Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 41 "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті 1998 жылғы 10 шілде N 62. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 23 шілде N 551 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
               Мемлекеттік кіріс министрінің
           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      34. "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" N 41 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 62 V980551_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Жарлығына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 41 V970442_ "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" Нұсқаулығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      I-бөлімде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұсқаулықтың ережелерін қолданған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Құзыретті орган мен отандық немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалану жөніндегі Шарттарда, сондай-ақ аталған уақыттан кейін жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткізілген шарттарда айқындалған салық салудың ережелері, осы Нұсқаулықтың 24-тармағының ережелері есептеле отырып, олардың әрекет ету мерзімінде сақталатынын ескеру қажет. Аталған жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттарға оларға қол қойылған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері қолданылады.";
      II-бөлімде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа шарт сол жер қойнауын пайдаланушымен немесе оның мирасқорымен жасалған жағдайда бұрын жасалған шартты орындау үшін, салық режимі тек сол жерде жер қойнауын пайдаланудың болашақ шартына ішінара немесе толық ауыстыру көзделген шектерде ғана қолданылады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарттардың салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қатысты, осы Нұсқаулықтың 11-тармағының ережелеріне қайшы келетін ережелері Қазақстан Республикасының заңдарында және Шарттардың ережелерінде белгіленген тәртіппен қайта қаралуға жатады.";

      III бөлімде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының заңдарына және жасалған шарттардың ережелеріне сәйкес белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да төлемдер, оның ішінде бюджетке тарихи шығындарды өтеу.";
      22-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жер қойнауын пайдаланушылар салықтар мен төлемдерді есептеп шығару мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі Шарттар бойынша кірістер мен шегерімдерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі аталған Шарттың шеңберінен тысқары әрекеттер бойынша кірістермен және шегерімдермен біріктіре алмайды.";
      24-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шартта белгіленген Салық режиміне өзгерістер тек шарттың тараптарымен келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін. Оның ішінде Шарттық Салық режиміне өзгерістер заңдарға немесе халықаралық келісім-шарттарының ережелеріне өзгерістер енгізілген жағдайда, шарттың бастапқы ережелерін бұдан әрі сақтау мүмкін болмайтын немесе оның жалпы экономикалық қағидаларын елеулі өзгерістерге ұшырататын сәттен кейін енгізіледі.
      Мұндай өзгерістердің енгізілуін Шарт күшіне енген сәттегі жағдай бойынша қалыптасқан, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының Шарт жөніндегі экономикалық мүдделерінің арасалмағын өзгертпеуге тиіс.";
      24-тармақтың 2-мысалындағы "тармаққа сәйкес" деген сөздерден кейінгі "30" деген сан "24" деген санмен ауыстырылсын;
      25-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл орайда заңды тұлғалардың табыс салығын, оның ішінде құқықтарды тапсырып беру жөніндегі операцияларға қатысты заңды тұлғалардың төлем көздерінен ұсталатын табыс салығын есептеу және төлеу тапсырып беру сәтінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілетін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі шартта белгіленген құқықтарды тапсырып беру жөніндегі операциялардың қосылған құн салығынан босатылатынын ескеру керек.";
      26-тармақтың 2)-тармақшасындағы "жер қойнауын пайдаланушылар кен жер қойнауын игерудің салдарын жою қорына (резерв қорына) аударатын қаражаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті түрде арнаулы депозит шотына қосылуға тиіс." деген сөйлем алынып тасталсын;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "амортизациялық алымдарды есептеудің тәртібін реттейтін нормалардан басқа, Негізгі қорлар жөніндегі шегерімдерді айқындау үшін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі Шарттардың негізінде әрекет ететін Жер қойнауын пайдаланушылар үшін мынадай ережелер қолданылады:
      1) 1998 жылғы 1 шілдеден кейін қол қойылған шарттар бойынша Жер қойнауын пайдаланушылар Геологиялық зерделеуге, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған Барлау және дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстары, бағалау, жағдай жасау жөніндегі шығыстарды қоса, жалпы әкімшілік шығыстар мен Қол қойылатын бонус пен коммерциялық байқау бонусын төлеуге байланысты шығыстар амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады және жеке топ құрайды. Бұл топ жөніндегі амортизациялық аударымдар жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша белгіленетін нормаларға сәйкес пайдалы қазбалар өндіріле бастаған сәттен бастап жүргізіледі, бірақ 2-топтың негізгі құралдарын пайдаланудың шекті нормасынан (25 проценттен) аспауға тиіс.
      МЫСАЛЫ. "Мұнай" компаниясы 1998 жылғы 3 шілдеде Ақтөбе облысында көмірлі-сутегін барлау және өндіру жөнінде Шарт жасасты.
      Осы Шарт бойынша әрекет ету барысында компания 4 жыл бойы барлау жұмыстарын жүргізіп, 5-жылы коммерциялық мүддесі бар мұнай кен орынын тапты, осы жылы аталған кен орынын игеруге және Мұнай өндіруге кірісті.
      Бұл жағдайда компанияның Геологиялық зерделеуге, Барлауға және Пайдалы қазбаларды Өндіру үшін дайындық жұмыстарына, Қол қойылатын бонус пен Коммерциялық байқау бонусын төлеуге жұмсаған барлық шығындары және Шартты орындау жолында ұшыраған басқа да шығындары өндіру басталған осы жылдың алдындағы барлық жылдар ішінде жинақталуға тиіс және амортизацияны есептеу үшін жеке топ құрайды.
      2) 1997 жылғы 1 қаңтардан 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде қол қойылған шарттар бойынша Жер қойнауын пайдаланушының Геологиялық зерделеуге, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған Барлау және дайындық жұмыстарына жұмсаған шығыстары, бағалау, жағдай жасау жөніндегі шығыстарды қоса, жалпы әкімшілік шығыстар мен Қол қойылатын бонус пен Коммерциялық байқау бонусын төлеуге байланысты шығыстар амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады және жеке топ құрайды. Бұл топ жөніндегі амортизациялық аударымдар Пайдалы қазбаларды Өндіру басталған жылдан алғашқы бес жыл ішінде 1-топтың негізгі қорларын пайдаланудың шекті нормасы бойынша жүргізіледі, ал құнның қалған бөлігі бес жыл өткен соң жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша белгіленетін нормалар бойынша келесі пайдалану кезеңнің кез келген сәтінде шегеріледі.
      МЫСАЛЫ. "Тұлпар компаниясы 1998 жылдың 20 наурызында Қызылорда облысында көмірлі-сутегін барлау және Өндіру жөнінде Шарт жасасты.
      Осы Шарт бойынша әрекет ету барысында компания 4 жыл бойы барлау жұмыстарын жүргізіп, 5-жылы коммерциялық мүддесі бар мұнай кен орынын тапты, осы жылы аталған кен орынын игеруге және Мұнай өндіруге кірісті.
      Бұл жағдайда компанияның Геологиялық зерделеуге, Барлауға және Пайдалы қазбаларды Өндіру үшін дайындық жұмыстарына, Қол қойылатын бонус пен Коммерциялық байқау бонусын төлеуге жұмсаған барлық шығындары және Шартты орындау жолында ұшыраған басқа да шығындары өндіру басталған осы жылдың алдындағы барлық жылдар ішінде жинақталуға тиіс және амортизацияны есептеу үшін жеке топ құрайды.
      Компанияның 4 жылдағы барлық шығындарының сомасы 500 млн. теңгені құрады.
      Компания аталған топ бойынша амортизациялық аударымдарды алғашқы 5 жыл ішінде 30 проценттік шектеулі ставка бойынша, ал Шарт әрекетінің 5-жылынан бастап, оның ішінде:
      5 жыл үшін 150 млн. теңге;
      6 жыл үшін 105 млн. теңге;
      7 жыл үшін 73,5 млн. теңге;
      8 жыл үшін 51,45 млн. теңге;
      9 жыл үшін 36,015 млн. теңге төлей алады;
      Аталған шығыстар бойынша амортизациялық аударымдардың ең көп сомасы 5 жыл ішінде барлығы 415,97 млн. теңгені құрауы мүмкін. Топ бойынша қалдық құнды (84,035 млн. теңге) компания өз қалауы бойынша, егер мұндай шығыстар коммерциялық байқау сәтінен соң жүргізілген жағдайда Шартты жүзеге асырудың 10-жылынан басталған кез келген жылы 0%-тен 100%-ке дейінгі ставка бойынша амортизация есептеу жолымен шегерімге жатқызады.
      3) 1997 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған шарттар бойынша Геологиялық зерделеуге, Пайдалы қазбаларды Өндіру үшін дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар Шартқа қол қойылған сәттегі Қазақстан Республикасының заңдарында және жер қойнауын пайдалану шарттарының ережелерінде белгіленген тәртіппен Жылдық жиынтық кірістен шегерілуге жатады.";
      31-тармақ мынадай түрде жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығын есептеген кезде мынадай ерекшеліктері бар:
      Қосылған құн салығын төлеуден босатылады:
      Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінің N 37 Нұсқаулығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстары;
      жер қойнауын пайдалану жөніндегі Шартта берілген құқықтарды тапсырып беру.";
      32-тармақта:
      "өңделмеген мұнайға салынатын акцизді төлеуге" деген сөздерден кейін

"газ конденсатын қоса есептегенде" деген сөздермен толықтырылсын;          
     "заңдарда белгіленген тәртіппен" деген сөздерден кейін "жер қойнауын  
пайдалану жөніндегі Шарттарда белгіленген акцизді есептеудің 
ерекшеліктерді ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.               
     IV бөлімде:                                                           
     35-тармақтың "жер қойнауын пайдалануды жүргізу" деген сөздер "жер     
қойнауын пайдалану жөнінде қол қойылған Шарттардың" деген сөздермен        
ауыстырылсын;                                                              
     36-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:                            
     "1998 жылғы 1 шілдеден бастап жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол    
қойылған Шарттарда Өндіру бонусы белгіленбейді.";                          
     V бөлімде:                                                            
     54-тармақтың 1)-тармақшасы "алғашқы өңдеуден өткен" деген сөздермен   
толықтырылсын;                                                             
     2)-тармақшадағы "концентратта немесе металда" деген сөздер "немесе 
саф өнімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;                               
     56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:                                
     "есепті кезең үшін көмірлі-оттегі бойынша алғашқы тауарлық өнімді     
өткізудің орташа бағасы сатылған жерге дейінгі тасымалдау үшін іс 
жүзіндегі шығыстардың сомасы кемітілген, жанама салықтар қосылмаған 
көмірлі-сутегілерін өткізудің іс жүзінде қалыптасқан орташа бағасы болып 
табылады";  
     57-58-тармақтар алынып тасталсын;                                     
     VII бөлімде:                                                          
     96-тармақтағы мысал мынадай редакцияда жазылсын:                      
     МЫСАЛЫ. жер қойнауын пайдалану жөнінде Шарт жасасқан Компания 
көмірлі-сутегілерінің Кен орынын барлау және Өндіру жөнінде 10 жыл бойы 
әрекет етті. Әрекетті жүзеге асыру барысында мынадай нәтижелер қалыптасты: 
                                                  (млн. теңге)             
 __________________________________________________________________________
|Р | Көрсеткіштер| 1-  | 2-  | 3- | 4-  | 5-  | 6-  | 7-  | 8-  | 9-  |10-
|N |             | жыл | жыл | жыл| жыл | жыл | жыл | жыл | жыл | жыл | жыл
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|1 |      2      |  3  |  4  |  5 |  6  |  7  |  8  |  9  | 10  | 11  |12
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|1 |   Негізгі   |     |  400| 500|  800| 1000| 1200| 1400| 1500| 1400|1400
|  |  әрекеттен  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |түскен кіріс |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|2 |   Шартты    |     |     |    |   50|     |     |     |   80|     |50
|  |  көзделген  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  әрекетті   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |жүзеге асыру.|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |ға байланыс. |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |ты, өзге де  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  кірістер   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|3 |   Жылдық    |     |  400| 500|  850| 1000| 1200| 1400| 1580| 1400|1450
|  |  жиынтық    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | кіріс (1+2- |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   жолдар)   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|4 | Роялти - 5% |     |   20|  25|   40|   50|   60|   70|   75|   70| 70
|  |(1*-жол 5%)  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |(бұл мысалда |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   роялти    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | салынатын   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   объект    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   Жылдық    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  жиынтық    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  кірістің   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |сомасына тең |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |екендігі сон.|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |дай-ақ Жер   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   қойнауын  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |пайдаланушы. |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |ның бүкіл    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |әрекет ету   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |кезеңінде    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  тіркелген  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  роялтидің  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | ставкасынан |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   алынғаны  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | анықталған  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|5 |   Күрделі   |  500|  400| 300|  200|  100|     |     |     |     |    
|  |  шығындар   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|6 | Шегерімдер, |  100|  350| 300|  400|  450|  550|  650|  800|  650| 550
|  | оның ішінде:|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|7 |- амортизация|     |  100| 150|  200|  200|  150|  100|   80|   70| 70
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|8 |-қарыздар мен|     |   30|  40|   50|   40|   20|     |     |     |    
|  |   несиелер  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   бойынша   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  проценттер |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|9 |    Өткен    |     |  100|  70|     |     |     |     |     |     |    
|  |  жылдардың  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   зияндары  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|10|    Салық    | -100|  -70| 105|  410|  500|  590|  680|  705|  680| 830
|  |  салынатын  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |кіріс (3-4-6-|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | 9 - жолдар) |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|11|Табыс салығы-|     | 31,5| 123|  150|  177|  204|211.5|  204|  249|    
|  |30% (10*-жол |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |    30%)     |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|12|Табыс салығы | -100|  -70|73.5|  287|  350|  413|  476|493.5|  476| 581
|  | төленгеннен |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |кейінгі кіріс|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |(10-11 - жол)|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|13|  Компания   |     |     |    |     |     |  100|  150|  200|  200| 200
|  |  төлейтін   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | дивидендтер |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|14|  дивидендке |     |     |    |     |     |   15| 22.5|   30|   30|  30
|  |  салынатын  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | салық - 15% |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |(13*-жол 15%)|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|15| Өткен жылы  |     |     |    |     |     |     |     |     37.07|47.05
|  |  төленген   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |үстеме пайда.|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |ға салық     |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|16|  Таза Кіріс | -100|  -70|73.5|  287|  350|  398|453.5|463.4|392.13 504
|  |(Зиян) (12-14|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | -15-жолдар) |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|17|Жер қойнауын |  -  |  -  33.5|337.0|490.0|568.0|553.5|543.4|461.9|574.0
|  |пайдаланушы. |600.0|240.0|    |     |     |     |     |     |     |    
|  |ның ақша ағы.|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |сы (16-5+7+8+|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  9-жолдар)  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|18|   Инфляция  | н/р | н/р | н/р|   - 0.75%|15.03|22.39|26.65|28.96|30.84
|  |  индексіне  |     |     |    |26.99|     |  %  |  %  |  %  |  %  |  % 
|  |үйлестіріл.  |     |     |    |  %  |     |     |     |     |     |    
|  |генге дейінгі|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |пайданың ішкі|     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   нормасы   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|19|  Инфляция   | 3.0%| 3.0%|4.0%| 4.0%| 4.0%| 5.0%| 4.0%| 4.0%| 3.0%|3.0%
|  |   индексі   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|20|   Ақшаның   |  -  |  - 31.6|305.4|427.0|477.3|442.8|418.0|339.63 407.9
|  |үйлестірілген|600.0|233.0|    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   ағыстары  |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|21|Пайданың ішкі| н/р | н/р |Н/р | н/р |  - |11.13|18.14|22.21|24.39|26.17
|  |  нормасы    |     |     |    |     |2.63%|  %  |  %  |  %  |  %  |  % 
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|22|   Үстеме    |     |     |    |     |     |     |     |  8% | 12% | 18%
|  |  пайдаға    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | салынатын   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |   салық     |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | ставкасы    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
|23|   Үстеме    |     |     |    |     |     |     |    |37.07|47.05|90.72
|  |  пайдаға    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  | салынатын   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |салық сомасы |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  (16*-22-   |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|  |  жолдар)    |     |     |    |     |     |     |     |     |     |    
|__|_____________|_____|_____|____|_____|_____|_____|_____|_____|_____|____
  
     Ақша ағыстары есептеуден кейін іс-әрекеттің екінші жылынан бастап 
ақша ағыстарын белгіленген формула бойынша инфляция индексіне үйлестіру    
жүргізіледі:                                                               
  
     AYA (1) = -600                                                        
  
                  -240                                                     
     AYA (2) = ---------- = - 233
                (1+0,03)                                                   
  
                                                                           
                       33,5                                                
     AYA (3) = --------------------- = 31,6                                
                (1+0,03) x (1+0,03)                                        
  
                                                                           
  
                                     574                                   
     AYA (10) = --------------------------------------------------- =407,9 
               (1+0,03)х(1+0,03)х(1+0,04)х(1+0,04)х(1+0,04)х(1+0,05)       
  
                          х(1+0,04)х(1+0,04)х(1+0,03)                      



      Ақша ағыстарын үйлестіргеннен кейін әр жылға арналған Таза

Келтірілген Құн (ТКҚ) есептеледі. Бұл орайда егер есептелген қолма-қол 
ақшаның үйлестірілген жылдық ағыстары сомасында оң нәтиже алынса, есептеу 
жүргізуге болатынын ескеру керек.                                          
            
   
          - 600 + (-233) + 31,6 + 305,4 + 427 + 477,3 = 408,3              
  
   
     6-жыл үшін ТКҚ-ны есептейік.                                          
  
   
             -600      -233      31,6     305,4      427       477,3       
ТКҚ (11) = ------- + -------- + ------ + -------- + ------- + ------- =    
                            2          3         4         5          6    
           (1+0,11) (1+0,11)   (1+0,11)  (1+0,11)  (1+0,11)   (1+0,11)     



          = (-540,54) + (-189,1) + 23,1 + 201,1 + 253,4 + 255,18 = 3,22

            -600      -233      31,6       305,4     427          477,3
ТКҚ (12) = ------- + -------- + ------- + ------- + -------- + --------- =
                            2         3         4          5          6   
          (1+0,12)  (1+0,12)   (1+0,12)  (1+0,12)  (1+0,12)   (1+0,12)     
 
         
         = (-535,7) + (-185,75) + 22,5 + 194,1 + 242,3 + 241,8 = -20,75
           
     
     6-жыл үшін ПІН-ді есептейік.
     
                  3,22                              3,22
ПІН = 0,11 + --------------- х (0,12-0,11) = 0,11 + ----- х 0,01 = 0,1113=
11,13%
             3,22 - (-20,75)                        23,97   
     
     Кейінгі жылдар үшін де есеп осылай жүргізіледі; 
     
     VIII бөлімде: 
     103-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 


      "Мемлекет келісімді аумақтарда жұмсаған Тарихи шығындарды толтырудың жер қойнауын пайдаланушы бюджетке іс жүзінде төлеген сомалары Осы Нұсқаулықтың 28-тармағында белгіленген тәртіппен жылдық жиынтық кірістен пайдалану аударымдары ретінде шегерілуге жатады.";

     қосымшаға: 
     1-6-қосымшалар қоса есептегенде ескертудің алдында мынадай мазмұндағы 
абзацпен толықтырылсын:   
     "Мен осында көрсетілген ақпараттың толық және растығын мәлімдеймін. 
Мен Салық кодексін бұзушылық бюджет алдында жауапкершілікке әкелетінін 
білемін."; 
     7-қосымшада келтірілген редакцияда жазылсын: 
     
     
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                  Қаржы министрлігі 
                                                  Салық комитетінің 
                                                  1998 ж. "__"__________ 
                                                  N _______ Нұсқаулығына 
     
                                                  N 7 қосымша 
     
___________________________________     _________________________________ 
 (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)                   (аудан, қала) 
     
                                          ________ бойынша Салық басқармасы
     
___________________________________       Тапсыру мерзімі _________________
  (салық төлеушінің толық атауы)          Іс жүзінде тапсырылды ___________
     
___________________________________________________________________________
 
           (жер қойнауын пайдалану жөніндегі Шарттың толық атауы) 
     
                          ___________ жыл үшін 
                  үстеме табысқа салынатын салық бойынша 
                               ДЕКЛАРАЦИЯ 
     
 _________________________________________________________________________ 
|          Көрсеткіш            |Кодтың |Салық салушының |     Салық       
|                               | жолы  | дерегі бойынша | басқармасының   
|                               |       |                | дерегі бойынша  
|_______________________________|_______|________________|________________ 
|                1              |   2   |        3       |        4        
|_______________________________|_______|________________|________________
|Есепті кезеңдегі таза кірістің |  010  |                |                 
|сомасы                         |       |                |                 
|_______________________________|_______|________________|________________ 
|Есепті кезеңнің аяғындағы      |       |                |                 
|пайданың ішкі нормасы (%)      |  020  |                |                 
|_______________________________|_______|________________|________________ 
|Салық ставкасы (%)             |  030  |                |                 
|_______________________________|_______|________________|________________ 
|Бюджетке төленетін, үстеме     |  040  |                |                 
|пайдаға салынатын салықтың     |       |                |                 
|салығы ______________________  |       |                |                 
|       (010*-030/100-жолдар)   |       |                |                 
|_______________________________|_______|________________|________________ 
 Кәсіпорынның есеп және басқа шоттары бар банктердің атаулары 
     
 Банк мекемесінің атауы                    Шот нөмірі
 __________________________________        __________________________ 
 Кәсіпорынның басшысы                      Салық қызметі органының 
 (бірлестіктің, ұйымның)                   басшысы 
     
 __________________________________        __________________________ 
             (қолы)                                  (қолы) 
     
 Бас бухгалтер                             Бөлім бастығы 
     
 __________________________________        __________________________ 
             (қолы)                                  (қолы) 
     
 __________________________________  
         (телефон нөмірі) 
     
     Мен осында көрсетілген ақпараттың толық және растығын мәлімдеймін. Мен
Салық кодексін бұзушылық бюджет алдында жауапкершілікке әкелетінін білемін.
     Ескерту: Декларацияның нысаны салық төлеуші тіркелген орын бойынша 
салық органымен келісе отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі шартта 
белгілеген ережелерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
     
     Әдістемелік кеңесте 
     МАҚҰЛДАНДЫ 
     1998 ж. "__"_________ N хаттама 
                                                                           
  
                                                                           
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады