"Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігі 1998 жылғы 7 қазан N 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 24 желтоқсан N 657 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 490-І бұйрығымен

     "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 714 қаулысын орындау үшін Бұйырамын:
     1. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану бойынша нұсқаулық бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы (С.Ш.Есенов) Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министрдің м.а. Е.Е. Міржақыповқа жүктелсін.

     Министр

                                                Қазақстан Республикасы
                                                Көлік және коммуникациялар
                                                министрiнiң 1998 жылғы
                                                7 қазандағы N 211 бұйрығымен
                                                Бекiтiлген

"Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды
лицензиялау ережелерiн" қолдану жөнiндегi
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Жарлығының , Қазақстан Республикасы Министрлерi Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы туралы ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 257, "Жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларының талаптарын ескере отырып әзiрленген.
     2. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды лицензиялау ережелерiн бекiту туралы" (бұдан әрi мәтiн бойынша "Ережелер") Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулысымен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi лицензиар болып анықталды.
     "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникациялық кешенiнде лицензиялық жұмысты ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 22 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы жолаушылар мен жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау құқығына лицензиялар беру бойынша уәкiлеттi орган болып тағайындалды.
     3. Көлiк инспекциясы жеке және заңды тұлғалардан түскен өтiнiштердi (1 және 2 қосымшалар) және соларға қоса берiлетiн құжаттар пакетін қарайды, жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысуға лицензиялар береді.
     4. Балансында, мүліктік жалдауында, сенімді басқаруында темір жол көлігінің жылжымалы құрамы, қатынас жолдары немесе кірме жолдары (қалтарыстары) бар немесе жалдайтын және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер лицензиялаудың субъектілері болып табылады.
     Шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысуға лицензияларды салықтық тіркеуден кейін, егер өзгешесі заңдармен қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларды алатын шарттармен және сондай тәртіпте алады.
     5. Көлік құралдарын сату, жалға, сенімді басқаруға немесе мүліктік жалға беру кезінде лицензия жаңа иесіне, жалға алушыға, сенімді тұлғаға немесе жалдаушыға осы құралдарды қабылдау-тапсыру актілерін ұсынғаннан кейін жалпы негізде беріледі.
     6. Жеке немесе заңды тұлға тапсырылған тасымалдауларды орындауға шетелдік азаматтарды қатыстырған жағдайда оның шетелдік жұмыс күшін пайдалануға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен немесе Алматы қаласының әкімшілігімен берілген лицензиясы болуы тиіс.
     7. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның, оның еншілес кәсіпорындарының қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инспекциясының комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.<*>
     Қалған заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар беруді олардың тіркелу орындары бойынша Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының аумақтық органдары жүргізеді.
     Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2000 жылғы 5 қазандағы N 403-1 бұйрығымен .

     8. Комиссия Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысу құқығына берілген барлық лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
     Комиссияның құрамы және оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инспекциясының бұйрықтарымен анықталады.

2. Лицензияны ресімдеу тәртібі

     9. Темір жол көлігімен тұрақты негізде тасымалдауларды жүзеге асыруға ниеттенген арыз берушіге қолдану мерзімі шектеусіз тиісті санатты басты лицензия беріледі:
     1) жүктерді тасымалдауға - Жүк;
     2) жолаушыларды тасымалдауға - Ж;
     3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға - ЖЖүк;
     4) қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктердiң түрiн көрсетумен) - ҚЖүк.
     10. Басты лицензияда тасымалдауды жүзеге асырудың аумақтық салалары көрсетiледi:
     1) халықаралық;
     2) республикаiшiлiк;
     3) жергiлiктi және қала маңындағы.
     11. Егер арыз берушi белгiлi жүк мөлшерiн және (немесе) жолаушылар санын тасымалдау бойынша шаруашылық операцияны жүзеге асыруға немесе осындай тасымалдармен белгiлi уақыт айналысуға ниеттенсе, онда оған қолдану мерзiмiн көрсетумен бiр жолғы лицензия берiледi.
     Бiр жолғы лицензияда басты лицензиядағыдай оның санаты мен қолданудың аумақтық саласы көрсетiледi (осы Нұсқаулықтың 9 және 10 тармақтары).
     12. Заңды және жеке тұлғаның арызы бойынша және ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болғанда түрлерi, санаты және қолданудың аумақтық саласы әртүрлi бiрнеше лицензиялар берiлуi мүмкiн.
     Мысалы: бiрi халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға басты лицензия (ЖЖүк), екiншiсi - республикаiшiлiк, жергiлiктi және қала маңындағы қатынастарда "сұйытылған газ" қауiптi жүктi тасымалдауға (Қжүк).
     13. Лицензияларды беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм айлық мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн барлық қажеттi құжаттармен өтiнiштi берген күннен бастап 10 күннен кешiктiрiлмей қабылданады.

3. Есепке алу құжаты

     14. Лицензиатта екi және одан артық өзi жүзетiн көлiк құралдары бар болғанда олардың әрбiрiне есепке алу құжаты берiледi.
     15. Есепке алу құжатында мыналар көрсетiледi:
     1) оның нөмiрi, берiлген уақыты және қолдану мерзiмi;
     2) ол берiлген лицензияның нөмiрi, берiлген уақыты және қолдану мерзiмi;
     3) лицензияның иесi, оның телефоны, факсы;
     4) көлiк құралының түрi;
     5) жасалған жылы, уақыты және соңғы жөндеудiң түрi;
     6) тасымалдаудың рұқсат етiлген түрлерi және iс-әрекет салалары, қауiптi жүктiң түрi (сыныбы);
     7) есепке алу құжатын берген орган.
     16. Заңдарды бұзуды, көлiк құралдарының сертификаттар мен қолданылатын стандарттардың талаптарына, сондай-ақ қызмет көрсететiн қызметшiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiгiн айқындағанда, нақты көлiк құралының есепке алу құжаты алынады. Сонымен қатар көлiк құралы кемшілiктердi жойғанша пайдаланудан алынады.     

4. Лицензиялық алым

     17. Лицензиялық алымның мөлшерi мен төлеу тәртiбi салық заңдарымен анықталады.
     18. Басты лицензияны алу үшiн арыз берушi екi шот бойынша 20 еселiк есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы лицензиялық алымды төлейдi: 98 проценттi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және жеке 2 проценттi - лицензиардың шотына.
     19. "Ережелердiң" 12 тармағына сәйкес, заңды тұлға қайта тiркелген жағдайда лицензия әрекет мерзiмi аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды.
     Лицензияны жоғалтқан жағдайда көшiрмесiн беру лицензиялық алымнан 50 процент мөлшерiндегi қосымша төлемдi енгiзгеннен кейiн жүзеге асырылады. Осы кезде жаңа берiлетiн бланкiде мiндеттi түрде "көшiрме" мөртабаны қойылады.
     Есепке алу құжатының көшiрмесiн бергенде осыған ұқсас тәртiп орнатылады.

5. Арыз берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын
құжаттар

     20. Лицензияны алу үшiн заңды және жеке тұлғалар "Ережелердiң" 8-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа арыз берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын мына құжаттарды көрсетедi:
     1) Лицензияланатын қызметке жауаптыны тағайындау туралы бұйрық және темiр жол тасымалдарына байланысты арнайы орташа немесе жоғарғы техникалық бiлiмiнiң немесе темiр жол көлiгi жүйесiнде кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi барын растайтын құжаттар;
     2) Әрбiр бөлiмше бойынша темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатты алған мамандардың тiзiмдерi (3-10 қосымша);
     3) Лицензияланатын қызметтi жүзеге асыруға арналған жылжымалы құрамның, соның iшiнде жалға алынған, сенiмдi басқарудағы немесе мүлiктiк жалдаудағы мүкәммалдық паркi туралы мәлiметтер (11 қосымша);
     4) Мүкәммалдық парктiң тасымалдарға әзiрлiгi туралы анықтама (12 қосымша);
     5) Меншiктi жылжымалы құрамы болғанда - оны Ресей Федерациясы Қатынас жолдары министрлiгiнiң Бас есептеу орталығының меншiктi вагондар паркi мәлiметтерiнiң автоматтандырылған банкiнде (ВПМ АБ) тiркелуi туралы куәлiк.
     Осындай вагондарды тасымалдар үшiн пайдалану "Меншiктi жүк вагондарының жүрiп тұруы мен есепке алыну ережелерiне" дәл сәйкестiкпен жүзеге асырылуы тиiс;
     6) жылжымалы құрамның тасымалдарды жүзеге асыруға жарамдылығы туралы санитарлық және өрттi қадағалау органдарының қорытындысы;
     7) Мiндеттi сақтандыру түрлерiн растайтын құжаттар мен полистердiң көшiрмелерi (қызметкерлердi өндiрiсте бақытсыздық жағдайларынан және кәсiби аурулардан және тасымалдаушының жолаушылардың алдында азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыру);
     8) Шетелдiк заңды тұлғалар (резидент емес), шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн - салықтық тiркелуi туралы анықтама;
     9) Шетелдiк жұмыс күшiнiң жоқтығы туралы анықтама, ал оны пайдаланғанда - тиiстi лицензияның көшiрмесiн;
     10) Лицензия алуға бухгалтерлiк сенiмхат.
     21. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру үшiн өтiнiш берушi қосымша мыналарды ұсынуға мiндеттi:
     1) Жылжымалы құрамның қауiптi жүктердiң нақты түрлерiн (сыныптарын) тасымалдауды жүзеге асыруға жарамдылығы туралы санитарлық және өрттi қадағалау органдарының қорытындысы;
     2) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға тағайындалған қызмет көрсететiн қызметшiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
     3) Тасымалдауға жататын қауiптi жүктердiң тiзбесi.     

6. Лицензияны шақыртып алу
және күшін тоқтату

     22. Лицензияның күшi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2200 Жарлығының 21-бабында көрсетiлген жағдайларда тоқтайды.
     23. Лицензиар сот арқылы лицензияны мына жағдайларда шақыртып алуы мүмкін:
     1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамағанда;
     2) сот лицензиатқа темiр жол көлiгiмен тасымалдар жасаумен айналысуға тыйым салғанда;
     3) лицензиар солар бойынша лицензияның күшiн тоқтатқан себептердi жоймағанда.
     24. Лицензиялық заңдарды бұзу деректерiн айқындағанда Көлiк инспекциясы және оның аумақтың органдары лицензияның күшiн, осындай шешiмнiң себептерiн көрсетумен, алты айдан асырылмайтын мерзiмге тоқтатуға құқылы.
     Лицензиат лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмге сот арқылы шағым беруге құқылы.

7. Жауапкершiлiк және бақылау

     25. Лицензия беруден негiзсiз бас тартуы немесе лицензиаттың құқығын бұзуы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңдармен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
     26. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы жүзеге асырады.
     27. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаумен лицензиясыз не болмаса лицензиялық нормалар мен ережелердi бұзумен айналысу заңдармен белгiленген әкiмшiлiк, қылмыстық, мүлiктiк жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
     28. Лицензиялық заңдар мен лицензияны қолдану шарттарын бұзуларды лицензиар өзi де, сонымен қатар оған тексерушi, бақылаушы, қадағалаушы, құқық қорғау органдары және олардың лауазымды тұлғалары, бұқаралық, ақпараттар құралдары, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдары, азаматтар көрсеткен мәлiметтердiң негiзiнде де анықтауы мүмкiн.
     29. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi лицензиялауға жататын тасымалдармен лицензиясыз айналысудың әрбiр анықталған дерегi бойынша Көлiк инспекциясы және оның аумақтық органдары заңсыз алынған табыстың мөлшерiн анықтау және оны бюджетке алып қою үшiн тиiстi материалдарды салық полициясының органдарына ұсынуға мiндеттi.
     30. Бақылаудың түпкiлiктi мақсаты темiр жол тасымалдарының қауiпсiздiгiн, санитарлық және экологиялық ережелердi қамтамасыз ету, көлiк қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқықтары мен мүддесiн қорғау болып табылады.
     Лицензиялық ережелер мен шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ "Ережелердiң" 18 және 19 тармақтарымен қарастырылған Темiр жол көлiгiнiң мамандарын аттестаттауды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi анықтайды.

                                                         1 қосымша


            Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына

________________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________________________________________

                              Арыз

________________________________________________________________________
(іс-әрекеттің аумақтық саласы көрсетіледі: республикаішілік, жергілікті   
__________________қатынаста темір жол көлігімен __________________________
(және қала маңындағы                              (лицензияның санаттары
__________________________________________________________________________
көрсетіледі: жүктерді - Жүк, жолаушыларды - Ж, жолаушылар мен жүктерді -
ЖЖүк, _______________тасымалдауды жүзеге асыруға 199___ж."____"_____________
қауіпті жүктерді - ҚЖүк) бастап 199__ж."___"____________ дейінгі мерзімге
(бір жолғы лицензия үшін) лицензия беруіңізді сұраймын.
    Заңды тұлға туралы мәліметтер:
    Меншік нысаны _______________________________________________________
    Құрылған жылы _______________________________________________________
    Тіркеу туралы куәлік ________________________________________________

________________________________________________________________________
                    (N, кім және қашан берген)
    Мекенжайы ___________________________________________________________
                (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, N, телефон, факс)  

    Банкілік деректері __________________________________________________
    Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Басшы ________________            ___________________________________
            (қолы)                               (Т.А.Ә.а.)     

    Мөр орны

199__ж."___"_________  199__ ж."___"__________ арыз қарауға қабылданды.    

________________________________________________________________________
        (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, Т.А.Ә.а.)     

                                                     2 қосымша


           Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына

________________________________________________________________________
          (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________________________________    

                           Арыз

________________________________________________________________________
(іс-әрекеттің аумақтық саласы көрсетіледі: республикаішілік, жергілікті
________________қатынаста темір жол көлігімен __________________________
және қала маңындағы)                          (лицензияның санаттары
_________________________________________________________________________
көрсетіледі: жүктерді - Жүк, жолаушыларды - Ж, жолаушылар мен жүктерді -
ЖЖүк,
_______________тасымалдауды жүзеге асыруға 199___ж."____"_____________
қауіпті жүктерді - ҚЖүк)
бастап 199__ж."___"____________ дейінгі мерзімге(бір жолғы лицензия үшін)
лицензия беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
Туған жылы __________________________________________________________
Төлқұжат мағлұматтары ____________________________________________________
                         (серия N, кім және қашан берген)
Шаруашылық субъектісін тіркеу туралы куәлік (қажет болған жағдайда)
_________________________________________________________________________
               (N, кім және қашан берген)
Мекенжайы ______________________________________________________________
           (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, N, телефон, факс)
Есеп айырысу шоты (егер болса)_________________________________________
                            (есепшот N, банкіні аты мен орналасқан жері)
Қоса берілетін құжаттар ________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

     ________________            ______________________________________
        (қолы)                               (Т.А.Ә.а.)    

         

    199__ж."___"___________
    199__ ж."___"__________ арыз қарауға қабылданды.     

________________________________________________________________________
        (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, Т.А.Ә.а.)

                                                           3 қосымша

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ локомотив шаруашылығы
    Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты   
|_________________________________________   |_________|_________|________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|_________________________________________   |_________|_________|________
|1.|Депо бастықтары және олардың             |         |         |         
|  |орынбасарлары                            |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|3)|                                         |         |         |         
|_________________________________________   |_________|_________|________
|2.|Машинист-нұсқаушылар                     |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|3)|                                         |         |         |         
|_________________________________________   |_________|_________|_________
|3.|Локомотивтердің машинистері              |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|3)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
   

    Лицензиат              ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

      Мөрдің орны     

                                                             4 қосымша     

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ жол шаруашылығы (жолдың әрбір дистанциясы үшін)
    Телефондары ____________________
   

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |тау
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты
|_________________________________________   |_________|_________|________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|1.|Жол дистанциясының бастықтары және       |         |         |
|  |олардың орынбасарлары                    |         |         |
|1)|                                         |         |         |
|2)|                                         |         |         |
|3)|                                         |         |         |
|   _________________________________________|_________|_________|______
|2.|Жол бөлімшелерінің жол шеберлері         |         |         |
|1)|                                         |         |         |
|2)|                                         |         |         |
|   _________________________________________|_________|_________|________
|3.|Жасанды құрылыстар бойынша бригадирлер   |         |         |
|1)|                                         |         |         |
|2)|                                         |         |         |
|3)|                                         |         |         |
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|4.|Жол монтерлары                           |         |         |
|1)|                                         |         |         |
|2)|                                         |         |         |
|   _________________________________________|_________|_________|_________

     Лицензиат          ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

      Мөрдің орны     

                                                            5 қосымша     

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ дабыл және байланыс шаруашылығы (әрбір байланыс және дабыл
    дистанциясы үшін)
    Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|1.|Дабыл және байланыс дистанцияларының     |         |         |
|  |бастықтары және олардың орынбасарлары    |         |         |
|1)|                                         |         |         |
|2)|                                         |         |         |
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|2.|Дабылдың желілік құрылғыларына қызмет    |         |         |
|1)|көрсету бойынша аға электр механиктер    |         |         |
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|3.|Байланыстың желілік құрылғыларына қызмет |         |         |         
|1)|көрсету бойынша аға электр механиктер    |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|4.|Дабыл және байланыс құрылғыларына қызмет |         |         |         
|1)|көрсету бойынша электр механиктер        |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________

     Лицензиат           ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

     Мөрдің орны     

                                                            6 қосымша

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ электрмен жабдықтау шаруашылығы (электрмен жабдықтаудың
    әрбір дистанциясы үшін)
    Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты   
|   _________________________________________|_________|_________|______
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1.|Электр жабдықтау дистанцияларының бастық.|         |         |         
|  |тары және олардың орынбасарлары          |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|2.|Аға энергия диспетчерлері                |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|______
|3.|Аға электр механиктер                    |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________
|4.|Электр механиктер                        |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_______

     Лицензиат           ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

     Мөрдің орны

                                                        7 қосымша

 Лицензиат _______________________________
 Қызмет ___ вагон шаруашылығы (әрбір жүк жолаушылар вагондарының депосы үшін)
 Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты   
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1.|Вагон депосының бастықтары және          |         |         |         
|  |олардың орынбасарлары                    |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|  |                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|2.|Техникалық қызмет көрсету пункттерінің   |         |         |         
|1)|бастықтары                               |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|3.|Вагондардың аға қараушылары              |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________
|4.|Вагондарды тиеуге апаруда қызмет         |         |         |         
|1)|көрсететін вагонды қараушылар            |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________

   

    Лицензиат              ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

    Мөрдің орны

                                                           8 қосымша

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ фирмалық қызмет көрсету үшін
    Телефондары ____________________     

         Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |  тау
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты   
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1.|Директорлар және олардың орынбасарлары   |         |         |         
|  |Жолаушылар тасымалдау шаруашылығының     |         |         |         
|1)|басшылары және олардың орынбасарлары     |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________
|2.|Аудандық жүк стансаларының бастықтары    |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|3.|Вокзалдардың бастықтары және олардың     |         |         |         
|1)|орынбасарлары                            |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|4.|Билет кассаларын меңгерушілер            |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_______
|5.|Коммерциялық ревизорлар                  |         |         |         
|1)|Жолаушылар поездарын бақылайтын          |         |         |         
|2)|ревизорлар                               |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_______

     Лицензиат              ___________________________
                               қолы, тегі, а.,ә.а.

     Мөрдің орны                

                                                           9 қосымша

    Лицензиат _______________________________
    Қызмет ___ тасымалдау шаруашылығы (тасымалдаудың әрбір бөлімшесі үшін)
    Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|1.|Тасымалдау бөлімшелерінің бастықтары және|         |         |         
|  |олардың орынбасарлары                    |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|2.|Станса бастықтары және олардың           |         |         |         
|1)|орынбасарлары                            |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________
|3.|Аға, поез, локомотив, станса және маневр |         |         |         
|1)|диспетчерлері                            |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|4.|Қозғалыс қауіпсіздігінің ревизорлары     |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________

     Лицензиат              ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

     Мөрдің орны        

                                                               10 қосымша

  Лицензиат _______________________________
  Қызмет ___ қозғалыс қауіпсіздігі бойынша (әрбір тасымалдау бөлімшесі үшін)
    Телефондары ____________________     

          Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
       жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен
             айналысатын аттестатталған мамандардың
                              Тізімі

__________________________________________________________________________
|N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы
|  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат.
|  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау  
|  |                                         |         |  өтілі  |уақыты   
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1 |                     2                   |    3    |    4    |     5   
|   _________________________________________|_________|_________|________
|1.|Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор|         |         |         
|  |және оның орынбасарлары                  |         |         |         
|1)|                                         |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________
|2.|Бөлімшелердің қозғалыс қауіпсіздігі      |         |         |         
|1)|бойынша бас ревизорлар және олардың      |         |         |         
|2)|орынбасарлары                            |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|_________
|3.|Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас        |         |         |         
|1)|ревизор аппаратының ревизорлары          |         |         |         
|2)|                                         |         |         |         
|   _________________________________________|_________|_________|________     

    Лицензиат              ___________________________
                            қолы, тегі, а.,ә.а.

      Мөрдің орны

                                                           11 қосымша     

         Лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға арналған
          жылжымалы құрамның, соның ішінде жалға алынған
               мүкәммалдық паркі туралы мәліметтер

________________________________________________________________________
        (локомотив депосы, вагон депосы, жолаушылар вагонының депосы)     

__________________________________________________________________________
|  Жылжымалы құрамның      |                   соның ішінде
|  үлгілері                ______________________________________________
|                          |пайдаланы. |пайдаланы.|жөндеуде|бұзылып |Жалға
|                          |латын парк,|майтын    |        |тұрғанд.|беріл.
|                          |бірлік     |парк,     |        |паркі   |гені  
|                          |           |бірлік    |        |        |      
  ________________________|___________|__________|________|________|____
|1. Локомотивтер:          |           |          |        |        |      
|   жүк:                   |           |          |        |        |     
|а. Тепловоздар:           |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |     
|    N                     |           |          |        |        |     
|   ...                    |           |          |        |        |      
|б. Маневрлік тепловоздар: |           |          |        |        |     
|    N                     |           |          |        |        |     
|    N                     |           |          |        |        |     
|   ...                    |           |          |        |        |     
|в. Электровоздар:         |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|   ...                    |           |          |        |        |      
  ________________________|___________|__________|________|________|_____
|   жолаушылар:            |           |          |        |        |      
|а) Тепловоздар:           |           |          |        |        |     
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|   ...                    |           |          |        |        |      
|б. Электровоздар:         |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|   ...                    |           |          |        |        |      
  ________________________|___________|__________|________|________|____
|2. Вагондар:              |           |          |        |        |     
|   жүк:                   |           |          |        |        |      
|   жабылған:              |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |     
|    N                     |           |          |        |        |      
|   ...                    |           |          |        |        |
|   платформалар:          |           |          |        |        |
|    N                     |           |          |        |        |
|    N                     |           |          |        |        |
|   ...                    |           |          |        |        |
 _________________________|___________|__________|________|________|_____
|жартылай вагондар:        |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |     
|   N                      |           |          |        |        |      
|цистерналар               |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |     
|   N                      |           |          |        |        |      
|изотермикалық вагондар:   |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|арнайы вагондар:          |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|контейнерлер              |           |          |        |        |      
|  3-тонналық              |           |          |        |        |      
|  5-тонналық              |           |          |        |        |      
|  10-тонналық             |           |          |        |        |      
|  20-тонналық             |           |          |        |        |      
|  40-тонналық             |           |          |        |        |      
  ________________________|___________|__________|________|________|_____
|жолаушылар вагондар:      |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |     
|   N                      |           |          |        |        |      
|купе:                     |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |      
|плацкарт:                 |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|2 орындық ЖВ:             |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|облысаралық:              |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|вагон-ресторандар:        |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|багаж:                    |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |      
|    N                     |           |          |        |        |
|почта-багаждық:           |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |      
|   N                      |           |          |        |        |
   _______________________|___________|__________|________|________|____

     Лицензиат                                     қолы     

     М.О.

   

        Мүкәммалдық парктің тасымалдарға әзірлігі туралы
                            анықтама

               _____________________________________
                         (депо бойынша)     

__________________________________________________________________________
|N|берілген|жылжыма.|жылжы.|жасал.|контей.|    жүк     |қызмет|жүру| соңғы
| |нөмірі  |лы құрам|малы  |ған   |нерлер |көтергіштігі|саласы|учас|жөндеу
| |        |  ның   |құрам.|жылы  |       |немесе сый. |      |кесі|түрі
| |        | моделі |ның   |      |       | ымдылығы   |      |    |және  
| |        |        |түрі  |      |       |            |      |    |оның
| |        |        |      |      |       |            |      |    |уақыты
|  ________|________|______|______|_______|____________|______|____|______
|  ________|________|______|______|_______|____________|______|____|_______     

     Лицензиат                  _____________________________
                                  қолы, тегі, а., ә.а.

     Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады