---------------Қаулыдан үзінді-------------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...
Төраға
Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидатураларды келiсудiң тәртiбi туралы" ережеге өзгертулер мен қосымшалар енгiзу туралы" 1998 жылғы 22 мамырдағы N 67-П бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлімінде N 537 тiркелген)...
___________________________________
II-бөлім 7, 8 және 9 тармақтармен толықтырылсын:
"7 тармақ. Қызметке кірісер алдында бірінші басшы мен бас бухгалтер (филиалдар, өкілдіктер) Ұлттық зейнетақы агенттігінің келісімінен өтуге тиіс."
8 тармақ. Келісімді ала алмаған жағдайда Ұлттық зейнетақы агенттігіне барлық қажетті құжатты тапсырғаннан кейін ғана қордың басшылары осы Ереженің 10 тармағына сәйкес өз міндеттерін атқаруға кірісе алады.
9 тармақ. Бас бухгалтерлік қызметке үміткер адамның бухгалтерлік еңбек өтілі 3 жылдан кем емес болуы қажет.
7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 тармақтары 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 тармақтар болып саналсын.
IV бөлім мынадай мазмұндағы 20 тармақпен толықтырылсын.
"20 тармақ. Басшы қызметке үміткерлер біліктілік емтиханын екі реттен артық тапсыруға жіберілмейді".