Америкалық және әлемдік депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезінде ақпарат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директораты 1998 жылғы 30 шілде N 124 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 587. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 2000 жылғы 28 ақпандағы N 570 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың (бұдан әрі "Эмитенттер" деп аталады) америкалық және әлемдік депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығарулары жөніндегі процесін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Директораты (бұдан әрі - "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
     1. Осы Қаулыда қолданылған мынадай ұғымдар айқындалсын:     

     1) АДР                       - Эмитент "демеушілік" жасайтын
                                    (Эмитенттің бастамасы бойынша
                                    және/немесе келісімімен және/
                                    немесе қолдауымен депозитарий-
                                    банк шығаратын) америкалық де-
                                    позитарлық акциялар (American
                                    Depositary Shаrеs), америкалық
                                    депозитарлық қолхаттар (American
                                    Depositary Rесеiрts), әлемдік
                                    депозитарлық акциялар (Giobal
                                    Depositary Shаrеs);     

     2) валюталық құндылықтар     - бұл "Валюталық реттеу туралы"  
                                    Қазақстан Республикасының 1996
                                    жылғы 24 желтоқсандағы Заңының
                                    1-бабының айқындалғандай;
     3) Қазақстан Республикасының
        резидент емесі            - бұл "Валюталық реттеу туралы"  
                                    Қазақстан Республикасының 1996
                                    жылғы 24 желтоқсандағы Заңының
                                    1-бабында айқындалғандай;
     4) Қазақстан Республикасының
        резиденті                 - бұл "Валюталық реттеу туралы"  
                                    Қазақстан Республикасының 1996
                                    жылғы 24 желтоқсандағы Заңының
                                    1-бабында айқындалғандай;     

      2. Эмитенттердің ақпарат берулерінің мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) АДР тек бұл жөнінде Ұлттық комиссияны жазбаша ескерткеннен кейін ғана жүзеге асырыла алады;
      2) жоғарыда аталған жазбаша ескертпеге:
      - Эмитент акционерлерінің жалпы жиналысының АДР шығару туралы шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді-көшірме) не осындай шешім шығаруға өкілетті өзге орган шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді көшірме); 
      - АДР шығарылымының жорамал сомасын, елдің АДР шығарылымын жүзеге асыратын депозитарий-банктің атауын, шығарылымның жетекші менеджерінің (лерінің) атауы(лары) және АДР шығарылымының эмитент хабарлауға қажетті деп санайтын өзге де маңызды шарттарын көрсете отырып ақпараттық хат; 
      - екінші деңгейдегі банктер үшін: осы бағалы қағаздардың эмиссиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясының көшірмесі; 
      - Эмитент қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымның ("Арнаулы кәсіпорын" -Special Purpore Vehicle (SPV) деп аталатын) АДР шығаруы мақсатында қолдану үшін: капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (орын ауыстыруын), атап айтқанда Эмитенттің Арнаулы кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысуын көздейтін валюталық операцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензияның көшірмесі қоса берілуі керек; 
      - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасы берген, эмитенттiң бұрынғы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының осы қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлгендiгi туралы жазбаша растама (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197-2 қаулысымен енгізiлген);<*>
      Ескерту. 2) тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының 1998.11.20. N 197-2   V980686_   қаулысымен .
     3) АДР орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде Ұлттық
комиссияға:
     - АДР эмиссияларының проспектісі;
     - шығарылым елінің депозитарий-банкімен келісімнің көшірмесі;
     - шығарылымның елі, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, шығарылым деңгейі, орналастыру сәтіне және осы есепті беру сәтіне АДР-дың бағасы туралы ақпарат енгізілген АДР шығарылымы және орналастыру қорытындылары туралы есеп;
     - андеррайтерлерінің немесе АДР сатып алушылардың тізімі берілу керек.
     3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.

      Ұлттық комиссияның
        Төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады