Ертiс өзенi қойнауы жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық Мәслихатының шешімі (ХХІІ сессия, 1 шақырылым) 1998 жылғы 18 желтоқсандағы Павлодар облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 11 наурызда N 115 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 107/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2008.06.20 N 107/6 шешімімен.

      Ертiс өзенi қойнауының бiрегей экологиялық жүйесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау, оны үнемдi пайдалану, облыста экологиялық хал-ахуалды сауықтыру және "Облыстағы экологиялық хал-ахуал және Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы осы проблемалардың шешiлу жолдары туралы". Павлодар облыстық және қалалық мәслихаттардың 1998 жылғы 27 наурыздағы ХІХ сессиясының бiрлескен шешiмiнiң орындау мақсатымен, облыстық мәслихат шешті:
      1. Ертiс өзенi қойнауы туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Жергiлiктi маңызы зор ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесiн беру мақсатымен, облыстық экология басқармасының бастығы Ертiс өзенi қойнауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың техникалық-экономикалық негiздемесi жобасының жасалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қала, аудан және селолық округтер әкiмдерiне, облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне, жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станцияға және облыстық экология басқармасына Ертiс өзенi қойнауы туралы Ереженiң орындалуын қамтамасыз ету мiндеттелсiн.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың экология мәселесi жөнiндегi тұрақты комиссиясына (В.Степура) жүктелсiн.
Облыстық Мәслихаттың ХХII сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
облыстық Мәслихаттың ХХII сессиясының шешiмiне N 1 қосымша
 
 
                   Ертiс өзенi қойнауы туралы Ереже
 
      1. Жалпы ереже
      Өсiмдiктер дүниесi және жануарлар әлемi байлығымен, жер бетiнiң көрiнiсiмен ерекшеленетiн жалпы көлемi 375 мың гектар Ертiс өзенiнiң қойнауы бiрегей табиғи кешен болып есептеледi. Оның су жайылатын шабындық жерi облыстың мал шаруашылығының негiзгi азықтық базасы. Аймақтың тұрақты дамуы үшiн тiршiлiк қажетiнiң қайнар көзiнiң кепiлдемесi - бұл қойнау пәрмендi әлеуметтiк фактор болып саналады және бiрыңғай экологиялық жүйенi құрастырады, сондықтан оның табиғи тепе-теңдiгiн, бұл тiрi организмнiң бiрлесiп әрекет ету механизмiн бұзу күтпеген жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкiн. Шаруашылық мақсатында оны жүйесiз пайдаланудан қойнау кешенiнiң биологиялық өнiмдiлiгi күрт төмендейдi, өсiмдiктердiң бағалы түрлерi, ормандар жойылады, көптеген учаскелердi талдар мен бұтақтар басады, жер қыртысының құнарлылығы кемидi.
      Ертiс өзенiнiң қойнауы ерекше мемлекеттiк қорғауды қажет етедi. 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заң проблемаларды шешiп, Ертiс өзенi қойнауына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесiн бередi.
      Ертiс өзенi қойнауында қалыптасқан жағдай шаруашылық қызмет тәртiбi туралы ереженi бекiте отырып, оны пайдаланудың ережесiн белгiлеудi қажет етедi.
      Осы Ереженiң мақсаты қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн шектеу немесе тыйым салу жолымен, табиғатқа бұза-жара араласуды, оны ұқыпсыз пайдалануды шектеу және оның экологиялық объектiлерiн көркейту және қалыпқа келтiру шараларын жүргiзу арқылы Ертiс өзенi қойнауын шаруашылық мақсаттарға пайдаланудың ережелерiн сақтау болып табылады.
      2. Ертiс өзенi қойнауына суды босатудың ретi
      Өзен алқабындағы көктемгi су тасқыны және "Жоғарғы-Ертiс су қоймаларынан су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесiне" сәйкес ЖоғарғыЕртiс гидроторабтардан арнайы суды босату Ертiс өзенi қойнауының табиғатты құрау факторлары болып есептеледi.
      Ертiс бассейнi су шаруашылығы бiрлестiгi және оның Павлодар аумақтық басқармасы Павлодар облыстық гидрометеорология орталығымен және ауыл шаруашылығы департаментiмен бiрлесе отырып, табиғатты қорғау үшiн Ертiс өзенi қойнауына арнайы суды босатумен қамтамасыз етедi және оған бақылау жүргiзедi.
      Ертiс бассейнi су шаруашылығы бiрлестiгiнiң Павлодарлық басқармасы су тасқыны басталғанша Ертiс өзенi алабындағы су ағымын болжап, хабарлама мен мәлiметтерге анализ жасайды және су тасқыны кезiнде Ертiс өзенiндегi су жiберу ретi туралы ұсыныс жасайды. Табиғи аумақтың қойнауына судың жайылуына бақылау жасап отырады.
      Қойнауға суды босату жөнiндегi шараларды жүргiзу үшiн Ертiс су шаруашылығы бiрлестiгiнiң Павлодарлық басқармасының сметасына сәйкес су ресурсы комитетi қажеттi қаржыны бөледi.
      3. Қойнауда өртті болдырмау
      Өрт қойнауға, оның өсiмдiктер дүниесiне, жануарлар әлемiне, жердiң құнарлы қыртысына үлкен зиян келтiредi. Қазiргi кезде қауiптi жағдай туғызып отырған қойнаудағы жердiң өртелуi шаруашылықтағы жауапсыздықтың куәсi. Қойнаудағы болған әрбiр өрт жағдайы кiнәлi адамдарды жауапқа тарта отырып, тексерiлуi тиiс.
      Аудан және селолық округтердiң әкiмдерi, өрт сөндiру қызметi және олардың жер-жердегi органдары;
      орман, балық және аң шаруашылығының облыстық басқармалары;
      облыстық экология басқармасы;
      облыс бойынша жер ресурстарын басқару комитетi қойнауды өрттен қорғауды қамтамасыз етедi.
      Ертiс өзенi қойнауында болған әрбiр өрт жағдайы өрт инспекциясының аумақтық органдарында, аудандық, селолық округтерi әкiмшiлiктерiнде, облыстық экология басқармасында, орман, балық және аң шаруашылығы басқармаларында тiркеуге алынып, актiлер салынуы қажет.
      Қардың еру және өзеннiң жайылуы кезiнде олар қойнаудың барлық аумағында жыл сайын тексерулер жүргiзедi, жердi пайдалану жоспары бойынша барлық өртенген учаскелер есепке алынады, актiлер салынады.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет әрбiр аудан, селолық округтер бойынша әрбiр жер иегерлерiне (жердi иеленушiге) тиесiлi шекаралары белгiленген карталармен қамтамасыз етедi. Бұл құжаттар жер иегерлерiн (жердi пайдаланушыны) жерден айыру немесе оған жердiң бiр бөлiгiн немесе толық бiр учаскесiн пайдалануға беру, немесе кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелердi қарастыруға негiз болады.
      Жер иегерлерi, жердi пайдаланушылар күзеттi және патрульдiк қызметтi күшейту арқылы жердiң өртенуiн болдырмаудың алдын алады. Iшкi iстер басқармасының органдары бұл iсте белсендi көмек көрсетедi. Қар еру мен өзеннiң суы жайылу кезiнде облыстың жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет пен облыстық экология басқармасының рұқсатынсыз қойнауға баруға тыйым салынады.
      4. Шөп шабу айналымы ұдайы өндiрiстi қамтамасыз ететiн және азық ресурсының сапасын жоғарылататын маңызды агротехникалық әдiс болып саналады. Қойнау учаскелерiнiң барлық жердi пайдаланушылары тұқым үшiн жалдарды қалдыра отырып шөп шабу айналымының тәртiбiн қамтамасыз етуi қажет. Жаңа агроқұрылымдар (өндiрiстiк кооперативтер, шаруа қожалықтары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) қойнаудағы шөп шабу айналымының жаңа сызбаларын өз қаражаты есебiнен сұраныс жасатып дайындайды.
      Бұл жұмыстың жағдайына "Павлодар НПЦзем" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорны бақылау және мерзiмiнде хабарлама жасайды. Шөп шабу айналымындағы тәртiп бұзушылығы қойнаудың жерiн тиiмдi пайдаланылмаған деп, қаралып, жердi пайдаланушылар жерден айырылу мүмкiндiгiне дейiн барады.
      5. Ертiс өзенi қойнауында:
      - жердi жыртуға және басқа да бұзушылық жасауға тыйым салынады. Қойнаудың жыртылған барлық жерiне ғылыми және жоба жасау мекемелерiнiң тиiстi жобалары бойынша көгалдандыру мақсатымен қажеттi мәдени-техникалық жұмыстар жүргiзiлуi тиiс. Жыртылған жердiң шығынын жердi пайдаланушылар көтередi.
      - 2001 жылдан бастап, малдардың барлық түрлерiн жаюға тыйым салынады.
      - 1998 жылғы 13 тамыздағы "Ертiс өзенi қойнауында малдың бетiмен жайылуына тыйым салу туралы" облыс әкiмi шешiмiнiң шарты бойынша, селолық округтерге жалпы пайдалануға берiлген жерлерде 2001 жылға дейiн малды жаю тәртiбi енгiзiледi.
      - су ағымдарын, кiшiгiрiм өзендерге арнайы жобалау - зерттеу жұмыстары жүргiзiлмей тосқауыл, бөгет қоюға, сонымен қатар кiшiгiрiм өзен, көл суларын суғарымға пайдалануға тыйым салынады.
      - Өзеннен кемiнде 1 км-ге дейiн қойнау шекарасында қоқыстарды, көң үйiндiлерiн, минералды тыңайтқыштарды, гербицидтердi және басқа улы химикаттарды жинауға тыйым салынады. Бар үйiндiлер, складтар және фермалар жойылуы тиiс;
      - облыстық экология басқармасының мамандарымен келiсiлген препараттардан басқа улы заттарды пайдалануға;
      - өз еркiмен ағаштарды кесуге;
      - белгiленген жолдар мен су қатынасы жолдарынан басқа жерлерде механикаландырылған көлiктiң жүруiне;
      - шабындық жерлерде және суды қорғау зоналарында автомобильдерiн жууға;
      - қатпаған жер бетiнде шөптi, ағашты және басқа құралдарды сүйретуге;
      - арнайы жобалау мекемелерiнiң жобасынсыз жердi қайта өңдеуге;
      - түрлерi, мерзiмдерi, енгiзу әдiстерi бойынша ғылыми негiзделген ұсыныстардың тәртiбiн сақтамай минералдық тыңайтқыштарды шашуға тыйым салынады.
      6. Суды қорғау аймақтары мен белдеулерiн бекiту жөнiндегi шаралар 1995 жылғы 27 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен беделдерi туралы" N-102 Ережеге орай белгiленедi.
      7. Облыстық экология басқармасымен, облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетпен, орман, балық, және аң шаруашылықтарының облыстық басқармаларымен, Ертiс бассейнi су шаруашылығы бiрлестiгiнiң су ресурстарын қорғау жөнiндегi инспекциясымен, санитариялық-эпидемиологиялық қызметiмен келiсiлiп отырып жүргiзiлетiн шаралар:
      - мәдени техникалық, мелиоративтiк жұмыстар жүргiзу, экологиялық сараптаудан өткен жобалар бойынша батпақты алқаптарды кептiру және тазалау;
      - iздену жұмыстарын жүргiзу және пайдалы кен көздерiн игеру;
      - қойнау аумағын орман, құм, және басқа материалдарды түсiру үшiн пайдалану. Бұл мақсаттар үшiн жердi бөлiп беру қайта өңделген жерлерге ғана рұқсат берiледi;
      - су қоры объектiлерiнде тереңдетiп қазу және де тасты құмды су астынан шығару жұмыстарын жүргiзу;
      - қойнау аумағын рекреациялық мақсатта тұрғындардың пайдалануы;
      - қойнау аумағын құрылыс жұмыстарын жүргiзуге беру, соның iшiнде демалыс үйлерi, балалар лагерлерiне беру;
      - көл, кiшiгiрiм өзен жағалауларында қамыс шөптi шабу.
      8. Шабындық жер иегерлерi өсiмдiк, ағаш ауруларына, зиянды жәндiктерге қарсы күрес жүргiзу мақсатымен қажеттi шаралар ұйымдастырады, төмпешiктi, бұталы жерлерде азық өнiмдiлiгiн жақсарту үшiн қажеттi мәдени-техникалық жұмыстар жүргiзедi, мемлекетпен қорғалатын аумақтар мен табиғи объектiлер орналасқан қойнау жерлерде табиғатты қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.
      9. Қойнаудың биологиялық заңдарын тереңдете зерттеу мақсатымен қойнауды зерттейтiн барлық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзетiн және жобалау мекемелерi бiрыңғай жоспармен жұмыс iстейдi. Облыстық экология басқармасымен келiсiле отырып, қойнау ресурстарын өнiмдi пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасайтын облыстық ауыл шаруашылығы департаментi үйлестiру жұмысымен айналысады. 10. Осы Ереженi орындауға байланысты қаржыландыру жұмысы шабындық жер иегерлерi жүргiзедi, сонымен қатар бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 11. Осы Ереженi бұзу жауапкершiлiгi iс жүзiндегi заңдылықтарға сәйкес жүргiзiледi. орын. А.Татарков
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады