24.03.97 ж. N 9-3-2-3/1847 ~V970275 Фискальді тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану жөніндегі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық Комитеті 1998 жылғы 2 сәуір N 21 БҰЙРЫҚ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 6 қыркүйек N 640 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен.

-----------Күші жойылды------------

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қосымшаға сәйкес кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын...
    

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 471 бұйрығына қосымша  

Күші жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық актiлер тiзбесi

     2. "24.03.97 ж. N 9-3-2-3/1847 Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетінiң 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 21 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде N 640 болып тiркелген)...

-----------------------------------

     "Халықпен ақшалай есеп айырысу кезінде фискальды тетігі бар бақылау- кассалық аппараттарды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 67 P970067_ қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті 1997 жылғы 24 наурыздағы N 9-3-2-3/1847 V970275_ Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану жөніндегі ережеге министрліктердің және ведомстволардың енгізген өзгерістері мен толықтыруларына келіседі, осы айтылғандарға байланысты БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасындағы Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды сату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібі туралы ереженің 7-тармағы (N 3-қосымша) - мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші абзацтармен толықтырылсын:
     "Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану жөніндегі ережемен белгіленген техникалық талаптарға сатып алынған бақылау-кассалық аппараттар сәйкес келген жағдайда салық органдарында одан әрі тіркей отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-кассалық аппараттардың Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген үлгісін фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде сатып алуға тұтынушылар құқылы.
     Салық органдарында тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден баждары мен салықтарын төлегендігі туралы кеден органдары белгі жасаған құжаттарды ұсынуы қажет.
     Бақылау-кассалық аппараттарды тұтынушылар өтініштерден, жеткізуден, техникалық қызмет көрсету орталықтарынан және өкілетті сатушылардан сатып алған жағдайда бақылау-кассалық аппараттардың техникалық талаптарға сәйкессіздігі үшін жауапкершілік тұтынушыларға жүктеледі.".
     2. Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды сату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібі туралы ереженің 8-тармағының 8.2 тармақшасы (N 3-қосымша) - мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
     "Бақылау-кассалық аппараттарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сатып алушылармен шарт жасасқан кезде бақылау-кассалық аппарат қайда сатып алынғанына тәуелсіз шарт тәртібі бірдей болуы тиіс".
     8-тармақтың 8.2 тармақшасындағы сегізінші абзацтағы мынадай - "тұтынушылар ОТҚ сатып алған немесе бақылау-кассалық аппараттарды қызмет көрсетуде ОТҚ-мен шарт жасасқан өзге сатушылар" деген сөздер алынып тасталсын.
     3. Мынадай қосымшалардағы "РОS-терминал" деген ұғымдар алынып тасталсын:
     8-тармақтың алтыншы абзацындағы фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану жөніндегі ережедегі;
     3-тармақтың фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарға қойылатын техникалық талаптардағы (N 3-қосымша);
     9-тармақтағы Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды тіркеу тәртібі, салық органдарындағы фискальды картасы бар дербес компьютерлердің базаларындағы РОS-терминалдардағы, кассалық терминалдардағы (N 5-қосымша);
     N 5-қосымшаның атауындағы.
     4. Облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне:
     - 1997 жылғы 24 наурыздағы N 9-3-2-3/1847 V970275_ Фискальды тетігі бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану жөніндегі ережеге енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді төменгі тұрған салық органдарына жеткізсін;
     бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық төлеушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады