Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кастодиан-банктердiң кастодиандық қызметiн жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы " 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 маусыда тіркелді. Тіркеу N 2366

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  орындау үшiн және зейнетақы активтерiн сақтауды, жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кастодиан-банктердiң кастодиандық қызметiн жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 341 қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Екiншi деңгейдегi банктердiң оларға сенiп тапсырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы мен бағалы қағаздарын сақтауды және есепке алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы";
      1-тармақта:
      "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;
      ", Екiншi деңгейдегi банктердiң оларға сенiп тапсырылған мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы мен бағалы қағаздарын сақтау және есепке алу бойынша есептерiн жасау және ұсыну туралы нұсқаулықтың" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң оларға сенiп тапсырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы мен бағалы қағаздарын сақтауды және есепке алуды жүзеге асыру ережелерiнде  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 706 тiркелген, 1999 жылғы сәуiрде "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" журналдарында жарияланған N 8):
      атындағы және кiрiспедегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;
      мәтiн бойынша "компания", "компанияға", "компаниямен", "компаниялар" деген сөздер тиiсiнше "ұйым", "ұйымға", "ұйыммен", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар банк оларға сенiп тапсырылған зейнетақы активтерiн сақтау және есепке алу бойынша қызмет көрсетуге құқылы.
      Кастодиан банк зейнетақы қорының және/немесе осы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрi - ұйым) аффилиирленген тұлғасы болмауы тиiс.";
      3-тармақтың екiншi абзацта "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне реттеу мен қадағалау бойынша функция мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банктер, сақтандыру ұйымдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, ұйымдардың (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорының) тапсырмаларын олардың мазмұнына дәлме-дәл сәйкес орындау;";
      4) тармақшада:
      "компаниялар" деген сөзден кейiн "(зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ұлттық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) зейнетақы қорларына олардың шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқару туралы ақпаратты кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiгiмен ұсыну;
      7) "осы Ережеде белгiленген тәртiппен әрбiр зейнетақы қорына (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) қатысты ұйыммен қаржы көрсеткiштерiн үнемi салыстырып тексеру;";
      5-тармақта "Ұлттық Банктiң және Ұлттық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кастодиан шарты уәкiлеттi орган бекiткен үлгi кастодиан шартының талаптарын ескере отырып жасалады.";
      8, 9 және 10 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Кастодиан банк зейнетақы қорларына осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың шоттарының жай-күйi туралы ақпаратты кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiгiмен ұсынады.
      9. Кастодиан банк зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшiн әрбiр зейнетақы қорына қатысты осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есеп (бұдан әрi - Есеп) жасайды және оны кастодиан шартында белгiленген мерзiмде және кезеңдiлiкпен ұйымға (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорына) ұсынады.
      10. Кастодиан банк өзi жасаған Есептiң және ұйым (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры) ұсынған осындай есептiң деректерiн салыстырып тексередi.
      Есептердiң деректерi сәйкес келген жағдайда кастодиан банк жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы салыстырып тексеру актiсiн (бұдан әрi - Салыстырып тексеру актiсi) жасайды. Алшақтықтар болған кезде оларды жою жөнiнде шаралар қолданады және алшақтықтардың болу фактiсiн уәкiлеттi органға дереу жеткiзедi және есептердiң көшiрмелерiн жiбередi.";
      11-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацында "жарналар" деген сөз "активтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақта "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтың бiрiншi абзацы:
      "компаниялар" деген сөзден кейiн "(зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ұлттық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Кастодиан банктер тиiстi лицензия негiзiнде депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын ұйымда бағалы қағаздарды есепке алу бойынша әрбiр зейнетақы қорына жеке шот ашуға мiндеттi.";
      16-тармақ "не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қорының банктiк шотына" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақ "ұйымдар" деген сөзден кейiн "(зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын зейнетақы қоры)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Екiншi деңгейдегi банктердiң 
оларға сенiп тапсырылған    
жинақтаушы зейнетақы қорларының
ақшасы мен бағалы қағаздарын  
сақтауды және есепке алуды   
жүзеге асыру ережелерiне    
1-қосымша            

      200__ж."___"______________ бастап  "____" _____________
                        кезеңi үшiн
                           (теңге)

Инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәлiметтер

       _______________________________________________________
                (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
___________________________________________________________________
 Символы     |   Ақша ағынының баптары         |    сомасы
___________________________________________________________________
   1                        2                          3
___________________________________________________________________
 10           Есептi кезеңнiң басындағы ақша
              қалдығы
 20           Түскен ақшаның барлығы, оның
              iшiнде:
 21           зейнетақы жарналары
 22           басқа қорлардан жинақталған
              зейнетақы қаражаты
 23           өсiмпұл
 24           нақты алынған инвестициялық кiрiс
 25           анықталмаған (қателесiп түскен)
              сомалар
 26           зейнетақы төлемдерi шоттарынан
              сомалардың қайтарылуы
 27           банк салымдарының қайтарылған
              сомасы
 28           бағалы қағаздарды өтеуден түскен
              сомаларды қосқанда, оларды
              сатудан түскен сомалар
 29           басқа да сомалар
 30           Инвестицияланған ақшаның
              барлығы, оның ішінде:
 31           бағалы қағаздарға
              бағалы қағаздар:
 32           екiншi деңгейдегi банктердегі
              салымдарға
 40           Төлемдердiң барлығы, оның iшiнде:
 41           жасы бойынша зейнетақы төлемдерi
 411          мұрагерлерге
 412          Қазақстан Республикасынан тыс
              жерлерге шығуға байланысты
 413          қате есептелген сомаларды қайтару
 414          комиссиялық сыйақыларды аудару
 415          шетел валютасын сатып алу
 416          басқалары
 42           Есепті кезеңнің соңындағы ақша
              қалдығы
___________________________________________________________________
      Қосымша мәліметтер
___________________________________________________________________
Есептелген инвестициялық кiрiс
___________________________________________________________________
Инвестициялық кiрiстен комиссиялық сыйақылар
Зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақылар

      Төраға
      Бас бухгалтер
      Мөрдiң орны";

      көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
      оң жақтың жоғары бұрышындағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер
алынып тасталсын;
      аты мынадай редакцияда жазылсын:

"____________________________________________
 (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшiн зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есеп"

      Екiншi деңгейдегi банктердiң оларға сенiп тапсырылған мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы мен бағалы қағаздарын сақтау және есепке алу бойынша есептерiн жасау және ұсыну туралы нұсқаулық  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 712 тiркелген, 1999 жылғы сәуiрде "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" журналдарында жарияланған N 8) алынып тасталсын.

      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны кастодиан банктерге, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады