1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Z934100_ Қазақстан Республикасы Заңының 40, 41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Z980258_ Заңының 3 бабына сәйкес І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Алматы қаласының аумағында құрылыс салу тәртібі бекітілсін, беріліп отыр.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсін (Костин Ю.В.).
І сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХХІ сессиясының төрағасы
І сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
І сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 18 қыркүйек
жиырма бірінші сессиясының
шешіміне қосымша
Алматы қаласының қалақұрылысы
Ережелері
Алматы қаласының қалақұрылысы ережелері Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-ХІІ "Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы" және 1998 жылғы 1 шілдедегі N 258-1-ЗРК Z980258_ "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңдарының негізінде әзірленді.
І Бөлім. Жалпы ережелер
1. Қалақұрылысы ережелерінде қолданылатын негізгі ұғымдар
Қалақұрылысы жылжымайтын мүлік объектілері (әріректе - жылжымайтын объектілері) - қалақұрылысы қызметі тұрғысында іске асырылатын объектілер: осы объектілер орналасатын үйлер, ғимараттар және жер учаскелері;
инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар - инженерлік жабдықтау, байланыс, көлік құрылыстары мен коммуникациялары кешені, сондай-ақ, қала және қала маңы аймақтарын тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, тұрғындарды әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері кешені;
құрылыс нормалары мен ережелері - қалақұрылысы қызметін іске асыру кезінде міндетті түрде орындалуы тиіс нормативті-техникалық құжаттар;
қалақұрылысы регламенті - Алматы қаласында жер учаскелері мен өзге жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану түрлері мен құрылыс салу параметрлері бекітілген ережелерінің жиынтығы, сондай-ақ, әрбір аймақ шегінде қалақұрылысы қызметін іске асыруда жылжымайтын мүлік объектілерінде болатын өзгертулер жиынтығы;
қалақұрылысында жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік объектілеріне рұқсат берілген пайдалану - жылжымайтын мүлік объектілерін қалақұрылыстық регламентке сәйкес пайдалану; бекітілген заңға сәйкес аталған объектілерді пайдалануын шектеу, сондай-ақ, сервитуттар;
шартты шекара (қызыл сызық - Алматы қаласында орамдарды, ықшамаудандар мен жоспарлау құрылымының өзге элементтері аумақтарын көшелерден, жолдар мен алаңдардан бөлетін шекаралар);
құрылыс салуды реттеу сызықтары - үйлер, ғимараттар, құрылыстарды орналастыруда шартты шекараларынан кейін шегініс жасайтын құрылыс салу шекаралары.
2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер
учаскелерін пайдалануына қалақұрылыстық
талаптардың сақталуын қамтамасыз ету
Қалақұрылысы қызметі іске асыру кезінде жер учаскелерінің меншік
иелері, пайдаланушылар және жалға алушылар болып табылатын азаматтар
мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін пайдалануы құрылыс салу
ережелерінде қарастырылған қалақұрылыстық регламенттерге, сондай-ақ,
жоспарлау жобаларында бекітілген шартты шекаралардың сақталуына сәйкес,
жылжымайтын объектілердің рұқсат берілген пайдалану бойынша жүргізіледі.
3. Қала аумағында құрылыс салуды іске асыру
кезінде азаматтармен заңды тұлғалардың
міндеттері
Азаматтар мен заңды тұлғалар міндетті:
- тіршілік әрекеті ортасын қорғауға;
- қалақұрылысы қызметін қалақұрылыстық құжаттамаларға, құрылыс
салу ережелеріне сәйкес іске асыруға;
- қоршаған табиғат ортасына, тарих және мәдениет ескерткіштеріне, табиғат ескерткіштеріне, қалалық, ауылдық және табиғат ландшафттары, инженерлік, көліктік инфрақұрылымдар және аумақтарды көріктендіруге, үшінші жақтың заңды мүдделерін қозғайтын меншік құқығына, иелік етуге, жалгерге немесе жер учаскесін пайдаланудың және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері құқығына кедергі келтіретін зиянды әсерін тигізетін әрекеттер жасамауға;
- жер учаскелеріндегі үйлер, ғимараттар мен құрылыстардың және жылжымайтын мүліктің өзге объектілерін және жер учаскелерін көріктендіруді тиісті мақсатына қарай қалақұрылыстық және жобалау құжаттамаларына, қалақұрылыстық және жобалау құжаттамаларына, қалақұрылыстық нормативтер мен ережелерге, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге арнайы нормативтерге сәйкес жұмыстар жүргізуге;
- қалақұрылысы саласында бақылау жасауды іске асыратын мемлекеттік органдардың ұйғарымдарын орындауға;
- қалақұрылысы саласында бақылау жасайтын өздерінің өкілеттілігін іске асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына көмек көрсету;
- жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық түгендеуді іске асыратын ұйымдарға, қалақұрылысы қызметінде объектілер мониторингі және мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгеруі туралы нақты мәліметтер беру;
- қалақұрылысы және жобалау құжаттамаларын, сондай-ақ, құрылысқа арналған кешенді іздестіру материалдарының бір данасын архитектура және қалақұрылысы департаментіне тегін беруге.
4. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры және
қалақұрылысы қызметі объектілерінің
мониторингінің мақсаты
1. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры - қалақұрылысы қызметін іске асыру үшін қажетті, соның ішінде жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгеруін іске асыруға арналған мемлекеттік ақпараттық мәліметтер жүйесі.
2. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры мәліметтер мемлекеттік, жасырын және коммерциялық құпия мәліметтерді қоспағанда, жалпыға пайдалану мүмкіндігі бар және Қазақстан Республикасындағы ақпараттық процестер, ақпараттандыру және ақпарат қорғау саласындағы заңмен анықталған тәртіпте беріледі.
3. Қала аумағында құрылыс салу мониторингі - тіршілік әрекеті жағдайын зерттеу арқылы ортақ тәсілмен жүргізілетін қалақұрылысы қызметі объектілерінің өзгерулері мен жағдайларына бақылау жасау жүйесі.
Қалақұрылысы қызметі объектілері мониторингінің мәліметтері Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрына енгізіледі.
ІІ Бөлім. Қала аумағында құрылыс салуды реттеу
5. Қаладағы жер учаскелерін пайдаланудың
қалақұрылыстық талаптары
1. Құрылыс салу үшін жер учаскелерін пайдаланудың қалақұрылыстық талаптары қаланың бас жоспары, жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, сондай-ақ функционалды-қалақұрылысы аймақтау жоспары және құрылыс салу ережелерін есепке алып белгіленеді.
2. Объектілердің құрылысына, осы жер учаскелеріне меншік құқығы немесе жер пайдалануға мүдделі азаматтар мен заңды тұлғалар қала әкіміне өтініш жасайды.
Өтініште объект құрылысының функционалды-мақсатты бағыты, жер учаскесінің орналасқан жері және оның болжамды мөлшері көрсетілуі керек.
3. Алматы қаласының архитектура және қалақұрылысы Департаменті қала әкімінің тапсырмасы бойынша объект құрылысы үшін сұратылып отырған жер учаскесінің қаланы дамытудың бас жоспарына және басқа қалақұрылыстық құжаттамаларға сәйкес пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
4. Сұратылған мақсаттағы объект құрылысы үшін жер учаскесін беру мүмкіндігі болмаған жағдайда архитектура және қалақұрылысы Департаменті бас тартудың себептері мен негіздері көрсетілген қала әкімінің шешімін дайындайды.
5. Объект құрылысы үшін сұратылған жер учаскесі берілген жағдайда архитектура және қалақұрылысы Департаменті құрылыс объектісіне негізді- рұқсат беру құжаттамасын дайындайды, онда:
- жер учаскелерінің орналасқан жері;
- жоспарлау жобалары және аумақтарда құрылыс салу жобаларына сәйкес жер учаскесі шекарасының жобалары;
- жер учаскесінің рұқсат етілген функционалды-мақсатты пайдалануы;
- жер учаскелерін инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету көрсетіледі.
6. "Алматықалакадастр" КМК тапсырысшымен (құрылыс салушы) келісім бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, салу және қайта жаңғырту үшін жер учаскелерін таңдау туралы негізді-рұқсат беретін құжаттама пакетін дайындайды.
7. Келісілген және бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде қала әкімі жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (жалға беру) құқығын беру жөнінде шешім қабылдайды.
8. Қала әкімі жер учаскелерін беру кезінде қаланың келешекте дамуын есепке алып, оларды пайдалануға қосымша талаптар белгілейді.
9. Қалада жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер туралы заңына және қала аумағында құрылыс салу ережелеріне сәйкес іске асырылады.
10. Жер учаскелерін меншік құқығы немесе ұзақ мерзімді жалға беру жағдайында қала әкімі конкурс немесе аукцион жариялауға құқылы.
Құрылыс салу үшін жер учаскелерін азаматтар мен заңды тұлғаларға
сату туралы қала әкімінің конкурсын өткізу кезінде оған қатысушыларға
төмендегідей қосымша талаптар қойылады:
- жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға, тұрғындарды көшіруге,
көлік, байланыс және инженерлік жабдықтар құрылыстары мен
коммуникацияларын қайта ауыстыруға кеткен шығындар мен зияндардың орнын
толтыру;
-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің
құрылысы;
- жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылыс мерзімінің сақталуы;
- жалпы пайдалану аумақтарын көріктендіру.
Аталған талаптар жер учаскесі құқығына басқа тұлғаға ауысқан кезде де
сақталады.
11. Жер учаскесіне меншік құқығы немесе ұзақ мерзімді жалға алу
құқығы бар заңды тұлғалар, оны игеру төмендегі ақпараттар қоса кіретін
қалақұрылыстық төлқұжатқа сәйкес іске асырылады:
- мемлекеттік қалақұрылысы кадастрында тіркеу коды;
- меншік иесі (жалгер) туралы жалпы мәліметтер;
- учаске жайында жалпы мәліметтер;
- құрылыс салу ережесімен бекітілген аумақтық аймақтың коды;
- жер учаскесінің тұрған шегіндегі аумақтық аймақтың функционалды-
мақсатты бағыты;
- инженерлік-геологиялық сейсмикалық жағдайлары туралы мәліметтер;
- қалақұрылысы жағдайы туралы мәліметтер;
- жер учаскесінің бекітілген шекарасының жоспары;
- меншік иесі, пайдаланушы немесе жалгердің қарамағындағы үйлер, ғимараттар мен құрылыстар, олардың көрсетілген параметрлері;
- жер учаскелерінің шекарасында инженерлік желілер және құрылыстардың болуы, аталған объектілерді пайдалануға көрсетілген параметрлер мен шектеулер;
- жер учаскесін пайдалану бойынша қалақұрылыстық регламенттер мен сервитуттар.
12. Жер учаскелерін бөлу немесе шекаралары мен параметрлерін өзгерту кезінде шартты шекара, қалақұрылысы регламенттерінің талабы мен құрылысты реттеу сызықтары сақталады. Жылжымайтын мүлік объектілерін бөлу кезінде, өз бетінше жылжымайтын мүлік ретінде әр бөлігінің қызмет жасалуы қамтамасыз етілетін жағдай болу керек.
1. Құрылыс салуға рұқсат беру - жер учаскесінде құрылыс салу, құрылыс, ғимаратты салу және қайта жаңғырту, аумақты көріктендіруді жүзеге асыратын пайдаланушы немесе жалгердің жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқын беретін құжат.
2. Құрылыс салуға рұқсат - азаматтар мен заңдық тұлға арыздары негізінде, жер учаскелеріне құқық беретін құжат пен бекітілген жобалау құжаттамасы бар жағдайда мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау органдарымен (мемархқұрылысбақылау) беріледі.
3. Құрылыс салуға рұқсат және бекітілген жобалау құжаттамасы архитектура және қалақұрылысы Департаментінің тіркеуіне алынады.
4. Тапсырысшылар (құрылыс салушылар), азаматтар мен заңды тұлғалар құрылыс салуға рұқсатының бар болу туралы ақпаратты архитектура және қалақұрылысы Департаментінде бекітілген талаптарға сәйкес ұсынады. Тапсырысшы құрылыстың басталу мерзімі туралы хабарды архитектура және қалақұрылысы Департаментіне ұсынуы қажет.
5. Қала Әкімі құрылыс салуға рұқсат беруден мына жағдайда бас тартады:
- жер учаскесін пайдаланудың рұқсаты жобалау құжаттамасымен сәйкес келмегенде;
- жобалау құжаттамасының құрылыс нормалары мен ережелерімен сәйкес келмегенде.
6. Қаланың атқарушы органдарының құрылыс салуға рұқсат беру немесе одан бас тарту шешіміне сотқа шағым жасауға болады.
7. Құрылыс салуға рұқсат екі жыл мерзімнен аспайтын уақытқа беріледі. Құрылыс салуға рұқсат мерзімі тапсырысшының арызы негізінде ұзартылуы мүмкін. Құрылыс салудың тәртібі мен ұзартылу мерзімі қала әкімімен белгіленеді.
8. Құрылыс салуға рұқсат беру, жылжымайтын мүлік объектілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары ғимараттың конструкциясы және басқа беріктік сипаттамасы мен қауіпсіздігіне кедергі жасамайтын жағдайда, сонымен қатар алаңдарда құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға қажет уақытша ғимараттар салғанда талап етілмейді.
9. Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқы ауысқанда құрылыс салуға рұқсат әрекеті сақталады. Құрылыс салуға берілген рұқсат қайта тіркеуге алынады.
10. Жылжымайтын мүлік объектілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарының жүзеге асыруын бақылау, құрылыс салу рұқсатымен сәйкес, сонымен қатар қалақұрылысы регламентінің құрылыс нормалары және ережелерімен Алматы қаласының мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау органына жүктеледі.
1. Қалақұрылысының жылжымайтын объектілер қатынасында жалпы және жеке сервитуттар белгіленеді.
2. Жалпы сервитут мемлекеттік немесе қоғамдық ынтамен (қала магистральдері мен көшелерін салу және кеңейту, инженерлік құрылыс салу, негізді қалақұрылысы тораптарының қалыптасуы т.б.) анықталған жағдайда, құрылыс ережелері мен қалақұрылысы құжаттамасы негізінде қаланың атқарушы органдарының заңды актілер нормативтерімен белгіленеді.
3. Қалақұрылысы саласындағы жеке сервитуттар бөтен (көрші) жер учаскесін шектеулі қолдану мақсатында белгіленеді, басқа жылжымайтын мүлік объектілерімен қамтамасыз ету үшін:
- үй, ғимараттарды пайдалану және жөндеу, құрылыс салу, қайта жаңғырту;
- көлік және инженерлік инфраструктура объектілерін пайдалану және жөндеу, қайта жаңғырту, құрылыс салу;
- аумақтарда инженерлік дайындау жұмыстарын жүргізу, аумақтарды су басудан қорғау жұмыстары, тірек қабырғаларын орнату;
- бөтен (көрші) жер учаскесінен өтетін жер;
- құрылыстар, ғимараттар мен үйлерді салу кезінде белгілі бір биіктікте құрылғылардың бөтен (көрші) жер учаскесіне өтуін қолдану;
- блокты құрылысты үйдің жалпы қабырғаларын пайдалану және жөндеу;
- сервитутты орналастырмай қамтамасыз етілмей басқа жылжымайтын мүлік объектілердің меншік иелерінің мұқтаждығы.
4. Жеке сервитуттарды орнату және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдылығымен сәйкес анықталады.
ІІІ Бөлім. Алматы қаласының аумағында құрылыс
салу тәртібі
8. Аумақтарда құрылыс салудың жалпы ережелері
1. Алматы қаласының аумағында құрылыс салу тәртібі күші бар нормативті актілер негізінде дайындалған және Алматы қаласының атқарушы органы шешімімен қала аумағында архитектура-қалақұрылыс әрекетін жүзеге асыру негізделеді.
2. Алматы қаласының аумағында архитектура-қалақұрылыс әрекетін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан осы тәртіп міндеттеледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында күші бар жобалау және салу нормативтері мен ережелерінің есебімен тәртіп қолданылады.
4. Алматы қаласында құрылыстың барлық түрлері, Алматы қаласының атқарушы органдары, архитектура және қалақұрылысы Департаменті және басқа мемлекеттік коммуналды басқарма органдарының азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген рұқсат құжаттары бар жағдайда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
5. Азаматтар мен заңды тұлғалар Алматы қаласының аумағында қалақұрылысын меңгеру белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (әр түрлі құрылыс жұмыстарының түрлерін орындау), қазіргі Ережелерге сәйкес жауапқа тартылады.
6. Рұқсат беру құжаттары келесі жобалау және салу жұмыстарының түрлеріне жасалады:
- жаңа құрылыс, қайта жаңғырту, кеңейту, әр түрлі бағыттағы комплекстер мен ғимараттарды күрделі жөндеу және техникалық қайта салу;
- мәдениет және архитектура, археология, тарих ескерткіштеріне жататын орнатулар мен объектілердің қорғайтын зоналарын анықтау, қалыпқа келтіру, сақтау, күрделі жөндеу;
- жерасты және жерүсті инженерлік коммуникация, автомагистраль, көшелер, көлік және жол жүру құрылыстары, теміржол жолдары, метрополитен, трамвай жолдары, троллейбус желілері, қоғамдық көлік аялдамаларын қайта жаңғырту, жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта салу және толық жөндеу;
- алаңдар, парктер және әр түрлі жасыл аймақтар, бассейндер мен фонтандар, қоршаулар және шағын архитектуралық формалар, көше жарықтары, ғимараттың, кешендердің жарықтары, әр түрлі жарнама түрлері, ақпарат құрылғылары мен көше нұсқаулары және басқа қоғамдық бағыттағы аумақтарды қалыпқа келтіру, жаңа құрылыс, қайта жаңғырту және толық жөндеу;
- геотехникалық зерттеулер үшін жер астын қазу және бұрғылау, карьерлерді қайта өңдеу және әр түрлі бағыттағы скважиналарды бұрғылау;
- табиғи ландшафты қайта келтіру;
- уақытша орнатылған объектілерді - павильон, киосктер, жазғы алаң, базарлар, автотұрақтар, көлікжайлар, автомайқұю стансалары, көліктер диагностикасы мен техникалық қарау пункттері, белгілеген әр түрлі көмекші құрылыстар, қоршау орнату, уақытша инженерлік желілер, көшелер жарығы және басқа объектілерді орналастыру және жасау;
- құрылысты және жасыл көшеттерді бұзу, аумақты жоспарлау жер жұмыстары, құрылыс, ғимараттың ішкі және сыртқы ұстап тұрған қабырғаларын алу, жаяулар үшін тротуар учаскесі және алаңдарды асфальттау, тротуар плиталарын бетондау және басқа жұмыс түрлері нәтижесінде функционалды қолдану және объектінің сыртқы параметрі өзгереді.
7. Рұқсат беретін құжатсыз архитектура және қалақұрылысы Департаментінің міндетті бақылауында келесі құрылыс жұмыстары жасалады:
- жабудың түсі және түрі, конфигурациясын өзгертпей жабындыны жөндеу;
- ағаш бұйымдарының өлшемдері мен формаларын өзгертпей ауыстыру;
- ішкі өңдеу жұмыстары;
- қасбет пен түс элементтерін өзгертпей сыртқы өңдеу жұмыстары;
- жайлар мен қасбеттерді жоспарлау, инженерлік қамтамасыз ету нобайын өзгертпей, ғимараттардың техника-санитарлық құрылысын, жабдықтарын жөндеу және ауыстыру;
- көпшілік мейрамдарын өткізу кезінде халықты қамтамасыз ететін сауда орындарын орналастыру.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 17 сәуірдегі
Z952200_
"Лицензиялау туралы" Жарлығымен сәйкес қала аумағында жобалау және құрылыс әрекетін жүргізу ниеті бар немесе жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар ведомстволық, бағыныштылық пен меншік түріне қарамастан, берілген жұмыс түріне рұқсат алу керек.
2. Техникалық қайта жабдықтау, кеңейту, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу, жаңа құрылысты жобалау, объектілерді көріктендіру және қалпына келтіруге рұқсат жобалауы Алматы қаласы әкімінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жобалау құжаттаманы өңдеу архитектура және қалақұрылысы Департаментімен берілетін архитектура-жоспарлау тапсырмасымен сәйкес орындалады. Архитектура-жоспарлау тапсырмасына қалақұрылысы мен сейсмикалық жағдай, табиғи-климаттық есебімен әр түрлі бағыттағы объектілерді жоспарлаудың жалпы кепілдемесі, сонымен қатар шатырасты мен шатыр жайларын, ішкі жайлар мен қасбеттерді өңдеу, объектіге іргелес аумақтар мен шатырдың атмосфералық шегінділеріне су бөлінетін системалар, аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру, көше мен тротуарлардың жол жүретін бөліктерін қаптау, кіші архитектуралық формалар - жарнамалар, жарықтандыруға қазіргі құрылыс және өңдеу материалдарын қолдану кіреді.
4. Өңделген жоба архитектура-жоспарлау тапсырмасының негізгі кепілі мен талабына сай болу керек. Өңделген жоба архитектура- жоспарлау тапсырмасының талабынан ауытқыған жағдайда, оны азаматтар мен заңды тұлғалар архитектура және қалақұрылысы Департаментіне қорытынды шешімге дейін келісімге алып келуге міндетті.
5. Өңделген жоба мемлекеттік сарап органдарының қарап шығуына ұсынылады. Жоба архитектура-жоспарлау тапсырмасының кепілі мен талабы, құрылысы нормаларынан ауытқыған жағдайда - белгіленген тәртіпте қайта қаралуына ескертумен қайтарылады.
6. Архитектура және қалақұрылысы Департаментімен келісілген жоба жылжымайтын мүлік объектісінің функционалды-мақсатты белгісіне сәйкес орнатылған жер учаскесін пайдалану немесе меншік құқық Актісін алуға өтініш негізі болады.
1. Алматы қаласы архитектура және қалақұрылысы Департаментінің архитектура-жоспарлау тапсырмасымен сәйкес өңделген ауданның жеке құрылыс архитектуралық келбеті, оның жоспарлау құрылымы, үй түрлері, қабаттылығы, қасбеттің архитектуралық және түс шешімі, көріктендірілуі, берілген ауданның жобалау құрылысымен анықталады.
2. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және салу құрылыс нормалары мен ережелерімен келісіліп, белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
3. Архитектура және қалақұрылысы Департаментінің бекітілген жобасымен келісіліп жеке құрылыс салу аудандарында шаруашылық құрылыс пен аула әжетханаларын салу рұқсат етіледі.
4. Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесінің көлемі бекітілген жоба мен нормативті заң актілерімен сәйкес белгіленеді.
1. Жайлардың параметрі мен конструктивті шешімін алдын ала өзгерту, тұрғын және тұрғын емес жайларды қайта жаңғырту жағдайында меншік иесі оларды қайта жаңғыртуға рұқсат беру арызын қала әкіміне жазады.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша архитектура және қалақұрылысы Департаменті белгіленген тәртіпте жайларды қайта жаңғырту қорытындысын жүргізу мүмкіншілігін дайындайды.
2. Жайларды қайта жаңғыртуға рұқсат беру туралы қала әкімінің шешімін алып келген жағдайда - меншік иесі белгіленген тәртіпте жобаны өңдеуге және сарап органдарынан жобаның қорытындысы алуға міндетті, онымен келісіліп мемархқұрылыс-бақылау органы өңдеу жұмыстарына рұқсат береді.
3. Пәтерді қайта жаңғырту талабын бұзған жағдайда, меншік иелері осы Ережелерге сәйкес жауапқа тартылады.
4. Пәтерді қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін, белгіленген тәртіпте жайды қабылдау актісі ресімделеді.
1. Магистральді инженерлер желілері мен құрылыстарды жобалау қала ұйымдары мен мекемелер тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
Алматы қаласында магистральді инженерлі желілер мен құрылыстарды салуға ниетті жеке заңды тұлғалар оларды жобалау мен салуға құрылыс салушы ретінде шығып, желілерді қала қызметі қарамағына береді.
2. Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерінің ұзындығына қарамастан, сонымен қатар объектілердің қызметін қамтамасыз ететін ажыратылатын және ішкі алаңдық инженерлік желілерді жобалау, қала инженерлік қызмет техникалық талаптарымен сәйкес құрылыс салушылардың тапсырысы бойынша жүзеге асады.
Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау жеке тұлғалар немесе жобалау ұйымдарымен сәйкес лицензиясы бар жағдайда іске асады.
3. Инженерлік желілер жобасының барлық кезеңі мен түрі толық және қазіргі топогеодезиялық негізде 1:500 масштабта орындалуы тиіс. Өңделген инженерлік желілер жобасы архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік желілер бөлімімен міндетті түрдегі келісімге жатады.
Инженерлік құрылыстар жобасы (сорғышты, подстанция және басқа объектілер) белгіленген тәртіпте сарап органдарымен келісіледі.
4. Инженерлік желілер және құрылыстар жұмыстарына рұқсатты әр учаскедегі желілер түріне бөлек архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік желілер бөлімі береді.
5. Архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік желілер бөлімінің жұмыс жүргізуге берген рұқсатынан басқа, асфальтбетон жабуларын ашуға байланысты және көріктендірудің өзге элементтерін бұзған жұмыстарға қала әкімі аппаратының техникалық инспекциясынан ордер алу талап етіледі.
6. Инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін, оларды топырақпен жаппай тұрып, құрылыс салушы немесе құрылыс ұйымы архитектура және қалақұрылысы Департаментінің геодезия бөліміне қайта салынған инженерлік желілер учаскесінің атқарушы геодезиялық суретке түсіруін жасау үшін өтініш беруі міндетті.
7. Қайта салынған инженерлік желілер (құрылыстар) архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік желілер бөлімінің тіркеуінсіз қаладағы инженерлік желілер бөлімінің тіркеуінсіз қаладағы инженерлік қызметтермен пайдалануға қабылданбайды.
8. Құрылыс ұйымдары, ғимараттар мен инженерлік желілерді салу және жөндеу жұмыстарын келісілмеген жобалау құжаттамасымен немесе архитектура және қалақұрылысы Департаментінің жұмыс жүргізуге рұқсатынсыз іске асырса, осы Ережелерге сәйкес әкімшілік шара қолданылады.
1. Алматы қаласында көлік құрылыстары және көше-жол желілер объектілерін салуға ниетті жеке заңды тұлғалар (тапсырысшылар) көрсетілген объектілерді жобалау мен салуға рұқсат беруге қала әкімінің аппаратына өтініш жазады.
2. Көлік құрылыстары мен көше-жол желілерін салудың өңделген жоба құжаттамасы жобалар сараптау органдарының, керек жағдайда басқа мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер келісіміне жатады.
1. Азаматтар мен заңды тұлғалар (тапсырысшылар) сарап органынан дұрыс жобалау құжаттамасының қорытындысын, жер учаскесіне меншік құқығы мен жерпайдалану құқықтық Актісін алып келгенде, мемархқұрылысбақылау органына объектіні салу жұмыстарына рұқсат беруге өтініш жазып, келесі құжаттар көшірмесін әкеледі:
- объектіні жобалауға Алматы қаласы әкімінің шешімі;
- Алматы қаласының мемархқұрылысбақылау органына өтініш;
- құрылыс жұмыстарын жүргізу құқына мердігер лицензиясы;
- құрылыс (қайта жаңғырту) жобасына сарап органдарынан қорытынды;
- қоршаған ортаға шығарып тастау және өзеннің суқорғау зоналарына орналастырумен байланысты өнеркәсіп объектісіне, автокөлікті қамтамасыз ететін объектілер мен басқа объектілерге қалалық экология басқармасы мен табиғи ресурстардың қорытындысы;
- архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік желілер бөлімімен келісілген құрылыс басжоспар;
- жобалау ұйымдармен (жобалаушымен) авторлық қадағалауға келісім-шарт;
- техникалық қадағалау мен прорабқа бұйрық пен жазылым (форма N 8), сейсмикалық зонада өндіріс жұмыстарына рұқсат;
- ғимаратты орнату актісі.
2. Тапсырысшы керек құжаттарды алып келген жағдайда, мемархқұрылысбақылау органы объектіні жеке шығаруға және өндіріс жұмыстарына рұқсат береді (жыл сайын берілген рұқсат ұзартылып отырады).
3. Азаматтар мен заңды тұлғалар құрылыс ұйымдарының өкілдерімен бірге архитектура және қалақұрылысы Департаментіндегі геодезия бөлімінде объектіні немесе кешенді жеке шығаруға сәйкес құжаттарын дайындап, олардың сақталуына жауап береді.
4. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар азаматтар мен заңды тұлғалар бес күн бұрын мемархқұрылысбақылау органына объект құрылысының басталуын хабарлайды. Жұмыс жүргізу архитектура және қалақұрылысы Департаменті бекіткен белгіленген құрылыс жобасындағы мерзіммен сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс кезінде жұмыстың өңдеу және құрылыс-монтаждық жобасы мен сапасын бұзған азаматтар мен заңды тұлғаларға қазіргі заңға сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
5. Объектілер мен кешендерді салу кезінде, ғимарат пен іргелес аумақтарда тіршілік әрекетін, ыңғайлы технологиялық процесс ұйымдастыру және құрылыстың эстетикалық әсерін жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, жұмысты жүргізу жобасы мен құрылыс басжоспармен сәйкес міндетті тәртіпте құрылыс алаңында - қоршау орнату, кірме жол мен жаяу жүру жолдарын ұйымдастыру, автокөлікті жуу және басқа шаралар қаралады.
6. Объектілер немесе кешендер құрылысы аяқталғаннан кейін, тапсырысшы объектіні пайдалануды қабылдауға дейін міндетті түрде атқарушы топографиялық суретке тапсырыс беріп, оны архитектура және қалақұрылысы Департаментіне ұсынуы қажет.
1. Объектілер мен кешендердің құрылысы, қайта жаңғыртылуы, кеңейтілуі, техникалық қайта жабдықталуы, қалпына келтірілуі және күрделі жөнделуі аяқталғаннан кейін оны пайдалануға қабылдау белгіленген тәртіпте мемлекеттік қабылдау комиссиясымен жүзеге асады.
2. Мемлекеттік қабылдау актісі дайындалғанға дейін тапсырысшы құрылыс ұйымдары мен қала мекемелерімен бірге:
- аралық қабылдау актісі;
- жасырын жұмыстар актісі;
- жабдықтарды сынау актісі;
- құрылыс материалдары мен конструкциясының сертификаты мен төлқұжаты;
- жобалау құжаттамасына сараптық қорытынды;
- басқа керекті техникалық құжаттама дайындайды.
3. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау, қаланың атқарушы органдарымен бекітілген Мемкомиссия актісімен ресімделеді.
1. Инженерлік желілер мен құрылыстардың зақымдануын ескерту мен қауіпсіздік қажет шара қолдану үшін, өңдеу жұмыстарына жауапты тұлға, жұмыстың басталуына дейін бір күн бұрын ұйымдардың өкілдерін сол жерге шақыруға, олармен бірге әрекеттегі құрылыстар мен желілердің анық орнын белгілеу және олардың толық сақталуына шара қолдануға міндетті.
Ұйымдардың жетекшілері өздерінің жауапты өкілдерін өңдеу жұмыстарының орнына уақытында баруын қамтамасыз етуге және өңдеу жұмыстары кезінде оларға меншікті желілер мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жазбаша түрде жазып беруге міндетті.
2. Өңдеу жұмыстарына жауапты тұлға, жұмыстың басталуына дейін төмендегілерді орындауға міндетті:
а) белгіленген үлгідегі жол белгілерін ескертетін және қоршау қазу шекараларын орнатуға;
б) жаяу жүру орындарында өтетін көпір дайындауға және түнгі уақытта қазу учаскесін жарықтандыруды қамтамасыз етуге;
в) арық желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шара қолдануға;
г) механизм жұмысы аймағында жасыл көшеттер бар болған жағдайда оларды сақтауға кепіл беретін жабық қоршау орнатуға.
Өту жолдарын жабуды талап ететін қазба жұмыстары кезінде, белгілермен сәйкес айналып өту белгілері анық болу керек.
3. Жол жабуының барынша сақталуына кепіл беретін траншеяларды алдын-ала дайындықсыз өңдеуді бастауға тыйым салынады.
4. Жұмыс басталуына дейін 24 сағат ішінде жұмыс істелінетін орынға материалдарды алып келуге рұқсат етіледі.
5. Жерасты коммуникацияларын орнату үшін көшелерде, алаңдарда және басқа көгалдандыру аумақтарында траншея мен котловандарды қазу үшін келесі шарттарды орындаумен жүргізіледі:
а) жұмыс өндірісі жобаларына сәйкес жұмыстар қысқа учаскелермен орындалуы тиіс;
б) келесі учаскелерде жұмысты бастауға рұқсат тек алдағы учаскедегі барлық жұмыстар аяқталғаннан соң аумақты жинау және қалпына келтіру жұмыстарымен бірге беріледі;
в) траншея мен котловандардан алынған топырақ, сол жұмыс істелінген жерден тез арада шығарылуы тиіс;
г) траншеяларды қайта көму (гравийно-оптималды) қоспасымен қабатты нығыздаумен жүргізілуі тиіс;
д) көшелерде магистральді инженерлік желілер салу кезінде асфальтбетон жабуының ені 4-7 м болса, асфальтбетон жабуын қалпына келтіру жолдың бар енімен орындалады, ал ені 7 м (көбірек) болса, асфальтбетон жабуын қалпына келтіру траншея мен құрылыс механизмдері жұмысының аймағында орындалады;
е) асфальтбетон жабуының ені 1,5-2 метр тротуарларда телефон канализациясын, электр кабелі және басқа желілерді салу кезінде асфальтбетон жабуын қалпына келтіру тротуарлардың бар енімен жүзеге асырылады.
6. Траншеяны әзірлеу аяқталғаннан соң, жұмыс өндірісіне жауапты тұлға архитектура және қалақұрылысы Департаментіндегі өкілдерге траншеяның инженерлік желілер жобасымен сәйкестігін куәландыруға, актіні рәсімдеуге міндетті.
7. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау немесе өндірісі кезінде инженерлік желілердің трасса жобаларымен сәйкес келмеген жағдайда, архитектура және қалақұрылысы Департаментіндегі инженерлік желілер мен жабдықтау бөлімімен осы желілерді қайта салуға ұйғарым беріледі. Жобамен сәйкес келу үшін инженерлік желілер мен олардың жабдықтарын қайта орнату шығыны осы жұмысты жүргізіп отырған ұйымдар есебінен орындалады.
8. Топырақты жолды қазу кезінде, қазба жасаған ұйым жұмыс аяқталғаннан соң топырақты қабатты нығыздаумен қайта көмуі міндетті. Топырақты нығыздау мүмкін болмаған жағдайда, қайта көмуді "сығымдалмаған" топырақпен жабуы керек.
9. Инженерлік желілер төселген жерлерде асфальтбетон жабуының жоғарғы қабатының бұзылуы, шұңқыр пайда болған жағдайда, Техникалық инспекциямен белгіленген уақытта құрылыс ұйымдары үнемі 1 жыл ішінде асфальтбетон жабуын қайта қалпына келтіруді жүргізуге міндетті.
10. Инженерлік желілер монтажы мен инженерлік ғимараттар құрылысы аяқталғаннан кейін, бірақ соңғысын топырақпен көмуге дейін құрылыс ұйымы архитектура және қалақұрылысы Департаментіне орындаушы суретке түсіруге алдын-ала осы жұмыс ақысын төлеп өтініш беруге міндетті.
Коммуникация, құдық және люктарды (бұрылыс бұрышы жоқ тік учаскелерде) орындаушы суретке түсіру, траншеяларды көмгеннен кейін және сыртқы көріктендіру элементтерін толық қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.
Орындаушы суретке түсіруге өтініш берген кезде оған профиль мен бастапқы трасса осінің бөлу мен инженерлік желілер жобасы қоса ұсынылуы керек.
11. Барлық инженерлік желілер мен олардың құрылыстарын орындаушы суретке түсіруді тек қана архитектура және қалақұрылысы Департаментінің өндірістік тобы орындайды. Салынып жатқан объектінің инструментальды геодезиялық суретке түсіру негізінде жасалған орындаушы сызба инженерлік желі мен құрылыстардың төлқұжаты болып табылады.
12. Инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдау мемлекеттік немесе жұмысшы комиссияларымен жүргізіледі, оларға тапсырысшы, инженерлік жабдықтар мен инженерлік желілер бөлімі, бас мердігер, субмердігерлік ұйымдар, жобалау ұйымдары, Техникалық инспекция және керек жағдайда басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
13. Берілген құжаттаманы қарап, комиссия шынайы салынған ғимаратты қарап шығып, мынаны белгілейді:
а) орындалған жұмыс пен орындаушы сызбаның сәйкестігін;
б) орындалған жұмыстың сапасын;
в) бітпеген жұмыстарды.
Комиссия белгілеген аяқталмаған жұмыстар біткен соң инженерлік желі тұрақты пайдалануға қабылдайды.
14. Инженерлік желіге пайдалануға қабылдау барлық жұмыстар толығымен біткеннен кейін, люк, құдықтар орнату және көріктендірудің элементтерін толық қалпына келтіргеннен соң жүргізілуі керек.
15. Қаланың көшелерінде және орам ішіндегі аумақтардағы люк, құдық, жылу камерасы, арық люктерінің жай-күйіне осы аталған инженерлік желінің басқаруындағы пайдаланатын ұйым және ведомстволар жауап береді.
16. Егер құрылыстар мен ғимараттарды салу, сондай-ақ қала аумағын көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланушы ұйымдар арқылы пайдалануға қабылданған және архитектура және қалақұрылысы Департаментінің инженерлік жабдықтау бөлімінде тіркелген жобадан ауытқып жасалған инженерлік жерасты желілері анықталса, онда бұл желі оларды пайдалануға қабылдаған ұйым есебінен қайта төселеді.
1. Жерасты инженерлік желілері мен құрылыстары бұзылып, нәтижесінде өндірістің тоқтауы, бақытсыз жағдайларға ұшырауы мүмкін жағдайда осы құрылыстың басқаруындағы ұйым басшылары немесе ұйымның өкілетті тұлғалары апат жөнінде сигнал алған кезде міндетті:
а) бұзылған желілерді айыру және қайта қосу үшін жауапты тұлғаның басшылығымен тез арада апат бригадасын шақыруға;
б) Техникалық инспекция, "Көріктендіру" АҚ, Алматы қаласының жол полициясы, сондай-ақ апат болған жердегі жерасты шаруашылығы ұйымдарына телефонограмма жіберуге.
Ескерту: Егер ірі көлемді апат түнгі уақытта болса, Алматы қаласы әкімі аппаратының кезекшісіне телефонограмма жіберіледі.
2. Қаланың техникалық инспекциясы және жол полициясы апат туралы хабары алып, оны жою үшін жолдарды жабу жағдайларында, жолдарды жабу және зақымданған жерлерді жоюдың мерзімін белгілеу туралы мәселелерді шешу үшін апат болған жерге тез арада жауапты тұлғаларды жіберуге міндетті.
3. Апатты жою бойынша жұмыстар инженерлік желілер және құрылыстардың бұзылуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.
Апатты жою бойынша жұмыстардың барлық жағдайларында, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымдар жұмыстарын тоқтатпай, жұмыс өндірісіне Техникалық инспекциядан ордер алуға міндетті.
4. Егер жерасты құрылыстары ескіргенде немесе олардың орнына басқа құрылыстар салынған кезде бастапқы құрылыс пайдаланудан шығарылады.
5. Жұмыс істемейтін құрылыстарды жою бойынша, қазумен байланысты жұмыстар, осы Ережеде белгіленген тәртіпке Техникалық инспекциясының ордерін алғаннан кейін жүргізіледі.
1. Алматы қаласының аумақтары құрылым-жоспарлау тұрғысынан - тұрғын ғимараттар, тұрғын орамдар, ықшамаудандар, тұрғын аудандар тобы және поселка ретінде қалыптасқан тұрғын ұйымдар болып келеді.
2. Жаңа тұрғын үй құрылысы - өмір сүрудің жақсы жабдықталған жағдайымен қамтамасыз ететін, халыққа инженерлік қамтамасыз ету деңгейі және ең аз әлеуметтік қызмет көрсетуге кепіл беретін, құрылыс салудың осы және басқа түрлеріне экономикалық негізделген, қалақұрылысы кешені түрінде тұрғын ортаның қалыптасуын алдын-ала қарастыруы керек.
3. Тұрғын аумақтарда құрылыс салу қалақұрылыстық және жобалау құжаттамасы негізінде іске асырылады.
Тұрғын аумақтарды жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде жер учаскелері мен тұрғын үйлердің орналасқан жерінде оларға қызмет ету және ұстау мақсатында бір пәтерлі, екі пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелерінің келесі кезекті кондоминумының құрылу мүмкіндігін алдын-ала ескеру қажет.
4. Көппәтерлі тұрғын үйлер кешендерін жобалау кезінде гараж бен инженерлі жабдықтарды салатын жерасты кеңістігін барынша қолданып, оның үстіне санитарлық-тазалық пен өртке қарсы талаптар есебімен балалар ойнайтын, спорт және шаруашылық алаңдарын орналастыру керек.
Аула элементтерінің орналастырудың керек алаңдарының есебі күші бар нормативтер мен архитектура-жоспарлау тапсырмасымен сәйкес орындалады.
1. Жеке (үй-жай) құрылыс болып - үй-жай (коттеджді) және қоршалған құрылысы бар әр тұрғын үйдің (пәтердің) өз үй-жайының қасында жер учаскесі болғанда саналады.
2. Алматы қаласында жеке тұратын үй (коттедж) салу үшін берілетін жер учаскесінің көлемі шамамен 0,1 га.
Үй-жай қасындағы жер учаскесін кеңейту 0,25 га дейін рұқсат етіледі, азаматтардың тұрақты жерпайдалану мен меншіктегі тегін берілген жер көлемінен қосымша жер учаскелері берілген учаске шегінен асса, ол жерді сатып алады.
3. Шағынқабатты жеке құрылыс аудандардағы тұрғын көшелердің ені шартты шекара сызықтан 12 метр, жол жүру бөліктен 5,5 метрден аз болмауы керек.
Тұйық жолдар 100 метрден аспайтын ұзындықта болуы мүмкін және айналым алаңдармен аяқталады.
4. Шағынқабатты жеке құрылыс аудандарында:
әлеуметті-тұрмыстық объектілерді орналастыру үшін аумақты сақтау;
инженерлі инфрақұрылым мен көше-жол желілер құрылысының алға түсуі іске асу керек.
5. Инженерлік жабдықтау - орталық қалалық жүйелерге қосылумен қатар, жергілікті және орамды автономды құрылыстарды орналастыруды болжауы керек.
20. Алматы қаласында сауда киоскілері мен
павильондарын орналастыру
1. Қаланың мәнерлі архитектуралық келбеті мен көшелерінің эстетикалық және тазалық түрін қалыптастырып және оны сақтау мақсатында қала аумағында сауда киоскілері мен павильондарын орналастыру, бекітілген атқарушы органдарының орын нобайымен сәйкес жүзеге асады.
2. Бекітілген орналастыру нобайына сәйкес орнатылып жұмыс істеп тұрған киоскілерді бұзу немесе басқа учаскеге ауыстыру туралы ескерту жасалғанға дейін киоскілер жұмыс істейді.
3. Сауда киоскілері мен павильондары орналасқан жер учаскелерін сауда киоскілері мен павильондарының иелеріне тек жалға беруге болады.
21. Халық меншігіндегі көлік құралдарын сақтау
және оларға қызмет көрсету құрылыстарын орналастыру
1. Алматы қаласының аумағындағы тұрғын аудандар, ықшамаудандар, тұрғын орамдарда көлікжайды тұрақты сақтау үшін алаңдар мен көлікжай орналастыру, бекітілген қаланың атқарушы органдарының көлікжай мен автотұрақ орын нобайымен сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мүгедектердің меншігіндегі көліктерді сақтайтын көлікжай, белгіленген тәртіпке сәйкес орналастырылады. Осы категориядағы азаматтарға жер учаскесін бөлу үшін материалдарды дайындауды архитектура және қалақұрылысы Департаменті іске асырады.
3. Кооперативті көлікжайлар мен автотұрақтарды жобалау және салу, қаланың белгіленген атқарушы органдарының тәртібімен күші бар құрылыс нормалары мен ережелерін сақтаумен іске асады.
Өз бетімен автотұрақ, көлікжай салу, сонымен қатар әрекеттегі автотұрақтарға жаппа орналастыруға рұқсат етілмейді.
Автотұрақ пен көлікжай құрылысының белгіленген тәртібін бұзған азаматтар мен заңды тұлғалар, осы Ережелерге сәйкес жауапқа тартылады.
4. Қоғамдық және ірі сауда ғимараттарын жобалау кезінде, жерасты салынған көлікжайларды алдын-ала ескеру керек.
5. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету стансалары жалпы қалалық магистраль өндірістік аймақтарға жақын, көлік кәсіпорындары мен коммуналды, өнеркәсіптік санитарлық-қорғау аймақтарынан оқшау учаскелерде, тұрғын үй құрылыстарынан шеткері салынады.
6. Стационарлық автомайқұю стансасы мен техникалық қызмет көрсету стансасы жалпы қалалық магистральдарда көлік кіреберіс жолы ыңғайлы ұйымдастырылған - арнайы берілген алаңдарда орналасуы қажет.
Контейнерлік автомайқұю стансасы өртке қарсы және экологиялық талаптарды сақтап, уақытша сақталған аумақтарда орналасуы мүмкін.
Бір алаңда техникалық қызмет көрсету (ТҚК), стационарлық автомайқұю стансасы (САС), көлік жуу және басқа қызмет көрсету объектілерін біріктіруге рұқсат етіледі.
7. Автомайқұю стансалары мен техникалық қызмет көрсету стансаларын орналастыру, олардың бекітілген орын нобайына сәйкес жүзеге асырылады.
IV БӨЛІМ. Қала құрылысы әрекетін жүзеге асыруды бақылау
және Қазақстан Республикасының архитектура және
қала құрылысы туралы және осы ережелер заңын
бұзған үшін айыптар
22. Қала құрылысы әрекетін жүзеге асыруды бақылау
1. Қала құрылысы әрекетін жүзеге асыруды бақылау, бас жоспар және басқа қалақұрылыстық құжаттама, құрылыс ережелері, мемлекеттік қалақұрылысы нормативтері мен ережелеріне сәйкес қалақұрылысы саласында мемлекеттік саясатта іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Архитектура және қалақұрылысы Департаменті, Алматы қаласының мемархқұрылысбақылау органдарының лауазымды тұлғалары өздерінің құзыреті шегінде құқылы:
- мемлекеттік қалақұрылысы нормативтері мен ережелері, құрылыс салуға рұқсат алу, қалақұрылысы және жобалау құжаттамасы талабы, қалақұрылысы әрекетінің субъектілерінен ақпарат алу мақсатында құрылыс, қайта жаңғырту, жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеуді бақылау жасауға;
- Қазақстан Республикасының архитектура және қалақұрылысы туралы заңын бұзған азаматтарды белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
- Қазақстан Республикасының архитектура және қалақұрылысы туралы заңын бұзған азаматтарды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құзыретті органдарға материал жіберуге;
- Қазақстан Республикасының архитектура және қалақұрылысы туралы заңын бұзып, зиян келтірген зиянның орнын толтыру туралы сотқа талап етуге;
- Қазақстан Республикасының архитектура және қалақұрылысы туралы заңын бұзумен жүзеге асырылып отырған қалақұрылыс әрекеттерін тоқтатуға немесе тыйым салуға шешім қабылдауға.
Архитектура және қалақұрылысы Департаменті және мемархқұрылысбақылау органдарының шешімдері мен әрекеттерін сотқа шағым жасауға болады.
І сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХХІ сессиясының төрағасы
І сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы