Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында, кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Науырзым аудандық мәслихатының Науырзым ауданы әкiмiнiң, Докучаев
ауылы тұрғындарының ұсыныстарын және облыстың ономастикалық комиссиясының
Докучаев ауылын Қармендi ауылы деп атау туралы қорытындысын қарап,
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының
11-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкiмi
шештім:
Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаев ауылы Қарамендi ауылы
деп аталсын.
(Мәселе Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Ономастикалық
комиссиямен келiсiлген).
Сессия төрағасы Қостанай облысының әкiмi
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы