"Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолданудың практикасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директораты 1998 жылғы 26 қазан N 181 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 9 ақпан N 680 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 13 қазандағы N 276 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді-------------------

     Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
     2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді...

     Төраға

Бағалы қағаздар рыногы     
мәселелерi бойынша       
Қазақстан Республикасының    
кейбiр нормативтiк құқықтық   
актiлерiнiң күшi жойылды    
деп тану туралы" Қазақстан   
Республикасының Қаржы      
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау жөнiндегi
агенттiгi Басқармасының     
2004 жылғы 13 қазан       
N 276 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

     1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы Директоратының "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану тәжiрибесi туралы" 1998 жылғы 26-қазандағы N 181 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 680 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлерi жинағында 2001 жылы жарияланған, III том)...
--------------------------------

     "Акционерлiк қоғамдар туралы" Z980281_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңы 2-бабының екiншi бөлiмiмен және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 2-бабының үшiншi бөлiмiмен белгiленген "осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға)" ұғымы айқындамасына сүйене отырып және аталған ұғымды iс жүзiнде қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
     1. Мыналар:
     1) тiкелей өзi немесе оған бақылау жасайтын ұйым арқылы осы ұйымның дауыс беретiн акцияларының (қатысушылар салымдарының) он және одан да көп процентiн (егер осы ұйым ашық халықтық қоғам болып табылған жағдайда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн) иеленетiн, пайдаланатын, жұмсайтын немесе басқаратын кез келген тұлға;
     2) оған қатысты осы ұйым еншiлес болып табылған немесе тәуелдi акционерлiк қоғам деп танылған кез келген заңды тұлға, егер осындай заңды тұлға осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылмаса;
     3) дауыс беретiн акцияларының (қатысушылар салымдарының) он және одан да көп процентiн (егер осы ұйым ашық халықтық қоғам болып табылған жағдайда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн) тiкелей немесе бақылаушы ұйымдар арқылы осы ұйым иеленетiн, пайдаланатын жұмсайтын немесе басқаратын кез келген заңды тұлға;
     4) осы ұйымға қатысты еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып танылатын кез келген заңды ұйым, егер осындай заңды тұлға осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып табылмаса;
     5) осы ұйыммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында тұрған кез келген, заңды тұлға;
     6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы ретiнде танылған кез келген өзге тұлға;
     7) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1)-6) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған заңды тұлға;
     8) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1), 6), 7) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған жеке тұлғамен жақын туыстық немесе жақындық қатынаста тұрған (ата-анасы, жұбайы, аға-iнiсi, ұлы, қызы, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсі, қарындасы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) кез келген жеке тұлға;
     9) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1),6)-7) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған жеке тұлғаның бақылауындағы кез келген заңды тұлға ұйымдардың аффилиирленген тұлғалары болып танылатындығы белгiленсiн.
     2. Осы Қаулының мақсаты үшiн ұйым органдарының құрамына, өкiлеттiктерiне және құзырлығына және/немесе оның қызметiне ықпал жасау мүмкiндiгi, егер тек осындай бақылау жасау осы ұйымдағы лауазымды атқару нәтижесi болып табылмаса, ұйымға бақылау жасау болып танылатындығы белгiленсiн.
     Егер Ұлттық комиссия жекелеген жағдайларда өзгеше белгiлемесе, тiкелей немесе олар бақылау жасайтын ұйымдар арқылы осы ұйымның дауыс беру құқығындағы акцияларының (қатысушылардың салымдарын) үштен бiрiнен көбiн иеленген кез келген тұлға ұйымды бақылаушы болып танылады.
     3. Осы Қаулының мақсаты үшiн акциялар (қатысушының салымы) бойынша дауыс құқығын немесе "алтын акция" бойынша вето құқығын пайдалану акцияны басқару болып танылатындығы белгiленсiн.
     4. Осы Қаулының мақсаты үшiн мыналар:
     1) ұйымның бiрiншi басшысы (алқалы атқарушы органның басшысы немесе ұйымның атқарушы органының қызметiн жеке дара жүзеге асырушы тұлға);
     2) ұйымның қадағалаушы, атқарушы, бақылаушы не қолданылып жүрген заңдармен белгiленген өзге де органының мүшесi;
     3) ұйымның тексерушiсi;
     4) бiрiншi басшының орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса);
     5) ұйымның бас бухгалтерi немесе оның орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса);
     6) ұйымның филиалының немесе өкiлдiгінiң басшысы немесе бас бухгалтерi;
     7) ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (ұйымның атқарушы органына, оның бiрiншi басшысына немесе оның орынбасарына тікелей есеп беретiн) немесе оның орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса) ұйымның басшы қызметкерлерi болып
танылады.
     5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.

    Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады