Мемлекеттің бас қаласы ретінде Астана қаласының аумақтық өсу келешегін, қала маңының тұрғын және рекрециялық аймағын құру қажеттілігін, сондай-ақ қазіргі кезде қаланы дамытудың бекітілген Бас жоспарының жоқ екендігін ескере келіп, Ақмола облысының Әкімі мен Ақмола АЭА Әкімшілік кеңесі шешті:
1. Астана қаласының қала маңы аймағының қосымшаға сәйкес уақытша шекарасы (Астана қаласын дамытудың жаңа Бас жоспары бекітілгенге дейін) бекітілсін.
2. Қала маңы аумағынан жер телімдерін бөлу, сондай-ақ жеке меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына беру белгіленген тиісті заң тәртібімен Ақмола облысының Бас сәулетшісімен және Астана қаласының Бас сәулетшісімен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Астана қаласының Әкімі, Ақмола АЭА Әкімшілік кеңесінің төрағасы |
Б.Досмағамбетов |
Ескерту: Қосымшаны орыс мәтіннен қараңыз.
Оқығандар:
Икебаева А.Ж.
Омарбекова А.Т.