Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 мамырда N 750 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 750 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 басылымдарында 1999 жылғы 26 сәуiрде - 9 мамырда жарияланған)...

___________________________________

      Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292  V960440_  қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін. 
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

                                       Қазақстан Республикасы
                                    Ұлттық Банкі Басқармасының
                                    1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                         N 339 қаулысымен
                                            бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
12.12.96 жылғы N  292  V960440_  қаулысымен бекiтiлген
"Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға
көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережелер". 
      2. Ережелердiң мәтiнi бойынша "осы Ереже", "осы Ереженi", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" және "осы Ережедегi" деген сөздер тиiсiнше "осы Ережелер", "осы Ережелердi", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" және "осы Ережелердегi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. 4-тармақтың: 
      - 1-азатжолындағы "Бастапқыда" деген сөз алынып тасталсын, "өтiнiш бере алады" деген сөздердiң алдына "1998 жылғы 15 желтоқсанға дейiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
      - мынадай азатжолдармен толықтырылсын: 
      "1-топқа енгiзілген банк өзiне белгiленген халықаралық стандарттарға сай болуға қол жеткiзу мерзiмi өтiсiмен (1998 жылдың соңына дейiн) және осы Ережелердiң талаптарын орындағаннан кейiн, сондай-ақ iс-шаралар жоспарын орындағаннан кейiн Ұлттық Банк белгiлеген тәуелсiз аудиторлық ұйымдар тiзбесiнiң iшiндегi бiреуiнiң қорытындысын алуға тиiс. 
      Мұндай қорытындыда банктiң осы Ережелердiң 8-тармағының 8.1-8.9-тармақшаларындағы талаптарды (шарттарды) орындау бағасы (растауы) iс-шаралар жоспары болуға тиiс және банк Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде оған беретiн болады. 
      Банктiк қадағалау департаментi аудиторлық ұйымның қорытындысын ескере отырып, банктiң осы Ережелердегi талаптарды (шарттарды) орындауы туралы ұсынысты және iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынады. Басқарма берiлген құжаттардың нәтижесi бойынша банктiң осы Ережелердегi талаптарды (шарттарды) және iс-шаралар жоспарын орындағаны (орындамағаны) жөнiнде шешiм қабылдайды. 
      Банк осы Ережелердегi талаптарды (шарттарды) және/немесе iс-шаралар жоспарын орындамаған деп танылса, оған бiр айдың iшiнде 2000 жылдың аяғына дейiн халықаралық стандарттарға жету мерзiмiмен қайта капиталдандырудың жаңа модификацияланған жоспары ұсынылады. 
      2-топқа енгiзiлген банк осы Ережелердегi талаптарды (шарттарды) және/немесе iс-шаралар жоспарын мерзiмiнен бұрын орындаған жағдайда, аудиторлық ұйымның қорытындысын алғаннан кейiн ол осы Ережелердегi талаптарға (шарттарға) және iс-шаралар жоспарына сай деп тану туралы өтiнiш беруге құқылы". 
      4. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Iс-шаралар жоспары банк қызметiнiң барлық бағыттарын қамтуға тиiс және мiндеттi түрде пруденциалдық нормативтер және басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер бойынша белгіленген талаптарға қол жеткізу жолдарын, оқу жоспарымен қоса қызметкерлермен жұмыс жүргiзу саясатын, қаржы институты ретінде банктің даму перспективасын, жаңа банктік қызметті игеруді, активтер мен пассивтерді, филиалдарды, банк қызметінің тәуекелдерін басқарумен қоса банктiң басқару және экономикалық саясатын жетiлдiру жоспарларын, кредит және депозит саясатын, iшкi бақылаудың бiрдей жүйесiн енгiзу кезеңiн, бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарына көшудi және ақпарат енгiзу мен беру бойынша ең төменгi стандарттарға қол жеткiзудi көрсетуге тиiс.". 
      5. 8-тармақтың: 
      - 8.1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Банктер жыл сайын бухгалтерлік есеп саясатын қайта қарауға және қазақстандық бухгалтерлiк есеп стандарттарына негiзделiп жасалған бухгалтерлiк жазбалардың жүргiзiлу тәртiбiн сипаттауға тиiс."; 
      - 8.5-тармақша: 
      1) мынадай мазмұндағы 1-азатжолмен толықтырылсын: 
      "Активтер орналастыру мен шартты талаптар берудi ақшаның және/немесе кiрiстiң ықтимал шығыны тәуекелiн төмендету мақсатында салымдардың әртүрлi объектiлерi арасында жүзеге асыру қажет."; 
      2) 2-азатжолдағы "бiр клиентке қатысты несие, факторинг пен қаржы лизингi, шартты мiндеттемелер бойынша" деген сөздер "банк алдындағы мiндеттемелердiң кез келген түрi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 8.6-тармақшадағы "Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға берiлген кредиттер" деген сөздер "Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалардың пруденциалдық нормативтер туралы қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес белгiленген мiндеттемелерiнiң жиынтық көлемi" деген сөздермен, "барлық займ" деген сөздер "барлық жиынтық қарыздар" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      - 8.7-тармақша мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "С-2 деңгейі: "Басқаруға болатын рұқсат" дегеніміз мынадай талаптарды сақтау болып табылады: рұқсат субъектiн бiрегей идентификациялау (жүйенiң кез келген пайдаланушысының бiрегей аты болуы керек), өздiгiнен қорғау ("рұқсат берілмегеннiң бәрiне тыйым салынған" деген қағида бойынша пайдаланушыларға өкілеттiк белгiлеу) және оқиғаларды тiркеу (жүйенiң қауiпсiздiгiне байланысты оқиғалар белгiленуге тиiстi жүйелiк журнал жүргiзу: жүйеге кiру пайдаланушының аты, жүйенiң пайдаланылу уақыты; журнал жүргiзу рұқсаты жүйенiң басқарушысына ғана берiлген)". 
      Мынадай мазмұндағы 8.8 және 8.9-тармақшалармен толықтырылсын: 
      "8.8. Iшкi аудит 
      Банктер қызметкерлердің банк заңдарын және кәсiптік стандарттарды сақтауына бақылау ұйымдастыру жолымен банктің, оның кредиторлары мен клиенттерiнiң заңды мүддесiн қорғауды тиiмдi қамтамасыз ететiн iшкi аудит жүйесiн енгiзуге, банк жүргізетiн операциялардың сипаты мен көлемiне сәйкес сенiмдiлiктiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге және банк қызметiнiң тәуекелдерiн барынша төмендетуге тиiс.". 
      "8.9. Менеджмент деңгейі 
      Банктердің банк қызметінің тәуекелдерін барынша төмендету мақсатында банктің ақша тарту және орналастыру тәртібін, іс-жосығын және шарттарын реттейтін бекітілген құжаттары (саясаты) болуға тиіс, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың талаптарын бұзбайтын, соған бара-бар басқару шешімдерін қабылдауға тиіс.
      6. 10-тармақтың 2-азатжолындағы "Кредиттер мен кепілдер бойынша" деген сөздер "Банк алдындағы міндеттемелердің барлық түрлерінің жиынтық көлемі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10-тармақтың 1-азатжолындағы "31.12.1998 жылға дейін" деген сөздер "01.06.1999 жылға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады