сот сарапшысы біліктілігін беру кезіндегі)

Сот-сараптама ұйымдарындағы жұмыс стажы
__________________________________ 
___________________________________________________________________
______________________________________ сарапшылық-біліктілік
комиссиясының                

___________________________________ 199 _ ж. " __ " ____________
шешімімен 
_____________________________________________________ N _________
хаттама  
____________________________________________________ іс-жүргізу
құқығымен  
________________________________________________________________
сараптама мамандығы бойынша сот сараптамасы біліктілігі берілді.     Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 _ ж. " __ "
_________________      

__________________ шешімімен
_________________________________________
____________________________________________________________________
            (қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)   

сараптамалар жүргізуге қосымша құқық берілді. 

Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 _ ж. " __ "
_________________      
__________________ шешімімен
____________________________________________
__________________________________________________________________  
          (қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)
сараптамалар жүргізу құқығы ұзартылды
______________________________________________________________
байланысты       (себептерін көрсету керек)

199 __ ж. " ____ " ___________________________________ сараптамалар 
жүргізу құқығынан айырылды. 

Карточканың көлемі 210 х 148 мм.         

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады