Сот орындаушылар және приставтарды аттестациялау туралы Ережесі мен Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 20 қазандағы N 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу N 631. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 82 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрлінің 2010.03.12 № 82 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережені басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
     Сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялау туралы және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі ұсынылған Ережелер бекітілсін.     

      Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Әділет Министрінің
                                         1998 жылғы қазанның 20
                                            N 111 бұйрығымен
                                              "БЕКІТІЛДІ"

Орталық аттестациялық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Орталық аттестациялық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аймақтық, аттестациялық комиссиялардың шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау, дәлелді себептермен аймақтық аттестациялық комиссияға екі рет келмеген, келмеуінің дәлелді себептерін растайтын құжаттарымен аттестацияланушының жазбаша өтініші негізінде сот орындаушылар мен приставтарды аттестациядан өткізу. 
      2. Комиссияны Қазақстан Республикасының Әділет Министрі, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі орталық аппаратының бөлім жетекшілері білікті мамандары санынан құрады, оның құрамына Вице-министр - комиссияның төрағасы және басқа жауапты қызметкерлер кіреді. 
      3. Комиссия қызметіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Әділет Министрі жүзеге асырады. 
      4. Комиссияның мәжілістері қажеттілікке қарай өткізіледі. 
      5. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешіміне шағым, шешімнің көшірмесін алған күннен бастап санағанда, он күн ішінде Комиссияға беріледі. 
      6. Комиссияға берілген шағым тіркеледі және оның қаралу күні өтініш иесіне, комиссия мәжілісі өткізілерден кем дегенде жеті күн бұрын хабарланады. 
      7. Комиссия аймақтық аттестациялық комиссия шешіміне жасалған шағымды, оның және аймақтық комиссиядан талап етілген алғашқы материалдардың түскен күнінен бастап, отыз күн ішінде қарайды, Қазақстан Республикасындағы сот орындаушылар мен приставтарды аттестациядан өткізу туралы Ережеге сәйкес, аттестациядан өткізеді және төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 
      - сот орындаушы мен приставтың атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы (аймақтық аттестациялық комиссия шешімін бірден бұзумен); 
      - атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігі туралы (аймақтық аттестация комиссиясының шешімімен келісу). 
      8. Комиссия шағымды шағымданушының қатысуынсыз қарауға құқылы. 
      9. Комиссия, шағымданушы адамға, қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар бере алады, оған қайтарылатын жауаптар аттестациялық комиссияның ұйғаруымен ауызша немесе жазбаша беріледі.
      10. Комиссия, мәжілісіне кемінде құрамының үштен екісі қатысқанда ғана, өкілетті болып есептелінеді.
      11. Егер қатынасушы мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берсе, Комиссияның шешімі қабылданды деп есептелінеді.
      Дауысқа салу ашық түрде аттестациялаудан өткізілетін адамның қатысуынсыз жүргізіледі.
      Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы қосымша дауыс беруге құқылы.
      Қабылданған шешім туралы өтініш иесіне немесе аттестациядан өтушіге жазбаша түрде, дауыс беруден соң бірден хабарланады.
      12. Комиссия шешімі бір данада жасалады және оған дауыс беруге қатынасқан Комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қойып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде сақтауға қалдырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады