Акциялардың ірі пакеттерін сатып алудың шарттары туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директориаты 1998 жылғы 26 қазан N 182. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 10 желтоқсан N 656 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 23 қазандағы N 361 қаулысымен (V032560).

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының» 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының  29-бабының»1-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының»(бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
      1. Акционерлерiнiң»саны бес жүз болатын ашық акционерлiк қоғамның» дауыс беретiн акцияларының»отыз және одан да көп процентiн жеке немесе өзiнiң» аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп сатып алуға ниетi бар тұлға (бұдан әрi - "Инвестор" деп аталады) осы қоғамға және Ұлттық комиссияға акцияларды сатып алудың»жобаланған мерзiмiнiң»басталуына дейiн бiр ай бұрын кешiктiрмей осы Қаулының»1-қосымшасындағы үлгi бойынша жазбаша ескертпе беруге мiндеттi екендiгi белгiленсiн.
      2. Инвестордың»жазбаша ескертпенiң»9, 10-тармақтарындағы және 12-тармақтың»9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтерi тиiстi бағалы қағаздар ұстаушыларының»тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелермен расталу керек екендiгi белгiленсiн.
      3. Монополияға қарсы заңдарды сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органды Инвестордан алынған жазбаша ескертпемен таныстыруға Ұлттық комиссияның құқылы екендiгi белгiленсiн.
      4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының»Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң»назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының»орындалысына бақылау жасасын.

      Ұ лттық комиссияның»Төрағасы

Қазақстан Республикасы    
Бағалы қағаздар жөнiндегi  
ұлттық комиссиясы Директоратының
1998 жылғы 26 қазандағы   
N 182 қаулысына      
1-қосымша          

[ашық акционерлiк
қоғамның атауы]

Көшiрмесi: Қазақстан Республикасының
           Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясына  

ЕСКЕРТПЕ

      Мен (бiз) осымен, мына мекен-жайда [қоғамның»ескертушiге белгiлi орналасқан жерi (мекен-жайы)] орналасқан [қоғамның ескертушiге белгiлi атауы] ашық акционерлiк қоғамның»дауыс беретiн акцияларының»кемiнде отыз процентiн жеке/аффилиирленген тұлғалармен [қажетсiзiнсызыптастаукерек] бiрлесiп сатып алуға ниеттi екендiгiмдi (екенiмiздi) өзiм/бiрлесiп ескертемiн(мiз) <*> . _____________________
      <*>  Ескертпенің осы бөлігі қоғам туралы басқа да ескертушілерге де белгілі, оны біржақты біріздендірумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын мәліметтермен (ОКПО кодымен, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күнімен және нөмірімен, акциялар эмиссияларының ұлттық біріздендіру нөмірлерімен және басқалармен) толықтырылу керек.

      Өзiм(мiз) туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын(мыз):
      1. Ескертушiнiң аты (атауы) <**> .
      Жеке тұлға  ескертушiнiң оның жеке өзiн куәландыратын құжатқа сәйкес аты немесе заңды тұлға  ескертушiнiң»оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке (Қазақстан Республикасының»заңды тұлғалары үшiн) немесе ескертушiнi заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) сәйкес атауы. ___________________
      <**>  Шетелдік тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердің азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәліметтерді қоспағанда) туралы мәліметтер латын әріптерімен толтырылады.
      2. Ескертушiнiң» қатыстылығы.
      Жеке тұлға  ескертушiнiң»азаматтығы (азаматтығын немесе азаматтығы жоқ екендiгiн көрсету) немесе заңды тұлға  ескертушi заңды тұлға ретiнде тiркелген ел.
      3. Заңды тұлға  ескертушiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны.
      4. Ескертушiнiң»тiркелу мәлiметтерi.
      Жеке тұлға  ескертушiнiң»жеке өзiн куәландыратын құжатты нөмiрi, берiлген күнi және берген орган немесе заңды тұлға  ескертушiнi Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң (Қазақстан Республикасының»заңды тұлғалары үшiн) немесе ескертушiнi заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжаттың»(шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган.
      5. Ескертушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) <*> .
      Жеке тұлға  ескертушiнiң тұрған жерi немесе заңды тұлға  ескертушiнiң оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес немесе осындай мәлiметтер болмаған кезде статистикалық карточкаға сәйкес (Қазақстан Республикасының»заңды тұлғалары үшiн) немесе ескертушiнi заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа сәйкес (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) тiркелiп орналасқан жерi. ________________________
      <*>  Бұл жерде және 6-тармақтар: шетелдік тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердің азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәліметтерді қоспағанда) туралы мәліметтер латын әріптерімен толтырылады.

      6. Ескертушiнiң»нақты мекен-жайы.
      Шетелдiк жеке тұлға  ескертушi үшiн: Қазақстан Республикасында тұрған (келген) жерi; заңды тұлға  ескертушi үшiн: пошталық индексiн көрсете отырып, оның»атқарушы органының»орналасқан жерi.
      7. Ескертушiнiң»коммуникациялық реквизиттерi.
      Ескертушiнiң»телефондарының, факстерiнiң, телетайптарының нөмiрлерi, электрондық поштасының»мекен-жайы және халықаралық және қалааралық байланыс кодтарын көрсете отырып ескертушiнiң»басқа да ықтимал коммуникациялық реквизиттерi. Шетелдiк тұлға  ескертушi үшiн: автоматтандырылған қалааралық байланыс кодын көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы ықтимал байланыс телефондарының» және факстерiнiң»нөмiрлерi.
      8. Заңды тұлға  ескертушiнi оған негiзгi кiрiс келтiретiн қызмет түрлерiнiң тiзбесi.
      9. Ескертушi акцияларын сатып алуға ниет бiлдiрген қоғамның» қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының»заңды тұлғаларының»шығарылған дауыс беретiн акцияларының»(қатысушылардың салымдарының) жалпы санының ескертушiге меншiктеу құқығымен тиесiлi және ескертушiнiң»басқаруындағы <*>  дауыс беретiн акциялардың»үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен). _________________
      <*>  Бұл жерде және одан әрі акция бойынша дауыс құқығын немесе "алтын акция" бойынша вето құқығын келісімнің немесе сенімхаттың негізінде пайдалану акцияларды басқару деп танылады.

      10. Акцияларын сатып алуға ескертушi ниет бiлдiрген қоғамның»дауыс беретiн акцияларының»меншiктеу құқығымен ескертушiге тиесiлi саны.
      11. Акцияларын сатып алуға ескертушi ниет бiлдiрген қоғамның»дауыс беретiн акцияларының»ескертушiнiң басқаруындағы саны.
      12. Қоғамның»акцияларын бiрлесiп сатып алуға ниет бiлдiрген ескертушiнiң»аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер (әрбiр аффилиирленген тұлға бойынша жеке-жеке):
      1) ескертушiмен аффилиирлендiрiлу дәрежесi (сипаты).
      Аффилиирлендiрiлу көзқарасы бойынша ескертушi мен осы тұлғаның»арасындағы өзара қарым-қатынастарға қысқаша сипаттама жасау. Мысалы: "Ескертушiнiң»еншiлес ұйымы", "Ескертушiге тәуелдi акционерлiк қоғам", "Ескертушiнiң»басшы қызметкерi", "Ескертушiнiң»басшы қызметкерi бақылау жасайтын заңды тұлға". Сондай-ақ "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" ұлттық комиссияның 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 қаулысын қараңыз;
      2) аффилиирленген тұлғаның аты (атауы)<*> ;
      3) аффилиирленген тұлғаның»қатыстылығы;
      4) заңды тұлға  аффилиирленген тұлғаның»ұйымдық-құқықтық нысаны;
      5) аффилиирленген тұлғаның»тiркелу мәлiметтерi;
      6) аффилиирленген тұлғаның»тұрған жерi (орналасқан жерi);
      7) аффилиирленген тұлғаның»нақты мекен-жайы;
      8) аффилиирленген тұлғаның»коммуникациялық реквизиттерi;
      9) ескертушi акцияларын сатып алуға ниет бiлдiрген қоғамның»қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының»заңды тұлғаларының»шығарылған дауыс беретiн акцияларының»(қатысушыларды салымдарының) жалпы санының»аффилиирленген тұлғаға меншiктеу құқығымен тиесiлi және аффилиирленген тұлғаның басқаруындағы дауыс беретiн акциялардың»үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен);
      10) акцияларын сатып алуға ескертушi ниет бiлдiрген қоғамның»дауыс беретiн акцияларының меншiктеу құқығымен аффилиирленген тұлғаға тиесiлi саны;
      11) акцияларын сатып алуға ескертушi ниет бiлдiрген қоғамның»дауыс беретiн акцияларының»аффилиирленген тұлғаның»басқаруындағы саны. ________________
      <*>  12-тармақта көрсетілген мәліметтерді берген кезде 12, 4-7-тармақтарға түсіндірмелерді басшылыққа алған дұрыс.

      13. Акцияларын ескертушi сатып алуға ниет бiлдiрген қоғамның»дауыс беретiн акцияларының»саны және осы акциялардың қоғамның»шығарылған дауыс беретiн акцияларының»жалпы санындағы үлесi (үлесi).
      14. Қоғамның»ескертушi сатып алуға ниет бiлдiрген акцияларының» жобаланған бағасы (теңгемен).
      Қоғам "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының»1998 жылғы 10 шiлдедегi заңның 2-тармағына сәйкес акцияларын сату туралы ұсыныс жасай алатындай, қоғам акцияларының ұсынылып отырған ең»жоғарғы сатып алу бағасын бiр жақты айқындауға мүмкiндiк беретiн еркiн форматта көрсету (бағалы диапазоны, орташа бағасы және одан рұқсат етiлген ауытқу және басқа да ықтимал форматтар).
      15. Қоғамның»ескертушi сатып алуға ниет бiлдiрген акцияларын төлеудi»ұсынылып отырған тәртiбi мен нысаны.
      16. Қоғамның»акцияларын ескертушi сатып алу үшiн тартуға ұсынылған тұлғалардың»атаулары.
      Қоғамның»акцияларын сатып алу үшiн тартуға ескертушi ниет бiлдiрген, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ескертушiге белгiлi ұйымдарды атаулары не "Акцияларды үшiншi тұлғаларды тартусыз жеке өзiм (өзiмiз) сатып аламын(мыз)" деген жазба.    

     Заңды тұлға  ескертушi үшiн:
     Басшы (лауазымы)            (қолы)            (тегi, инициалы)
     М. О.
     Жеке тұлға  ескертушi үшiн: (қолы)            (тегi, инициалы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады