"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыс әкімінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу және күші жойылды деп тану туралы" облыс әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы № 22 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін;
1- тармағы алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес облыс әкімдігі мен әкімінің кейбір кесімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ОБЛЫС ӘКІМІ | М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД |
Облыс әкімдігінің 1 ақпандағы 2007 жылғы № 9 қаулысына қосымша |
Облыс әкімдігі мен әкімінің күшін жойған кейбір кесімдерінің тізбесі
1. "Облыстың балық қорларын пайдалануды жақсарту шаралары туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі № 472 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 507 нөмірімен тіркелген).
2. "Салық салу объектілерінің бірыңғай есебін жүргізу және толық қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 2 қыркүйектегі № 778 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 2547 нөмірімен тіркелген).
3. "Облыс сауда мекемелері мен базарларда сатылатын ас тұзының сапасын бақылауды күшейту туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы № 108 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 7327 нөмірімен тіркелген, облыс әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы № 22 "Облыс әкімінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу және күші жойылды деп тану туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген).
4. "Облыстың азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын су тасқынына қарсы шараларға дайындау туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 149 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 7369 нөмірімен тіркелген).
5. "Байқоңыр қаласы бойынша тұрғын үй - коммуналдық қызметтердің нормативтерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 302 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 13066 нөмірімен тіркелген).
6. "Табиғатты қорғау іс шаралары тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 735 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінің Тізілімінде 18901 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда, "Сыр бойы" газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда жарияланған).