Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 23.04.1997 ж. "Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi этникалық жағынан қайтадан өркендетудiң қосымша шаралары туралы" N 639 P970639_ қаулысына сәйкес облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
1. Солтүстiк Қазақстан облысында тұратын немiстердi этникалық жағынан қайтадан өркендетудiң қосымша шаралары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қалалар мен аудан және селолық округтердiң әкiмдерi, облыстық департаменттердің, бөлiмдердiң, басқармалардың және ведомство басшылары көздеген шараларды орындау жөнiнде практикалық жұмыстар ұйымдастырсын, немiс тұрғындарының өзiндiк проблемаларын айқындау мен шешуге, олардың мұқтаждары мен талаптарын қанағаттандыруға бағыттасын.
3. "Солтүстiк Қазақстан", "Северный Казахстан" облыстық газеттерiнiң редакциялары, Солтүстiк Қазақстан телерадиокомпаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында немiс тұрғындарының әлеуметтiк және ұлттық-мәдени сұраныстарын кеңейте ашып көрсетсiн.
4. Облыс әкiмшiлiгiнiң 28.06.1994 жылғы "Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында тұратын немiстердiң
этникалық қайтадан өркендеуiнiң кешендi бағдарламасы туралы" N 221 қаулысы
күшiн жойды деп саналсын.
5. Осы шешiмнiң орындалу барысы туралы 1998-шi және 1999-шы жылдардың
1 желтоқсанына дейiн облыс әкiмiнiң аппаратына ақпараттар берiлсiн.
6. Осы шешiмдi жүзеге асыруды бақылауға алу облыс әкiмiнiң орынбасары
В.П. Никандровқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi |