Екiншi деңгейдегi банктердiң оларға сенiп тапсырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы мен бағалы қағаздарын сақтауды және есепке алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 341 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 5 наурызда N 706 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .

      Кастодиан-банктер орындайтын операциялардың есебін жүргізуді және бақылауды ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Екінші деңгейдегі банктердің жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .

      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру ережесін, Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтау және есебін жүргізу бойынша есеп беріп отыруы туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.

      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күн мерзімде осы қаулыны және жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Екінші деңгейдегі банктердің жинақтаушы
зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды
қағаздарын сақтауы және есебін жүргізу жөнінде
есеп беріп отыруы туралы
Нұсқаулық <*>

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және өздеріне сеніп тапсырған жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - зейнетақы қорлары) ақшасы мен құнды қағаздарын (бұдан әрі - зейнетақы активтері) сақтау және есептеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - кастодиан банктер) есеп беру түрлерін, оларды жүргізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мен зейнетақы қорларына беру тәртібін белгілейді.<*>
      Ескерту. Тақырып және кіріспе өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .      

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Мәтiн бойынша "компания", "компанияға", "компаниямен", "компаниялар" деген сөздер тиiсiнше "ұйым", "ұйымға", "ұйыммен", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      1. Осы Ережелерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген түсініктер пайдаланылады.
      2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар банк оларға сенiп тапсырылған зейнетақы активтерiн сақтау және есепке алу бойынша қызмет көрсетуге құқылы.
      Кастодиан банк зейнетақы қорының және/немесе осы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрi - ұйым) аффилиирленген тұлғасы болмауы тиiс. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      3. Кастодиан-банк өз қызметі кезеңінде өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін өздерінің мүдделеріне пайдалануға, соның ішінде оларға өздерінің міндеттемелері бойынша жауап беруге және кепілдікке беруге не үшінші адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында көрсетілген активтерге қатысты басқа да іс-әрекеттер жасауға құқысы жоқ.
      Кастодиан-банкке жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне реттеу мен қадағалау бойынша функция мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банктер, сақтандыру ұйымдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріліп, пруденциалдық нормативтер есебі бойынша талаптар және ең аз резервтік талаптарды орындау қолданылады. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      4. Кастодиан-банк кастодиандық қызметтерді жүзеге асыру барысында мынадай қызметтерді орындайды:
      1) зейнетақы активтерін қаржы құралдарының түрлері мен қолданылып жүрген заңдарда белгіленген мөлшер бойынша нысаналы инвестициялауды бақылау;
      2) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кірістерді алу бойынша барлық операциялардың есебін жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, ұйымдардың (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорының) тапсырмаларын олардың мазмұнына дәлме-дәл сәйкес орындау; <*>
      4) қолданылып жүрген заңдарға ұйымның (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) тапсырыстары қайшы келген жағдайда, оларды жауып тастауды (орындамауды), бұл турасында уәкiлеттi органның және сәйкес зейнетақы қорын дереу хабардар ету; <*>
      5) зейнетақы қорларын оның шоттарының жай-күйі және ұйым қызметтері туралы апта сайын хабардар ету;
      6) зейнетақы қорларына олардың шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқару туралы ақпаратты кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiгiмен ұсыну; <*>
      7) "осы Ережеде белгiленген тәртiппен әрбiр зейнетақы қорына (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) қатысты ұйыммен қаржы көрсеткiштерiн үнемi салыстырып тексеру;      8) бағалы қағаздар рыногы және/немесе кастодиандық шарт туралы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өзге де қызметтер. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      5. Кастодиан-банктің кастодиандық қызметтері бойынша мүдделі ұйымдарға есеп беру тәртібін құру, бекіту және ұсыну уәкiлеттi органның жеке нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      6. Кастодиан-банк кастодиандық қызметтерді жүзеге асыру үшін зейнетақы активтерінің есебін жүргізудің ішкі тәртібін белгілейтін құжат әзірлеуі қажет.

2-тарау. Зейнетақы активтерін сақтау

      7. Зейнетақы қорының зейнетақы активтері кастодиан-банкінде кастодиандық шартқа сәйкес кастодиандық шот режимінде сақтайды.
      Кастодиан шарты уәкiлеттi орган бекiткен үлгi кастодиан шартының талаптарын ескере отырып жасалады. <*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      8. Кастодиан банк зейнетақы қорларына осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың шоттарының жай-күйi туралы ақпаратты кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiгiмен ұсынады. <*>
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      9. Кастодиан банк зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшiн әрбiр зейнетақы қорына қатысты осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есеп (бұдан әрi - Есеп) жасайды және оны кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiкпен ұйымға (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорына) ұсынады. <*>
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      10. Кастодиан банк өзi жасаған Есептiң және ұйым (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) ұсынған осындай есептiң деректерiн салыстырып тексередi.
      Есептердiң деректерi сәйкес келген жағдайда кастодиан банк жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы салыстырып тексеру актiсiн (бұдан әрi - Салыстырып тексеру актiсi) жасайды. Алшақтықтар болған кезде оларды жою жөнiнде шаралар қолданады және алшақтықтардың болу фактiсiн уәкiлеттi органға дереу жеткiзедi және есептердiң көшiрмелерiн жiбередi. <*>
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      11. Салыстыру-актісі үш данада жасалады және міндетті түрде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) Салыстыру-актісінің жасалған күні, салыстыру жүргізілген кезең;
      2) салыстыру жүргізілген кезең ішінде:
      - барлық түскен зейнетақы жарналарының сомасына, соның ішінде дұрыс есептелмегені;
      - зейнетақы активтер мен инвестициялық кірістен есептелген және аударылған сыйақылар сомасы; <*>
      - инвестициялық шоттан зейнетақы төлемі шотына аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы;
      - зейнетақы төлемі шотынан төленген сома;
      - қорытынды есептеудегі кіріс немесе шығын туралы ақпараттар.
      3) Салыстыру-актісін жасау күніндегі:
      - инвестициялық шоттағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдығы;
      - зейнетақы төлемі шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдығы;
      - қорытынды кіріс немесе шығыс туралы ақпараттар.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      4) өзге де мәліметтер.
 

      3-тарау. Орналасқан зейнетақы активтерін есепке алу

      12. Кастодиан-банк зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жекеше сақтайды және есеп жүргізеді.
      13. Кастодиан-банктің ішкі құжаттарында көрсетілген зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін жинақтау бойынша, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кірістерді алу жөнінде барлық банктік операциялардың есебі жүргізілгенде кастодиан-банк уәкiлеттi органмен келісуі тиіс. <*>
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      14. Корреспонденттік шотқа зейнетақы активтерінің сомасы түскен кезде кастодиан-банк берілген соманы кастодиандық шарт негізінде 2203 "Клиенттердің ағымдағы шоттарының" баланстық шотына есептейді.
      Бұл ретте осы шотқа арналған жинақталған зейнетақы қаражатына жеке есептеу жүргізу үшін (зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті және оларды қаржы құралдарына орналастыру үшін есептеу) және зейнетақы төлемін есептеуде (басқа зейнетақы қорларына зейнетақы төлемін және аударуды жүзеге асыру үшін) қосалқы есептеуді жүргізуге арналған жеке есеп шот ашылуы тиіс.
      15. Кастодиан-банк зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатын қаржы құралдарына орналастыру мақсатында ұйымнан (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) ақшаны аудару туралы тиісті тапсырыстар алған соң кастодиан-банкі оны қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексереді, олардың тізбесі уәкiлеттi органның жеке нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. <*>
      Ескертпе болмаған жағдайда кастодиан-банкі тиісті баланстық шоттарда орналасқан ақшаны есептен шығарады және орналасқан зейнетақы активтерінің сомасын арнаулы шоттар ашылғанға дейін 7360 "Акциялар мен басқа құнды қағаздарды сақтауға арналған" меморандум шотына бір мезгілде есептейді.
      Бұл ретте осы меморандум шотының қосалқы есеп жүргізуінде қаржы құралдарының әр түрі бойынша жеке есеп шот ашылады.
      Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      15-1. Кастодиан банктер тиiстi лицензия негiзiнде депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын ұйымда бағалы қағаздарды есепке алу бойынша әрбiр зейнетақы қорына жеке шот ашуға мiндеттi. <*>
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      16. Жинақталған зейнетақы қаражатын орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасы корреспонденттік шотқа түскен кезде, кастодиан-банк 2203 "Клиенттердің ағымдағы шоттарының" (жинақтаушы зейнетақыға есеп жүргізуге арналған жеке есеп шот) баланстық шотына осы соманы бір мезгілде есептейді. Кастодиан-банк инвестициялық кірістен түскен тиісті комиссиялық сыйақыларды 2203 шот арқылы (жинақтаушы зейнетақыға есеп жүргізуге арналған жеке есеп шот) ұйым тапсырыстарының негізінде ұйымның банктік шоттары мен зейнетақы қорларына аударады не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорының банктiк шотына. <*>
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      17. Кастодиан-банк кастодиандық шарт негізінде зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет көрсету бойынша әр айдың соңғы күнінен кешіктірмей бір айдың кірісіне алынуға тиісті, соманы есептеу әдісі бойынша есептеседі, және арнаулы баланстық шот ашылғанға дейін оны 1700 тобындағы баланс шотының активтеріндегі және 4608 "Банктің басқа комиссиялық кірістері" баланстық шотының пассивінде көрсетеді.

4-тарау. Қорытынды ереже

      18. Кастодиан-банк зейнетақы қорлары мен ұйымның міндеттері бойынша жауап бермейді және ұйымның (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) инвестициялық шешімдері үшін жауапкершілік атқармайды. <*>
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .
      19. Кастодиан-банк зейнетақы қорына және ұйымға олардың міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны салдарынан келтірген шығындарды, қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен өтеуге тиіс.
      20. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдармен реттеледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы         
Ұлттық Банкі Басқармасының      
1998 жылғы 31 желтоқсандағы     
N 341 қаулысымен бекітілген     
Екiншi деңгейдегi банктердiң     
оларға сенiп тапсырылған       
жинақтаушы зейнетақы қорларының  
ақшасы мен бағалы қағаздарын    
сақтауды және есепке алуды     
жүзеге асыру ережелерiне     
1-қосымша              

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .

      200__ж."___"______________ бастап  "____" _____________
                        кезеңi үшiн
                           (теңге)

      Инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәлiметтер

       _______________________________________________________
                (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
___________________________________________________________________
Символы     |   Ақша ағынының баптары         |    сомасы
___________________________________________________________________
   1                        2                          3
___________________________________________________________________
10           Есептi кезеңнiң басындағы ақша
              қалдығы
20           Түскен ақшаның барлығы, оның
              iшiнде:
21           зейнетақы жарналары
22           басқа қорлардан жинақталған
              зейнетақы қаражаты
23           өсiмпұл
24           нақты алынған инвестициялық кiрiс
25           анықталмаған (қателесiп түскен)
              сомалар
26           зейнетақы төлемдерi шоттарынан
              сомалардың қайтарылуы
27           банк салымдарының қайтарылған
              сомасы
28           бағалы қағаздарды өтеуден түскен
              сомаларды қосқанда, оларды
              сатудан түскен сомалар
29           басқа да сомалар
30           Инвестицияланған ақшаның
              барлығы, оның ішінде:
31           бағалы қағаздарға
              бағалы қағаздар:
32           екiншi деңгейдегi банктердегі
              салымдарға
40           Төлемдердiң барлығы, оның iшiнде:
41           жасы бойынша зейнетақы төлемдерi
411          мұрагерлерге
412          Қазақстан Республикасынан тыс
              жерлерге шығуға байланысты
413          қате есептелген сомаларды қайтару
414          комиссиялық сыйақыларды аудару
415          шетел валютасын сатып алу
416          басқалары
42           Есепті кезеңнің соңындағы ақша
              қалдығы
___________________________________________________________________
      Қосымша мәліметтер
___________________________________________________________________
Есептелген инвестициялық кiрiс
___________________________________________________________________
Инвестициялық кiрiстен комиссиялық сыйақылар
Зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақылар

      Төраға
      Бас бухгалтер
      Мөрдiң орны

Қазақстан Республикасы      
Ұлттық Банкі Басқармасының    
1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 341
қаулысымен бекітілген      
Екiншi деңгейдегi банктердiң   
оларға сенiп тапсырылған     
жинақтаушы зейнетақы қорларының
ақшасы мен бағалы қағаздарын  
сақтауды және есепке алуды   
жүзеге асыру ережелерiне    
N 2 қосымша          

____________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшiн зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есеп

      Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .

     199 _____"____"__________        ______"____"_______кезең аралығында

      N 1 Кесте: Құнды қағаздар
____________________________________________________________________
рет|Эмитент|Құнды|Ұлттық|Нақты|Саны|Өтеу мерзімі|Бір құнды|Құнды|Ор.
N |атауы  |қағаз|Сәйкес|құны |(да.|(өтеу күні) |қағазды  |қағаз|на.
   |       |дар  |тенді.|(тең.|на) |            |сатып    |дарға|ла.
   |       |түр. |ру    | ге) |    |            |алудың   |салын|ст.
   |       |лері |нөмірі|     |    |            |құны     |ған  |ыр.
   |       |     |      |     |    |            |(теңге)  |жиын.|ыл.
   |       |     |      |     |    |            |         |тық  |ған
   |       |     |      |     |    |            |         |сома |зе.
   |       |     |      |     |    |            |         |(тең.|йн.
   |       |     |      |     |    |            |         |ге)  |ет.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ақы
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ак.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ти.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |вт.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ер.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ін.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ің
   |       |     |      |     |    |            |         |     |тұ.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |тас
   |       |     |      |     |    |            |         |     |кө.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ле.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |мі.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |нен
   |       |     |      |     |    |            |         |     |%
   |       |     |      |     |    |            |         |     |жи.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |ын.
   |       |     |      |     |    |            |         |     |тық
___|_______|_____|______|_____|____|____________|_________|_____|___
1  |       |     |      |     |    |            |         |     | 
___|_______|_____|______|_____|____|____________|_________|_____|___
...|                                                              
___|________________________________________________________________
жиынтығы   |мемлекеттік құнды қағаздар бойынша  |                 
___________|____________________________________|___________________
жиынтығы   |халықаралық қаржы ұйымдарының құнды |                 
           |қағаздары бойынша                   |                 
___________|____________________________________|___________________
жиынтығы   |корпоративтік құнды қағаздар        |                 
           |бойынша                             |                 
___________|____________________________________|___________________
Барлығы    |                                    |                 
___________|____________________________________|___________________

N 2 Кесте: екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер және депозиттік (банктік) сертификаттар

____________________________________________________________________
рет|Банктің|депозиттік салым |Орналастырылған |депозит|депозит|жыл.
N |атауы  |сомасы(мың теңге)|зейнетақы актив.|орналас|мерзімі|дық
   |       |                 |терінің тұтас   |тырған |       |та.
   |       |                 |көлемінен %     |күн    |       |быс.
   |       |                 |жиынтық         |       |       |ты.
   |       |                 |                |       |       |лығы
   |       |                 |                |       |       |(%)
___|_______|_________________|________________|_______|_______|_____
1
___|_______|_________________|________________|_______|_______|_____
...
___|_______|_________________|________________|_______|_______|_____
жиынтығы    Депозиттер
             бойынша:
___|_______|_________________|________________|_______|_______|_____
жиынтығы    Депозиттік
             (банктік)
             сертификаттар
             бойынша
___|_______|_________________|________________|_______|_______|_____
Барлығы

      Төраға _________________       Бас бухгалтер ______________

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады