Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000.08.25 N 195 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы N 2721 U952721_Заң күші бар Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру мен өткізу ережесі" бекітілсін және олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 қаулысымен бекітілген, 1996 жылғы 11 наурызда N 158 V960158_ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген "Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру және өткізу туралы Ереже" жоғарыда аталған Ереже мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері басқармасы (Д.С. Полымбетова)
белгіленген тәртіппен жоғарыда аталған Ережені тіркеуді жүзеге асырсын. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Департамент директорының орынбасары А.Қ. Өртембаевқа жүктелсін. Қаржы Вице-Министрі - Департамент директоры Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы N 616 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру мен және өткізу тәртібі
Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастырудың және өткізу Ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін сатудың тәртібін, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Жекешелендіру объектісі" - мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме; тұйықталған технологиялық айналымды бұзбай, одан бөлінген өндірістік бөлімшелер мен құрылымдық бірліктер; сондай-ақ мүліктің барлық түрлері;
2) "Сатушы" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
3) "Ұйымдастырушы" - сатушы немесе делдал - жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционның дайындалуы мен өткізілуін ұйымдастыратын өзге заңды немесе жеке тұлға;
4) "Қатысушы" - аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлға;
5) "Объект бойынша сауда-саттыққа қатысушы" - объект бойынша сауда- саттыққа қатысуға нөмірін көтеріп жариялы түрде келіскен Қатысушы;
6) "Сауда-саттық" - жекешелендіру объектілерін сатудың аукциондық нысаны;
7) "Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі" - бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым ең жоғарғы баға ұсынған бір Қатысушы қалған сәтке дейін көтерілген жағдайдағы саудаласу тәсілі;
8) "Сауда-саттықтың голландтық тәсілі" - бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша Қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендеген жағдайдағы саудаласу тәсілі;
9) "Объектінің ең аз бағасы" - объектінің осыдан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
10) "Объектінің бастапқы бағасы" - әрбір объект бойынша сауда-саттық басталатын баға;
11) "Сауда-саттықтағы жеңіп шыққан тұлға" - сауда-саттықта объект үшін ең жоғары баға ұсынған Қатысушы;
12) "Сатып алушы" - сауда саттықта жеңіп шыққан, Сатушымен объектіні сатып алу-сату шартын жасасқан тұлға;
13) "Екінші Сатып алушы" - сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша жүргізілген аукционда көлемі жөнінен екінші баға берген және осылайша құжатты ресімдеудің кез-келген сатысында сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға бас тартқан не объектінің құнын төлемеген жағдайда оларға ұсынылған баға бойынша объектіні сатып алуға өзінің ықыласын білдіріп, сауда-саттық өткізу туралы хаттамаға қол қойған Қатысушы;
14) "Жеке тұлға" - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар.
2. Белгіленген тәртіппен сатуға тапсырылған мемлекетті мүлік жекешелендіру объектісі болып табылады. Объектінің сақталуына және оны сатқанға дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына және қабылдап алу-жөнелту актісіне қол қоюға жауапкершілік баланс ұстаушыға жүктеледі.
Жекешелендіру объектісін аукционға шығару туралы шешімді Сатушы қабылдайды.
3. Жеке тұрған ғимараттарда және қосалқы үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері бойынша аукциондарда объект тұтастай, яғни ғимарат, үй-жай және объектінің барлық мемлекеттік мүлкі оған бөлінген жер учаскесімен бірге сатылады.
Іштен салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері бойынша сату үшін жекешелендіру объектісі орналасқан жер учаскесінің бөлігін бөлу, егер учаске жер заңдарына сәйкес бөліну разрядына жататын болса ғана жүргізіледі. Объект бөлінбейтін учаскеде орналасқан жағдайда сату шарты кезінде объектінің бөліктері жер учаскесін жалпы пайдалану тәртібіне келісіледі.
4. Егер объект бірінші аукционда сатылмаса, ол екінші және одан кейінгі аукциондарға шығарылады.
5. Жекешелендіру объектісін аукционда сату туралы хабарламаның
жариялануы жекешелендірудің басталғаны туралы ресми хабар болып табылады. 6. Сатушы объектілері сатуды қолданылып жүрген заңдарда және осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 7. Сатушының бірден-бір міндеттері мыналар болып табылады: 1) жеке аукциондар бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесін бекіту және оларды өткізу мерзімдерін белгілеу; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аумақтық органдарының жер учаскесінің құнын анықтау жөніндегі жұмыстар жүргізу туралы ресми хабарлауы; 3) объектілердің бастапқы және ең аз бағасын, кепілдік жарна мөлшерін бекіту; 4) аукцион өткізу тәсілін анықтау; 5) Ұйымдастырушылармен бірге аукцион ұйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасу; 6) аукциондар ұйымдастырудың және жүргізудің барысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
7) сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғалармен бірге сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
8) жекешелендіру объектілерін екінші және одан кейінгі аукциондарға шығарған кезде бөлу;
9) Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.
8. Сатушы аукционды өз бетімен ұйымдастырады және жүргізеді не
жекешелендіру объектілерін сату жөнінде аукционды ұйымдастыру мен өткізуге Ұйымдастырушымен шарт жасасады. Сатушы осы Ереженің 7-тармағында атап көрсетілген міндеттерді беруге құқығы жоқ. 9. Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру және өткізу шарты Сатып алушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша нысанда жасалады және мыналарды: 1) жекелеген аукциондар бойынша бөлінген жекешелендіру объектілерінің тізімін; 2) аукцион өткізудің шектеулі мерзімін; 3) әрбір объектіні сату кезінде сауда-саттықты өткізу тәсілін; 4) Ұйымдастырушыға берілетін әрбір объект бойынша құжаттардың тізбесін; 5) аукционға дайындық пен оны өткізу барысы туралы Ұйымдастырушы есебінің мерзімділігі мен нысанын; 6) тараптардың өзара міндеттемелері мен мүліктік жауапкершілігін; 7) Ұйымдастырушы алатын сыйақының мөлшері мен шартын және Сатушымен өзара есеп айырысу тәртібін; 8) шарттың әрекет ету мерзімін және оны бұзудың шартын қамтуы керек. 10. Ұйымдастырушыға берілетін сыйақының мөлшері Сатып алушы осы Ереженің 44-тармағына сәйкес аванстық төлем жасаған әрбір объектіні сату бағасының кемінде 5%-ін құрайды. 11. Аукционға қатысуға осы Ереженің 30 және 31-тармақтарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі. 12. Аукционға мыналар қатыса алмайды: 1) жарғылық капиталының мемлекеттік меншіктің үлесі 20%-тен артық құрайтын Ұйымдар; 2) аукционды Ұйымдастырушы; 3) Аукционшы; 4) Алдыңғы өткен сауда-саттықтарда жеңіп шыққан, бірақ сатып алу-сату келісім-шарттарын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған жақтар. 13. Аукционға барлық ниет білдірушілердің қатысуға құқығы бар. 2. Аукционды өткізуге дайындық 14. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) аукционға шығарылатын объектілердің тізбесі анықталады; 2) әрбір объектіні сатудың тәсілі анықталады; 3) объектілердің бастапқы және ең аз бағалары анықталады; 4) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу тәртібі анықталады; 5) аукционды өткізудің уақыты белгіленеді; 6) қажет болған жағдайда аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін шарт жасасу құқығына арналған тендер өткізіледі; 7) объектілерде болудың тәртібі белгіленеді; 8) аукционды өткізу туралы хабарлама жарияланады және басқада жарнамалық қызметтер жүзеге асырылады; 9) кепілдік жарналар қабылданады; 10) Қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. 15. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектілерінің бағасын реттейтін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес есептеледі. 16. Қажет болған жағдайда объектінің бастапқы бағасы негізгі қорлар (қаражаттар) құнының өсу коэффициентіне индекстеледі. 17. Ең аз баға сауда-саттықтың мынадай тәсілдеріне байланысты анықталады: 1) сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде ең аз баға бастапқы бағаға тең болады; 2) сауда-саттықтың голландтық тәсілі кезінде ең аз баға белгіленбеуі мүмкін; 3) ең аз бағаны белгілеу кезінде оның көлемі сауда-саттықты жүргізу туралы хабарламада көрсетіледі. 18. Сауда-саттықты жеңіп шыққан жағдайда кепілдік жарна Қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз еткен болып табылады: 1) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 2) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу; 3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді лайықты орындау.
19. Аукционға қатысуға арналған кепілдік жарна аукционға шығарылатын барлық жекешелендіру объектілері үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және мынадай әдіс бойынша есептеледі:
1) әрбір объект бойынша бастапқы бағасынан 5% анықталады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған соманың ортаарифметикалық көлемі анықталады;
3) сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша аукционға шығарылған объектілердің санынан объектінің ең аз бастапқы бағасы анықталады;
4) сауда-саттықтың голландтық тәсілі бойынша аукционға шығарылған әрбір объектінің бастапқы бағасының 30%-не тең көлемнен ең төмені анықталады;
5) кепілдік жарнаның мөлшері осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларынан алынған көлемнен ең төменіне тең қабылданады;
6) ең аз баға белгіленбей голландтық тәсіл бойынша сауда-саттыққа шығарылатын таратылмайтын объектілер бойынша кепілдік жарна мөлшерінің көлемі Сатушының еркі бойынша белгіленеді.
20. Қатысушыларының кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте кепілдік жарна бір объектіні сатып алуға құқық береді. Ұйымдастырушы да, Сатушы да Қатысушыдан сауда-саттықта қандай объект бойынша қатысатындығы туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ.
21. Кепілдік жарна сауда-саттықты өткізу туралы деректерде белгіленген нысан мен тәртіпте және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілуі мүмкін емес. Кепілдік жарнаны Қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Кепілдік жарнаны алушы Сатушы болып табылады.
22. Сауда-саттықта жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан Тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
Егер сату объектісінің құны кепілдік жарнасының сомасынан кем болған жағдайда, Сатушы олардың арасындағы айырмашылықты сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғаға 5 банк күннен кешіктірілмей қайтарады. Егер сауда-саттыққа Қатысушы енгізген кепілдік жарнаның саны сауда-саттықта сатып алынған объектілердің санынан асса, пайдаланбаған кепілдік жарналар Қатысушыға сауда-саттық өткізген күннен бастап 5 банк күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
23. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
1) аукционды өткізуге кемінде үш күн қалғанда оған қатысудан бас тартса;
2) сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға және Екінші Сатып алушы (сауда- саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартынан бас тартса;
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаса немесе лайықты орындамаса;
4) оған осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдарымен қойылатын талаптарға Қатысушының лайықты еместігін байқаса қайтармайды.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар аукцион аяқталған күннен бастап бес банк күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының шотына түссе, онда олардың түскен күнінен бастап бес банк күнінің ішінде қайтарылады.
24. Аукционды өткізу туралы хабарлама аукцион өткізгенге дейінгі
кемінде 15 күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми басылымда жариялануы мүмкін. Егер жекешелендіру объектісі аталған облыста орналасса және/немесе аукцион оның аумағында өткізілсе, хабарлама жергілікті баспасөзде қосымша жариялануы мүмкін. 25. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мыналарды: 1) аукцион өткізілетін күнді, орынды және кезеңді; 2) сауда-саттыққа шығарылатын объектілер қызметінің атауы мен негізгі саласын; 3) әрбір объект бойынша сауда-саттықты жүргізу тәсілін; 4) сатуға шығарылатын объектілердің бастапқы бағаларын; 5) Сатушының кепілдік жарнасы мөлшерін және банктік шотын; 6) өтініштер қабылданатын орынды және мерзімді; 7) анықтама телефондары мен мекен-жайын; 8) Екінші Сатып алушының объектіні алу мүмкіндігін; 9) Сатушының шешімі бойынша басқа да қосымша ақпаратты қамтуы керек. 26. Жекешелендіру объектісі туралы басқа да ақпаратты (өнімді шығару көлемін, шикізат пен өткізу базарларын, негізгі қорлардың сипаттамасын және т.б.) қамтитын қосымша Ақпараттық бюллетень шығарылуы мүмкін. 27. Хабарлама жарияланғаннан кейін Ұйымдастырушы барлық ниет білдірушілерге сатылатын объекті мен аукционды өткізу ережесі туралы ақпаратқа еркін жол ашылуын қамтамасыз етуге міндетті. 28. Аукционға Қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады. 29. Аукционға Қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналар: 1) аукционға қатысу жөніндегі өтініш; 2) төлқұжат немесе тұлғаны куәландыратын өзге құжат; 3) кепілдік жарнасын енгізгендігін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі; 4) өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат тапсырылуы керек. 30. Заңды тұлғалар қосымша мыналарды: 1) жарғының нотариалдық расталған көшірмесін және заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлікті; 2) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы ақпаратты тапсырады. 31. Сатушы мен Ұйымдастырушының мыналарға:
1) Қатысушыдан аукционға шығарылғандардың ішінен сол немесе өзге объектіні сатып алу ниеті туралы ақпаратты талап етуге;
2) сауда-саттыққа дайындалудың және оны өткізудің барлық кезеңінде сауда-саттыққа Қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
3) осы Ереженің 29 және 39-тармақтарында атап көрсетілгендерден басқа, Қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттар берілуін талап етуге құқығы жоқ.
32. Тіркеуден өткен Тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге ауыстырылатын Қатысушының билетін алады. Бұл ретте Ұйымдастырушының белгілі бір объектілерге бекітіліп берілген нөмірлерді тіркеуге құқығы жоқ. Басқа тұлғаның сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді пайдалануына тыйым салынады.
3. Аукцион өткізу
33. Аукционды Аукционшы өткізеді. Аукцион оны өткізудің ережесін жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалардың аукционның барысына ықпал етуге немесе оны өткізудің ережесін бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда олар аукцион өткізілетін залдан шығарылып жіберілуі мүмкін. Объектілердің сауда-саттыққа дәйекті түрде шығарылуы туралы шешімді Аукционшы қабылдайды.
34. Әрбір объект бойынша сауда-саттық Аукционшының жекешелендіру объектісінің атауын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізу тәсілін, бастапқы бағасы мен баға өзгерісінің қадамын жариялаудан басталады.
Аукционшы әрбір объект бойынша сауда-саттық басталар алдында осы объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны екіден кем болса, жекешелендіру объектісі бір ғана қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда, сауда-саттық болмайды деп жарияланады.
Аукционшы бұл туралы хабарлай отырып, сауда-саттық процесіндегі қадамдарды өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамдары объектінің ағымдағы бағасының 5%-інен 10%-іне дейінгі мөлшерде белгіленеді. Аукционшының объект бағасын қайталап хабарлауы арасындағы үзіліс кемінде 10 секунд болуы керек.
35. Сауда-саттық төменде сипатталған тәсілдердің екеуінің бірі бойынша жүргізіледі:
1) Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі.
Аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа Қатысушылар нөмірді көтере отырып, бастапқы бағаны көтере түседі, бірақ оның мөлшері жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Қолайлы болу үшін Аукционшы объектінің бағасын ағымдағы қадамның 1/2 аспайтын көлемге дөңгелектей алады. Аукционшы объект бойынша сауда-саттыққа қатысушы аукциондық нөмірлерді хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционшы объектіге неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушыны жариялайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет хабарлайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда, балғаны соғу арқылы бұл объектінің сатылғандығы туралы хабарлайды.
Сауда-саттықта жеңіп шыққан тұлға айқындалғаннан кейін, сауда- саттықта жеңіп шыққан Тұлға рәсімдерді және шарт жасасу жөніндегі, сондай- ақ сатып алу-сату шартын орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған жағдайда. Сатушы объектіні сатып алу құқығын осы объект үшін көлемі жөнінен екінші баға берген Қатысушыға (Екінші Сатып алушыға) беруі керек.
2) Сауда-саттықтың голландтық тәсілі.
Аукционшы объектінің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлімделген қадам бойынша төмендетіп отырады. Аукционшы жарияланған бағада аукциондық нөмірін бірінші көтерген Қатысушының нөмірін атайды және балғаны ұрып, оны осы объект бойынша сауда- саттықта жеңіп шыққан Тұлға деп жариялайды.
Егер баға жарияланған сәтте ұсынылған бағамен келісетін Қатысушылар екі және одан көп болған жағдайда, Аукционшы бағаны сауда-саттықты жеңіп шыққан Тұлғаны анықтаған сәтке дейін тіркелген қадамның мөлшеріне көтере бастайды.
Сауда-саттықтың бұл тәсілі электрондық жүйені қолдана отырып іске асырылуы мүмкін.
36. Бір аукционда сауда-саттықтың екі тәсілін жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте ең алдымен сауда-саттықтың голландтық тәсілі жүргізіледі.
37. Әрбір сатылған объект бойынша сауда-саттықтың нәтижелері сауда- саттықтың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға қол қою үшін Аукционшы сауда-саттықты жеңіп шыққан тұлғаны, Екінші Сатып алушыны (сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде) шақырады. Хаттама Сатушы, Сатып алушы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеті және Ұйымдастырушы үшін бір-бірден төрт дана етіп жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткізілген күннен кейінгі бір күннен кешіктірмей сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын Сатушыға табыстауға міндетті.
38. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерін және сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға мен Сатушының сауда- саттықтың барысында белгіленген баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын жасауды тіркейтін құжат болып табылады.
39. Сауда-саттықтан кейінгі бес күнтізбелік күннің ішінде сатып алынған объектіні және оның мүлкін сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғаға беру жүргізіледі. Бұл үшін сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға, жекешелендірілген объектінің басшысы, Сатушының өкілі объектіні қабылдау-тапсыру актісін, онда осы объектінің қаржылық активтері мен пассивтерінің құнын көрсете отырып (таратылған объект жекешелендірілген жағдайда, қаржылық активтер мен пассивтер қабылдау-тапсыру актісіне енгізілмейді және оларды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады) жасайды. Объектінің мүлкі жауапты сақталу жағдайында сауда-саттықты жеңіп алған Тұлғаға табыс етіледі, бұл туралы Сатушы қабылдау-тапсыру актісіне белгі қояды. Қабылдау-тапсыру актісін Сатушы бекітеді.
40. Сауда-саттық аяқталған соң 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, қабылдау-тапсыру актісі деректерінің және сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың негізінде Сатып алушы мен Сатушы сатып алу-сату шартына қол қояды. 10 күнтізбелік күн өткен соң бұл құқық жойылады.
41. Объектіні қабылдау-тапсыру актісін ресімдеудің және сатып алу-сату шартын жасасудың осы қағидамен белгіленген мерзімдері Екінші сатып алушы үшін оның объектіні сатып алу құқығы пайда болған сәттен бастап, бірақ оған хабарланғаннан кейін үш күннен кешіктірмей есептеледі.
42. Егер объект аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға шығарылады.
Егер объект белгіленген тәртіппен сатуға тапсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде сатылмаса, Сатушы объектіні иесіне қайтарады немесе оны одан әрі пайдалану немесе есептен шығару жөнінде шешім қабылдайды.
4. Сатып алушылармен есеп айырысу және
меншік құқығын ресімдеу тәртібі
43. Жекешелендіру объектісін сатып алу-саты шарты шарттың мәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері, объектінің құны, төлем нысаны мен мерзімі көрсетілген Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады.
44. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте Сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмей сауда-саттық барысында белгіленген бағадан 50%-тен кем емес мөлшерде енгізіледі;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.
45. Аванстық және ақырғы төлемнің мерзімі өткен жағдайда, Сатушы біржақты тәртіппен шартты бұзады және Сатушыдан кепілдік жарна жаппаған және шартта белгіленген айыпақы бөлігінде нақты шығындарды қайтарып алуды талап етуге құқылы.
46. Жекешелендіру объектісін толық төленгеннен кейін сатып алу-сату шартында сатылған объектіге меншік иесінің өзгергендігі туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылатын тиісті белгі қойылады.
47. Сатып алу-сату шарты бойынша жекешелендіру объектісіне және жер
учаскесіне меншік құқығы сатып алушыда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілеге берілетін құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Заң күші бар Жарлығында көзделген тәртіппен мәмілені тіркеу сәтінен бастап пайда болады. 48. Ақырғы төлем жүргізілмеген жекешелендіру объектілері қайталама аукциондарға шығарылады. 5. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар 49. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған шығындарды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.