Шағын кәсіпкерлiк субъектiлердiң меншiгiне өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру үшiн бос тұрған өндiрiстiк объектiлердi, мемлекеттiк кәсiпорындарымен мекемелердiң офистiк бөлмелерiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 22 қазандағы N 637 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 652. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 111 бұйрығымен.

  ------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Заңға тәуелдi кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдердiң күшi жойылды деп танылсын...

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 
Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетінің
2005 жылғы 5 сәуірдегі
N 111 бұйрығына қосымша

Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi
жөнiндегi күшi жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

      22. "Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру шарттарында жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген, пайдаланылмайтын өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар ұйымдардың кеңселiк үй-жайларын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне беру Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң 1998 жылғы 22 қазандағы N 637 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 652 нөмiрiмен тiркелген, "Заң газетi" газетiнiң 1999 жылғы 13 қаңтардағы N 2 (269) нөмiрiнде жарияланған)...            
------------------------------

             Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 6 наурыздағы N 3398  U973398_ "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаумен жандандыруды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсету туралы"  Z970131_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi қаулы етеді: 
      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң меншiгiне өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру үшiн бос тұрған өндiрiстiк объектiлердi, мемлекеттiк кәсiпорындарымен мекемелердiң офистiк бөлмелерiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы Қағидасы бекiтiлсiн. 
      2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың мүлiктерiн пайдалануын бақылау басқармасы (Жүзбаева М.А.) бекiтiлген Қағиданы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы шағын бизнеске қолдау көрсету агенттiгiмен келісуiн және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру департаментінің 1998 жылдың 4 шілдедегі N 305 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен өндіріс жұмыстарын ұйымдастыру шартымен берілген объектілердің шағын кәсіпкерлердің меншігіне өту құқығын реттеу туралы Ережесі" қаулысының күші жойылсын.     

      Қаржы Вице-министрі -
      Департамент Директоры     

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік мүлік және
      жекешелендіру департаментінің
      1998 ж. 22 қазан N 637
      қаулысымен бекітілген

      Шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне өндірістік қызмет ұйымдастыру үшін бос тұрған өндірістік объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарымен мекемелердің офистік бөлмелерін жалға немесе сенімгерлік басқаруға өндірістік қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы Қағидасы 

1. Жалпы ережелер

        1. Осы қағида "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Жарлығына "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жасалынған және шағын кәсіпкерлік субъектілердің өндірістік қызметті ұйымдастыру жағдайында, сонымен қатар, өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін пайдалану жағдайында бір жыл мерзімге берілген бос тұрған өндірістік, аяқталмаған құрылыс объектілерін, офистік бөлмелерді сенімгерлік басқару немесе оларға жалға берілген объектілерді меншік құқына өтуін бекіту тәртібін реттейді. 
      2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері объектілерді жалға немесе бекiтiлген мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларға сол объектiлердi тегiн беру туралы арыздарын мынадай жағдайда беруге құқылы: 
      1) жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы келiсiм шарттың толығымен орындалуы; 
      2) объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастырған кезде. 
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты келiсiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерiнiң, тұрақты жұмыс iстейтiн Комиссия құрылады. Комиссияның құрамына жергiлiктi атқару органдарымен және салалық министрлiктердiң, ведомстволардың аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлiп, олардың өкiлдерi енгiзiледi. 
      Комиссияның төрағалары мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерiнiң өкiлдерi болып табылады. 
      4. Комиссиялар шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң жалға алу немесе пайдаланылмаған мемлекеттiк үйлер мен объектiлердi сенiмгерлiк басқару шарт келiсiмдерiнiң орындалуына бақылауды жалға алу немесе сенiмдi басқару шартын жасасқан күннен алты ай өткеннен кейiн жүзеге асырады. 
      Аяқталмаған құрылыс объектiлерi бойынша тексеру мерзiмiн жүзеге асыру өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң оларды пайдалануды, тексерудi жүргiзу мерзiмiн Комиссия көлемi мен инвестицияландыру кезеңдерiне, шарт ережесiне байланысты объектiлердi пайдалануға қосу мерзiмiне сәйкес өз бетiнше жүргiзедi. Осы тұрғыда, тексеру жұмыстары бiр жылдың iшiнде бiр реттен жиi емес, ал жұмыскерлер саны он адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн үш жылда бiр реттен жиi емес жүргiзiледi. 
      5. Жүргiзiлген тексеру жұмыстардың нәтижелерi бойынша келiсiм шарттардың орындалуы жөнiнде қорытынды жасалады, оған Комиссияның барлық мүшелерi қолдарын қояды. 
      Комиссияның қорытындысының мазмұны мiндеттi түрде төмендегiдей болу тиiс: тексеру уақыты мен орны, Комиссия құрамы, объектiнiң аты, келiсiм шарттың номерi мен оның уақыты, өндiрiстiк қызметтiң жасалу фактi, тексеру нәтижесi, Комиссияның келiсiм шартты мерзiмiнен бұрын бұзу (қалпында қалдыру) немесе объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне беру немесе келiсiм шартты бұзып объектiнi тендерге беру туралы қорытынды. 
      Әрбiр Комиссия мүшесі келiспеген жағдайда мүшесi Комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда өзінің айрықша ойын шешiмде көрсетуi құқылы. 
      6. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жасалғаннан кейiнгi бес күннiң iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектісi қолын қойғызып немесе тапсырысты хат арқылы берiледi. 
      Егер шағын кәсiпкерлiк субъектiсi Комиссияның қорытындысы мен келiспеушiлiк бiлдiретiн болса ол Комиссия қорытындысы белгiленген заң тұрғысында Комиссия қорытындысына шағым бiлдiруге құқылы. 
      7. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша аумақты комитеттер төмендегiдей шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды: 
      1) жалгерлiк немесе сенiмдiк басқару келiсiм шартын өз қалпында қалдыру; 
      2) жалгерлік немесе сенiмдiк басқару шартын бұзу және объектiнi тендерге қою. 
      Жалға беру немесе сенiмдiк басқару келiсiм шарттарын қалпында қалдыру туралы шешiм тек қана Комиссияның дұрыс қорытындысы болған жағдайда және келiсiм шарттың өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарты орындалғанда шығарылады. 
      8. Жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы келiсiм-шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ұсынылған өндiрiстiк қызмет көрсетуiн растайтын және жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шарттарының орындалуын көрсететiн, құжаттарының негiзiнде аумақтық комитетте төменгiдей шешiм қабылдайды: 
      1) объектiнi меншiкке беру туралы (жалға беру немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жыл уақыттан асатын мерзiмге берiлген аяқталмаған құрылыс объектiлерiн келiсiм шартты өз қалпында қалдыру туралы); 
      2) келiсiм шартты бұзу, (аяқталмаған құрылыс объектiлер бойынша - уақытынан бұрын бұзу) және объектiнi тендерге шығару туралы. 
      Объектiнi меншiкке беру туралы шешiм тек қана Комиссияның дұрыс қорытындысы болғанда ғана және келiсiм шарт толығымен орындалған кезде шығарылады. 
      9. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне беру, мемлекеттiк меншiк объекттi тегiн беру туралы келiсiм шарт негiзiнде және беру-алу актi арқылы iске асырылады. 
      Тіркелу жұмыстары белгіленген заң түрінде жасалады. 
      10. Жалға немесе сенімділік басқаруға беру келісім шарты бұзылған жағдайда объект қайтарылып, тендерге (аукционға) қойылады. 
      11. Объектіні дұрыс бақыламау нәтижесінде зақым келтірілетін болса шағын кәсіпкерлік субъекті келтірілген зақымның орнын толтыруға міндетті. 
      12. Нағызғы ереже қамтымайтын мәселелер белгіленген заң тұрғысында реттеледі. 

                              Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру 
                            департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы
                                    N 637 қаулысымен бекітілген 
                                Шағын кәсіпкерлік субъектілердің
                                 өндірістік қызметті ұйымдастыру
                              жағдайында сенімгерлік басқару немесе
                          оларға жалға берілген объектілердің меншік
                               құқына өтуін бекіту тәртібі туралы 
                                       қағидасына қосымша  

             Мемлекеттік меншіктегі объектілерді
                     тегін беру туралы 
                           Шарт

       ____________қ.                    19____жылғы "____"_____________
N________

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен 
жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751   P971751_   Қаулысының негізінде, бір жағынан,______мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру аумақтық комитеті атынан _________ және бұдан әрі "Комитет" (өкілетті тұлғаның аты-жөні) деп аталады, және екінші жағынан шағын кәсіпкерлік субъекті _______________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық аты-жөні және мекенжайы), тұлға_______________________________________________________________
     (өкілетті тұлғаның аты-жөні)
____________________________________негізінде, бұдан әрі "Кәсіпкер" 
төмендегідей шарт жасасты.

                      1. Шарттың мән-мағынасы     

     1. Шарттың мән-мағынасы мекенжайы____________________________, 
алаңы _______ш.м. (бұдан әрі объект)
     мемлекеттік мүлік жекешелендіру аумақтық комитетінде тендерде <*> алу 199  ж.____________________құқығына иеленген, тендер хаттамасының N________, аумақтың комитеттің ________199___жылғы N__
бұйрығымен құрылған комиссияның шарттың орындалуы туралы шешіміне сәйкес тегін беру.
     2. Қалдық құны __________ теңге болатын объектіні Комитет Кәсіпкерге тегін беруі. Объектіні беру, осы шарттың бөлігі болып табылатын, беру-алу акті арқылы жүзеге асырылады.
     3. Осы шарт белгіленген заң тұрғысында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиісті.

                   2. Жақтардың құқы мен міндеттері

     4. Комитет шарт жасасқаннан кейін үш күннің ішінде объектіні беру құжаттарын ұсынуға міндетті. Комитет объектіні Кәсіпкерге меншікке тегін бергеннен кейін үш жыл мерзімде оның өндірістік мақсатта қолданылуын тексеруге құқылы.
     5. Кәсіпкер объектіні үш жыл мерзімінде өндірістік мақсатта қолдануға міндетті. Объектіні үш жыл мерзімінде біреуге беру немесе сату тек қана Комитеттің рұқсатымен іске асырылуы тиісті.     

                     3. Жақтардың жауапкершілігі     

     6. Егер объект өндірістік мақсатта қолданылмайтын болса Кәсіпкер оны, келтірілген материалдық зияндардың орнын толтырып, Комитетке қайтаруға тиісті.

                         4. Қосымша талаптар     

     7. Осы шарт мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.
     8. Шарт, заңды күштері тең, қазақ және орыс тілдерінде, төрт данада жасалып, екеуі Комитетте қалады, екеуі Кәсіпкерге беріледі.

                  Жақтардың мекенжайлары мен қолдары     

     ____________ мемлекеттік мүлік "_____________" және жекешелендіру аумақтық заңды тұлғаның аты комитеті немесе жеке тұлғаның аты-жөні _______ ___қ. _________ көшесі N___ ______ қ._______ көшесі N____ тел.__________ тел.  ______________

Басшы қолы ____________               Басшы қолы_____________ 

              М.О.                                М.О.

     * Объекті кіші кәсіпкерлік субъектінің ақпараты арқылы берілген болса "тендерде" деген сөзді "оның берген ақпараттары негізінде" деген сөзбен алмастырылады және одан әрі оның өтінімінің реквизиттері мен объектіні жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруге негіз болған хаттаманың номері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады