Қазақстан акционерлік Халықтық Жинақ банкі арқылы бюджеттік ұйымдарға қолма-қол ақша берудің Уақытша тәртібілеріне толықтырулар мен өзгерістер бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 325 БҰЙРЫҒЫ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 қазан N 623 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 10 маусымдағы N 28 Бұйрығымен.

  -------------Бұйрықтан үзінді-----------------

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық комитетi төрайымының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...      
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы Қаржы  
Министрлiгiнiң Қазынашылық   
комитетi төрайымының      
2005 жылғы 10 маусымдағы    
N 28 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық
комитетi төрайымының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзбесi

      1. "Қазақстан Ұлттық Банкi арқылы бюджеттiк ұйымдарға қолма-қол ақша берудiң уақытша тәртiбiне енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының мiндетiн атқарушының 1998 жылғы 15 шiлдедегi N 325 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 623 болып тiркелген)...

-------------------------------------      

      Осы бұйрыққа қосымша ұсынылып отырған толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін: 
      Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдерін салымдар немесе карт-шот бойынша шотқа олардың сомаларын аудару жолымен Қазақстан Халықтық банкі филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері төлеуінің Уақытша тәртібіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 31 қазандағы N 379  V970413_  бұйрығымен бекітілген Қазақстан акционерлік Халықтық Жинақ банкі арқылы бюджеттік ұйымдарға қолма-қол ақша берудің Уақытша тәртібіне. 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 319 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Халықтық банкі арқылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын оқу орындарының студенттеріне, тыңдаушыларына, аспиранттарына және оқушыларына стипендия төлеудің Уақытша тәртібіне. 

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Қазынашылық департаментінің
директорының бұйрығымен  
Бекітілген        
15 шілде 1998 ж. N 325  

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
1997 жылғы 31 қазандағы N 379  бұйрығымен  бекітілген
Қазақстан акционерлік Халықтық Жинақ банкі арқылы
(салымдар мен стипендиялар бойынша жеке шоттарға
аударылатын жалақыдан басқа) бюджеттік ұйымдарға
қолма-қол ақша берудің Уақытша тәртібіне 
N 1 толықтырулар мен өзгерістер 

      Осы толықтырулармен және өзгерістермен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдардың бюджеттен тыс қаражаттары есебінен талап еткенге дейін және карт-шот салымдары бойынша дербес жеке шоттарға жалақының және басқа да ақшалай төлемдердің есептелген сомалары бойынша Қазынашылықтың аумақтық органдары мен "Қазақстан Халықтық жинақ банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының филиалдары арасындағы өзара есеп айырысудың тәртібін белгілейді. 
      1. "Қазақстанның Халықтық банкі" ЖТАҚ "Қазақстанның халық банкі" ААҚ болып қайта тіркелуіне байланысты "Қазақстанның халықтық банкі арқылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын оқу орындарының студенттеріне, тыңдаушыларына, аспиранттарына және оқушыларына стипендия төлеудің уақытша тәртібінің" бүкіл мәтіні бойынша Банктің атауынан "Акционерлік" деген сөз алынып тасталсын және ұйымдық-құқықтық нысан - ААҚ (Ашық Акционерлік Қоғам) көрсетілсін. 
      2. 2-бөлімде: 
      бөлімнің атауындағы "(операция жүргізудің тізбесі N 1-қосымшаны қараңыз)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      2.1-тармақта "Бюджеттік банкінің облыстық басқармалары мен филиалдарында" деген сөздер "Қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық) басқармалары мен аудандық бөлімдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын; осы тармақтың азатжолы мынадай мазмұнмен толықтырылсын: 
      "Бұдан басқа, бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол ақша төлеу бойынша Халықтық банкінің қызметі үшін Қазынашылықтың аумақтық органдарында, Бірыңғай Қазынашылық шот" 889 баланстық шотта қолма-қол ақшаның ағымдағы транзиттік шоты ашылады. Шоттың мақсаты бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол ақшаны төлеу бойынша жүргізілген төлемдер үшін Халықтық банкінің қызметтерін төлеу шотына ақшаны жинақтау және Қазынашылықтық аумақтық органдарының Халықтық банкі қаржылық қызметінің құнын орталықтан төлеу болып табылады. 
      889 шоты бойынша бюджеттік ұйымдардың бюджеттен тыс көздерінен қолма-қол ақша беру үшін Халықтық банкінің қызметтерін төлеуге талдау есебі жүргізіледі; 
      - 2.3-тармақта "бюджеттік" деген сөздерден кейін "(120,130,132 және 724 шот)" деген сөздермен толықтырылсын, "Бюджет банкінде" деген сөздер "Қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық) басқармалары мен аудандық бөлімдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын, "бюджеттік сыныптың 10 таңбалы кодын көрсете отырып" деген сөзден кейін "Қолма-қол ақша алушының тегі, аты-жөні және әкесінің аты "Төлем мақсаты" текстік аумақта жазылған алынатын ақшаның шегі толтырылады" деген сөздермен толықтырылсын, осы тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Бюджеттік ұйымдар бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол ақша алған жағдайда "Төлемнің мақсаты" "N_____төлем тапсырысы бойынша Халықтық банкіне көрсетілген қаржылық қызметтер үшін сыйақылар" және шығындардың бюджеттік сыныбының 10 таңбалы кодының текстік аймағын көрсете отырып, бірдей қосымша төлем тапсырысын дайындайды, Қазынашылықтың тиісті органында ашылған 889 шотына Халықтық банкінің қаржылық қызметтері үшін сыйақыларды аударады. 
      Қазынашылықтың аумақтық органы бюджеттік ұйымдардың көрсеткен қызметтері тарифін жазбаша хабарлайды"; 
      - 2.5-тармағында "Бюджеттік банк" деген сөздер "операция бөлімінің жауапты атқарушысы" деген сөздермен ауыстырылсын, "журналда (N 2 қосымша)" деген сөздер "журналда NN 2, 2-а-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 2.6-тармақта "Бюджеттік банктің бөлімшесі" деген сөздер "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын, "Бюджеттік банктің" деген сөздер "Қазынашылық" деген сөздермен ауыстырылсын, "арнайы журналда (N 2 қосымша)" деген сөздер "арнаулы журналда (NN 2, 2-а қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 2.7-тармақта "Бюджеттік банкі" деген сөздер "Қазынашылық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 2.8-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен куәландырылған" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті немесе нотариалды мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 2.10-тармақта "Бюджеттік банкте", "Бюджеттік банкі" деген сөздер "операция бөлімінің жауапты атқарушысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2.11-тармақта "Бюджеттік банкі", "немесе Бюджеттік банкі" деген сөздер алынып, бірінші және екінші сөйлемдер біріктірілсін; 
      - 2.12-тармақта жақшадағы сөздер үтір арқылы, "N 2-а қосымша 12-15-бағаналар" деген сөздермен толықтырылсын; 
      - 2.13-2.14-тармақтарда "Бюджеттік банкте" деген сөздер аланып тасталсын; 
      - 2.15-тармақта бухгалтерлік жазбалардағы "091, 101" деген сөздер алынып тасталсын; 
      - 2.17-тармақта бірінші азатжолдағы текст мынадай мазмұнда оқылсын: 
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары ай сайын есеп берудің соңынан айдың 2-күнінде Халықтық банкі арқылы төленген чек бойынша бюджеттен тыс шоттардан (N 2-а қосымшасы) қолма-қол ақшаны алуға чектерді тіркеу журналының дерегі бойынша соманы санайды (6-бағана) және соңғы көрсетілген реквизиттер бойынша Халықтық банктің филиалдары қаржы қызметтерін көрсеткені үшін сыйақылары аударуды жүргізеді. Сонымен Қазынашылықтың аумақтық органдары екі төлем тапсырмасын дайындауға тиіс (республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдар бойынша жеке). Қазынашылықтың аумақтық органдары бюджеттік ұйымдардың қызметінің бюджеттен тыс қаржы есебінен қолма-қол ақша төлеу бойынша Халықтық банктің филиалдары көрсеткен қызметтер үшін (889) шоттағы жинақталған қаржының толық көлемінде уақытында аударылуы үшін жауап береді"; 
      2.19-тармақта "120 және 130" деген сөздер "132 және 724, сондай-ақ бюджеттен тыс 141, 142, 144" деген сөздермен толықтырылсын, "Бюджеттік банкте" деген сөздер "Қазынашылықтың аумақтық органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. N 1 қосымшадағы "Операциялардың жүру құрылымы" деген сөздер "Бюджеттік банктің бөлімдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын, сонымен 8-тармақтағы "Бюджеттік банк" және "Қазынашылықпен" деген сөздер алынып, 7 және 8-тармақтар біріктірілсін;
      4. "Бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол ақша алуға арналған чектерді тіркеу журналы" N 2-а қосымшасымен толықтырылсын.
      5. N 5 қосымша жаңа қосымшамен ауыстырылсын.     

      Қазынашылықтың
      департаментінің
      директоры     

      Келісілген:
      "Қазақстан Халықтық 
      банкі" ААҚ

      Халықтық банк
      басқармасы төрағасының
      бірінші орынбасары

                                                      Тәртіпке
                                                     2-а-қосымша

              ___________________________
                  Бюджеттің атауы
                                             ________________
                                             ________________     

                Бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол
                  ақша алу үшін чектерді тіркеу
                         Күні_____199__ж.
                            ЖУРНАЛЫ

  

___________________________________________________________________________
 Қолма-қол ақша                    |Халықтық банкінің           |Чектердің
алу үшін аударым                   |қаржылық қызметтері     ____|__________
                                   |үшін сыйақы            |Чек жазылды     
  _______________________________  |_______________________|_______________
 |Бюджеттік|Ұйымның |шот|Сомасы|Төлем|Сомасы  |    Төлем     | Чек  |реестр
 |ұйымның  | коды   |N-і|теңге |сыры.| теңге  | тапсырысының | N-і  | N-і  
 | атауы   |        |   |      |теңге|        |    N-і       |      |      
 |_________|________|___|______|_____|________|______________|______|______
 |    1    |   2    | 3 |   4  |  5  |   6    |      7       |   8  |     9
 |_________|________|___|______|_____|________|______________|______|______
 |         |        |   |      |     |        |              |      |      
 |_________|________|___|______|_____|________|______________|______|_____
 |Барлығы  |        |   |      |     |        |              |      |      
 |_________|________|___|______|_____|________|______________|______|______

___________________________________________________________________________
       қозғалысы                                         |                |
_________________________________________________________|                |
                              |Чек төленді               |   Жауапты      
______________________________|__________________________| орындаушының   |
 Сомасы, | Қолма-қол ақша      | Күні   |реестр | Сомасы |    қолы        
  теңге  |   алушының          |        | N-і   | теңге  |                
         |  тегі, аты-жөні     |        |       |        |                
  _______|_____________________|________|_______|________|_______________
   10    |         11          |   12   |  13   |   14   |       15       
_________|_____________________|________|_______|________|________________
_________|_____________________|________|_______|________|________________
 Барлығы |                     |        |       |        |                
_________|_____________________|________|_______|________|_______________  

  Сомадағы чекпен төленбеген қалдық:  

  осы күн ішіндегі__________________

  жыл басынан_______________________

             _____________________
             Жауапты орындаушының қолы
                                              ________________________
                                              Қолды анықтау

                                                        5 қосымша
                                               N_____ ______________

      199__ж.______________арналған уақтылы аударылмаған қаражаттар туралы
        деректер және Халықтық банктің филиалдары арқылы чектер бойынша 
         бюджеттік ұйымдарға қолма-қол ақша берудің салыстырып тексеру 
                                  актісі     

 __________________________________________________________________________
                     Қазынашылықтың атауы                                  
___________________________________________________________________________
 | N |                     |  Чектер  |   Халықтық банкке      | Қаржылық  
 |р/с|                     | бойынша  |     қазынашылық        |  қызмет   
 |   |                     | төленген | органдарының уақтылы   |көрсетулері
 |   |                     |қаражаттар|аудармаған қаражаттары  |    үшін   
 |   |                     |          |туралы деректер(айыппұл |  Халықтық 
 |   |                     |          | санкцияларын есептеу   |   банкке  
 |   |                     |          |       үшін)            |  аумақтық 
 |   |                     |          |                        |Қазынашылық
 |   |                     |          |                        |  органдары
 |   |                     |          |                        |   төледі  
 |___|_____________________|__________|________________________|___________
 |   |                     |          | Күн саны |   Сома      |           
 |   |                     |          |          | (теңгемен)  |           
 |___|_____________________|__________|__________|_____________|___________
 | 1 |         2           |    3     |     4    |      5      |      6    
 |___|_____________________|__________|__________|_____________|___________
 | 1.|Республикалық бюджет.|          |          |             |           
 |   |те тұратын бюджеттік |          |          |             |           
 |   |ұйымдар бойынша,     |          |          |             |           
 |   |Барлығы:             |          |          |             |           
 |   |оның ішінде:         |          |          |             |           
 |   |а) қалаларда орналас.|          |          |             |           
 |   |қан бюджеттік ұйымдар|          |          |             |           
 |   |бойынша              |          |          |             |           
 |   |б) ауылдық жерлерде  |          |          |             |           
 |   |орналасқан бюджеттік |          |          |             |           
 |   |ұйымдар бойынша      |          |          |             |           
 |___|_____________________|__________|__________|_____________|__________|
 | 2.|Жергілікті бюджетте  |          |          |             |           
 |   |тұрған бюджеттік     |          |          |             |           
 |   |бойынша, Барлығы:    |          |          |             |           
 |   |оның ішінде :        |          |          |             |           
 |   |а) қалаларда орналас.|          |          |             |           
 |   |қан бюджеттік ұйымдар|          |          |             |           
 |   |бойынша              |          |          |             |           
 |   |б) ауылдық жерлерде  |          |          |             |           
 |   |орналасқан бюджеттік |          |          |             |           
 |   |ұйымдар бойынша      |          |          |             |           
 |___|_____________________|__________|__________|_____________|___________
 |   |ЖИЫНЫ                |          |          |             |           
 |___|_____________________|__________|__________|_____________|___________

     Қаржылық қызмет көрсетулердің сомасы           Ресімделген актің
     (1а-жол+2а-жол)*0,35% + (1б-жол +              уақыты мен нөмірі
     2-б)*0,4%-6т._______мың теңгені құрады.        (айыппұл санкц. б-ша)

                                                   _____________________
                                                   _____________________

     Аумақтық Қазынашылық органы           Халықтық Банктің
     бастығының қолы                       жауапты тұлғасының
                                           қолы
     _____________________  
     _________________     

           МО                                         МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады