Облыстық Мемлекеттік жер инспекциясын құру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі 1998 жылғы 3 ақпандағы N№25 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 5 мамырда N 7 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 16 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.05.24 N 16 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Жер туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы N 2718 N952718_ өкiмiн жер туралы заңдардың сақталуын, жер ресурстарын пайдалану және қорғауға мемлекеттiк бақылауды күшейту үшiн 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 75-21/165үкiметтiн жеделхатын орындау үшiн облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
      1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитеттiң жанынан 5 адамнан тұратын жердi пайдалану мен оның қорғалуын бақылау жөнiндегi облыстық Мемлекеттiк инспекция құрылсын.
      2. Жердi пайдалану мен оның қорғалуын бақылау жөнiндегi облыстық Мемлекеттiк инспекция жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн. /қосымшаға сәйкес/.
      3. Жердi пайдалану және оның қорғалуын бақылау жөнiндегi облыстық Мемлекеттiк инспекцияны ұстау облыстық бюджеттiң қаржысы есебiнен iске асырылсын.
      4. Петропавл, Көкшетау қалаларының әкiмдерi қалалардың, аудандардың мемлекеттiк басқару қызметкерлерiнiң жалпы саны есебiнен /лимитi есебiнен/ әр қалада екi адамнан, ал селолық аудандарда бiр адамнан мемлекеттiк жер инспекторын енгiзсiн.
      5. Қалалар мен аудан әкiмдерi оларға жүктелген мiндеттерiне сәйкес жердi пайдалану және оның қорғалуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың қызметтерiн қамтамасыз етсiн.
      6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.Қ.Қалиевқа жүктелсiн.
 
     Облыс әкiмi Д.АХМЕТОВ
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады