Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы№N 3-Ө бұйрығымен бекітілген (1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім N 367), 1998 жылғы 9 наурыздағы N 29-Ө өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім N 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық Зейнетақы агенттігі 1998 жылғы 18 желтоқсан N 174-П. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 22 қаңтарда N 673 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысымен.

      Салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыруды реттеу мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы N 3-Ө бұйрығымен  бекітілген (1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім N 367), 1998 жылғы 9 наурыздағы N 29-Ө өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім N 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
     2. Заң бөлімі (Ремкевич И.А) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

     Директор

Бекітілді           
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі     
Ұлттық зейнетақы агенттігінің
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
N 177-Ө бұйрығымен    

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы
агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы№N 3-Ө бұйрығымен
бекітілген, 1998 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістермен және
толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім
N 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы ережелеріне қойылатын
негізгі талаптарға" Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім
N 367) өзгерістер мен толықтырулар

      1. 2-тараудың 2.6-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Салымшыларды және Алушыларды ақпараттандыруы ".
      2. 2-тараудың 2.6-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) Қор салымшыларды және алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен жылына бір рет ақпараттандыруға міндетті."
      3. 2-тараудың 2.6-тармағының б) тармақшасындағы "мөлшері ақпаратты беруге арналған іс жүзіндегі шығындардан аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады