Облыстық бюджет қаражатынан қайтарымдық негiзiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне уақытша қаржылық көмек бөлу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 20 қарашадағы № 836 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 28 желтоқсанда № 70 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы N 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 16.08.2004 N 22 шешімімен

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды және дамуын жандандыруды күшейту жөніндегі шаралары туралы" жарлығын және 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі" Заңын орындау максатында және облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру, экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Қызылорда облысының бюджет каражатынан қайтарымдық негі.де шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылық көмек бөлу тәртібі жөніндегі ереже № 1 косымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Уақытша қаржылық көмек бөлу бойынша комиссия құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері аудандық және қалалық бюджет қаражаттарынан қайтарымдық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылық көмек көрсету тәртібі туралы ереже әзірлесін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е. Ізтаевқа жүктелсін.

      Әкім Б. САПАРБАЕВ

  Облыс әкімінің
  1998 жылғы 20 қарашадағы
  № 836 шешіміне 1 қосымша

Кызылорда облысының бюджеті қаражаттарынан қайтарымдық негізде шағын және орта кәсіпкершілік субъектірлеріне уақытша қаржылай көмек болу тәртібі жөніндегі кағида.

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.

      1.1. Бұл ереже Қызылорда облысының бюджетінен кәсіпкершілік субъектілеріне өте қатаң қайтарымдық негізде уақытша қаржылай көмек беру үшін олардың жобаларының қарау тәртібін сонымен қатар оны бөлу механизмдері мен шарттарын анықтайды. Ереже Казақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі" Казақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және оны дамытуды жандандыру шаралары туралы" Жарлығын орындау үшін әзірленген.

      1.2. Облыс бюджеті қаржыларынан шағын және орта кәсіпкершілікті қолдауға және оның дамуына қаралған уақытша қаржылай көмекті заңды тұлға деген статусы бар Кызылорда облысының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасында анықталған басымдылық және болашағы бар бағыттағы қызметпен айналысатын, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін кәсіпкершілік субъектілері және жеке кәсіпкер деген статусы бар жеке тұлғалар да ала алады.

      1.3. Қаржы Қызылорда облысының бюджетінен өте қатаң қайтарымдық негізде бөлінеді. Уақытша қаржылай көмек шағын кәсіпкершілік субъектілеріне бір миллион бес жүз мың теңгеге дейінгі, қаржының сақтандыру жарнасының қауыпты төлеуін қоспағанда, нөлдік ставкамен бөлінеді. Уакытша қаржылай көмектің ең ұзақ берілу мерзімі бір жарым жыл болып анықталған.

      1.4. Қаржы бөлу мәселесін дұрыс шешуде кәсіпкерлік субъектінің банк мекемелеріне несие қарызының, салық, зейнетақы және басқа заңда қаралған бюджетке төлемдерінің жоқтығы міндетті шарты болып есептеледі.

      1.5. Жоспарларды талдау жасау, қаржылай көмек беруге болатындығы туралы қорынды жасау, қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ипотекалық келісім шарт жасау, қаржылай көмек беру, оның мақсатты түрде пайдалауына және оның уақтылы қайтарылуына бақылауды шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті, бұнан әрі тексте "Департамент" жасайды.

      1.6. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылай көмек көрсету Департаментпен осы қағидаға сәйкес Департаменттің есеп шотынан жүргізіледі.

2. Қызылорда облысының бюджет қаржысынан кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша каржылай көмек бөлу комиссиясының жұмыс тәртібі.

      2.1. Кәсіпкерлік субъектілеріне Кызылорда облысы бюджетінен уақытша қаржылай көмек беруге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары бекіткен қаржылай көмек болу комиссиясының шешімі негіз болады. Комиссия өз жұмысында қолданылып жүрген заңдарды, Президенттің Жарлықтарын, Қазақстан үкіметінің қаулыларын, Қызылорда облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы қағиданы басшылыққа алады. Кәсіпкерлік субъектілеріне Кызылорда облысы бюджеті қаражатынан уақытша қаржылай көмек бөлу жөніндегі материалдарды қарау барысында комиссия қоғамдық өндірістің нәтижиесінің өсуіне, жеке экономикалық сектордың нығанына, жұмыс орның көбеюіне баса мүмкіндік туғызады.

      2.2. Кәсіпкерлікті қолдаудың белсенділігін арттыру және дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру комиссия жұмысының мақсаты болады, сонымен негізгі алынатын принциптері болып:

      - қаржылай көмектің мақсаттының бөлінуі.

      - бөлінген қаржының нақты қайтару мерзімін белгілеу.

      - Салық инспекциясының белгісімен соңғы екі жылғы мекеменің балансы.

      - Койылған талаптарға сай бизнес-жоспар.

      - Несие алатын адамның несие қарызы және ақша қаражаты туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.

      - Салық инспекциясының бюджет алдында қарызы жоқтығы туралы анықтамасы.

      - Салық қызметінің салық төлеушінің тіркелуін растауы.

      - Соңғы 2 жылғы қаржы және бухгалтерлік құжаттар. Балансы болмаған жағдайда (шаруа жеке шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) кіріс және шығыс туралы декларациясын ұсынуы қажет.

      -Тұрақты жер пайдалануға құқығы жөніндегі мемлекеттік акт.

      - Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау акті.

      - Козғалмайтын мүлік объектілерін бағалау актісі.

      - Шаруа жеке шаруа қожалығының жер салығын төленгенін растайтын қүжат.

      - Кепілге берілген мүлікті қамтамасыз ету құжаттары.

      - Кепілге берілген мүліктерді енгізуге келісім туралы ұжымның жиналысының хаттамасы.

      Жеке кәсіпкерлерге.

      - Патент немесе куәлік (салық инспекциясы).

      - Бизнес-жоспар экономикалық техникалық дәлелдеуімен.

      - Тұратын жерінен анықтама.

      - Несие алатын адамның несие қарызы және ақша қаражаты туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.

      - Салық инспекциясының бюджет алдында қарызы жоқтығы жөніндегі анықтамасы.

      - каржылай көмектің кепілдік мүліктермен қамсыздандырылуы табылады.

      2.3. Комиссия мәжілісі қажеті бойынша өткізіледі, айына бір рет-тен кем болмайды.

      2.4. Комиссияның шешімі ашық дауысқа салынып, мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

      2.5. Департаменттің басымдық жобалардың іріктеу қорытындысы бойынша комиссия өз мәжілісінде уақытша қаржылай көмек беру туралы дайындалған құжаттарды қарайды. Жобаға басымдылық баға берген жағдайда комиссия міндетті түрде қайтару негізінде уақытша қаржылай көмек беру туралы хаттама бойынша шешім қабылдайды, егер жобаның ауытқушылығы жағдайында дәлелді шешім қабылданады.

      2.6. Уақытша қаржылай көмек еңбек ақы төлеуге бюджет, бюджеттен тыс қорлардың барлық қарыздарды өтеуге пайдаланбайды.

      2.7. Комиссия шешіміне сәйкес департамент кәсіпкерлік субъектімен қайтарымдық негізде уақытша қаржылай көмек көрсету жөнінле,алдын ала қамсыздандыру компаниясында қаржылай қауыпты қаржылай көмектің мөлшерінде қамсыздандырып алып, келісім шарт жасайды.

      2.8. Департамент комиссияның хаттамасына қол қойылғаннан кейін 3 күн ішінде уақытша қаржылай көмекті қарыз алушының есеп шотына аударып береді.

3. Уақытша қаржылай көмек сұраушы кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын негізгі талаптар.

      Уақытша қаржылай көмек алу үшін кәсіпкерлік субъектілер кіші кәсіпкерлікті қолдау департаментіне төмендегі құжаттарды дайындайды.

      Заңды тұлғалар:

      а) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәланлырылған көшірме).

      б) Жарғы (нотариалды куәландырылған көшірме).

      в) Құрылтайшьыык келісім -шарт (құрылтайшылар 2 және одан көп жағдайда -нотариалды куәландырылған көшірме ).

      Статистикалық карточка.

      -Салық қызметінің салық төлеушінің тіркелуін растауы(РНН).

      -Тұрақты жер пайдалануға құқығы жөнінде мемлекеттік акт, жер учаскесі болған жағдайда жер учаскесінің бағалық құнын анықтау актісі.

      -Кепілдікке берілген мүлікті қамтамасыз ету құжаттары. Меншік құқығын растайтын қүжаттар.

      -Техникалық құжаттар.

      *Несие алушы (заемщик) тұрғын үйін немесе пәтерін кепілге өткізгенде өз жанұясы мүшелерінің нотариус бекіткен келісімін тапсыруы тиіс*. Аудан(қала) әкімінің кіші кәсіпкерлік субъектілерге уақытша қаржылай көмек бөлу туралы өтініші. Кей жайғайдайларда комиссия уақытша қаржылай көмек көрсетуді аудан (қала) әкімдерінің қсынысысыз-ақ шеше алады.

      3.2. Кепілге берудің(залог) шарты заңдылыққа сай белгіленген тәртіппен жасалады. Кепілдік муліктің құнын анықтағанда бағалық құны қозғалмайтын мүлікті бағалау Актісінде көрсетілген құнның нарықтың бағасының 50 процентінен аспауы керек, ал өтімділігі жоғары кепілдік мүлік болған айрықша жағдайда комиссия шешімімен 70 процентіне дейін болуы мүмкін.Кепілдікке қабылданатын мүлік сақтандыру компаниясында сақтандырылуы тиіс. Кепілдік мүлік табиғи апат нәтижесінде бүлінген не жойылған жағдайда кепілдік мүлік құнының орнын толтыру жауапкершілігін сақтандыру компаниясы алады.

      3.3. Департамент несие алушының өтем қабылетін анықтау максатында:

      - кірістері және шығыстары жайлы тұжырым (заключение) жасайды.

      - Несиенің нақты пайдалану мерзімін анықтайды.

      - Басқа да тұжырымдар жасайды және кепілдік мүліктің сараптық бағасын береді.

      3.4. Несие қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда немесе шарттағы ескертілген басқа да шартты бұзушылық жағдайында, департаменттің кәсіпкерлік субъектінен бөлінген қаржыны мерзімінен бұрын қайтару жайлъі мәселе қоюға, заң талаптарына сай тұрғыда мүліктік түрде шаралар қолдануға құқығы бар.

      3.5. Несие алушының нақты мүмкіндіктеріне қарай шартта несиенің тоқсан сайын өтелуінің ескертілуі мүмкін.

      3.6. Уақытша қаржылай көмектің қайтарымдылығын камтамасыз ету үшін департамент сақтандыру компаниясымен басты келісім-шартқа отырады. Уақытша каржылық көмек бөлу жайлы комиссияның хаттамалық шешімі кабылданғаннан кейін департамент сақтандыру компаниясымен қаржылық тәуекелді сақтандыру жөнінде шартқа отырады. Аталған шарт сақтандыру компаниясы департамент пайдасына сақтандыру полисін берген күннен күшіне енеді.

      3.7. Қаржыландыру жайлы шартта көрсетілген мерзімі біткен соң несие алушы шарттың тәртібіне сәйкес бөлінген сома қайтарады.

      3.8. Қаржы қайтарылмаған жағдайда департамент сақтандыру компаниясының есеп шотынан осы қаржыны шығарып және оған кепілдіктегі мүліктерден өзінің шығынын өтеу құқығын береді. (қаржы тәуекелін сақтандыру шартқа сай).

4. Каржылай көмектін мақсатты пайдаланылуына және оларды уақытылы өтеуге бақылау жасау.

      4.1. Кәсіпкерге уақытша берілген қаржылай көмек беру жайлы құжаттар пакеті кіші кәсіпкерлікті қолдау департаментінде катаң есептегі бланкілерді сақтау ережесіне сай сақталады.

      4.2. Кіші кәсіпкерлік субъектілердің қаржыларды қолданыстағы заңдарға сәйкес мақсатты пайдалануына бақылауды департамент және облыстық қазынашылық басқармасы жүзеге асырады.

      4.3. Облыстық қаржы басқармасы кіші кәсіпкерлік объектілеріне қаржылай көмек жасауға бөлінген қаржыларды департаменттің өз мақсатына бағыттауын бақылау жасайды.

      4.4 Департамент бюджеттік қаржылардың уақытылы қайтарылуын облыстық қаржы басқармасы мен департамент арасындағы шартқа сай қамтамасыз етеді.

5. Есеп беру.

      5.1. Бөлінген қаржыларды пайдаланып жүрген кәсіпкерлік субъектілері әр айдың 5-не дейін ай сайын департаментке қаржылардың пайдалануы жөнінде және қаржылық нәтижелер жайлы департаментке есеп береді.

      5.2. Департамент ай сайын келесі айдың 8-нен кешіктірмей шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыны пайдалану және жүмыс нәтижелері жайлы есептерін Қызылорда облысы әкіміне, облыстық қаржы органына тапсырады.

  1998 жылғы 20 қарашадағы
  № 836 облыс әкімінің
  шешіміне № 2 қосымша

Шағын кәсіпкерлер субъектілеріне қайтарымдық негізде уақытша қаржы бөлу жөніндегі комиссия құрамы

      1. С. Нұргисаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

      2. Е. Ізтаев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

      3. Т. Сүлейменов - шағын кәсіпкерлікті колдау департаментінің бастығы, комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелері:

      4. К. Әжібеков - облыстық қаржы басқармасының бастығы

      5. Б. Шаменова - экономика басқармасының бастығы

      6. Б. Ақжігіт - Кызылорда облысы бойынша салық комитеті бастығының орынбасары

      7. К. Әбдіхалықұлы - облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті бастығының орынбасары

      8. Д. Салетдинова - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы бастығынын орынбасары

      9. Ж. Бектібаев – облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары

      10. А. Жұмабаев - облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады