ҚҚС-ның артығын тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу шотына есептеудің тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 ж. 17 тамыз N 390 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 тамызда тіркелді. Тіркеу N 584. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

       8. "ҚҚС-ның артығын тауарларды импорттау кезiнде ҚҚС төлеу шотына есептеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1998 жылғы 17 тамыздағы N 390 бұйрығы (N 584 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________ 

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Z952235_  Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 73-бабының 1-тармағына сәйкес Бұйырамын: 
      1. ҚҚС-ның артығын тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу шотына есептеудің тәртібі туралы ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Фискальдық саясат департаменті (С.С. Қанатов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Аппарат жұмысын инспекторлық-ұйымдастыру департаменті (Е.С. Ағайдаров) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті осы бұйрықтың орындалуын және оның мазмұны барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      Министрдің м.а.

                 ҚҚС-ның артығын тауарларды импорттау
      кезінде ҚҚС төлеу шотына есептеудің тәртібі туралы
                           НҰСҚАУЛЫҚ      

      Осы Нұсқаулық  Z952235_  "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 73-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді, салық төлеушілер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) іске асыру жөнінде есептелген салықтың сомасынан жоғары есепке жатқызылған ҚҚС сомасының артығын тауарларды импорттау кезінде төленетін қосылған құн салығын төлеудің шотына есептеуге құқығы бар. 

              1. Қайтаруға жатпайтын ҚҚС артығын есептеу  

      1. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) іске асыру жөнінде есептелген салық сомасының үстіне есептеуге жатқызылған ҚҚС сомасының артығы тауарлардың импортын кедендік рәсімдеу кезінде ҚҚС төлеу шотына есептеледі. Мұндай есептеу жүргізу үшін салық төлеуші жүк кеден декларациясымен және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да құжаттармен бірге тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органына осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған 2 дана өтінішті, тауарларды импорттау кезінде төленуге тиісті ҚҚС сомасын көрсете отырып және орын алған артықшылықты тауарлардың импортын кедендік рәсімдеу кезінде ҚҚС төлемінің шотына есептеуді өтіне отырып, тапсырады. 
      2. Көрсетілген өтінішті алған соң кеден органы өтініш салық төлеушіден түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінің аяғына қалдырмай, тауар импорттаушы салық төлеуші тіркеген орын бойынша салық комитетіне жазбаша хабарлама жібереді. Хабарламада мыналар көрсетіледі: 
      сыртқы сауда шартының деректемелері; 
      декларацияға сай кедендік рәсімдеуге қабылданған импортталған тауардың төленуге жататын ҚҚС сомасы; 
      ГТД 7-бағанында көрсетілетін жүк кедендік декларацияның тіркеу нөмірі. 
      Хабарлама кеден органының арнайы іспарағына толтырылады, оған кеден органы бастығының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылады, кеден органының мөрімен куәландырылады және салық төлеуші өтінішінің бір данасы тіркеліп, тиісті салық комитетіне жіберіледі. 
      3. Кеден органының хабарламасы негізінде салық комитеті екі күннің ішінде хабарламада көрсетілген артықшылықтың бар-жоғын тексереді және ол болған жағдайда хабарламада көрсетілген ҚҚС сомасын орын алған артықшылық сомасының шегінде салық төлеушінің жеке шотына аударуды жүзеге асырады. Есептеме жүргізілген күні Салық комитеті кеден органына Салық комитетінің арнайы іспарағында рәсімделген, Салық комитеті төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, Салық комитетінің мөрімен куәландырылған, салық төлеушінің атауы мен деректемелері, сондай-ақ есептеме жүргізілген ҚҚС сомасы көрсетілген есептеменің өткізілгеніне растама жібереді. 
      4. Салық комитетінен алынған есептеменің растамасы негізінде кеден органы акцизделетін тауарлар мен акциздер бойынша белгіленген тәртіпте кеден төлемдері, ал бензин мен дизель отыны бойынша - тиісті алымдар төленген жағдайда тауарлар импортының кедендік рәсімдеу кезіндегі ҚҚС төлемі есебіне ҚҚС артықшылығына есептеме жүргізілгеніне байланысты іс жүзінде ҚҚС төлеместен тауарларды еркін айналымға шығаруды жүзеге асырады. Мұндай есептемені жүргізгенде жүк кеден декларациясының 47-бағанының "СП" 5-бағаншасына "ЗН" коды көрсетіледі. 

         2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
             жөніндегі қайтарылуға тиісті ҚҚС есептемесі  

      1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға жататын ҚҚС-тың артық сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша тауарлардың импортын кедендік рәсімдеу кезіндегі ҚҚС төлемінің, болмаса алдағы тауарлар импорты бойынша ҚҚС-на алдын ала төлеудің есебіне жатқызылуы мүмкін. 
      2. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның артығын тауарлардың импортын кедендік рәсімдеу кезіндегі ҚҚС төлемі есебіне есептеу осы Нұсқаулықтың 1-4-тармақтарында белгіленген ретпен жүргізіледі. Бұл орайда Салық комитеті тауарлардың импортын кедендік рәсімдеу кезінде салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша қарыздары болмаған жағдайда ҚҚС есепке алады. 
      3. ҚҚС-тың артығын алдағы тауарлар импорты берілімі бойынша ҚҚС-тың алдын ала төлем есебіне жатқызуы үшін салық төлеуші сыртқы сауда келісім-шартымен бірге тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органына осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген өтініштің нысаны бойынша толтырылған өтініштің екі данасын тапсырады. 
      4. Аталған өтінішті алған кеден органы салық төлеушіден өтініш түскеннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталуынан кешіктірілмей тауарларды импорттаушы салық төлеуші тіркелген органдағы Салық комитетіне жазбаша хабарлама жібереді. Хабарламада мыналар көрсетіледі: 
      сыртқы сауда келісім-шартының деректемесі; 
      салық төлеуші сыртқы сауда келісім шартына сәйкес есептелген тауарларды импорттау кезінде төленген ҚҚС сомасы. 
      Хабарлама кеден органының іспарағында рәсімделеді, кеден органы басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылады, кеден органының мөрімен куәландырылады және салық төлеушінің бір дана өтінішімен қоса тиісті салық комитетіне жолданады. 
      5. Салық комитеті екі күндік мерзімде кеден органы хабарламасының негізінде көрсетілген артықшылықтың болуын тексереді және ол болған жағдайда хабарламада көрсетілген ҚҚС сомасын орын алған артықшылық сомасының шегінде ҚҚС сомасы есебіне салық төлеушінің жеке шотына аударылады. Бұл орайда салық комитетінің іспарағына рәсімделген, салық комитетінің төрағасы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, салық комитетінің мөрімен куәландырылған жүргізілген есептеменің растамасын, есептеме жүргізілген соманы көрсете отырып, кеден органына жібереді. 
      Бұл орайда салық комитеті салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы болмаған жағдайда алдағы тауарлар импорты берілімдері бойынша ҚҚС алдын ала төлеу шотына есептеме жүргізеді. 
      6. Кеден органы салық комитетінен алынған есептеменің растамасы негізінде салық төлеушінің жеке шотында салық комитетінің атауын және есептеменің жүргізілгені туралы салық комитеті рәсімдеген растаманың деректемелерін көрсете отырып, ҚҚС бойынша аванстық төлемдер ретінде есептеме жүргізілген ҚҚС артықшылығының сомасын көрсетеді. Бұл орайда акцизделетін тауарлармен акциздер бойынша белгіленген тәртіпте кеден төлемдері, ал бензин мен дизель отыны бойынша тиісті алымдар төленген жағдайда тауарлар импортын кедендік рәсімдеу кезіндегі ҚҚС төлемі есебіне ҚҚС артықшылығына есептеме жүргізілгеніне байланысты, іс жүзінде ҚҚС төлеместен тауарларды еркін айналымға шығаруды жүзеге асырады. Мұндай есептемені жүргізгенде жүк кеден декларациясының 47-бағанының "СП" 5-бағаншасына "ЗН" коды көрсетіледі. 
      7. Егер сыртқы сауда келісім-шарты бойынша салық төлеушінің өтінішінде және басқа да құжаттарда көрсетілген осы тәртіпке сәйкес рәсімделген тауарлар Қазақстан аймағына импортталмайтын болса, осы Нұсқаулықтың 3-6-тармақтарына сәйкес есептелген ҚҚС сомасы қайтаруға жатпайды және осы салық төлеушінің келесі жолғы тауарлар импорты берілімі кезіндегі ҚҚС төлемі есебіне жатқызылады. 
      8. Егер: 
      осы Нұсқаулықтың 2-бөлігіне сәйкес есептеме жүргізілген соң есеп айырысу кезінде заңды тұлғадан алынатын табыс салығынан зиянға ұшырау анықталған жағдайда; 
      есептеме жүргізілген ҚҚС сомасы есептеме жүргізілген күннен бастап республиканың салық заңдарына сәйкес өсімақы есептеле отырып, бюджетке аударуға жатады. 
      Бұл орайда ұшыраған зиянның сомасы бұрын жүргізілген есептемені қоспағанда есеп айырысу тапсырылатын күнге дейін іс жүзінде қайтарылуға жататын ҚҚС сомасына тең немесе одан артық болған жағдайда. 
      Осы тармаққа сәйкес ҚҚС сомасын өндіріп алуды бұдан бұрын есептеме жүргізген салық комитеті жүргізеді. 

       3. Есептеме жүргізуді жүзеге асырудағы есеп пен бақылау  

      1. ҚҚС-ның есептелуін бақылау және ресімдерін реттеу үшін: 
      1) салық комитеттері арнайы журнал ашады. Журналда мынадай мәліметтер көрсетіледі: 
      салық төлеушінің атауы, оның СТТН; 
      кеден органдары хабарламасының түскен күні және салық төлеушінің барлық құжаттарының деректемелері көрсетілген жазбаша өтініші; 
      кеден органының хабарламасында көрсетілген ҚҚС сомасы; 
      есептеме жүргізілгенін растайтын хаттың кеден органына жөнелтілген күні мен нөмірі; 
      есептеменің бекітілген күнге дейін есептелген салық сомасының үстінде есептеуге жатқызылған ҚҚС артықшылығының сомасы; 
      есептеме жүргізілген ҚҚС сомасы. 
      Журналдың беттері нөмірленеді, жіппен байланады және салық комитетінің мөрімен бекітіледі. Салық төлеушінің өтінішін, кеден органының хабарламасын және растаманың екінші данасын салық комитеттері салық төлеушінің ісіне тігеді. 
      2) кеден органдары салық төлеушінің өтінішін және есептеме жүргізілгені туралы салық комитетінің растамасын тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлегенін растау ретінде тігеді. 
      2. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей кеден органдары осы Нұсқаулыққа сәйкес есептемелер жүргізілген салық төлеушілердің тіркелген орындары бойынша салық органдарына осы Нұсқаулықтың N 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептеледі. 
      3. Осы Нұсқаулыққа сәйкес импортталатын тауарларға кедендік рәсімдеу жүргізілген есепті кезеңдегі ҚҚС жөніндегі декларацияда салық төлеуші декларацияның тиісті жолдарында импортталған тауарлардың құнын көрсетеді. 
      4. Салық комитетінің растамасына сәйкес тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлемдерінің шотына есептелген, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша есептелген салық сомасының үстінде есептемеге жатқызылатын ҚҚС сомасының артығын кеден органдары есептелген ҚҚС сомасы және өндіріп алынған ҚҚС сомасы бойынша кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі есептердің нысанын толтырған кезде көрсетеді. Бұл орайда есептеме жүргізілген ҚҚС сомасы "ҚҚС артықшылығы бойынша есептелді" жеке жолында көрсетіледі. 

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрлігінің
                                    199__жылғы "___"________N_______
                                           бұйрығымен бекітілген
                                       ҚҚС-ның артығын тауарларды
                                       импорттау кезінде ҚҚС төлеу
                                      шотына есептеу тәртібі туралы
                                               Нұсқаулығына
                                                 1-қосымша

                                   ________________________________
                                      кеден басқармасы (кеден)                                          ________________________________
                                           бойынша салық комитеті

                           ӨТІНІШ  

     199__жылғы "___"_________N________________тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таратудан ҚҚС асып, есепке алынатын ҚҚС-тан артық салығының пайда болуына орай    Z952235_   "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 73-бабының 1-тармағына сәйкес _____________________________ 199__жылғы _______N_______ келісім-шарт арқылы импортталған тауарлардың сомасы______________ теңге ҚҚС есебіне есепке алынған ҚҚС артық сомасын есептеуді сұраймын.
     Салық төлеуші_______________________________________________
                  (атауы, мекен-жайы, СТТН, банктік деректемесі
____________________________________________________________________                    салық комитетінде тіркелді)     ____________________________________________________________________      Басшы                                   /__________________
                                              (тегі, аты-жөні)
    Бас бухгалтер                           /__________________
                                              (тегі, аты-жөні)

    199__жылғы"____"______________     

     М.О.     _____________________

     Өтініш 3 дана (үш) етіп толтырылып, екі данасы тауарларды кеден рәсімінен өткізген кеден органында, бір данасы салық төлеушіде қалады.

                                          Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрлігінің
                                    199__жылғы "___"________N_______
                                           бұйрығымен бекітілген
                                        ҚҚС-ның артығын тауарларды
                                        импорттау кезінде ҚҚС төлеу
                                       шотына есептеу тәртібі туралы
                                               Нұсқаулығына
                                                 2-қосымша

                                  ________________________________
                                      кеден басқармасы (кеден)                                         ________________________________
                                       бойынша салық комитеті

                           ӨТІНІШ  

     Нөлдік ставка бойынша айналымға салынатын ақшаның пайда болуына байланысты   Z952235_   "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 73-бабының 1-тармағына сәйкес келісім-шарт бойынша 199__жылғы "____"________N_____________ теңге импортталған тауарлардың ҚҚС-ын жоғарыда ҚҚС артық сомасы есебінен есептеуді сұраймын.     

     Салық төлеуші________________________________________________
                   (атауы, мекен-жайы, СТТН, банктік деректемесі
__________________________________________________________________
               салық комитетінде тіркелді)
__________________________________________________________________

     Басшы                                   /__________________
                                              (тегі, аты-жөні)     

     Бас бухгалтер                           /__________________   

     199__жылғы"____"______________

     М.О.     _____________________

     Өтініш 3 дана (үш) етіп толтырылып, екі данасы тауарларды кеден рәсімінен өткізген кеден органында, бір данасы салық төлеушіде қалады.

                                          Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрлігінің
                                    199__жылғы "___"________N_______
                                           бұйрығымен бекітілген
                                        ҚҚС-ның артығын тауарларды
                                        импорттау кезінде ҚҚС төлеу
                                       шотына есептеу тәртібі туралы
                                                Нұсқаулығына
                                                  3-қосымша

                                   ________________________________
                                        бойынша салық комитеті
                                       _________________________
                                    кеден басқармасының (кеденнің) 

      199__жылғы<*>___үшін    Z952235_   "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 73-бабының 1-тармағына сәйкес ресімделген тауарлардың сомасы туралы мәлімет

                                                     мың теңге<**>
____________________________________________________________________
   |Жүк қабылдаушының   |ҚҚС артық есептеуді | Негіздеме (Салық 
   |атауы, мекен-жайы,  |ескере отырып,      |комитетінің растама.
   |СТТН, банктік       |рәсімделді (73, 1-б,|сының деректемелері 
   |деректемелері       |1-бөлім)            |және Салық комите.
   |                    |                    |тінің  атауы) 
 _______________________|____________________|______________________
   |        1           |         2          |             3       
________________________|____________________|______________________
    ________________________
    <*> - Әр айдың 25-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркеген салық комитетіне тапсырады.
    <**> - Шетел валютасымен есептелген салық сомасы Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің сол кеден декларациясын қабылдаған күнгі бағамымен есептеледі.     

     Кеден басқармасының
     (кеден) бастығы                        /__________________
                                               (тегі, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады