Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ "Жекешелендiру туралы" заң күшi бар Жарлығын орындау, жекешелендiру объектiлерiн сатуды реттеп отыратын нормативтi актiлердi осы Жарлыққа сәйкестендiру мақсатымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680 U952680_ Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформалары 1996-1998 жылдары тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына" сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
Қаулы етеді:
1. Осыған қоса тiркелiп отырған "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереже" бекiтiлсiн.
2. Жекешелендiру объектiлерiн аукциондарда сатуда акциялар мен шаруашылық серiктестiктерi үлестерiнiң шығарылуы жоғарыда атап көрсетiлген Ережеге сәйкес болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиiс деп белгiленсiн.
3. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру басқармасына (Н.Ж. Махимовқа) 1996 жылғы "__" дейiнгi мерзiм iшiнде жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн реттеп отыратын нормативтiк актiлер мен нұсқауларды Қазақстан Республикасының Президентiнiң заң күшi бар "Жекешелендiру туралы"
Жарлығына және "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ережеге" сәйкестендiру жөнiндегi материалдарды дайындап, ұсыныс енгiзу тапсырылсын. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Т.С.Сарабековаға жүктелсiн. Төраға Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереже I. Жалпы ережелер
Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендiру туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды 1996-1998 жылдары тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына" сәйкес жасалды және ол жекешелендiру объектiлерiн сату тәртiбiн, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн ретке келтiрiп отырады.
I.I. Негiзгi анықтамалар
Ережеде осыдан былайғы жерде анықталатыны сияқты сөздер мен сөз тiркестерi төмендегi мағынаға ие болады (егер контексте басқадай мағына қарастырылмаған болса):
I.I.1. "Жекешелендiру объектiсi" - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және мекеме; тұйықталған технологиялық жүйенi бұзбай, одан бөлiнiп алынатын өндiрiстiк бөлiмшелер мен құрылымдық бiрлiктер; сондай-ақ мүлiктiң барлық түрлерi.
I.I.2. "Сатушы" - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi.
I.I.3. "Ұйымдастырушы" - сатушы немесе делдал - басқа да заңдық немесе жеке тұлғалар - олар жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукционды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады.
I.I.4. "Қатысушы" - аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiп бойынша тiркеуден өткен заңдық жақтар немесе жеке тұлғалар.
I.I.5. "Объектi бойынша сауда-саттыққа қатысушы" - объектiнiң сауда-саттығына келiсетiндiгiн көпшiлiкке өз нөмiрiн көтеру арқылы бiлдiретiн қатысушы.
ЕСКЕРТУ. 1.1.5.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
I.I.6. "Сауда-саттық" - жекешелендiру объектiлерiн сатудың аукциондық түрi.
I.I.7. "Сауда саттықтың ағылшындық тәсiлi" - сауда-саттық тәсiлi, мұндай тәсiл кезiнде бастапқы баға алдын ала жарияланған кездегiсiнен ең жоғары бағаға сатып алушы бiр ғана Қатысушы қалғанға дейiн арттырыла бередi.
I.I.8. "Сауда-саттықтың голландиялық тәсiлi" - сауда-саттық тәсiлi, мұндай тәсiл кезiнде бастапқы баға алдын-ала жарияланған кездегiсiнен Қатысушылардың бiреуi ғана қалып, жарияланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскенше төмендей бередi.
I.I.9. "Объектiнiң ең төменгi бағасы" - объектiнi одан әрi арзанға сатуға болмайтын баға мөлшерi.
I.I.10. "Объектiнiң бастапқы бағасы" - әр объектi бойынша сауда-саттықты бастауға болатын алғашқы баға.
I.I.11. "Сауда саттықта жеңiп шыққан адам" - сауда-саттықта объектiнiң ең жоғарғы бағасын ұсынған Қатысушы.
I.I.12. "Сатып алушы" - сауда-саттықта жеңiп шыққан адам ол Сатушымен объектiнiң сату-сатып алу шартын жасасады.
I.I.13. "Екiншi Сатып алушы" - сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi бойынша аукционда объектiге мөлшерi жағынан екiншi жоғары бағаны айтқан Қатысушы. Ол сауда-саттық өткiзу жөнiндегi хаттамаға қол қою арқылы сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақ құжаттарды толтырудың барысындағы кез-келген өзiнiң ұсынған бағасынан бас тартқан жағдайда немесе объектiнiң құнын төлемеген жағдайда немесе объектiнiң құнын төлемеген жағдайда объектiнi өзi ұсынған баға бойынша сатып алуға келiсiм бiлдiрушi Жақ.
I.I.14. "Жеке тұлғалар" - Қазақстан Республикасының азаматтары, өзге мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар.
I.2. Жекешелендiру объектiсi
I.2.1. Жекешелендiру объектiсi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiкке басшылық жасау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiп бойынша Сатушыға сату үшiн берiлген мемлекеттiк мүлiктер ғана бола алады.
Жекешелендiру объектiсiн аукционға шығару жөнiндегi шешiмдi Сатушы қабылдайды.
1.2.2. Жеке ғимараттарда және оған жалғастыра салынған үйлерде орналасқан жекешелендiру объектiлерi бойынша алғанда аукциондарда объект сол тұтас қалпында, яғни объектiнiң ғимараттары, үйлерi және барлық мемлекеттiк мүлкi оған бөлiнген жер телiмiмен қоса сатылады.
Iштен салынған үйлерде жайғасқан жекешелендiру объектiлерi бойынша алғанда жекешелендiру объектiсi орналасқан жер телiмiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн бөлу егер ол телiм жер жөнiндегi заңдылыққа сәйкес бөлiну разрядына жататын болса ғана рұқсат етiледi. Егер объектi бөлiнбейтiн жер телiмiнде орналасқан жағдайда жер телiмiн ортақтаса пайдаланудың тәртiбi алдын-ала келiсiлiп алынады.
I.2.3. Егер объектi бiрiншi аукционда сатылмай қалса, ол екiншi және одан кейiнгi аукциондарға шығарылады. Әр аукцион аралығындағы ең көп уақыт 30 күн болуы тиiс.
I.2.4. Жекешелендiру объектiсiн аукционға шығарып сату жөнiндегi жарияланған хабарландыру жекешелендiрудiң басталғаны жөнiндегi ресми ескерту болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 1.2.4.-бап күшiн жойылды, 1.2.5.-бап 1.2.4.-бап болып
саналды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң 1996.11.28. N 599 қаулысымен.
I.3. Сатушы және Ұйымдастырушы
I.3.1. Сатушы объектiлердi қолданылып жүрген белгiлi заңдарда және осы Ережеде белгiленген тәртiп бойынша сатуды жүзеге асырады.
I.3.2. Сатушының өзiне тән негiзгi мiндеттерi мыналар:
- жеке аукциондар бойынша жекешелендiруге жататын объектiлердiң тiзiмiн бекiту және ол аукциондардың өткiзiлуi мерзiмiн белгiлеу;
- жер телiмiнiң құнын белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы Мемжеркомның аумақтық органдарына ресми түрде хабарлап отыру;
- аукцион өткiзудiң тәртiбiн анықтау;
- объектiлердiң бастапқы және ең төменгi бағаларын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекiту;
- аукциондарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде Ұйымдастырушылармен келiсiм-шарт жасасу;
- аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзудiң барысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
- сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақтармен сатып алу-сату жөнiндегi келiсiм-шарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылауға алу;
- жекешелендiру объектiлерiн екiншi және одан кейiнгi аукциондарға шығару тәртiбiн белгiлеу;
- Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.
ЕСКЕРТУ. 1.3.2. -бап өзгертiлдi - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң 1996.11.28. N 599 қаулысымен.
I.3.3. Сатушы аукционды өзiнше ұйымдастырады және өткiзедi, немесе жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукционды ұйымдастыру және өткiзу туралы Ұйымдастырушымен келiсiм-шарт жасасады.
Сатушы осы Ереженiң I.3.2. баптарында тiзiп көрсетiлген өз мiндеттерiн өзгелерге беруге құқықты емес.
I.3.4. Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукционды ұйымдастыру мен өткiзу туралы келiсiм-шарт Сатушы мен Ұйымдастырушының арасында жазбаша түрде жасалады және онда мыналар атап көрсетiледi:
- жекешелендiрiлетiн объектiлердiң жеке аукциондар бойынша бөлiп көрсетiлген тiзiмi;
- аукциондарды өткiзудiң шектеулi мерзiмдерi;
- әр объектiнi сату кезiндегi сауда-саттықты өткiзу тәсiлi;
- әр объект бойынша Ұйымдастырушыға берiлетiн құжаттардың тiзiмi;
- аукционды әзiрлеу барысы мен өткiзу жөнiнде Ұйымдастырушының есеп берiп отыру мерзiмi мен түрi;
- аукционға қатысушы жақтардың өзара мiндеттемелерi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi;
- Ұйымдастырушының алатын сыйақысының мөлшерi мен шарттары және Сатушымен есеп айырысу тәртiбi;
- келiсiм-шарттың күшiнде болатын мерзiмi және оны бұзудың шарттары.
I.3.5. Ұйымдастырушының алатын сыйақысының мөлшерi әрбiр объектiнiң
сатылу бағасының 5 процентiнен артық болмауы тиiс. Сатып алушы осы Ереженiң 4.2. баптарындағы талаптарға сәйкес алдын-ала аванс төлемiн жасауы тиiс. I.4. Аукционға қатысушы I.4.1. Аукционға қатысуға осы Ереженiң 2.5. бабында белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеуден өткен жеке тұлғалар, мемлекеттiк емес заңдық жақтар және шетелдiк заңдық жақтар жiберiледi. I.4.2. Мыналар аукционға қатысушы бола алмайды: а) Жарғылық қорларында мемлекеттiк меншiктiң мөлшерi 20 проценттен артық шаруашылық серiктестiктерi; ә) аукционды Ұйымдастырушы; б) Аукционшы; в) Алдыңғы өткен сауда-саттықтарда жеңiп шыққан, бiрақ сатып алу-сату келiсiм-шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi тиiстi мiндеттемелерiн орындамаған жақтар. I.5. Аукционға келушi Аукционға келуге тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiнiң де құқығы бар. II. Аукцион өткiзуге әзiрлену 2.1. Аукционды әзiрлеу тәртiбi 2.1.1. Аукционды өткiзуге әзiрлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi: - аукционға қойылатын объектiлердiң тiзiмi анықталады; - әрбiр объектiнi сату тәсiлi белгiленедi; - объектiлердiң бастапқы және ең төменгi бағалары белгiленедi; - кепiлдiк жарна енгiзудiң мөлшерi мен тәртiбi белгiленедi; - аукцион өткiзiлетiн күн белгiленедi; - қажет болған жағдайда аукционды ұйымдастыруға және өткiзуге келiсiм-шарт жасасуға құқық беретiн тендер өткiзiледi; - объектiлердi барып көру тәртiбi белгiленедi; - аукционды өткiзу туралы хабарландыру жарияланады және басқа да жарнамалық жұмыстар жүзеге асырылады; - кепiлдi жарналар қабылданады; - Қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi. 2.2. Жекешелендiру объектiлерiнiң бастапқы және ең төменгi бағалары
2.2.1. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендiрiлетiн объектiлердiң бағасын ретке келтiрiп отыратын қазiргi қолданылып жүрген құқықтық актiлерге сай белгiленедi.
2.2.2. Қажет болған жағдайда объектiнiң бастапқы бағасы негiзгi
қорлардың (құрал-жабдықтардың) құнын арттыру коэффициентiне индексацияланады. 2.2.3. Ең төменгi баға сауда-саттық тәсiлiнiң қандай болатынына байланысты белгiленедi: а) сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi кезiнде төменгi баға бастапқы бағаға тең болады; ә) сауда-саттықтың голландық тәсiлi кезiнде баға белгiленбеуi мүмкiн. Аз деңгейдегi баға белгiленген кезде, оның көлемi сауда-саттық өткiзу жөнiндегi хабарламада көрсетiледi. ЕСКЕРТУ. 2.2.3.-баптың ә)-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996.11.28. N 599 қаулысымен. 2.3. Кепiлдi жарна
2.3.1. Сауда-саттықта жеңiп шыққан жағдайда Кепiлдi жарна Қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ету шарты болып табылады:
- сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамаға қол қою;
- сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату келiсiм-шартын жасасу;
- сатып алу-сату келiсiм-шартына байланысты мiндеттемелердi мұқият орындау.
2.3.2. Аукционға қатысу үшiн төленетiн кепiлдi жарнаның мөлшерi жекешелендiрiлетiн, сөйтiп аукционға шығарылатын барлық объектiлер үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мына төмендегi тәсiл бойынша есеп жасалады:
а) әрбiр объект бойынша объектiнiң бастапқы бағасының 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi;
ә) осы баптың "а" пунктiнде алынған орташа арифметикалық өлшем бiрлiгi белгiленедi;
б) сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi бойынша аукционға шығарылатын объектiлердiң қатарында әр объектiнiң ең төмен бастапқы бағасы белгiленедi;
в) сауда-саттықтың голландиялық тәсiлi бойынша аукционға шығарылған әрбiр объектiнiң ең төменгi өлшем бiрлiгi оның бастапқы бағасының 50 процентiне тең деп белгiленедi;
г) кепiлдi жарнаның мөлшерi осы баптың "ә", "б" және "в" пункттерiнде алынған ең төменгi өлшем бiрлiгiне тең деп қабылданады.
Голланд әдiсi бойынша саудаға қойылатын өткiзiлмеген кешендер бойынша ең аз баға тағайындалады, кепiлдiк жарнаның мөлшерi сатушының қалауы бойынша тағайындалады.
ЕСКЕРТУ. 2.3.2-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04.
N 386 қаулысымен. V970051_
2.3.3. Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез-келген санын ұсынуға құқықты. Бiрақ мұндай кезде кепiлдi жарнаның бiреуi бiр объектiнi сатып алуға ғана құқық бередi. Ұйымдастырушы да, Сатушы да Қатысушыдан оның сауда-саттық кезiнде қандай объектiнi сатып алуға қатысатыны жөнiнде ақпарат талап етуге құқықты емес.
2.3.4. Кепiлдi жарна сауда-саттықты өткiзу жөнiндегi хабарландыруда белгiленген түрде және тәртiп бойынша енгiзiледi. Мұның өзi қолданылып жүрген заңға сәйкес болуы шарт. Кепiлдi жарнаның мөлшерi хабарландыру жарияланып кеткеннен кейiн ешқашан да өзгертiле алмайды. Кепiлдi жарна Қатысушының атынан кез-келген өзге жеке тұлға арқылы енгiзiле алады. Кепiлдi жарнаны қабылдап алушы Сатушы болып табылады.
2.3.5. Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату келiсiм-шартын жасасқан Жақтың кепiлдi жарнасы сатып алу-сату келiсiм-шарты бойынша тиiстi болатын төлемдердiң есебiне жатқызылады.
Егер сатылатын объектiнiң құны Кепiлдi жарнаның сомасынан кем болып шыққан жағдайда олардың арасындағы айырмашылық 5 банк күнiнен кешiктiрiлмей сауда-саттықта жеңiп шыққан Жаққа қайтарылады. Егер сауда-саттықта сатып алған объектiлерiнiң санынан көп болып шықса, онда пайдаланылмай қалған Кепiлдi жарналар Қатысушыға 5 банк күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылуы тиiс.
Сатушы Кепiлдiк жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
- аукционды өткiзуге үш күннен артық уақыт қалмаған кезде оған қатысудан бас тартқан жағдайда;
- сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақтың және Екiншi Сатып алушының (сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi кезiнде) сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату келiсiм-шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
- сатып алу-сату келiсiм-шарты жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда;
- Қатысушының оған осы Ереженiң және Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сай келмейтiндiгi байқалған жағдайда.
Бұдан басқа жағдайлардың бәрiнде де кепiлдi жарналар аукцион аяқталғаннан кейiнгi 5 банк күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылады. Ал егер ақша Сатушының есебiне аукционнан соң түскен болса, онда ақшаның келiп түскен күнiнен бастап санағанда 5 банк күнi iшiнде қайтарылады.
2.4. Сауда-саттықты өткiзу жөнiнде хабарлау
және басқа да жарнамалық материалдар
2.4.1. Аукцион өткiзу жөнiндегi хабарландыру аукцион өткiзiлетiн күннен кем дегенде 15 күн бұрын республикалық ресми баспасөз бетiнде қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланатын болуы тиiс.
Егер жекешелендiру объектiсi белгiлi бiр облыстың аумағында орналасқан немесе аукцион сол облыстың аумағында өткiзiлген жағдайда мұндай хабарландыру жергiлiктi баспасөз бетiнде қосымша түрде жариялануы тиiс.
2.4.2. Сауда-саттықты өткiзу жөнiндегi хабарландыруда мыналар көрсетiлуi керек:
- аукционның өткiзiлетiн күнi, орны және уақыты;
- сауда-саттыққа шығарылатын объектiлердiң қызмет атаулары мен негiзгi бағыттары;
- әр объект бойынша сауда-саттық өткiзудiң тәсiлi;
- сатуға шығарылатын объектiлердiң бастапқы бағалары;
- кепiлдiк жарнаның мөлшерi және оны алушының есеп-шоты;
- өтiнiштердiң қабылданатын орны және қабылданып бiтетiн мерзiмi;
- телефондар мен анықтамалар алатын адрестер;
- объектiнi Екiншi Сатып алушының сатып алу мүмкiндiгi;
Сатушы өз шешiмiне сай қабылдайтын басқа да ақпараттар.
2.4.3. аукционға қойылатын барлық объектiлер бойынша хабарландыру жарияланғанға дейiн объектiлердiң проспектiлерi алдын-ала әзiрленiп, жалпы жұрттың оп-оңай көре алуына болатын жерлерге iлiнiп қойылуы тиiс, онда дебиторлық және кредиторлық қарыздардың және мүлiктiң салмақтық сомасы туралы, сондай-ақ жекешелендiрiлетiн объектiлердi барып көру тәртiбi туралы хабарлар мiндеттi түрде болуы тиiс.
2.4.4. Бұған қосымша Ақпараттық бюллетень шығаруға да болады. Онда жекешелендiрiлетiн объектiлер туралы қосымша ақпараттар (өнiм шығару көлемi, шикiзат алатын және өнiм тарататын рыноктар, негiзгi қорлардың сипаттамасы және басқалары) берiледi.
2.4.5. Хабарландыру жарияланғаннан кейiн Ұйымдастырушы барлық тiлек бiлдiрушiлердiң сатуға қойылатын объектiлер жөнiндегi және аукционды өткiзу ережелерi туралы ақпараттарды емiн-еркiн көре алатын болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2.4.6. Жарнаманың өзге түрлерi ұйымдастырушының қалуынша емiн-еркiн жүзеге асырылады және олар Қатысушылардың мейлiнше қалың тобын тартуға бағытталған болуы тиiс.
2.5. Қатысушыларды тiркеу
2.5.1. Аукционға Қатысушыларды тiркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталардан бiр сағат бұрын аяқталады.
2.5.2. Аукционға Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мынадай құжаттар қажет:
- аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген өтiнiш;
- төлқұжат немесе жеке басты куәлендiретiн басқа да құжат;
- кепiлдiк жарнаны төлегендiгiн растайтын төлем құжатының түпнұсқасы немесе көшiрмесi;
- өкiл болатын адамның өкiлеттiгiн растайтын құжат.
Заңдық тұлғалар мынадай құжаттарды қосымша тапсырады:
- заңдық тұлғаның жарғысының және тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариус куәлендiрген көшiрмелерi;
- шаруашылық серiктестiктер бұған қосымша осы Ереженiң 1.4.2. пунктiне сәйкес жарғылық қордағы мемлекеттiң үлесi жөнiнде ақпарат беретiн акционерлер тiзiмiнiң көшiрмесi тапсырады.
2.5.3. Сатушы мен Ұйымдастырушының мыналарға құқығы жоқ:
- Қатысушыдан аукционға шығарылған объектiлердiң қандай да болсын белгiлi бiр түрiн сатып алу жөнiндегi ниетi туралы ақпарат талап етуге;
- сауда-саттықты әзiрлеу және оны өткiзу кезiнiң барлығында да сауда-саттыққа Қатысушыларға байланысты ақпараттарды жариялап жiберуге;
- осы Ереженiң 2.5.2. пунктiнде атап көрсетiлгендерден өзге қосымша құжаттарды Қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша талап етуге.
2.5.4. Тiркеуден өткен Жаққа Қатысушының билетi берiледi, ал ол билет аукцион өтетiн күнi аукциондық нөмiрге ауыстырылады. Бұл кезде Ұйымдастырушы белгiлi объектiлерге бекiтiп берiлген нөмiрлердi тiркеуге құқықты емес. Сауда-саттық барысында бiреудiң аукциондық нөмiрiн екiншi бiреудiң пайдалануына қатаң тыйым салынады.
2.5.5. Егер үшiншi және келесi саудада жекешелендiру объектiсi жалғыз қатысушыға сатыла беретiн жағдайды қоспағанда, аукционға қатысушылар саны екеуден кем болса, аукцион болмаған деп жарияланады.
ЕСКЕРТУ. Қаулы 2.5.5.-баппен толықтырылды - ҚР Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996.11.28. N 599
қаулысымен.
III. Аукционды өткiзу
3.1. Аукционды Аукционшы өткiзедi. Аукцион оны өткiзу ережелерi жарияланған күннен басталады. Аукционға Қатысушылармен оған келушi тұлғалардың аукционның барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережелерiн бұзуға құқығы жоқ. Ондай әрекет байқалған жағдайда олар аукцион өткiзiлетiн залдан шығарып жiберiле алады. Объектiлердi сауда-саттыққа шығарудың жүйесi жөнiндегi шешiмдi Аукционшы қабылдайды.
3.2. Әр объект бойынша жасалатын сауда-саттық Аукционшы жекешелендiрiлетiн объектiнiң атын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзу тәсiлiн, бастапқы бағаны және бағаны өзгерту қадамдарын хабарлаған сәттен басталады. Аукционшы сауда-саттық басталар алдында әрбiр объектi бойынша объектiлердiң сауда-саттығына Қатысушылардың санын белгiлейдi. Егер объектiнiң сауда-саттығына Қатысушылардың саны екеуден кем болса, онда сауда-саттық өткiзiледi деп жарияланады, үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтан басқа жағдайда объектi жалғыз ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн. Аукционшы бағаны өзгерту қадамын хабарлағаннан соң оны сауда-саттық барысында өзгертуге құқты емес. Бағаны өзгерту қадамы объектiнiң ағымдағы бағасының 5 процентiнен 10 процентiне дейiнгi мөлшерде белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 3.2. -тармақ толықтырылды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
3.3. Сауда-саттық төменде сипатталатын екi тәсiлдiң бiреуi бойынша өткiзiледi.
3.3.1. Сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi:
Объект бойынша жүргiзiлген сауда-саттық оған қатысушылардың әрбiр жеке объектi бойынша екiден кем болмаған жағдайында ғана дұрыс өткiзiлдi деп саналады.
Сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақ белгiлi болғаннан кейiн Сатушы сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақтың сатып алу-сату туралы келiсiм-шарт жасасу жөнiндегi, сондай-ақ оны орындау жөнiндегi атқарылатын iстер мен тиiстi мiндеттемелерiн орындамай кететiн жағдайы да кездесуi мүмкiн екенiн ескерiп, сауда-саттық барысында сол объектiге мөлшерi жағынан жоғары екiншi баға айтқан Қатысушыға (Екiншi Сатып алушыға) объектiнi сатып алу құқығын ұсынуға мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 3.3.1.-баптың 2-абзацы алынып тасталды - ҚР
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
1996.11.28. N 599 қаулысымен.
3.3.2. Сауда-саттықтың голландиялық тәсiлi:
- Аукционшы объектiнiң бастапқы бағасын хабарлайды және бағаны өзгерту жөнiндегi өзi мәлiмдеген қадамға сай жаңа бағаны хабарлап, оны төмендетiп отырады. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрiн бiрiншi болып көтерген Қатысушының нөмiрiн атайды. Және балғаның соғылуы арқылы оны әлгi нақты объект бойынша өткiзiлген сауда-саттықта жеңiп шығушы Жақ деп хабарлайды.
Егер екi немесе одан да көп нөмiрлер бiр мезгiлде көтерiле қалған жағдайда олардың ең бiрiншi болып қайсысы көтерiлгенi жөнiндегi шешiмдi Аукционшы қабылдайды. Бұл ретте Қатысушылар оның шешiмiне дау айтуға құқықты емес. Сирек кездесетiн төтенше жағдайда Аукционшы жеребе тарту тәсiлiн қолдануға құқықты.
Аукционшы объектiнiң ең төмен бағасын хабарлаған кезде бiрде-бiр Қатысушы сол объектiнi сатып алуға тiлек бiлдiрмеген жағдайда ол объектi сауда-саттықтан алынып тасталады.
Сауда-саттықтың бұл тәсiлi электрондық жүйенi қолдану арқылы да жүзеге асырылуы әбден мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 3.3.2.-баптың 4-абзацы алынып тасталды - ҚР
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
1996.11.28. N 599 қаулысымен.
3.4. Бiр аукционда сауда-саттықтың екi тәсiлiн де қолдануға рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда бiрiншi кезектегi сауда-саттық голландиялық тәсiл бойынша жүргiзiледi.
3.5. Әрбiр сатылған объектi бойынша жүргiзiлген сауда-саттықтың нәтижелерi оның нәтижелерi жөнiндегi хаттама арқылы жазбаша түрде рәсiмделедi.
Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақты, Екiншi Сатып алушыны (сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi қолданылған кезде) шақырады. Хаттама төрт дана болып жасалып, Сатушыға, Сатып алушыға, Мемжеркомның аумақтық комитетiне және Ұйымдастырушыға бiр-бiрден берiледi. Ұйымдастырушы сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын аукцион өткiзiлгеннен кейiнгi бiр күннен кешiктiрмей Сатушыға беруге мiндеттi.
3.6. Сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерiн және сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақтың және Сатушының жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату келiсiм-шартын сауда-саттықтың барысында белгiленген баға бойынша жасау жөнiндегi мiндеттемелерiн айқындап көрсететiн құжат болып табылады.
Сауда-саттық аяқталғаннан кейiнгi үш күннiң iшiнде аукционда сатып алынған объект немесе оның мүлiктерi аукциондағы сауда-саттықта жеңiп шыққан Жаққа берiлуi тиiс. Ол үшiн сауда-саттықта жеңiп шыққан Жақ, жекешелендiрiлген объектiнiң басшысы, Сатушының өкiлi объектiнi қабылдап алу-тапсыру актiсiн жасайды. Онда сол объектiнiң қаржылық активтерi мен пассивтерiнiң құны көрсетiлуi тиiс (ал жойылған объект жекешелендiрiлген жағдайда қабылдап алу-тапсыру актiсiне қаржылық активтер мен пассивтер енгiзiлмейдi, оларды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңы бойынша белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады). Объектiнiң мүлкi сауда-саттықта жеңiп шыққан Жаққа оны сақтау жауапкершiлiгi жүктелетiн шарт бойынша берiледi және бұл туралы қабылдап алу-тапсыру актiсiне Сатушы арнайы белгi соғады. Қабылдап алу-тапсыру актiсiн Сатушы бекiтедi.
Сатып алушы мен Сатушы сауда-саттық аяқталғаннан кейiн 10 календарлық күннен кешiктiрмей, қабылдап алу-тапсыру актiсiнiң, сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттаманың және жеке тұлғалар үшiн табыс табу көздерi жөнiндегi декларацияның деректерi негiзiнде сатып алу және сату келiсiм-шартына қол қояды. Бұл екi арада 10 календарлық күн өтiп кеткеннен кейiн бұл құқық өз күшiн жояды.
Жеке тұлға құны бiр мың есептiк көрсеткiштен асып кеткен жағдайда жекешелендiрiлетiн объектiнi сатып алу кезiнде сатып алу-сату келiсiм-шартына өзiнiң ақшалай қаржысының көздерi жөнiндегi декларацияны салық органдарына тапсырғандығы жөнiндегi декларацияны салық органдарына тапсырғандығы жөнiндегi анықтаманы қоса тiркейдi.
Қабылдап алу-тапсыру актiсiн рәсiмдеу және сатып алу-сату келiсiм-шартын жасасу жөнiнде осы Ережеде белгiленген мерзiмдер Екiншi Сатып алушы үшiн оның объектiнi сатып алуға деген құқығының пайда болу мерзiмiнен басталады, бiрақ бұл жөнiнде оған хабарланғанынан кейiн үш күн мерзiмнен аспауы тиiс.
3.7. Егер объект аукционда сатылмай қалған жағдайда ол келесi аукциондарға осы Ереженiң 1.2.4. бабында көрсетiлген шарттарға сай жағдайда ғана шығарыла алады.
Егер ол объект сатуға белгiленген тәртiп бойынша берiлгеннен кейiн алты айдың iшiнде сатылмаған жағдайда Сатушы ол объектiнi Мемлекеттiк мүлiкке басшылық жасау жөнiндегi тиiстi аймақтық комитетке бұдан кейiн тиiстi шешiм қабылдау үшiн қайта тапсырады.
IV. Сатып алушылармен есеп айырысу тәртiбi
және меншiкке ие болу құқығын рәсiмдеу
4.1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату келiсiм-шарты Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады. Онда келiсiм-шарттың не жөнiнде екенi, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi, объектiнiң құны, төлем төлеудiң түрi мен мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
4.2. Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату келiсiм-шарты бойынша есеп айырысу жүргiзiледi, ал бұл кезде Сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
а) аванстық төлем сауда-саттық барысында белгiленген бағаның кем дегенде 50 процентi мөлшерiнде төленедi, мұның өзi сатып алу-сату келiсiм-шартына қол қойылғаннан кейiн 5 банк күнiнен кеш емес мерзiмде жүзеге асырылады. Кепiлдiк жарна төленуге тиiстi аванстық төлемнiң есебiне жатқызылады;
ә) қалған сома сатып алу-сату келiсiм-шартына қол қойылғаннан кейiн 30 календарлық күннен кешiктiрiлмей төленуi тиiс.
4.3. Аванстық немесе түпкiлiктi төлем төлеу мерзiмдерi өтiп кеткен жағдайда Сатушы келiсiм-шартты бiржақты тәртiп бойынша бұзуға және Сатып алушыдан кепiлдiк жарна арқылы өтелмеген нақты шығындардың төлемiн талап етуге құқықты.
4.4. Жекешелендiру объектiсiнiң толық төлемi өтелгеннен кейiн сатып алу-сату келiсiм-шартына тиiстi белгiсi соғылады. Мұның өзi әлгi нақты объектiге меншiк иесiн өзгерту жөнiндегi мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн заңды негiз бола алады.
4.5. Жекешелендiрiлген объектiге және сатып алу-сату келiсiм-шарты бойынша көрсетiлген жер телiмiне меншiк иесi болу құқығы Сатып алушының Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Тұрақты мүлiкке және оған байланысты келiсiм жасауға берiлетiн құқықты мемлекеттiк тiркеу туралы" Жарлығында атап көрсетiлген тәртiп бойынша тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
4.6. Түпкiлiктi төлемi жүргiзiлмеген жекешелендiру объектiлерi одан кейiнгi сауда-саттыққа осы Ереженiң 1.2.4. пунктiнде алдын-ала көрсетiлген тәртiп бойынша шығарылады.
V. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан
түскен қаржылар
5.1. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан түскен қаржылардың 50 процентi республикалық бюджет табысына және 50 процентi жергiлiктi бюджеттiң табысына берiледi. Бұл ретте аукционды ұйымдастыру мен өткiзуге кеткен шығындар ұсталып қалынады.
Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереженi бекiту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 22 ақпан N 60 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркеу N 158. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998.10.22. N 616 қаулысымен, 1998.12.07. (~V980649) ҚР Әділет министрлігінде тіркелген "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереже" мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз