"Облыста реформаны тереңдету жөніндегі 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламаның өнеркәсіпті дамыту бөлімінің орындалу барысы туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының (XV сессиясының) 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 15/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 27 желтоқсанда N 50 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы N 37/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.08.19 N 37/4 Шешімімен

      1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының бағдарламасында "Өнеркәсiптiк" бөлiмi бойынша 1997 жылы өнеркәсіпте өндiрiстiң құлдырауына жол бермей жағдайды тұрақтандыру көзделген болатын.
      Қолданылған шараларға қарамастан облыста өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi қолданылып жүрген бағалармен 1997 жылы 230936,9 млн. теңге болып, 1996 жылғы деңгейге қарағанда физикалық көлем индексi 25,6 процентке төмендедi.
      Өнеркәсiптiк өнiмiн өндiруге қатысатын кәсiпорындардың жалпы санының үштен екісi дерлiк өндiрiстiң өткен жылғы деңгейiн төмендеттi.
      Соның салдарынан жеткiзiлмеген өнеркәсiп өнiмiнiң құны 6,8 млрд. теңгеден асып кеттi, соның iшiнде тамақ саласы кәсiпорындары есебiнен - 2,6 млрд. теңге, энергетика - 1,9 млрд. теңге, машина жасау саласы - 1,1 млрд. теңге.
      Көкшетау және Петропавл қалалары 2,4 және 1,7 млрд. теңгенiң, облыстың аудандары - 2,9 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiн кем бердi.
      Электроэнергетикада 1997 ж. 1182 млн. кВт/с электр қуаты өндiрiлдi және 2170 мың Г/кал. жылу босатылды, бұл 27,4 және 20,9 процентке кем 1996 жылғы сәйкес кезеңдегiден.
      Энергоресурстар өндiрудiң құлдырауы облыс өнеркәсiбiне өндiрiс көлемiнiң төмендеуiне басым ықпал етедi.
      Машина жасауда 1997 ж. өнiм көлемi кәсiпорынның қолданып жүрген бағаларымен 2,6 млрд. теңге болды, яғни 1996 жылдың сәйкес кезеңдегiден 28,9 процентке төмендедi.
      Iс жүзiнде бүкiл негiзгi машина жасау кәсiпорындары, "Тыныс" АҚ-ы мен "ЗИКСТО" АҚ-ысының басқасы, өткен жылы қол жеткiзген өндiрiс көлемдерiн едәуiр төмендетiп алды.
      "АМЗ" және "ПЭҚӨМЗ" акционерлiк қоғамдары өндiрiс көлемiн екi және одан да көп есе қысқартты, "ПАМЖЗ", "Киров атындағы завод", "Наука-Восток" акционерлiк қоғамдарында құлдырау деңгейi 14-тен 24 процентке дейiн болды.
      Тамақ өнеркәсiбiнде 1997 жылдың қорытындылары бойынша бiрде-бiр сала физикалық көлем индексiн өткен жылдың сәйкес кезеңiнiң деңгейiнде сақтай алмады.
      Нан-тоқаш өндiретiн iрi кәсiпорындар: "Нан-тоқаш комбинаты", "Нан" АҚ-ылары өнiм өндiрудi сәйкес түрде 30 және 40 процентке төмендетiп жылды өте нашар аяқтады.
      Тұтас тамақ өнеркәсiбiнде өндiрiстiң құлдырау көлемi 1996 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 29 процентке төмендетiлдi.
      Компания басқарушысы мен "ПАШЗ" БК басшылығының ықпалды қолданбауы салдарынан арақ-шарап бұйымдарын шығару Айдабол спирт заводы 1996 жылғы деңгейден спирт өндiрудi 1,1 есе арттырғанмен де 31 процентке төмендетiлдi.
      Облыстың тау-кен өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары 1997 жылы 7468 млн. теңге сомасында товарлы өнiм шығарды, физикалық индексi 1996 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 18,6 процентке азайтылды.
      Қазба кен пайдаланатын негiзгi кәсiпорындардың iшiнен "Васильков КБК" АҚ-ы Алексеев доломит руднигiнiң ғана қаржы-экономикалық жағдайы тұрақты, өсiм қарқыны оларда сәйкес түрде 104,2 және 108,9 процент болды.
      Қаржы-экономикалық жағдайы тұрақсыз кәсiпорындар тобына РУ-5, сондай-ақ "Ақжар" АҚ-ы, "Көкшетаунеруд" АҚ-ы сияқты құрылыс тастарын өндiрiп, өңдейтiн кәсiпорындар жатады, оларда өндiрiс көлемi 1996 жылғы деңгейдiң 40-50 процент болды. "Севказруд" ЖШС және "Көкшетаукоалин" АҚ-ы дағдарысты жағдайда қалып отыр.
      Облыстың өнеркәсiп кәсіпорындарында өндiрiс көлемдерiнiң төмендеуi алдымен жандандыру процедурасы ("ПАМЖЗ" АҚ, "ПЭҚӨМЗ" АҚ, "КПСЗ" АҚ), конверсиялық бағдарламаны қаржыландыру ("АМЗ" АҚ), жекешелендiру ("ПЭҚӨЗ" АҚ) мәселелерiнiң көптеген көпшiлi комиссиялардың хаттамалық шешiмдерiнде ұдайы қаралып, көрсетiлсе де үкiмет құрылымдарының iс-әрекеттерiнде нақты көрiнiс таппауынан болып отыр.
      Сонымен бiрге кәсiпорындардың басшылары осы уақытқа дейiн перспективалы өнiм түрлерiн және потенциалды инвесторлар iздестiрудiң жүйесiн жасаған жоқ.
      Дамудың кейбiр перспективалы бағыттары кәсiпорындар басшыларының өздерiнiң оралымсыздығы мен салақтығынан, атап айтқанда мұнайшылар, энергетиктер және көмiр өндiрушiлер, трактор жасаушылар заказдарын игеруде пайдаланылмай қалды.
      Мемлекет мүлкiн басқару және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер өнеркәсiп саласында мемлекет меншiгiн тиiмдiлiкпен пайдалануға және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқаруға тиiстi бақылау жасамайды, өмiр сүре алмайтын өндiрiстерде реструктуризация, банкроттық және санация жөнiндегi жұмыс өте баяу жүргiзiледi.
      Өнеркәсiп департаментi (О. Дойч), қазба байлығын пайдалану және тау-кен өнеркәсiбi комитетi (Ж. Мырзағұлов) өнеркәсiптiң аса маңызды салаларының iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi жұмысты тиiстi дәрежеге ұйымдастыра алмады.
      Өнеркәсiп кәсiпорындарының көпшiлiгi дәстүрлi сыртқы ғана емес, сондай-ақ iшкi рыноктарды да жоғалтып алды, соның салдарынан осындай товарларды облысқа импорттау 5 млн. АҚШ долларынан асып кеттi.
      Берiлген материалдарды талқылай және өнеркәсiп департаментiнiң бастығы О.В. Дойч пен қазба байлықтарын пайдалану және тау-кен өнеркәсiбi департаментiнiң бастығы Ж. Мырзағұловтың баяндамаларын тыңдай келiп, облыстық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1996-1998 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының реформаны тереңдету жөнiндегi бағдарламасында "Өнеркәсiп" бөлiмiнде айқындалған мақсат - 1997 жылы өнеркәсiпте жағдайды тұрақтандыру орындалмағаны атап көрсетiлсiн.
      1996-1998 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының реформаны тереңдету жөнiндегi Бағдарламасының "Өнеркәсiп" бөлiмi бойынша орындалу барысы қанағаттанғысыз деп танылсын.
      2. Өнеркәсiп, көлiк және коммуникация, сауда және тұрмыстық департаментiнiң (О. Дойч), қазба байлығын пайдалану және тау-кен өнеркәсiбi комитетiнiң (Ж. Мырзағулов), Петропавл, Көкшетау қалалары әкiмдерiнiң (П. Ходеев, К. Мұхамеджанов) және аудандар әкiмдерiнiң (Е. Баяхметов, Ә. Мұстафин, В. Колода, Ә. Сағитов және басқалары) 1997 жылы өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақтандыру iсiнде тиiстi шаралар қолданбаған жеткiлiксiз жұмысы атап көрсетiлсiн.
      3. Солтүстiк Қазақстан облыстық экономика басқармасы (Ә.Бәшеев) "Әлеуметтiк-экономикалық талдау институты" АҚ-сының "Өтпелi кезеңде Солтүстiк Қазақстан облысының аймақтық даму стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмi" тақырыбы бойынша кешендi зерттеу жүргiзудi 1996-1998 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының реформаны тереңдету жөнiндегi бағдарламасына түзетулердi тездету мақсатымен жеделдететiн болсын, онда электроэнергетиканы, тау-кен өнеркәсiбiн, машина жасауды және металл өңдеудi, сондай-ақ тамақ, ұн үгу-жарма және жемазықтық жарма өнеркәсiбiнiң басым дамытылуы ескерiлсiн.
      4. Өнеркәсiп, көлiк және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет департаментi (О. Дойч), облыстық қазба байлығын пайдалану және тау-кен өнеркәсiбi комитетi (Ж. Мырзағулов), Петропавл және Көкшетау қалаларының әкiмдерi (П. Ходеев, К. Мұхамеджанов) және аудандардың әкiмдерi өнеркәсiп кәсiпорындарымен бiрлесе отырып, ҚР Премьер-министрiнiң 1.12.1997 жылғы тапсырмаларын және 19.01.98 жылғы Үкiметтiк жұмыс комиссиясының шараларын ескере отырып 1998 жылы облыс өнеркәсiп кәсiпорындарын дамытудың бағдарламасын бiр айлық мерзiм iшiнде жасап, бекiтетiн болсын.
      Өнеркәсiп, көлiк және тау-кен өнеркәсiбi комитетi 1998 жылы жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша облыстық мәслихаттың кезектi сессиясына 1998 жылы облыс өнеркәсiп кәсiпорындары дамуының бекiтiлген бағдарламасының орындалуын тыңдау үшiн ақпарат ұсынатын болсын.
      5. Ауыл шаруашылығы департаментi (В. Шишацкий), өнеркәсiп департаментi (О. Дойч) аудандардың әкiмдерiмен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiп кәсiпорындарының басшыларымен бiрлесе отырып 1998 жылға арналған облыс кәсiпорындарында агроөнеркәсiп кешенi үшiн техника, құрал-жабдық және қосалқы бөлшектер жасау жөнiндегi келiсiм науқанын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн болсын.
      6. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекет мүлкi және жекешелендiру аумақтық комитетi (Е.Х. Сұлтанов), Петропавл, Көкшетау қалаларының әкiмдерi (П. Ходеев, К. Мұхамеджанов) облыстық ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарына сәйкес машина жасау кешенiнiң iрi кәсiпорындарын реструктуризациялау және жағдайы нашар кәсiпорындарды банкроттық процедурасынан өткiзу жөнiндегi жұмысты жандандыратын болсын.
      7. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербняк ҚР Премьер-министрiнiң 1.12.1997 жылғы тапсырмалары мен 19.01.1998 жылғы Үкiмет жұмыс комиссиясының шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолданатын болсын.
      8. Солтүстiк Қазақстан бөлгiш электржелiлiк компаниясы (Т.У. Жалмұқанов) және N 2 Петропавл ЖЭО (В.Р. Вильдейс) ҚР Үкiметiнiң 26.07.96 жылғы N 935 қаулысына сәйкес электрэнергиясы үшiн ақыны белгiленген мерзiмде жүйелi төлейтiн өнеркәсiп және агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындары үшiн электрэнергиясын үзiп тастау дағдысы тоқтатылсын.
      9. Облыстық статистика басқармасы (Ж. Букин) барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, патент бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпкерлердi қоса, облыста шығарылатын өнеркәсiп өнiмдерiнiң статистикалық есебiнiң толық қамтылуын қамтамасыз ететiн болсын.
      10. Қалалық және аудандық мәслихаттар, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары 1996-1998 жылдарға арналған реформаны тереңдету жөнiндегi бағдарламаның "Өнеркәсiп" бөлiмi бойынша орындалу барысына тереңiрек үңiлетiн және қажет болған жағдайда сессиялар мен тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiнде басшылардың есептерi тыңдалатын болсын.
      11. Облыс әкiмiнiң аппараты жергiлiктi товар өндiрушiлердi қорғау жөнiнде шаралар жасап, жүзеге асыратын болсын.
      12. Облыстық мәслихаттың ХV сессиясының 19.01.98 жылғы Үкiметтiк жұмыс комиссиясының шараларын ескере отырып ҚР Үкiметiнiң шешiмiн қабылдауды жеделдету және 1998 жылы Солтүстiк Қазақстан облысына қосымша трансферт бөлу туралы хаты әзiрленетiн болсын.
      13. Аталған шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, салықтар мен қаржылар мәселелерi жөнiндегi (Ю.Л. Козловский) және халық шаруашылығы мен экология салаларының қызметi жөнiндегi тұрақты комиссияларына жүктелсiн.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық мәслихаттың
      ХV сессиясының төрағасы                    хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады