«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 жылғы 20 қазандағы № 114 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 624 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 30 маусым № 52 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 829 тіркелген);
3) «Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 57 бұйрығы (нормативтік кұқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 833 тіркелген);
4) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2000 жылғы 11 наурыз № 28 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1083 тіркелген);
5) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 40 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3436 тіркелген).
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков