Салық салу объектiлерiнiң бiрыңғай есебiн жүргiзу және толық қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 2 қыркүйектегі № 778 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 30 қарашада № 64 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.02.2007 № 9 қаулысымен.

      Жергілікті бюджеттің табыс бөлігін толықтыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Салық салу объектілерінің бірыңғай есебін жүргізу және толық қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер мен департаменттер салық негізінің есебін 1998 жылдың 1 қазанынан бірыңғай есеп жургізуді белгілеу үшін осы Ережеге сәйкестендірсін және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Ізтаевқа жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

  Облыс әкімінің
  1998 жылғы 2 қыркүйектегі
  № 778 шешімімен бекітілген

Салық салу объектілерінің бірыңғай есебін жүргізу және толық қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі

Е Р Е Ж Е

      Мақсаты - жергілікті бюджеттің кіріс көзін толықтыру.

      Міндеті - Заңды және жеке тұлғаларға салық салудың бірыңғай есебін жүргізу және оның толық қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттер жұмысын өзара үйлестіру) механизмін жасау

НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР:

1 БӨЛІМ

      Заңды тұлғаларды, өкілдіктер мен бөлімшелерді жеке кәсіпкерлерді, оның ішінде шаруа қожалықтарын есепке алу туралы

      1.1. Заңды тұлғаларды, бөлімшелерді, өкілдіктерді есепке алу бойынша:

      - облыстық әділет, есептеу және талдау басқармалары мен салық комитеттері әр айдың 10-ына тіркелген, қайта тіркелген, таратылған заңды тұлғалардың, бөлімшелердің және өкілдіктердің аудандар мен айналысатын қызметі бойынша есебін жасасын;

      - облыстық есептеу және талдау басқармасына жасалатын статистикалық есеп жасауға арналған базаны алынған мәліметтерге сәйкестендірсін.

      1.2. Жеке кәсіпкерлерді, оның ішінде шаруа қожалығын есепке алу бойынша:

      - жеке кәсіпкерлерді, оның ішінде шаруа қожалықтарын тіркеу мен есепке алуды салық органдары жүргізеді;

      салық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттері әр айдың 10-на тіркелген, қайта тіркелген және таратылған шаруа қожалықтарын саны бойынша салыстыруды жүргізсін.

2 БӨЛІМ

      Жергілікті салық салу объектілерінің есебін жүргізу бойынша: (көлік, мүлік және жер салығы)

      2.1. Көлік құралдарына салынатын салық

      - мемлекеттік автоинспекция, салық комитеті әр айдың 10-на тіркеуден өткен заңды және жеке тұлғалар бойынша көлік құралдарының иесі, түрі, шығарылған жылы, сатып алынған жылы, құны туралы есебін жасасын;

      - автоколік инспекциясы әр айдың 10-на салық комитетіне жолаушылар және жүк тасымалдауға лицензия (рұқсат) алган адамдардың тұратын жері көрсетілген тізімін беріп тұрсын;

      - жол полициясы, салық комитеті ай сайын техникалық байқаудан өтпеген көліктерді анықтау үшін рейдтер (үй-үйді аралау) ұйымдастырсын;

      - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (техникалық саясат және сервиз бөлімі) әр айдың 10-на ауылшаруашылық техникалары бар заңды және жеке түлғалардың тізімін жергткті салық комитеттеріне беріп тұрсын;

      - аңшылар қоғамы жыл сайын 1-ші қаңтарға салық комитетіне қарамағында қайығы бар заңды және жеке тұлғалардың тізімін салық салу үшін беріп тұрсын.

      2.2. Мүлікке салынатын салық

      - жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық және салық комитеті, сәулет және құрылыс басқармасы, бау-бақшалық серіктестік басқармалары, жеке пәтер иелері кооперативі (КСК) және көше комитеттерінің есебі негізінде 1998 жылдың аяғына дейін заңды және жеке түлгалардың жылжымаіттн мүліктерін толық түгендеу жүргізсін және жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық салық комитеттерімен ор айдың 10-на жылжымайтын мүліктердің (саяжай, үй, гараж, жеке меншіктік құқығы бар пәтер) саны жөнінде өз ара есептеу жүргізсін;

      жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық әр ай сайын жылжымайтын мүліктер бойынша әр бір шаршы метр алаңның нарықтық құнын салық салу мақсатында анықтап отырсын;

      аудан, қала әкімдсрі жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық және оның бөлімдері арқылы 1999 жылдың аяғына дейін жеке мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуден толық өткізу жөніндегі іс-шаралары мен жұмыс кестесін жасап, оның орындалуы туралы әр айдың 10-на облыс әкімін хабардар етсін;

      - аудан, қала әкімдері, аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті және нотариалдық кеңсе әр айдың 10-на салық комитетіне заңды және жеке тұлғалардың арасындағы жылжымайтын мүліктерді сатып алу, беру жөніндегі сатушы мен мүлікті алушының толық реквизиті, мүліктің бағасы көрсетілген мәліметтерді беріп отырсын.

      2.3. Жер салығы

      - жер ресурстарын басқару комитеті әр тоқсанның 10-на салық комитетіне заңды және жеке тұлғаларға бөлінген жер туралы заңды және жеке тұлғаларға балл бонитеті, егер жер елді мекеннен алшақ орналасса, жергілікті атқару органымен жерді жекеге сату, жерді пайдалану құқығы, жерді жалға алғаны, уақыты төлеу формасы, жер бөлшегінің құны көрсетілген мәліметтер беріп отырсын.

      - жер ресурстарын басқару комитеті және салық комитеті әр айдың 10-на заңды жөне жеке тұлғаларға иелік ету мен пайдалануға берілген жер иесінің саны, жер учаскелерінің көлемі туралы салыстыру жүргізсін.

      Салық жеңілдігі берілуінің дұрыстығы туралы

      - халықты облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудан, қала әкімдері, әскери комисариат жылына 1 рет, 10 қаңтарға салық комитетіне салық жеңілдіктерін пайдаланатын Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері, "Халық каһарманы" атағын алған, Даңқ орденінің толық егесі, "Отан" ордені, көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Батыр ана" атағын алған, Отан соғысына қатысқандар және соларға теңестірілгендср және 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің тізімін берсін.

3 БӨЛІМ

      Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізу үшін қажетті негізгі көрсеткіштер мен есепке алу тәртібі

      - тоқсандық мониторинг өткізу кезінде 1-МП статистикалық есеп нысанының барлық негізгі көрсеткіштері мен түрлері бойынша көрсеткіштер басшылыққа алынсын;

      - ай сайынғы мониторингті аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық экономика, салық комитеттері, есептеу-талдау бөлімдері МП-1 статистикалық нысанының көрсеткіштері негізінде жүзеге асырады;

      - облыстық әділет басқармасы, облыстық статистика және талдау басқармасы, салық комитеті әр айдың 10-на тіркелген, қайта тіркелген және таратылған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санына салыстыру жүргізсін;

      - облыстық есептеу және талдау басқармасы 1998 жылдың 1 қазанына 1-МП көрсеткіштеріне сәйкес кіші кәсіпкерлік субъектілерінің толық есебін алуды іске асырсын;

      - облыстық салық комитеті әр айдың 3-не шағын кәсіпкерлікті қолдау департаментіне тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде шаруа қожалықтары қызметінің негізгі көрсеткіштері (еңбекпен айналысатындар саны, өндіріс көлемі, бюджетке төлемдері т.б.) туралы мәліметтер беріп отырсын;

      - мәліметтерді жинақтауды кіші кәсіпкерлікті қолдау департаменті қамтамасыз етсін.

      Облыстық салық комитеті жинақталған мәліметтерге сәйкес салық есептеу базасына дәлдік өзгерістер мен түзетулер енгізсін.

      Осы ереже облыс көлемінде міндетті түрде орындалуға жатады.

      Облыстық басқармалар, комитеттер, аудан, қала әкімдері 1998 жылдың 1 қазанынан бастап есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында есептеу барысын осы ережеге сәйкестендірсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады