------------бұйрықтан үзінді--------
Ведомстволық нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
2) N 512 тіркелген, "Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіргені туралы құжаттарды қалпына келтіру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 2 наурыздағы N 84 бұйрығы...
Министр
______________________________________
Бұйырамын:
1. Білім комитеті ұсынған жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін.
2. Білім комитетіне (Ахметов Ә.Қ.) осы Нұсқау жоғары және арнаулы орта оқу орындарына мағлұмат етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Е.М. Арынға
жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлігінің
1998 жылғы 2 наурыз N 84
бұйрығына 1-қосымша
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы
құжаттарды қалпына келтіру туралы
Нұсқау
1. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы дипломын жоғалтқан немесе кезінде алмаған тұлғалар, өзінің білімі туралы құжатын қалпына келтіру үшін өзі, бітірген оқу орнына өтініш береді.
2. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы дипломның дубликаты бір рет қана беріледі. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы құжатын қайта жоғалтқанда диплом орнына куәлік беріледі.
3. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы жоғалған және кезінде алмаған дипломдардың орнына дубликаттар немесе куәліктер оқу орнының архивіне өтініш иесінің сол оқу орнын бітіргендігін куәландыратын келесі құжаттардың бірі болғанда беріледі:
а) оқу жоспарын орындағандығы туралы құжаттық мәліметтер;
б) Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясы мәжілісінің хаттамасы;
в) оқу орны ректорының (директорының) жас мамандардың бітіруі туралы бұйрығы;
г) диплом беру туралы кітап жазбасы;
д) оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа жіберілгендігі туралы жолдама;
ж) жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын өтініш иесінің бітіргендігін анықтайтын басқа да құжаттар.
Өтініш иесінің жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігін анықтайтын, дипломның дубликатын немесе куәлік беруге негіз болатын барлық құжаттар осы оқу орнын бітірушілердің жеке іс қағаздарымен бірдей сақталады.
Ескерту. Оқу орнын бітірушілермен бірге топ болып түскен суреттер, сонымен бірге тағы да жанама материалдар жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіргендігін растайтын құжаттар орнына қабылданбайды.
4. Дипломның дубликатына дипломның дубликаты берілген жылы бекітілген Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясының төрағасы, сонымен оқу орнының ректоры (директоры) және Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясының хатшысы қол қоюлары керек.
Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы куәлікке оқу орнының ректоры (директоры) және оқу бөлімінің хатшысы қол қоюлары керек.
5. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы дипломның орнына дипломның дубликатын немесе куәлікті оқу орнының проректоры (директордың орынбасары) береді.
6. Жоғары немесе арнаулы оқу орны таратылған жағдайда жоғалған дипломның орнына дипломның дубликатын министрліктің Білім комитетінің (оқу орындары бөлімінің), таратылған оқу орны қарамағында болған ведомствоның, облыстық білім басқармасының (департаментінің) нұсқауы бойынша сол министрліктің, ведомствоның, облыстық білім басқармасының департаментінің немесе сол оқу орнының құжаттық материалдары сақтауға берілген тиісті мемлекеттік архивтің өтініш иесінің жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігін куәландыратын анықтама негізінде беріледі.
7. Оқу орны және оқу орны қарамағында болған министрліктің Білім комитеті (оқу орындары бөлімі), ведомстволар, облыстық білім басқармасы (департаменттері) таратылған жағдайда жоғалған дипломның орнына дубликатты таратылған мекеменің құқығын иеленуші болып табылатын министрліктің Білім комитетінің (оқу орындары бөлімінің), ведомствоның, облыстық білім басқармаларының (департаменттерінің) нұсқауы бойынша, осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар негізінде беріледі.
8. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында белгіленген үлгіде берілетін дипломның дубликаттарын және куәліктерді тіркеу ерекше кітап арқылы ресімделеді:
а) реттік тіркеу нөмірі;
б) құжаттың нөмірі және берілген күні;
в) құжатты алған тұлғаның фамилиясы, аты жөні;
г) өтініш иесінің бітірген жоғары немесе арнаулы оқу орнының аты;
д) бітірген жылы және айы;
е) мамандықтың және біліктіліктің аты;
ж) жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігі туралы құжат беруде негіз болған құжаттардың тізімі;
з) диплом дубликатын, куәлікті алғандығы туралы тұлғаның қолхаты;
и) оқу орнының құжат берген проректорының (директордың орынбасарының) қолы енеді.
Ескерту: Берілген диплом дубликаттары мен куәліктер тіркелетін кітап жіппен қайымдалады, нөмірленеді және оқу орнының проректорында (директордың орынбасарында) сақталады.
9. Ескіргендігіне немесе басқа себептермен жарамсыз болып қалған дипломдарды дипломның дубликатына ауыстыру осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар негізінде жүргізіледі.
Фамилиясы және аты-жөні өзгерген жеке тұлғалардың, дипломды дипломның дубликатына ауыстыруы осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар және өзгерген деректі растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.
Өзгерген деректі растайтын құжаттар, осы оқу орнын бітірушілердің жеке іс қағаздарымен бірдей сақталады.
10. Куәліктің бланкілері орталықтандырылған тәртіпте қоса берілген үлгіге сәйкес беріледі.
11. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы куәлік алуға өтініш, диплом бланкілерін алуға белгіленген тәртіпте жіберіледі.
12. Куәлік бланкілері ерекше есептегі құжаттар ретінде Білім комитетінде және жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарында сақталады.
13. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы құжатты қалпына келтіруден оқу орнының ректоры (директоры) бас тартқан жағдайда өтініш иесі оқу орнының басқару органына шағым беруі мүмкін.
Жоғары және арнаулы орта оқу
орындарын бітіру туралы құжаттарды
қалпына келтіру туралы Нұсқауға
1-қосымша
ҚР Елтаңбасы
____________________________________________________________________ (министрліктің аты)
____________________________________________________________________ (жоғары немесе арнаулы орта орнының аты)
Куәлік
Азамат(ша)__________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні)
____________________________________________________________берілді.
____________________________________________________________________ (оқу орнының аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ (министрлік немесе ведомствоның аты)
__________________________________________________мамандығы бойынша
және Мемлекеттік біліктілік / емтихан комиссиясының шешімімен
____________________________________________________________________
___________________________________________біліктілігі берілді.
Осы куәлік ____________________________________________________
_____________________________________________________орнына берілді.
Куәлікті беруге негіз болған___________________________________
____________________________________________________________________ (архивтік құжаттар)
____________________________________________________________________
Ректор (директор)______________________________________________
______________________________________________қолы.
Оқу бөлімінің хатшысы_____________________________________қолы.
____________________________________________________________қаласы.
Тіркеу нөмірі__________________________________________________
Берілген уақыты " " ________________ 199 __ ж.