Кедендік құн декларациясының электронды көшірмелері туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1998 жылы 30 қараша N 241-п Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 желтоқсанда N 688 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001.02.06. N 42 бұйрығымен. ~V011443

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4 наурыздағы N 294-а P97294a_ "Кеден органдарын автоматтандыру шаралары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін деректер алмасу жөніндегі республикалық желі құру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Кедендік рәсімдеуді кедендік құн декларациясының (әрі - КҚД) электрондық көшірмесі Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің N 240-П 1998 ж. 30 қарашадағы "Жүк кеден декларациясы мен кедендік құн декларациясының электрондық көшірмелерінің құрылымын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылсын.
      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 1995 ж. 11 қазанындағы N 141-П V950145_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын мәлімдеудің тәртібі мен шарттары туралы ережеге сәйкес мәлімдеу кезінде.
      2. КҚД-ның электрондық көшірмесін қабылдауды кедендік жүк декларациясының электрондық көшірмесімен бір уақытта автоматтандыру және кедендік статистика бөлімінің лауазымды қызметкерлері жүзеге асыратын болсын.
      3. Кеден басқармаларының, кедендердің және бекеттердің бастықтары осы бұйрықтың мазмұнын декларанттар мен тиісті кеден органдары қызметінің аймағында орналасқан өзге де адамдарға жеткізілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 ж. 27 ақпандағы N 79 "КҚД-ның электрондық көшірмесі туралы" бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
      5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетінің Автоматтандыру мен кедендік статистика басқармасы (Грязнов В.Г.). ҚР кеден органдарын КҚД-ны қабылдау мен КҚД деректері базасын жүргізу жөніндегі бағдарламалармен қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ҚР ҚМ Кеден комитетінің АКС басқармасының бастығы В.Г. Грязновқа жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады