Алматы қаласында басқа жақтан келген азаматтарды тiркеу жөнiндегi Ереже туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмi 1998 жылғы 18 наурыздағы N 208. Алматы қалалық Әділет басқармасында 1998 жылғы 06 сәуірде N 11 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылғы 09 қыркүйектегі N 2/214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 2001.09.27. N 2/214 қаулысымен.

      Халықтың көшi-қон есебiн жүргiзу, Алматы қаласына басқа жақтан келген азаматтарды ретке келтiру, әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық процестердi реттеу, заңды және қоғамдық тәртiптi нығайту мақсатында, Алматы каласының Әкiмi шешiм кабылдады:

      1. Алматы қаласында басқа жақтан келген азаматтарды тiркеу жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Алматы қалалық IIББ бастығы Қ.Н.Қасымов iшкi iстер органдарының бақылау-жiберу тiректерiнiң жұмысында Алматы қаласында басқа жақтан келген азаматтарды тiркеу жөнiндегi Ереженi қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiне (Ж.Қ.Сатаев) жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi         В.Храпунов

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 18 наурыздағы N 208
шешiмiне қосымша

Алматы қаласында басқа жақтан
келген азаматтарды тiркеу туралы
Е Р Е Ж Е

      Осы Ереже сырттан келген азаматтарды тiркеу және тiркеу есебiнен алып тастау тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алматы қаласының мәртебесi және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығын, көшi-қон есебiн жүргiзудi, әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық процестердi, Алматы қаласының аумағында заңдылықты және қоғамдық тәртiптi нығайтуды жүзеге асыруға жәрдемдесуге жұмылдылырған.
      1. Алматы қаласына әуе, темiр жол және автомобиль көлiгiмен келген азаматтар ауежайындағы, "Алматы-1", "Алматы-2" темiр жол станцияларының вокзалында, "Сайран", "Саяхат" автовокзалдарындағы iшкi iстер органдарының бақылау-жiберу тiректерiнде және қалаға кiрерде тiркелуге мiндеттi.
      2. Осы Ережеге сәйкес мыналар тiркелуге жатады:
      - Алматы қаласының аумағынан тысқары тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматығы жоқ адамдар.
      3. Тiркеуден мыналар босатылады:
      - Алматы қаласына Бiрiккен Ұлттар Ұйымының берген паспорты бойынша келген шет ел азаматтары;
      - сапармен жүрген шет ел туристерi.
      4. Бақылау-жiберу тiректерiндегi азаматтарды тiркеу Алматы қаласының IIБ iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе куәлiгi немесе iшкi iстер органдарының берген 9-үлгiдегi анықтамасы, сондай-ақ әскери қызметкерлердiң жеке куәлiгi, 16 жасқа толмаған балалардың тууы туралы куәлiгi және белгiленген нұсқадағы тiркеу парақшаларын толтыру арқылы жүргiзедi.
      5. Азаматтарды тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      - азаматтарды бақылау-жiберу тiректерiне жолдау;
      - тiркеу парағын 2-данада толтыру;
      - азаматтың куәлiгiн куәландыратын құжаттарды тексеру;
      - азаматтың өзiн куәлiк құжатымен салыстыру;
      - тiркеу парағының мәлiметiн тiркелушiнiң құжатымен салыстыру;
      - тiркелушiнiң жүгi мен қол жүгiнiң жиынтығын техникалық құралдар көмегiмен Алматы қаласының аумағына оқдәрi, жарылғыш, радиоактивтi, есiрткi, улағыш және басқа кауiптi заттар мен нәрселердiң заңсыз әкелiнiлуiн болдырмау үшiн тексеру;
      - станционарлық ауыр заттарды iздестiруден өткiзу;
      - тiркеуден өткенi туралы парақшаға белгi қою.
      6. Тiркелген азаматтардың жүгi мен қол жүгiн немесе станционарлық ауыр заттарды iздестiруден тексеру кезiнде заңмен алып жүруге, сақтауға, пайдалануға және өзiнде болуға тыйым салынған заттарды немесе нәрселердi алған жағдайда бақылау жiберу тiректерiнiң өкiлеттi қызметкерлерi олардың қауiптiлiгiне байланысты тiркеуге жiберу туралы немесе азаматты тиiстi материалымен iшкi iстер органына оның қолданыстағы заңдарға сәйкес жауапкершiлiк мәселесiн қарау үшiн шешiм қабылдайды.

      Алқа хатшысы                 К.Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады