Қазақстан Республикасында салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы Ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 тамызда N 569 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 401 бұйрығымен.

  ------------Бұйрықтан үзінді------------------

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 7 тамызда N 569 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасында салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 326 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      Министрдің м.а.

____________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235  Z952235_  Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілерді сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасындағы Салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы ереже бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Б.Ш. Тәжияқов) екі апталық мерзімде Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы ережені жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлесін және бекітсін. 
      3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 
      ВХ-01Ю-94, ВХ-01Ф-94, ВХ-02Ю-94, ВХ-02Ф-94, ВЫХ-01Ю-94 және ВЫХ-01Ф-94 нысандары; 
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 11 салық тіркеу нысанын (N ВХ-01Ф-94) толтыру жөніндегі жеке тұлғаларға көмекші нұсқау; 
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 12 салық тіркеу нысанын (N ВХ-01Ю-94) толтыру жөніндегі заңды тұлғаларға көмекші нұсқау; 
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 13 "Салық төлеушіні тіркеу және оған тіркелу нөмірін беру тәртібі туралы (СТТН)" нұсқаулығы; 
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы салық инспекцияларында салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН) күшіне енгізу жоспары. 
      4. Осы бұйрықты орындауға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасына (Б.Ш.Тәжияқовқа) жүктелсін. 

       Бірінші Вице-Министр  

 
      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Z952235_  Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді. 

1. Негізгі ережелер 

      1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің бөлімшелерінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН) берудің біртұтас жүйесін қамтамасыз етуге, салық төлеушілер туралы деректердің ұлттық базасын жасауға, қаржы, сот, құқық қорғау, кеден органдарымен, нотариалдық кеңселермен, банктермен және құқықтық мәмілелер мен қаржылық операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған. 
      Әрбір салық төлеушіні бір тұрақты нөмір арқылы сәйкестендіру салық қызметінің компьютерлік жүйесін жасаудың негізгі шарты болып табылады. 
      1.2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 
      Салық төлеушілердің есебін жүйелендіруге және тәртіптеуге; 
      Деректерді компьютерлік өңдеуді қамтамасыз етуге; 
      Салық төлеушілердің заңдарды сақтау жөніндегі ақпаратын тоғыспалы тексеруді жүргізу; 
      Салық органдарының арасында жедел ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуге; 
      Салықтарды, алымдарды және мемлекет алдындағы өзге қаржылық міндеттемелерді толық жинауды қамтамасыз етуге; 
      Салық төлеушілер туралы уақтылы жедел ақпаратты алуға арналған. 
      1.3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      СТТН - салық органының мемлекет алдында салықтық және өзге де қаржылық міндеттемелері бар заңды немесе жеке тұлғаға берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 
      Төлеуші - заңды немесе жеке тұлға; 
      Алушы - аумағында салық салудың объектісі орналасқан салық органы; 
      Тіркеуші - салық төлеушіні есепке алу және тіркеу үшін материалдар даярлаумен айналысатын салық комитеттері. 
      Тіркеу орталығы - СТТН беруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті. 
      1.4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТТН) "Әкімшілік-аумақтық органдарды білдіретін жүйе" (ӘАОБЖ) жалпы сыныптаушының облыстар кодтарын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қабылданған облыстар аудандарының кодтарын ескере отырып беріледі. 
      ӘАОБЖ жалпы сыныптаушы облыстар кодтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінде қабылданған облыс аудандарының кодтары өзгерген кезде облыстық және аудандық салық комитеттері облыс пен ауданның жаңа кодтарын пайдалана отырып өздеріне жаңадан СТТН береді. Бұл ретте заңды және жеке тұлғаға берілген СТТН өзгеріссіз қалады. 
      1.5. Салық төлеушіге СТТН оны бастапқы тіркеу кезінде бір рет беріледі, бұл Қазақстан Республикасының аумағында барлық салықтық және қаржылық міндеттемелер бойынша пайдаланылады, және де ол таратылғанға дейін өзгеріссіз қалады. 
      Салық комитеті төлеушіге жіберілетін оның салықтық және қаржы міндеттемелеріне қатысы бар барлық хабарламаларында (салық декларацияларында, есеп айыру және басқа да құжаттарда) салық төлеушінің СТТН көрсетіледі. 
      1.6. Төлеуші басқа салық комитетіне қатысты салық міндеттемелері пайда болған кезде Алушының төлем құжаттарының шетіне өздеріне байланысты салық міндеттемелері пайда болған салық органының СТТН көрсетеді. 
      1.7. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және басқа да ұйымдар: 
      - салық төлеушіге банк шоттарын ашқан кезде салық органдарына хабарлаған оның тіркеу нөмірін ескеруге, соңғыларды 10 банктік күн ішінде салық төлеушіге аталған шоттардың ашылғаны туралы хабарлауға және төлем құжаттарында СТТН қойылмаған шоттар бойынша операциялар жүргізбеуге; 
      - төлем құжаттарын өңдеген кезде осы Ереженің екінші бөліміне сәйкес СТТН бақылауға міндетті. 
      1.8. Қазақстан Республикасының аумағында табыс алатын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар СТТН бойынша басқа мемлекеттердің азаматтары ретінде есепке алынуы және Қазақстан Республикасында тұрғылықты жеріндегі (оның ішінде уақытша) салық органына тіркелуі тиіс және салық міндеттемелері туындаған кезде төлем құжаттарында олардың салықтық және қаржы міндеттемелері пайда болған аумақтағы салық органының СТТН көрсетеді.
      Бұл ретте СТТН алу үшін олар Қазақстан Республикасының аумағында табыс алғанын растайтын құжатты тапсыруға міндетті.
      1.9. Мұраға жылжымайтын мүлік алған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар СТТН бойынша басқа мемлекеттердің азаматтары ретінде есепке алынуы және салық салу объектісі орналасқан жердегі салық органында тіркелуі тиіс.

2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымы және
бақылау разрядын есептеудің алгоритмі

      2.1. Салық төлеушіні "Тіркеу нөмірі" құрылымы
      СТТН 12 разрядты сан болып табылады.
      ХХ ХХ Х ХХХХХХ Х
      __ __ _ ______ __
       |  |  |  |      |5 фасет - бағалау разряды
       |  |  |  |      |______________________________________
       |  |  |  |      
       |  |  |  | 4 фасет - салық төлеушінің реттік нөмірі
       |  |  |  |_____________________________________________
       |  |  |  
       |  |  |  3 фасет - 0 заңды тұлға; 1-ден 9-ға дейін жеке тұлға
       |  |  |________________________________________________
       |  |  
       |  | 2 фасет - ауданның коды
       |  |___________________________________________________
       |   
       | 1 фасет - облыстың коды
       |______________________________________________________
       Бірінші фасет (2 разряд) - облыстың коды. Кодтау үшін "Әкімшілік-аумақтық органдарды білдіретін жүйе" (ӘАОБЖ) сыныптаушы кодтың 3, 4 разрядтары пайдаланылады. 
       Екінші фасет (2 разряд) - ауданның коды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қабылданған облыс аудандарының кодтарына сәйкес келетін салық комитеттерінің тізбесі және нөмірі.
      Үшінші фасет (1 разряд) - мынадай мағынасы бар: 0 - заңды тұлғалар үшін, 1-ден 9-ға дейін - жеке тұлғалар үшін.
      Төртінші фасет (6 разряд) - салық органы беретін салық төлеушінің рет нөмірі.
      Бесінші фасет (1 разряд) - "модуль 11" алгоритмі бойынша есептеп шығарылатын бақылау разряды.
       Ескерту:  СТТН барлық разрядтарының мағынасы бірдей болмауы тиіс. Мұндай сандар СТТН ретінде жіберілмейді.

      1 мысал:
      111111111111, 222222222222, және т.б.

      2.2. СТТН бақылау разрядын есептеп шығарудың алгоритмі
      Бақылау разряды компьютерлік жүйелерде СТТН тұтастығын автоматтық бақылау үшін қажет.
      Соңғы 12 разрядты қоспағанда СТТН әрбір разрядына 1-ден бастап 10-ға дейін салмақ беріледі (яғни салмақтың 10-нан артық мағынасы болмайды). 11-разрядтың 1-ге тең салмағы болады.

      1 мысал:     

               СТТН: 6 0 0 4 0 0 0 0 0 0  9
             Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1
           Әрбір разряд мағынасының оның салмағына көбейтіндісінің сомасы анықталады.
         11 
     S = E  a * b , мұнда: a -СТТН i-разрядының мағынасы
        і=1  і   і          і
                           b -СТНН i-разрядының салмағы
                            і

     Алынған сома 11-ге бөлінеді және тұтас бөлігі бөлініп көрсетіледі.     

                   С=S/11

     - Көбейтінділер сомасымен 11 модул бойынша осы сомаға тұтас сандық кіру арасындағы айырма анықталады.

                    K=S-C*11

     - Егер алынған айырма 10-нан кем болса, ол бақылау разрядының мәні болып  табылады. Егер бірінші өтуден кейін бақылау саны 10-нан артық немесе тең алынған болса, есептеу қайталанады, бірақ әрбір разрядқа 2-ден бастап салмақ беріледі. Үшінші өту үшін тиісінше 3-тен бастап және т.б. салмақ беріледі. Егер есептеуді қайталаудың 10 циклынан кейін нәтиже ылғи да 10-нан артық немесе тең мәнге ие болса, онда СТТН үшін осы сан алынып тасталады.

      2 мысал:
      60050000742Б СТТН үшін бақылау разрядын есептеу     

      1 өту
      СТТН: 6 0 0 5 0 0 0 0 7 4  2
    Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1     

     S1= 6*1+0*2+0*3+5*4+0*5+0*6+0*7+0*8+7*9+4*10+2*1=131
     С1= 131/11=11
     К1= 131-11*11=10     

     2 өту
      СТТН: 6 0 0 5 0 0 0 0 7  4 2
    Салмақ: 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2
     S2= 6*2+5*5+7*10+4*1+2*2=115
     С2= 115/11=10 
     К2= 115-10*11=5
     СТТН: 600500007425

     3 мысал:
     6004000000Б СТТН үшін бақылау разрядын есептеу
     СТТН: 6 0 0 4 0 0 0 0 0 0  9
    Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1
     S= 6*1+0*2+0*3+4*4+0*5+0*6+0*7+0*8+0*9+0*10+9*1=31
     С= 31/11=2
     К= 31-2*11=9
     СТТН: 600400000099     

3. Салық төлеушіні есепке қою тәртібі

     3.1. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында мөр дайындауға рұқсат алғанға дейін мемлекеттік тіркелу (құрылу) күнінен бастап 10 күн ішінде, басқа салық төлеушілер - салықтық және қаржылық міндеттемелер пайда болған жағдайда 10 күн ішінде Тіркемешіге тіркеу нөмірі үшін өтініш беруге міндетті. 
      3.2. Есепке қою кезінде операцияның түрін: оларды толтыру жөніндегі басшылыққа сәйкес "Бастапқы тіркеу" (N 2 қосымша және N 4 қосымша) көрсете отырып заңды тұлға N ВХ-01Ю-98 (N 1 қосымша), жеке тұлға - N ВХ-01Ф-98 (N 3 қосымша) толтырады. 
      Тіркеу нысанын қабылдау үшін нысанда көзделген толтырылатын реквизиттерден басқа мынадай құжаттар қажет: 
      а) заңды тұлғалар мен олардың оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдар, өкілдіктер) үшін: 
      Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттың көшірмесі (құрылымдық бөлімше үшін - Ереже); 
      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгілеген нысандағы құжаттың көшірмесі; 
      статистикалық орган берген құжаттың көшірмесі (N 1 нысанның статистикалық карточкасы). 
      б) жеке тұлғалар үшін: 
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
      мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар үшін). 
      Аталған құжаттарды СТТН бастапқы берген кезде төлеуші табыс етеді. 
      3.3. Тіркеуші ұсынылған деректерге сай СТТН беру үшін материалдарды (деректерді) даярлайды және Тіркеу Орталығына электрондық байланыс арқылы тіркеу нысанын және СТТН беруге қажетті Төлеуші туралы деректі табыс етеді. 
      3.4. Тіркеу Орталығы тіркеу нысанын тексереді және Тіркеушіге СТТН берілгені туралы хабарлай отырып СТТН береді. Тіркеуде ауытқулар пайда болған жағдайда Тіркеу Орталығы Тіркеушіге ауытқулардың себебін хабарлайды. 
      3.5. Тіркеуші СТТН берілгеннен кейін Төлеушіге есепке алудың тіркеу карточкасын ашады және мұнда берілу фактісін белгілейді. Бұл ретте Тіркеуші тіркелген күннен бастап 3 күн ішінде оған салық органы басшысының қолы және мөрімен куәландырылған заңды тұлғалар үшін N ВЫХ-01Ю-98 (N 5 қосымша) нысаны бойынша және жеке тұлғалар үшін ВЫХ-01Ф-98 (N 6 қосымша) нысаны бойынша тіркеу туралы растама жібереді. 
      3.6. Төлеушінің тіркеу нысандары және тиісті құжаттарының көшірмелері заңды және жеке тұлғалардың тіркелген жеріндегі салық органында сақталады. 
      Салық органы заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) есепке қойған кезде тіркеу нысанының тиісті шетінде бас кәсіпорынның СТТН көрсетіледі. 

4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірлерін
есепке алу тәртібі 

      4.1. Төлеушінің тіркеу деректері (атауы, меншік нысаны, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, қызмет түрі және т.б.) өзгерген кезде СТТН өзгермейді. 
      Төлеуші тіркеу нысанының реквизиттері өзгерген кезде 10 күн ішінде Тіркеушіге операцияның түрін: "Тіркеу деректерін өзгертуді көрсете отырып заңды тұлға үшін N ВХ-01Ю-98 (N 1-қосымша), жеке тұлға үшін N ВХ-01Ф-98 (N 3-қосымша) тіркеу нысанын беруге міндетті. Бұл ретте осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмесі қажет. 
      4.2. Төлеуші офистің орналасқан жерін (мекен-жайын) немесе тұрғылықты жерін ауыстырған және салықтық және қаржылық міндеттемелерін басқа салық органына берген жағдайда Төлеуші 10 күндік мерзімде өзі тұрған Тіркеушіден есептен шығуға, және де офис орналасқан немесе тұратын жаңа жерде есепке тұруға міндетті. 
      Бұл ретте заңды тұлға операция түрі: "Тіркеу деректерінің өзгеруін" көрсете отырып N ВХ-02Ю-98 (N 8-қосымша) нысан бойынша және N ВХ-01Ю-98 (N 1-қосымша) тіркеу нысаны, жеке тұлға - N ВХ-01Ф-98 (N 3-қосымша) тіркеу нысаны бойынша өтініш беруге міндетті. 
      Тіркеуші берілген өтініш және тіркеу нысаны негізінде Төлеушіге 10 күн ішінде заңды тұлға үшін N ВЫХ-02Ю-98 (N 8 қосымша), жеке тұлға үшін N ВЫХ-02Ф-98 (N 9 қосымша) нысаны бойынша нұсқау береді. 
      4.3. Салық төлеуші көшіп келген жердегі Тіркеуші оны оған бұрын берілген тіркеу нөмірімен есепке қояды және тіркеу туралы растама, нұсқау, есептен шыққан сәттегі салыстыру актісі және дербес шоттардың көшірмесі негізінде төлемдерді есепке алуды одан әрі жалғастырады. 
      4.4. Заңды тұлға қосылған немесе бөлінген жағдайда әрбір салық төлеуші 10 күндік мерзім ішінде операциялардың тиісті түрін көрсете отырып, N ВХ-02Ю-98 (N 7 қосымша) нысан бойынша бөлек өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар жалпы белгіленген тәртіппен есепке тұрады және операцияның түрін: "Бастапқы тіркеу" көрсете отырып N ВХ-01Ю-98 (N 1 қосымша) тіркеу нысанын толтырады. 
      4.5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының тысқары жерге көшкен, болмаса заңды тұлға таратылған немесе банкротқа ұшыраған, болмаса жеке тұлға жазатайым мерт болған кезде СТТН 5 жыл бойы өзгеріссіз қалады.
      4.6. Тіркеуші тіркеу деректерінің және тіркеу нысаны реквизиттерінің барлық өзгерістерін тіркеу орталығына хабарлауға міндетті.

5. Салық төлеушіге тіркеу нөмірі берілген кездегі
жауапкершілік

      5.1. Салық төлеуші салық есебіне қою мерзімін және қолданыстағы заңдарға сәйкес СТТН берілген кезде деректерді дұрыс ұсынуды бұзғаны үшін жауап береді.
      5.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті СТТН есебін жүргізуге және дұрыс беруге жауап береді.

                                                     N 1 қосымша
                                                      ВХ-01Ю-98

                     Қазақстан Республикасы
                Қаржы министрлігінің салық комитеті

                    Заңды тұлғаларға арналған
                    салықтық тіркеу нысаны

     Операцияның түрі:
01. Бастапқы тіркеу __ 02. Тіркеу деректерінің өзгеруі __ СТТН _____
03. Ұйымның атауы___________________________________________________
 ________________________________________________________________
      Салық төлеушінің орналасқан жері (заңды мекен-жайы);
04. Почта индексі     ________________
05. Облыс/қала    _________________________________________________
06. Қала (аудан)  _________________________________________________
07. Ауыл (село)   _________________________________________________
08. Көшенің аты шан.)______________________________________________
09. Үй нөмірі         ___________ 10. Пәтер нөмірі _________
    Салық төлеушінің іс жүзіндегі мекен-жайы:
    11. Почта индексі     _______________
    12. Облыс/қала_________________________________________________
    13. Қала (аудан) ______________________________________________
    14. Ауыл (село)  ______________________________________________
    15. Көшенің аты(шан.)__________________________________________
    16. Үй нөмірі         ___________    17. Пәтер нөмірі _______

    Салық төлеуші туралы мәліметтер:
    18. Басшы:     Тегі    ________________________________________
    Аты__________________________    Жөні _________________________
      Қалааралық код        ___________    Телефон нөмірі _________
    19. Бас бухгалтер:     Тегі      ______________________________
    Аты      ____________________    Жөні _________________________
      Қалааралық код        ___________    Телефон нөмірі _________

    Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
    20. Тіркеуші органның атауы____________________________________
    21. Мемтіркелімге N енгізілген________ 22. Тіркелген күні _____
    Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер:
    23. Сәйкестендірілген нөмірі (код ОКПО)   _____________________
    24. Қызметтің негізгі түрі              ОКЭД коды _____________
    25. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны_____________________
___________________________________________________________________
    26. Меншіктің түрі
    Бас кәсіпорын туралы мәліметтер:
    27. Атауы       _______________________   CTTH ________________
    Құрылтайшы туралы мәліметтер:
    28. Атауы (немесе аты-жөні)____________________________________
    CTTH ______________________________
    Атауы (немесе аты-жөні)________________________________________
    СТТН ______________________________     

    Банк туралы мәліметтер:
    29. Атауы     _________________________________________________
    30. Банк коды ____________________ 31. Есеп шоты ______________
    Ұйымның басшысы __________________________  ____________________
                       (Аты-жөні)                      (қолы)

                  Күні ____________________

   MO         Қабылдады ____________________________   Қолы____
                    (қабылдаған инспектордың аты-жөні) Күні___

                                                     N 2 Қосымша

Заңды тұлғалар үшін N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысанын
толтыру жөнінде нұсқама

      Тіркеу нысаны анық әрі дәл толтырылуы тиіс.
      Салық төлеуші толтыруға тиісті нысандардың бөлімдері баспа әріптермен қаламмен толтырылуы тиіс. Толтырылуға көзделген әрбір квадраттың шетіне бір цифр немесе бір әріп қойылатындай болуы қажет, бұл ретте сөздер мен цифр топтарының арасында бос кеңістік сақталуы керек. 
      Егер қажетті ақпарат жоқ болса немесе анық көрсетілмесе, салық органы дұрыс деректерді енгізуге және (немесе) нысандарды қайта толық толтыруға салық төлеушіге қайтарады. 
      Тіркеу нысанының шеті нөмірленеді. Бұл нысанды толтыру кезінде шетін ретімен нөмірлеуді ұстаған жөн. 
      1. "Операцияның түрі" - 01-02 шетін толтырған кезде тиісті шетіне "Х" қойылуы қажет. Егер салық төлеуші тіркеу нысанын алғаш рет толтырса, операцияның түрі: "Бастапқы тіркеу" көрсетіледі, егер тіркеу деректері өзгерген жағдайда толтырылатын болса, операция: "Тіркеу деректерінің өзгеруі" көрсетіледі. Бұл жағдайда СТТН шетіне заңды тұлғаның СТТН қойылуы қажет. 
      2. 03 "Ұйымның атауы" шетіне - мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес заңды тұлғаның толық атауы толтырылады. 
      3. "Салық төлеушінің орналасқан жері (мекен-жайы)" 04-10 шетін толтыру салық органы мен салық төлеушінің арасында бақылауды жүзеге асыру үшін қажет. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес салық төлеушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі. 
      4. "Салық төлеушінің нағыз мекен-жайы" - 11-ден бастап 17 қоса алғандағы шет заңды мекен-жай бюджетке салықтарды, төлемдерді және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді толық және уақтылы төлеуге жауап беретін тұлғалардың нағыз орналасқан жері болып табылмайтын жағдайда ғана толтырылады. 
      5. "Салық төлеушілер туралы мәліметтер" - 18-19 шетіне бірінші басшының және бас бухгалтердің тегі, аты-жөні және телефон нөмірлері толтырылады. Қалаларды телефон нөмірі алты мағыналы нөмірлерден тұратындарда бірінші кіші квадратта дефис ("-") қойылады. Мұның өзі телефон жүйелері кеңейетін жағдайларға арналып көзделген. Осыған ұқсас басқа да елді мекендер бойынша телефон нөмірі белгілерінің жалпы саны жеті белгіден тұруы мүмкін деген жерлерде дефистердің осындай саны қойылады. 
     6. "Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер" - 20-22 шеті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес толтырылады.
     7. "Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер":
     23 "Сәйкестендірілген нөмір" шеті N 1 нысанының статистикалық карточкасының бірінші тармағына сәйкес толтырылады.
     24 "Қызмет түрі" шеті N 1 нысанның статистикалық карточкасы "ОКЭД бойынша код" шетінің "Қызметтің негізгі түрінің" 15 тармағына сәйкес толтырылады. Осы шетті толтыру кірістер түсімінің негізгі көзін көрсету үшін қажет.
     25 "Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны" - шеті ұйымдардың (филиалдар және өкілдіктер бұл шетті толтырмайды) нысандар тізбесіне сәйкес толтырылады:
     1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын (ШЖМК) 
     2. Жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын (қазыналық кәсіпорын) (ҚЗП) 
     3. Толық серіктестік (ТЛС)
     4. Аралас серіктестік (АРС)
     5. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
     6. Жауапкершілігі қосымша серіктестік (ЖҚС)
     7. Акционерлік қоғам (АКҚ)
     8. Еншілес шаруашылық серіктестігі (ЕШС)
     9. Тәуелді акционерлік қоғам (ТАҚ)
     10. Өндірістік кооператив (ӨНК)
     11. Мекеме (МЕК)
     12. Қоғамдық бірлестік (ҚОҒБ)
     13. Тұтыну кооперативі (ТҰК)
     14. Қоғамдық қор (ҚОҚ)
     15. Діни бірлестік (ДНБ)
     16. Ассоциациялар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі (АНЗБ)
     26 "Меншік түрі" - шеті меншік нысандарының мынадай тізбесіне сәйкес толтырылады:
     1. Мемлекеттік меншік (Мемлекеттік)
     2. Жеке меншік (Жеке)
     Шетінде жақшада тұрғанның мәні толтырылады.
     8 "Бас кәсіпорын туралы мәліметтер" - 27 шеті заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) тіркеген кезде ғана толтырылады.
     9 "Құрылтайшы туралы мәліметтер" - 28 шет құрылтайшы болған кезде ғана толтырылады.
     10 "Банк туралы мәліметтер" - 29-31 шет тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады.
     11 Тіркеу нысаны толтырылғаннан кейін ұйымның басшысы қорлы қояды, ұйымның мөрін немесе мөр таңбасын басады және толтырылған күнді көрсетеді.
     12 Шеттерді датасын көрсетіп толтыру: кк аа жж жж
     Мысал: 2 мамыр 1998 жыл       - 02 05 1998,
            30 желтоқсан 2001 жыл  - 30 12 2001.                

                                                      N 3 Қосымша
                                                      ВХ-01Ф-98

                     Қазақстан Республикасы
                      Қаржы министрлігінің
                          Салық комитеті

          Жеке тұлғаларға арналған салықтық тіркеу нысаны

     Операцияның түрі:                                          
     01. Бастапқы тіркеу  ___
     02. Тіркеу деректерінің өзгеруі     __ СТТН б-ша_______
     Жалпы мәліметтер:
     03. Тегі_______________________________________________
     04. Аты _______________________________________________
     05. Жөні_______________________________________________
     06. Туған күні      ________________
     Төлқұжат деректері:
     07. Серия _______________ 
     08. Нөмірі ______________
     09. Беріл.күні___________
     10. Кім берген_________________________________________
     Тұрақты мекен-жайы:
     11. Почта индексі     ________________
     12. Елі________________________________________________
     13. Мекен-жайы_________________________________________
     _______________________________________________________
     _______________________________________________________
     Қазақстан Республикасындағы іс-жүзіндегі мекен-жайы:
     14. Почта индексі _______________
     15. Облыс/қала_________________________________________
     16. Қала (аудан) ______________________________________
     17. Ауыл (село) _______________________________________
     18. Көшенің аты (шан.)_________________________________
     19. Үй нөмірі    ___________ 20. Пәтер нөмірі _________     

     Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны:
     21. Қалааралық код __________ 22. Телефон нөмірі_______
     Негізгі мекендеген елдегі байланыс телефоны:
     23. Қалааралық код __________ 24. Телефон нөмірі ______
     Кәсіпкерлік қызметтен айналысатын тұлғалар үшін мемлекеттік
     тіркеу туралы мәліметтер:     

     25. Тіркеуші органның атауы ___________________________
     26. Мемтіркелімге N енгізілген ____________ 
     27. Тіркелген күні ______
     28. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік    Серия ____ N _______
     29. Қызметтің негізгі түрі: _____________
     30. Ұйымның нысаны _______________     ____________________________________________________________________
     Салық төлеушінің қолы ________________
     Күні ____________________

     Қабылдаған: _________________________________ Қолы____
               (қабылдаған инспектордың аты-жөні)

                                                   Күні___

                                                     N 4 қосымша

Жеке тұлғалар үшін N ВХ-01Ф-98 Тіркеу
нысанын толтыру жөніндегі
Нұсқама  

      Тіркеу нысаны анық әрі дәл толтырылуы тиіс. 
      Салық төлеуші толтыруға тиісті нысандардың бөлімдері баспа әріптермен қаламмен толтырылуы тиіс. Толтырылуға көзделген әрбір квадраттың шетіне бір цифр немесе бір әріп қойылатындай болуы қажет, бұл ретте сөздер мен цифр топтарының арасында бос кеңістік сақталуы керек. 
      Егер қажетті ақпарат жоқ болса немесе анық көрсетілмесе, салық органы дұрыс деректерді енгізуге және (немесе) нысандарды қайта толық толтыруға салық төлеушіге қайтарады. 
      Тіркеу нысанының шеті нөмірленеді. Бұл нысанды толтыру кезінде шетін ретімен нөмірлеуді ұстаған жөн. 
      1. "Операцияның түрі" - 01-02 шетін толтырған кезде тиісті шетіне "Х" қойылуы қажет. Егер салық төлеуші тіркеу нысанын алғаш рет толтырса, операцияның түрі: "Бастапқы тіркеу" көрсетіледі, егер тіркеу деректері өзгерген жағдайда толтырылатын болса, операция: "Тіркеу деректерінің өзгеруі" көрсетіледі. Бұл жағдайда СТТН шетіне жеке тұлғаның СТТН қойылуы қажет. 
      2. "Жалпы мәліметтер" - 03-06 шеттерінде төлқұжат деректеріне сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты-жөні және туған күні толтырылады. 
      3. "Төлқұжат деректері" - 07-10 шеттерінде төлқұжаттың сериясы, нөмірі, төлқұжат деректеріне сәйкес қашан және кімнің бергені көрсетіледі. 
      4. "Тұрғылықты тұратын мекен-жайы" - 11-13 шеттерде шетелдік азаматтың елінің мекен-жайы және қайдан келгені толтырылады. 
      5. "Қазақстан Республикасында нағыз тұратын мекен-жайы" - 14-20 шеттерінде салық төлеушінің Қазақстан Республикасында тұрып жатқан толық мекен-жайы көрсетіледі. 
      6. "Қазақстан Республикасында байланыс телефоны" - 21-22 шеттерде халықаралық код және байланыс телефонының нөмірі толтырылады. Қалаларда телефон нөмірі алты мағыналы нөмірлерден тұратындарда бірінші кіші квадратта дефис ("-") қойылады. Мұның өзі телефон жүйелері кеңейетін жағдайларға арналып көзделген. Осыған ұқсас басқа да елді мекендер бойынша телефон нөмірі белгілерінің жалпы саны жеті белгіден тұруы мүмкін деген жерлерде дефистердің осындай саны қойылады. 
      7. "Негізгі тұрғылықты тұратын елдегі байланыс телефоны" - 23-24 шеттерде халықаралық қол және шетелдік азаматтың келген елінің байланыс телефонының нөмірі толтырылады.
      8. "Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер":
      25-29 шеттерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар толтырады.
      30 шетте "Ұйымның нысаны" көрсетіледі және ұйымның нысандары тізбесіне сәйкес толтырылады:
      Шаруа (фермер) қожалығы (ШАҚ)
      Жай серіктестік (ЖАС)
      Жеке кәсіпкер (ЖЕК)
      Бірлескен кәсіпкерлік (БРК)
      Шетте жақшада тұрған мағынасы, ал сызық бойынша - ұйым нысанының толық атауы толтырылады.
      9. Тіркеу нысанын толтырылғаннан кейін салық төлеуші нысанға қол қояды және қол қойған күнін көрсетеді.
      10. Шеттерді күнін көрсетіп толтыру: кк аа жж жж
          Мысал: 2 мамыр 1998 жыл       - 02 05 1998,
                30 желтоқсан 2001 жыл  - 30 12 2001.     

                                                    N 5 Қосымша
                                                    ВЫХ-01Ю-98

                       Қазақстан Республикасы
                 Қаржы министрлігінің салық комитеті

             Салық төлеушінің тіркелуі туралы растама
                           заңды тұлға

     Салық төлеушінің тіркеу нөмірі        ____________________     

     Ұйымның атауы:____________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
     Салық төлеушінің орналасқан жері (мекен-жайы):
     Почта индексі_____________________________________________
     Облыс/қала    ____________________________________________
     Қала (аудан)  ____________________________________________
     Ауыл (село)   ____________________________________________
     Көшенің аты (шан)_________________________________________
     Үй нөмірі _________________ Пәтер нөмірі _________________
     Салық төлеушінің іс жүзіндегі мекен-жайы:
     Почта индексі_____________________________________________
     Облыс/қала    ____________________________________________
     Қала (аудан)  ____________________________________________
     Ауыл (село)   ____________________________________________
     Көшенің аты(шан)__________________________________________
     Үй нөмірі    ________________  Пәтер нөмірі ______________

     Салық төлеуші туралы мәліметтер:
     Басшының аты-жөні ________________________________________
    ___________________________________________________________
     Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________
     Бас бухгалтердің аты-жөні ________________________________
     Қалааралық код ______________ Телефон нөмірі _____________

     Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
     Тіркеуші органның атауы___________________________________
     Мемтіркелімге N енгізілген________________________________
     Тіркелген күні____________________________________________     

     Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер:
     ОКПО б-ша сәйкестендірілген   ______________________
     нөмірі                        _____________________
     Қызметтің негізгі түрі: ОКЭД коды _____________     

     Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны____________________
     __________________________________________________________
     Меншіктің түрі____________________________________________

     Бас кәсіпорын туралы мәлімет:

     Атауы _______________________ 
     Бас кәсіпорынның  CTTH _______________________

     Құрылтайшы туралы мәліметтер:
     Атауы (аты-жөні) _________________________________________
     Құрылт-ң CTTH ______________________________     

     Банк туралы мәліметтер:
     Атауы ____________________________________________________
     Банк коды ____________________  Есеп шоты  _______________

     Салық органы туралы мәліметтер:
     Салық комитетінің СТТН     ___________________
     Аудандық (қалалық) салық комитетінің атауы _______________
     __________________________________________________________
     Жергілікті салық комитетінің телефон нөмірі ______________

     __________________________    ____________________
            (аты-жөні)                   (қолы)

     MO         Инспектор  __________________________ __________
                               ( аты-жөні)              (қолы)

                Күні_____________

                                                   N 6 Қосымша
                                                    ВЫХ-01Ф-98

                    Қазақстан Республикасы
              Қаржы министрлігінің Салық комитеті

                Салық төлеушінің тіркелуін растау
                           жеке тұлға

     Салық төлеушінің тіркеу нөмірі        ____________________
     Жалпы мәліметтер:
     Тегі______________________________________________________
     Аты ______________________________________________________
     Жөні______________________________________________________
     Туған жылы________________________________________________     

     Төлқұжат деректері:
     Серия _________ Нөмірі___________Қашан берілген __________
     Кім берген________________________________________________
     Тұрақты мекен-жайы:
     Почта индексі_____________________________________________
     Елі_______________________________________________________
     __________________________________________________________
     __________________________________________________________
     Қазақстан Республикасындағы іс-жүзіндегі мекен-жайы:
     Почта индексі_____________________________________________
     Облыс/қала   _____________________________________________
     Қала (аудан) _____________________________________________
     Ауыл (село)  _____________________________________________
     Көшенің аты (шан)_________________________________________
     Үй нөмірі _________________ Пәтер нөмірі _________________
     Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны:
     Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________
     Елдегі негізгі мекен-жайының байланыс телефоны:
     Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________     

     Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың
     Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
     Тіркеуші органның атауы___________________________________
     Мемтіркелімге N енгізілген________________________________
     Тіркелген күні____________________________________________
     Мемлекеттік тіркелу туралы куәлік серия_____N_____________
     Қызметтің негізгі түрі____________________________________
     __________________________________________________________
     Ұйымның нысаны____________________________________________     

     Салық органы туралы мәліметтер:
     Салық органының СТТН ____________________________
     Аудандық (қалалық) салық комитетінің атауы________________
     __________________________________________________________
     Жергілікті салық комитетінің телефон нөмірі_______________
     Салық комитетінің төрағасы _________________ _____________
                                  (аты-жөні)         (қолы)

     MO         Инспектор  ________________________ __________
                             (аты-жөні)                (қолы)

                Күні_____________

                                                     N 7 Қосымша
                                                      ВХ-02Ю-98

                    Қазақстан Республикасы
              Қаржы министрлігінің Салық комитеті

         Заңды тұлғаның есептен шығару туралы өтініші

     Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ________________________
     Ұйымның атауы      ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
   Есептен шығарудың себептері:
__ - Ұйымды қосу (қайта ұйымдастыру)-N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысаны қоса 
берілген
__ - Ұйымды бөлу - N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысаны қоса берілген
__ - салық төлеушінің таратылуы, банкротқа ұшырауы
__ - басқа себептер

   Атап көрсету:     _______________________________________________
____________________________________________________________________

     Ұйымның басшысы _______________________  ______________________
                         (аты-жөні)                (қолы)

                                      Күні _________________________

     МО

            Қабылдаған ________________________________ Қолы ______
                       (қабылдаған инспектордың аты-жөні)    

                                                        Күні ______      

                                                  N 8 Қосымша
                                                  ВЫХ-02Ю-98

                       Қазақстан Республикасы 
                  Қаржы министрлігінің Салық комитеті

               Заңды тұлғаның тіркеме есебі туралы нұсқау

     Салық төлеушінің тіркеу нөмірі   __________________________
     Ұйымның атауы:
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
 Салық комитетінің төрағасы _______________________ ________________
                               (аты-жөні)                (қолы)

    МО               Инспектор _______________________ ____________
                                (аты-жөні)                 (қолы)
                     Күні __________

                                                   N 9 Қосымша
                                                    ВЫХ-02Ф-98

                      Қазақстан Республикасы 
                Қаржы министрлігінің Салық комитеті

              Жеке тұлғаның тіркеме есебі туралы нұсқау

     Салық төлеушінің тіркеу нөмірі   _____________________________
     Жалып мәліметтер:
     Тегі _________________________________________________________
     Аты __________________________________________________________
     Жөні _________________________________________________________
     Туған жылы ___________________________________________________
     Төлқұжат деректері:
     Серия _______________ Нөмірі ____________ Қашан берілген______
     Кім берген____________________________________________________
     Салық комитетінің төрағасы _______________________  __________
                                     (аты-жөні)            (қолы)

     МО               Инспектор _____________________ ______________
                                  (аты-жөні)               (қолы)

                      Күні __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады