"Қазақстанда өндірілген және әкелінген бензин мен дизель отынынан Жол қорына алымды есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы" Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 жылғы 30 шілде N 348 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 тамыз N 581 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

       5. "Қазақстанда өндiрiлген және әкелiнген бензин мен дизель отынынан Жол қорына алымды есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1998 жылғы 30 шiлдедегi N 348 бұйрығы (N 581 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________ 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697  P980697_  "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржылық- экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" қаулысына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 324  V980542_  бұйрығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензиннен және дизель отынынан Жол қорына алым есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы" Нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      оныншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылсын: 
      "1998 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      бензин бойынша (авиациялығын қоспағанда) - метрлік тоннасы үшін - 2000 теңге; 
      дизель отыны бойынша - метрлік тоннасы үшін - 0 теңге;
      жиырма екінші абзацтағы "алымды төлеушілер болып оларды өндіруші тұлғалар саналады" деген сөздер "алымды оларды өндіретін тұлғалар ұстап қалады" деген сөздермен ауыстырылсын.     

       Бірінші вице-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады